Министрлігі ғылым академиясы ш. Ш. УӘлиханов атындағы тарих және этнология инст



Pdf көрінісі
бет14/76
Дата26.01.2017
өлшемі21,27 Mb.
#2753
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76

Аңцронов  мәдениеті. 

Кола дәуірінде  Сібірдің.  Жайық өңірінің,  Қазак- 

станның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және та­

рихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді; бүл тай- 

палар өзінше бір үлгідегі жаркын мәдениетқалдырды. Бірінші ескерткіштін 

табылған жері Ачинск маңындағы Андроново селосының атына қарай бұл 

мәдениет ғылымда шарты түрде «Андронов мәдениеті» деп аталды.

Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықгарының бірі Казак- 

стан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима 

мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және  өз тара- 

пынан оларға тікелей ықпал жасап отырды.

Археологиялық деректер андроновтық тұрғындардың  басым  көпшілігі 

отырықшылык емір сүргенін көрсетеді. Қоныс-мекендер кең жайылма ша- 

лғыны  бар  өзендердің жағаларына  орналасты.  Патриархаттык  отбасылар- 

дың үйлері үлкен жертөлелер болды; олардың жанынан әр түрлі шаруашы-

102


лык  жайлар  мен  мал  қамайтын  қашалар  салынды.  Бұл  қоныс-мекендерге 

мал  бағу  кәсібі  едәуір  басым  малшылық-егіншілік  шаруашылығынын  ке- 

шенді сипагы тән болды.

Андроновтык уақытка байланысты металдан жасалған еңбек құралдары, 

қарулар және сәндік заттар: ұңғысы бар, дүмі шығыңқы балталар, сағасын- 

да  ойығы  бар  пышақтар,  балға-шоттар,  найзалар  мен  жебелердің  өзгеше 

ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер көп та- 

рады.


Андроновтык түрғындарды басқа тайпалардан айыратын мәдениеттің ең 

басты  этнографиялық  белгілері  жерлеу  ғұрпы,  геометриялық  өрнегі  бар 

балшық ыдыстардың өзінше  бір  жиынтығы,  металл  бұйымдардың түрлері 

болып табылады.

Андронов  тайпалары  түрқы  әр  түрлі  тас  коршаулар  түрінде  зираттар 

тұрғызды, олар тік бұрышталып, дөңгелектей, сопакталып қоршалатын бол­

ды.  Кейде,  әсіресе,  Орал  өңірінде  бүлардың орнына  обалар  үйілді.  Өлген 

тайпалас адамдар не өртелді, не ерекше әдіспен бүйірінен жатқызылып, қол- 

аяғы  бүктеліп, тас тақталардан  жасалған  «жәшікке» немесе  казылған төрт 

бұрышты шұңқырға салынып жерленді.

Ыдыстар  колдан  жапсырылып  жасалды.  Мұның  алдындағы  уакытта 

ыдыстардың түбі шығыңкы домаланып келетін болса, ол енді тайпақ болды. 

Олардың сырты тарактәрізді немесе тегіс калыппен түсірілген күрделі гео- 

метриялық өрнектермен сәнделді.

Сәндік заттардын андроновтык тайпалар мәдениетінің тараған  шегінен 

аспаған ерекше түрлері: алтын жапыракшадан бір жарым кайырым бүктеліп 

жасалған сырғалар, бас киімге жэне баска да киімге тағылатын «көзілдірік 

тәрізді» және «габан із тәрізді» сәнді салпыншактар, қақтама ернекті тоға- 

лар, шеттері иректеліп түйілген білезіктер болды.

Өндіріс  техникасының дамығандығы  және  қола  заттар  мен  балшык 

ыдыстар  түрлерінің  әдемілігі  мәдениет  деңгейінің  жоғары  болғанын 

корсетеді. 

^

Андронов мәдениетінің калай шыкканы — пікірсайыс туғызып келе жа- 



ткан проблема. Бұл проблеманы шешудің киындығына бұдан бүрынғы нео­

лит пен энеолит дәуірлеріндегі ескерткіштердің жеткіліксіз зерттелуі себеп 

болып отыр.

Тарих ғылымында бірнеше болжам бар.

Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениеті неолит пенЪңеолит дәуір- 

леріндегі Қазакстан даласының солтүстік аймағының жэне Орал сырты мен 

Батыс Сібірдің іргелес аудандарының мәдениет жағынан, әрі, сірә, шықкан 

тегі жағынан туыс тайпаларының табиғи дамуы негізінде күрылған деп есеп- 

тейді.  Сол  кездің  өзінде-ақ  мал  есіру,  қарапайым  егіншілік  және  кен 

кәсібінің бастамасы мәлім болатын.

Үй жанында мал бағу мен жайылмада кетпенмен егін салудың одан әрі 

дамуы отырықшылықтың ұлғаюына, үй кәсіпшіліктерінің шығуына, метал- 

лургияның дамуына жеткізді. Үлан-ғайыр далалық аймақта осы материал- 

дық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір ден- 

гейлес  болуы  андронов  мәдениетінің  езіне  тән  ерекшеліктерінің  калыпт- 

асуына, қоғамның әлеуметтік укладтарының жақын түрлеріне жеткізді.

Андронов  қауымының тарихындағы  күрделі  әрі  пікірсайыс  туғызатын 

мәселелердің бірі түрғындардың этникалықтегін аныктау болып табылады.



Бірнеше пікірлер бар. Олардың біреуі бойынша андроновтыктар финн-угор 

этникалык тобына жаткан2.

Үнді-иранның ежелгі жазбаша ескерткіштерін — Авестаны,  Ригведаны, 

Атхарваведаны, Яджурведаны, Шатапатханы және топономика мен ономас- 

тиканың баска да деректерін, археологиялык материалдарды талдау негізінде 

тарих  және филология ғылымында  андронов  тайпаларының  үнді-иран  не- 

месе арий текті екендігі туралы болжам калыптаскан3.

Кейінгі жылдарда тілшілер, түркологтар, этнографтар, тарихшылар ара- 

сында андронов тайпаларынын  түркі  тілдес  болғаны туралы  болжам  ұсы- 

нылатын біркатар зерттеулер пайда болды4.

Андронов мәдениетінің алғашқы  ескерткіштерін  1914 ж.  А.  Я. Тугари­

нов  ашты.  Содан  бері  өткен  уақыттын  ішінде  орасан  коп  археологиялык 

материал жиналды.

Бүл мәдениетгің ескерткіштерін кезендерге бөліп, топтастыруды бастағ- 

ан  С.  А.  Теплоухов5 болды.  Әсіресе  М.  П.  Грязновтың сіңірген  енбегі  зор. 

Ол 30-жылдарда-ақ андронов мәдениетінің тарихