Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст


Ойыкты  жене  төлес  мәдениетінін  тас  және  керамика  бүйымдары  (Самашев  3.  С



Pdf көрінісі
бет12/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76

Ойыкты  жене  төлес  мәдениетінін  тас  және  керамика  бүйымдары  (Самашев  3.  С., 

Астафьев А. Е.).

Маңғыстау.  1 -3 ,5 ,6 ,1 4 ,1 5 ,  19, 30,37—39 -  геометриялык микролиттер; 4,10,11,17,40,  48-

50 — кұрамалыкұраддың кыстырмалары; 7 — микронуклеус; 8 — «микрокескіш»; 9,46 — ұштары 

қиғаш пластиналар; 12,20,21,45  — кескіштер; 16,44 -  үштары өнделген сыныктар; 18,31,41, 

47,51 — бұрғылар; 24 — тескіш; 22,29,36 -  жебенің үштары; 23,27,52  -  ойыкты калактар; 25, 

26,42, 43 — кырғыштар; 13 - тармакталған ағысты оюлары бар кыш ыдыс; 28,32, 35 -  шығыр- 

шықты, тарақ тәрізді 'және сызыкша оюлары бар кыш ыдыстардың сыныктары; 53 -  шырша 

өрнекті кыш ьщыс.

87


Сөйтіп, неолитте (б. з. б. IV мыңжылдықтың аяғына дейін) ежелгі Казак- 

стан жеріне  шаруашылықтың өндіруші түрлері  әлі тарала қойған жок. Та- 

биғи  орта  өлке  түрғындарына  киыншылықтарды  жеңіп  шығып  дамуына 

қолайлы жағдай жасады. Қазакстан аумағы қарама-карсы табиғи аймактар- 

ды  қамтымады  және  табиғи  шептерге  бөлінбеді,  ал  мүндай  жағдайларда 

біртекті материалдық мәдениет қалыптасады. Сондықтан Қазақстан неолиті 

үшін белінетін азын-аулақ археологиялық мәдениеттердің түбегейлі айыр- 

машылықтары жоқ және олардың таралу аймағы өте кең. Бүл орайда карта- 

да өзінше бір археологиялық шағын аудандарды — ежелгі тұрактар шоғыр- 

ланған орындарды белгілеуге болады. Әдетге түрақтар адамдардың тіршілігін 

қамтамасыз ететін жерлерге жакын — балық және кұс аулайтын, жануарлар 

су ішуге келетін өзендердің (Есіл, Тобыл, Торғай, Терісаққан, Обаған өзен- 

дері мен тайыз дала жылғаларынын; көптеген көлдердің) жағаларына орна- 

ласқан.  Сондай-ак  неолит  халқының тығыздығы  құралдар дайындау  үшін 

қажетті  тас  корының  жеткілікті  болуына  байланысты  екені  аңғарылған. 

Мүндай тастың негізгі түрі шақпак тас, оның кварцты және яшмалы түрлері 

болып қала берді. Солтүстік Қазақстан (В. Ф. Зайберт) және Қостанай-То- 

рғай (В. Н. Логвин) археологиялық экспедициялары жүргізген көптеген зерт- 

теулердің нәтижесінде Солтүстік Казакстан аумағынан жақсы қүжатталған, 

салмакты  материал  алынды.  300-ден  астам  түрактың материалдарына тал­

дау жасаған зерттеушілер Есіл әңіріндегі — Атбасар мен Торғай үстіртіндегі 

маханжар неолиттік  мәдениетін  беліп  көрсетті. Мейлінше  ортақ белгілері 

бойынша бұл мәдениеттер кельтеминар және Оңтүстік Орал неолитіне үксас.

Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы Оңтүстік Казакстан облысындағы 

Түлкібас  ауданының Қараүңгір ауылынан солтүстікке  қарай  1,5  шакырым 

жерде, өзі аттас өзеннің оң жағасына орналаскан. Үңгірдің езі 'езен арнасы- 

нан 7 м биікте жатыр. Кіреберісінің ені 20—25 м, биіктігі 2—16 метрге жуык. 

Үңгір екі залдан тұрады: алдыңғысының ұзындығы — 20 м және төргісі — 9 

м. Қазу барысында мәдени-тұрмыстық калдықтардың мол жиынтығы (тас­

тан және сүйектен жасалған бүйымдар, қыш, жануарлардың сүйектері және 

т. б.), ежелгі қырғыштар, бүйірі ойық қалакдіалар, бұрғылар, жиектері мұқа- 

лған  қалақшалар,<жүздері  ретушьпен өнделген және  өнделмеген  қалақш- 

алар,  жебелердің ұштары,  нуклеустер,  шот-балталар,  келсаптар,  қырғыш- 

пышақтар және көптеген өндіріс  калдықтары алынды.  Шақпак-тастан жа- 

салған  күраддармен  қатар  көп  мөлшерде  сүйек  бұйымдар  — көзі  бар  ине- 

лер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштар жэне т. б. табылды.

Ежелгі  караүңгірліктер  кұлан,  аю,  бұғы,  елік,  кабан,  жылкьг,  касқыр, 

сиыр,  кекілік,  кырғауыл,  тасбақа  сияқты  жануарларды  аулаған.  Мүны 

үңгірден табылған сүйек қалдықтары көрсетеді1. Ескерткіштің жас шамасы 

(мерзімі абсолютті көрсетілген) б. з. б.  5000 жыл.

Батыс Қазақстанда неолиттің бүрын кельтеминарлық — батысқазақстан- 

дық нүсқасы бөліп көрсетіліп келді. Жалпы алғанда кельтеминарлык мәде- 

ниет мерзімі б. з. б. IV мыңжылдықтың аяғы -  II мыңжылдықтың басы деп 

белгіленеді  және  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  едәуір  аумағын  қамтиды. 

Тас  индустриясы келемі орташа қалакдіалар  мен шағын  калақшалар, кал- 

ақшалардың сынықтары мен сындырылып алынған тастар түріндегі бейім- 

делген  нұскалармен  сипатталады.  Атырау  облысынан  табылған  неолиттік 

тұрактарды:  Шатпакел,  Құлсары-1-5,  ІПандыауыл,  Қыземшек,  Жыланқа- 

бак,  Қойқара,  Сарыкамыс,  Шаянды  түрақтары  мен  басқаларын  мысалға

88


келтіруге болады2. Көптеген бұйымдар арасында жүздері ретушьпен өндел- 

гені  де,  өнделмегені  де  бар  пышақ тәрізді  қалакшалар,  сынық тастар  мен 

қырғыштар,  кескіштер,  жебелердің екі  жағы да  кырланған  сүйек ұштары, 

бүйірлері ойык қүрал -  анкоштар, нуклеус түріндегі сынық тастар мен при­

зма  түріндегі  нуклеустер  бөліп  көрсетілген.  Керамика  фрагменттерінің 

көпшілігінде  өрнек  жоқ,  тек  кейбіреулерінде  ғана  соғып жасалған  көлде- 

нең сызықтар бар, олардан төмен карай тура немесе тік сызықгар жүргізілген.

Жыланкабак және Қойқара орындарына «шырша» және ұсак «таракша» 

өрнегі  бар керамика фрагменггерінің болуы тән.  Тас саймандар жоғарыда 

аталған тұрактардың индустриясына ұқсас.

Тұрақтардыңтас индустриясы мен орналаскан жерлері жоніндегі тұжы- 

рымдарды  жинақтай  келгенде,  өңдеу  және  омырып  аду  сипаты  жөнінен 

оларды: жиегіндегі, бір жағындағы, екі жақты ретушь жөнінен жақын, сырт 

жағы мұқалған және бір не екі жағы кесілген немесе тік үшы бар қалақш- 

алар,  ұшты  қалақтар,  ойыкты  сынык тастар  мен  кырғыштар  кең таралған 

деуге болады. Соңғылары сүргі рөлін атқарған.

Шақпак  тас  саймандар  кейбір  жағынан  Қараүңгір  (Оңтүстік  Қазақ- 

стан)үңгірінің тас  бұйымдарымен  және  Өзбекстанның  егіншілік  неолиті- 

мен ұштасып жатыр.

Маңғыстауда мезолиттік  материалдар  негізінде  б.  з.  б.  VI—V  мыңжыл- 

дықтар шегінде белгіленетін, ойыкты және төлес мәдениеттерінің тұракта- 

ры болып табылатын жергілікті неолит калыптасады. Бозащы түбегі (ІІІебір-

7)  мен Орталык Маңғыстаудың Түйесу (Сенек-1, -4, -5, -8) кұмдарында та- 

былған ойыкты үлгілі тұракгар едәуір кәп. Мезолитпен салыстырғанда асим- 

метриялық трапециялар  санынын кемуі,  асимметриялық үзынша пропор- 

циялы үш  бұрыштардың,  ірі  параллелограммалардың,  ұшы  шабылған  кы- 

стырмалардың,  откір  үшты  және  бірлі-жарым  «мүйізді»  трапециялардың 

пайда болуы ойықты еңбек кұралдарының ерекшеліктері болып саналады.

Керамика аз табылған. Бүлар -  колдан жасалған ыдыстардың сынықта- 

ры.  олардың қабырғалары жұка,  шеттері  ішіне  карай  бүгілген  және  кеуде 

кескіні  аздап ішке  қарай тартылған болып келеді.  Жалпақ түпті  керамика 

сынықтары да үшырасты.  Ыдыстардын  жоғарғы  жағы  карапайым  әдіспен 

орындалған геометриялык өрнектермен безендірілген. Күмыралар жасалған 

балшықка  кейде  кұм  қосылған.  Б.  з.  б.  V  мыңжылдыктың  орта  шеніндегі 

өрнектерде тарақ тәрізді штамп, бос жер калдырылып түйретілетін, ал ком- 

позициясында «ілінбелі» үш бүрыш бар техника пайда болады. Бүл белгілер 

ойыктылардың  Оңтүстік  Орал  және  Еділ-Жайык  озендері  аралығындағы 

неолит тұрғындарымен өзара іс-кимылын көрсетеді.

Түрактардың материалдары ойықты мәдениетін үстанушылардың аң ау- 

лаумен  және  жиын-терінмен  айналасканын  дәлелдейді.  Олар  түрмыста 

теріні, сүйек пен ағашты еңдеуді кеңінен  колданған,  ал теңіз түздары мен 

қазып алынатын моллюскалардан әсемдік заттар дайындаған.

Ойықтыларды  кезбе  аңшылар  болған  деп  жорамалдау  керек.  Олардың 

тұрақтары уақытша сипатта болған және Шығыс Каспий маңы еңірінде со- 

лтүстіктен онтүстікке қарай  600 шақырымға созыла орналасады.  Манғыс- 

тау мен Үстірттің табиғаты мен ландшафы алғашкы адам үшін жабайы андар- 

дың көзге көрініп түрған кәсіптік маңызына шешуші ыкпал жасаған. Орта 

Азияның  қос  өзен  аралығындағы  неолиттік  түрақтар  туралы  остеология- 

лык, материалдар негізінде дала және шөлейт аймақтарды бұқа, түйе, кұлан,

89


киік,  дала  койы  және  каракұйрык  мекендегені  мәлім3.  Кұлан,  киік  және 

каракұйрық жакын  кезге дейін Манғыстау мен  Үстірттегі тұракты аулана- 

тын  аң  болып  келді.  Бұл  жануарлар  күзгі-көктемгі  кезендерде  меридиан 

бағытында әлденеше  жүздеген шақырымға өріс аударып отырған. Тұякты- 

лар  өрісінің  шеткі  нүктелері  онтүстікте  Красноводск,  Карабұғазкәл  және 

Оңтүстік Үстірт,  солтүстігінде Бозашы түбегі мен Жем езені деп саналады. 

Сірә,  жабайы  жануарлар  үйірлерінің  ізімен  неолиттік  аңшылар  да  қоныс 

аударуға мәжбүр болса керек.

Маңғыстау тұрғындарының әлдебір бөлігінің маусымдық орын ауысты- 

руы мен оның көршілерімен байланыстары ойықтылар мәдениетінің дамуы- 

на  эсер  еткен.  Б.  з.  б.  V  мыңжылдыкта  Маңғыстауда  төлес  мәдениетінін 

тұрақтары пайда болады4. Бекбөке үлгісіндегі Маңғыстау тұрақтары әзірше 

коп емес. Олар Орталык Манғыстаудың Сауыскан (Үштаған-1) және Түйе- 

су (Семек-10)  кұмдарынан табылды.

Төлес мәдениеті тұрақтарының материалдары аз болғанымен, өте ерек­

ше. Шақпактас индустриясы, әсіресе Маңғыстау нұскасында алғанда, озінің 

шығуы жағынан  ойыкты дәстурлерімен тығыз байланысты.  Төлес керами- 

касы оның қалыптасу барысында алуан  кырлы  болғанын  көрсетеді.  Табы- 

лған ыдыстар мен олардың сынықтарының негізгі көпшілігі  бірыңғай, түрі 

мен ернектері стандартты — ыдыстар жоғары пропорциялы, кескіні нашар, 

түбі онша жалпақ емес немесе жалпайтып иілген, «кабыршакгы» және өрнек- 

тері түйрелген, тісті калыппен басылған карапайым техникамен орындалған, 

өрнек көлденең салынған, композициясы -   «шырша» тәрізді.  ЬІдысты жа- 

сайтын балшык үшін топырак немесе өсімдік коспасы пайдаланылғанын атап 

өткен  жөн.  Ыдыстардың қабығы  калың  және  сырткы  беті  боялған.  Төлес 

ыдыстары сияқты, ыдыстардың түрі Солтүстік Каспий маңы өңіріндегі Тен- 

тексор тұрағын сипаттайды. Қара бояумен шаншып өрнек салу техникасы- 

ның шығуы осы  аймакпен  байланысты.  Толес  өрнегінде  негізінен алғанда 

Орал-Орта Азия,  солтүстік және шығыс  Каспий неолитіне тән  геометрия- 

лык  фигуралар  жок.  Өрнектің  геометриялық  жай  күрылымдары  мәдени- 

еттің неғүрлым солтүстік шенберін — Еділ бойы мен Оңтүстік Оралдын ор- 

манды-даласының неолиті  мен энеолитін және Еділ—Кама неолитін анык- 

тайды.

Төлес мәдениеті белгілерінің аралас  болуы негізінде оларды таратушы- 



лардың шаруашылыкты жүргізу ерекшеліктері жатыр. Ең алдымен б. з. б. V 

мынжылдыктың  орта  шенінде  төлес  мәдениеті  ойыкты  мәдениетінің  бір 

нүсқасы ретінде бөлініп шыккан. Бүған тұрғындарды экономиканың белгілі 

бір саласын иемденуге мамандандырған табиғи-климаттық өзгерістер эсер 

еткен. Тұрақты су көздері жоқМаңғыстау түбегінің ішкі кеңістігі мен Үстірт 

еңірі тек аң аулаумен айналысуға ғана мүмкіндік берді, ал ауланатын жану- 

арлардың  едәуір  бөлігінің  аууы  бұл  аудандар  халыктарының  да  көбірек 

коныс аударуын талап етті. Бүгінгі танда ашылған төлес мәдениетінің тұрак- 

тары күланньщ, киік пен қарақүйрықтың маусымдык өрістеу бағыттарына 

сәйкес  келеді.  Бұлардың  кезбе  аңшылар  косындарының  жүрты  болуы  да 

мүмкін.  Төлестердің  көшпелі  түрмыс  салтының  езі  олардың  мәдениетін 

қалыптастырған  элементтердің  осындай  алуан  түрлі  болуына  әкеп  соғуы 

ықтимал.  Кезбе  аңшылардың Арал-Каспий су айрығы аралығында маусы- 

мға  карай орын  ауыстыруы қола дәуірі  малшыларының маусымдық көшу 

жүйесін білдіреді.

90


Маңғыстауды мекендеушілердің баскд бір бөлігі Каспий теңізінің жаға- 

лауында  тұрған.  Балық  аулау  көшіп-қонуды,  үнемі  көшіп  отыруды  талап 

еткен жоқ. Түрактар үшін жағалау өңіріндегі сумен камтамасыз етілген кол- 

айлы орындар тандап  алынған.  Аң аулау косымша сипатта  болды.  Балық- 

шылардың  отырықшы  тұрмыс  салты  ұзақ  уақыт  тұратын  тұрғын  жайлар 

салуға жеткізді.  Жағалау халкының аз көшіп-конуы  мәдени дәстүрлердің 

түрақтануына себепші болды.

Бұл  факті  облыс  орталығы  Ақтау  қаласына  жақын  жерден  табылған 

Қоскұдық-1  түрағынан өте  айқын  аңғарылады.  Ол  қазіргі теңіз  жағалауы- 

нан  1  шақырым болатын теңіз жаркабағының жоғарғы шетіне орналасқан. 

Түрақта қалындығы 35 сантиметрге дейін жететін мәдени кабат сақталған, 

онда тас қабырғаның — кдңқалы-бағаналы үлгідегі үлкен кұрылыс үлгісінің 

калдықтары  орналаскан.  Салыну түрғысынан  ол  сопақша  16x14  м түрінде 

болған.  Оның қабырғалары жергілікті ұлутастан  қаланған.  Мәдениет қаб- 

атынан шақпақ және  жай тастардан  жасалған  көптеген  бүйымдар,  мәнер- 

леп жабыстырылған ыдыстардың сынықтары, теңіз қабыршактары мен со- 

лардан жасалған әшекейлердің сыныктары табылды.

Қосқұдық-1  тұрағының индустриясында көп жағынан ойыкты мәдени- 

еті құралдарының өте коне үлгілері — асимметриялық трапециялар мен үш 

бүрыштар, орташа және ретушталған кескіштер, қырғыш ұштылардың коп 

молшері,  шеті  мұкалған  қыстырмалар,  «шағын  қырғыштар»,  шеттері  сын­

дырылып ретушталған сынықтастар мен қалакшалар сақталған. Бүйымдар- 

дың  жана түрлері де  пайда  болады.  Бұлар  -   кашау тәрізді  кұралдар,  ұсақ 

сигменттер және коп молшердегі үсак бұрғылар. Табылған моншактар мен 

олардын,  кабыршакты  бейімделген  нұскалары  Қосқұдык  тұрғындарының 

кабыршақтардан жақсияқты бүрғылардың көмегімен әсемдік заттар дайы- 

ндау  әдісін  меңгергендігін дәлелдейді.  Олар  сол  кезде-ак жіп  иіре  білген, 

өйткені  тастан  жасалған  ұршықбастар табылды.  Жебелердің  ұштары,  сак- 

пан салу үшін әктастан дайындалған лактырылатын тастар мен ауды баты- 

рып тұратын тастар тұрак тұрғындарының шаруашылық бағытын корсетеді.

Қосқүдық тұрағы керамикасының бір болігінде томенгі неолипіп өрнекті 

техникасы мен композициясыкың элементтері бар ойыкты дәстүрі сактала- 

ды. Ауыр салмақты гүлтәжі, тарақтәрізді ернектері және қабыршак ұнтакт- 

алып қосылған жаңа үлгідегі ыдыстардың сыныктары ерекше көзге түседі. 

Мұндай керамика Солтүстік Каспий маңындағы Еділ бойының Хвалын мәде- 

ниетінің  материалдарында  ғана  кездеседі.  Бүл  мәдениеттің  ескерткіштері 

Маңғыстауда да табылды. Олар шебір үлгісі болып бөлінген. Манғыстау тай- 

паларының тарихындағы жаңа кезеңге -  энеолитке кошу солармен байла­

нысты.

Хвалын крамикасының негізінде Қоскұдыктүрағының мерзімі б. з. б. V 



мыңжылдыктың аяғы -  IV мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгіленді.

Табылған біркатар олжалар коскүдықтардың кейбір нанымдары мен әдет- 

ғүрыптары жайында айтуға мүмкіндік береді. Түрғын жайға жақын жерден 

ересек  жастағы  еркектің  қабірі  аршылды.  Ол  бүгілген  күйінде  сол  жақ 

бүйірімен  саңылау тәрізді лакаты бар  шағын дөңгелек  шұңқырға жерлен- 

ген.  Шұңқырға тас  қаланып,  ол алғашкы  кезінде  төмпешік  сияқты болып 

тұрған. Жерленген адаммен бірге көмілген зат табылған жок.  Қабірініңто- 

пырағынан оның үй салу кезінде адамды құрбандықка шалуға байланысты 

ғұрыптық  жерлеу  екенін  корсететін  шақпақ  тас  бүйымдар  кездестірілді.

91


Бүгінде Коскүдык-1 тұрағының көмбесі Қазакстандағы ең ежелгі кабір бо­

лып табылады.

Қоскұдыктүрағының тұрғындары су күдыретіне табынғанын растайтын 

мәліметтер бар. Тұрак жанындағы жартастан сындырылған науа жүйесі, бес 

метрлік жылан бейнесі және жаңбыр суын жинайтын  шұңкыр табылды\

Ертіс  өніріндегі  неолиттік  заманға  жататын  олжалар  елсіз  Сатшықыз 

ауылынын, төңірегінде  Қызылсу өзенінің  оң  жағалауындағы  жайылманың 

екінші сатысынан, Семей облысындағы Белокаменск ауылынан 2—2,5 шакы- 

рым жерден табылды6. Қазып алынған материал жиынтығы нуклеустерден, 

жебелердің үштарынан, кырғыштардан, гіышак сиякты калакшалардан, мик- 

ролиттерден  және  өндіріс  калдықтарынан  түрады.  Нуклеустер  -   призма 

түрінде  сындырылған,  бейнесіз,  көлемі  шағын.  Құралдардың  көпшілігі 

жүмыс  істелетін  шеті  сопақша  келген  үшты  кырғыштар  болып  табылады. 

Кейбіреулерінде бүйір жағы ретушталған.  Кырғыштар ірі, көлемді түрде де 

болып  келеді.  Жебелердің  үштары екі  жағынан  кырланған,  көлемі  шағын. 

Жебе  ұштарының бейімделген  нүсқалары да  кездестірілді.  Кейбір  бұйым- 

дар  шеттері  мүкалған,  екі  немесе  бір жағы қырланған  және  көлемі  шағын 

калақшалар  болып  келеді.  Бұйымдардың  материалы  —  негізінен  алғанда 

яшма, халцедон, опал.

.  Атбасар мәдениеті тұрактар  мейлінше  шоғырланған  жер  -   Акмола об- 

лысының  Атбасар ауданы бойынша аталған.  Оның таралған  аумағы:  дала­

лык оңірдегі Есігг езенінің аңғары (Есіл даласы) мен қазактың ұсак шокылы 

өңірінің солтүстік-батыс бөлігі. Мәдениет б.  з. б. VII мыңжылдыкіың аяғы

— VI мыңжылдыктың басында Арал  оңірінің немесе шығыс  Каспий маңы 

еңірінің түрғындары  араласуы жағдайында жергілікті  мезолит тайпалары- 

ның материалдык негізінде калыптасты  (кельтеминар  және ойыкты мәде- 

ниеті).  200-ге жуык тұрак зерттеліп, олардың 20 шақтысы казылды. Бүл ке- 

зеңнің  ен  жарқын  ескерткіштері:  Виноградовка-2  (жоғарғы  кабат),  Тель­

ман-1,  -10,  Явленка селосының  манындағы,  Карлыға,  Боголюбово,  Вино­

гр ад о ва-10,  -14,  Жабай—Покровка-3 тұрактары.  Әдетте,  Атбасар  мәдени- 

еті түрактарының бәрі Солтүстік  Казақстаннын аса маңызды су жолдары- 

ның  (Есіл,  Шагалалы)  ертедегі  аркаларының  жағаларына  (күрғак арнала- 

рға)  орналаскан.  Сакталып  калған  іздерге  карағанда,  тұрғын  үйлер  женіл, 

жер  бетіндегі  сипатта  болған.  Бүлар  колемі  25  шаршы  метрден  аспайтын 

дөңгелек  және  төрт  бұрышты  лашык  түріндегі  құрылыстар  еді.  Атбасар 

түрғындарының  көшпелілігін  ескерткіштердің  топографиясы,  индустрия- 

ның сипаты, мәдени кабаттың нашарлығы, шаруашылыктың сипаты дәлел- 

дейді.


Қүралдар  жиынтығы  да  бірегей.  Ол  калакша  қалыптардан  жасалған 

бүйымдар мен екі жағын өндеу әдісімен сынық тастардан дайындаған күра- 

лдардың  үштасуымен  сипатталады.  Соңғылардың  арасында  жебелердін 

ұштары көп. Бұл кезде ірі кырғыштар мен  пышактар, шой балғалар, балға- 

лар пайда болады. Соңғы екі үлгі шакпақ тас шикізатының алғашқы оңцел- 

генін дәлелдейді. Шақпақ тастар табиғи шығарылатын жерлерде мамандан- 

дырылған шеберханалар болып, шикізат алғашқы өндеуден өткізілген7.

Тельман-1 тұрағында сол кездің өзінде-ақ жұмыр тастар мен нуклеустер 

одан  әрі өнделген; мұнда қыстырма еңбек кұрадцарын дайындауға жарам- 

ды қалақшалар мен тас сыныктары түріндегі бейімделген нұсқалар алынған8.

Керамика  ыдыс  келемі  1—5  л  шамасындағы  жарты  жүмыртқа  түрінде

92


болған. Оның сырты тарақтәрізді калыппен безендірілген. Бірақ керамика- 

ның қалдықтары өте аз табылған. Остеологиялық калдықтар да аз. Тек соңғы, 

ал кейде ортаңғы неолит тұрактарында ғана жылкының, ірі караның сүйек- 

тері  кездеседі.  Сүйек  қалдықтарының  тым  аз  ұшырасуы  оларды  жабайы 

немесе үй жануарларына сенімді түрде жаткызуға мүмкіндік бермейді. Бірақ 

фауна өкілдерінің нақ осы  жиынтығы б.  з.  б.  III мыңжылдықтың  басында 

Солтүстік  Қазакстанда  ендіруші  шаруашылық  элементтері  қалыптаскан 

деуге мүмкіндік береді.

Біздің  қолымызда  сол кездің мәдениетімен  байланысты  бірде-бір  жер- 

леу ескерткіш осы уакытқа дейін жоқ. Бірақ кейбір тұрақтардың (Виногра- 

довка-14,  Тельман-10  және  -14)  шет жақтарынан  тереңдігі  1  метрге  жуық 

және  диаметрі  1,5  метрге  дейін  жететін  шұңқырлар  табылды.  Олардың 

түбінде кальцийге айналған косындылары бар комір қалдыктарының калың 

қабаты жатыр. Бұл өлгендерді ертеу ғұрпының осы шүңкырларда жасалған 

қалдығы  болуы да  мүмкін.  Оның үстіне  кейініректе,  қола ғасырында,  бұл 

аумақта өлгендерді өртеудің калыптасқан дәстүрін кездестіреміз. 

*

Бүл  аумақтағы  кейінгі  Ботай  мәдениетімен  айкын  байланыс  осы  кезге 



дейін табылмай келеді. Жоғарыда аталғанындай, б.  з. б. IV мыңжылдыктың 

аяғына карай калакша индустриясының төмендеп, сынык тас индустриясы- 

ның қалыптасуы ғана байқалды.

Торғай ойпаңы ауданындағы шектес аумакта маханжар мәдениетін тер- 

сек мәдениеті ауыстырған кезде де жағдай толык қайталанады.

с

  Маханжар  мәдениеті.  Бұл  мәдениет  ескерткіштерінің  бізге  белгілі 

көпшілігі Торғай ойпатынын түбінде жатыр. Олардың ішінде бірнешеуінде 

ғана  мәдениет  қабаты  сақталып,  жаксы  зерттелген,  олар:  Маханжар, 

Тұздыкөл-2, Дүзбай-1-4, -12, Сор-2, Бестамак, Амангелді. Тобылда әзірше 

Алқау-2 тұрағы ғана мәлім.

Ескерткіштердің  топографиялық  сипаты:  олардың  көпшілігі  жайылма 

сулардың кең учаскелерінде, олар күрт тарылатын жерлерінде орналаскан. 

Жайылмалардын  ені  жалпақ келетін  учаскелерінін  жағалауын  камыс  ба- 

скан. Қазір мұндай сулар балыкка және күстарға бай. Олар ертеде де соны- 

сымен ерекшеленген болуы ықтимал.

Бүгінде белгілі түрақтардың бәрінде мәдениет қабаты кұм немесе кұмда- 

уыт кабаттан тұрады және едәуір дәрежеде жойылып кеткен. Тек біреуінде

— Дүзбай-1  ескерткішінде ғана әлдебір кұрылыстардың калдыктарын табу 

мүмкін болды. Оларға карағанда, мұнда неолит тұрғындарында жерге жар­

ты метрдей казылған жартылай жертөлелер болған.

Маханжар мәдениетінің ьщысы ерекше: керамикалык жүқа ыдыс колдан 

жасалған және ұзынша пропорцияда болған. Әдетте кылта мойыны жіңішке, 

түбі конус тәрізді, кейде бұдырлы болып бітеді. Өрнек ыдыстардың әлі ке- 

уіп үлгірмеген сыртынатісті («таракша») калыппен салынған. Композиция- 

сы көлденең немесе тігінен салынған иректер, сызылған параллельдер және 

басқа элементтер кейде бүкіл сырткы бетін безендіріп түрған.

Еңбек қүралдарын дайындаған кезде Тобыл өңірінің ежелгі тұрғындары 

қалакша қыстырмалар техникасын пайдалануды артық санаған. Әдетте олар 

тұрақтарда барлық олжалардың жартысын кұрайды деуге болады. Біраксол 

кездің өзінде-ақ кұралдар  үшін  жергілікті  көздерден алынатын шикізатгы 

пайдалануды жөн көреді.  Бүл орайда мүнда мезолит дәуірінен  бері белгілі 

қайталап өндеудің барлық тәсілдері:  соның  ішінде трапеция түріндегі  гео-

93


метриялык кыстырмалар дайындау да сакталады. Кұралдарды шетіне ретушь 

салу және кескішпен жанкалау әдісімен дайындаумен катар тегістеу әдісінің 

пайдалануы дұрыс атап өтілген9. Сонымен бірге бүрғылап тесілген  ұршык- 

тың басы табылды. Бұл бұрғылау әдісінің пайда болуын ғана емес, сонымен 

катар жіп иірудің таралғанын да дәлелдейді. Дүзбай-2, Бестамак тұрақтары- 

нан табылған тас калакшалардан жасалған бұрғылар мәлім. Маханжар мәде- 

ниеті түрактарында жебе үштарының болмауы да кызықты. Сірә, оған бірне- 

ше кыстырмадан түратын конструкция пайдаланылған болса керек,  >

Өндіруші  шаруашылык дәуіріндегі  Қазакстан  аумағы  түрғындарының 

демографиясы туралы  мәселені  қарастыра келгенде,  ауланған  жануарлар- 

дың қүрамына карағанда, камалап және куып аулау жеке аулаумен ойдағы- 

дай ұштастырылған аңшылык шаруашылық сол кездегі қоғамның біршама 

әл-аукатты болуын жеткілікті дәрежеде сенімді камтамасыз еткен. Алдыңғы 

кезендерде едәуір кең болып, адам санының өсуіне карай барған сайын та- 

рыла  түскен  аң  аулайтын  жер  аумағы  аңшылык  шаруашылық  жүйесінін 

маңызды бөлігі болды. Украинаның, Еділ бойы мен Қазакстанның далалык 

өңірлері  бойынша  колда бар  материалдар кажетті  ең аз аңшылық аумағы- 

ның молшерін шамамен  есептеп шығаруға мүмкіндік береді. Тұрғын жай- 

лардың көлемі мен мөлшеріне карағанда, аңшылық қауым орта есеппен 50 

адамнан тұрған.  Оның етке деген жылдык кажеті  11000 килограмға тең, ал 

ауланатын  сүт  коректілер  биомассасының табиғи  өсімі  100  шаршы  кило- 

метрге шакқанда 4000 кг болатынын негізге алғанда, аң аулайтын жердің ең 

аз молшерін 750 шаршы шакырым деп белгілеу керек (адам мен табиғат ара- 

сындағы тепе-тендік сакталған жағдайда). Теория жүзінде бүкіл Қазакстан 

3620 кауым (немесе  161000 адам) тұратын жер бола алады. Бірақ бұл орайда 

аң аулау жәнінен өнімді емес алаптар мен коныстануға қолайсыз аймактын 

шартты түрде  50%  болатынын  ұмытпаған жөн.  Сондыктан  Қазақстан  нео­

лит! үшін халык санын ең көп дегенде 80000 адам деп есептеу мейлінше дүрыс 

болады.

Қазақстан аумағынан. негізінен алғанда Солтүстік Қазакстаннан әзірше 



неолиттік бірнеше кабір табылды.  Кабірлердің бірде-біреуінің жер бетінде 

сыртқы белгілері жок. Барлық молаларда сүйектермен бірге жебелердің та- 

былуы бабаларымыздың ан аулаумен айналысып қана коймай, соғыс  жан- 

жалдарына жиі түсіп тұрғанын да көрсетеді. Қабірлерде керамика өте аз, ал 

кейбіреулерінде ол мүлде жок.

Железинка ауылы жанындағы кабір бойынша (Пеньки тұрағынан  100 

шақырым) неолит дәуіріндегі жерлеу ғұрпы туралы мейлінше толык пікір 

айтуға болады10.  Мола, сірә,  рулык ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі 

болса керек. Сәндік заттардың, еңбек кұралдарының көптігі, оның үстіне 

жерлеудің күнге табынуға байланысты  ерекше  ғүрпы осыны көрсетеді. 

Ондай әдет бойынша өлік кремацияланатын  болған.  Бүл жолы өлік то­

лык  өртелмеген;  денесінің  қалған  мүрдесі  өлген  адамның  заттарымен 

бірге  молаға  көмілген;  ол  заттардың  ішінде  бас  киімге  тағылған,  шеті 

ұсақ кертпешелермен сәнделген, орак тәрізді сүйек қаптырма, жыртқыш 

андардыңтістері, қауашақтан жасалған ірі моншақтар тізілген алқа бар. 

Мейлінше сәнделген киіммен бірге молаға еңбек қүралдары (шот, сүйек 

біз), аңшылық құралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сүйек- 

тен  жасалған  үштары)  және  балшыктан  жасалған,  құты  тәріздес,  түбі 

домалак,  кішкене  үш  ыдыс  салыныпты.  Сол  жерден  құланның  екі  то-

94



пайы табылды;  бұлар кызыл  жосамен  боялған,  бұл туе  ежелгі  адамдар- 

дың ұғымынша  өртеу, отка табыну  рәсімін  білдірген.

Аншылар  мен  балыкшылар  дүниесі  шеңберінде  болған тығыз  мәдени- 

шаруашылық байланыстар археологиялык материалдардан айқын көрінеді. 

Мүндай  байланыстарды  Орта Азияның  солтүстік  аймақтарын  мекендеген 

келтеминар мәдениетінің немесе келтеминар мәдени кауымының тайпала- 

рынан айқын аңғаруға болады. Ол байланыстар бәрінен де Оңтүстік Қазақ- 

станның  және  әсіресе  Батыс  Қазакстанның  тайпаларында  анык  көрінеді. 

Ежелгі  байланыстар тізбегі  алыс  солтүстік  пен  солтүстік-батыстағы  Орал 

өңірі  мен  Батыс  Сібірге  жетіп  жатыр.  Солтүстік  және  Шығыс  Қазақстан 

тайпаларының мәдениеті Орта Азия халкының мәдениетіне ұксас белгілерін 

аңғарта  отырып,  сонымен  бірге жаңа тас ғасырларындағы Алтай мен  Бай­

кал  оңірі  тайпаларына  неғұрлым  жакын  болды.  Сонымен,  Қазакстанның 

неолиттік тайпалары мәдени дәстүрлерінің ерекшелігі мен озгешілігін сақ- 

тай отырып, көршілес аймақтар мен аудандардың тайпаларымен тығыз бай- 

ланыста дамыды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет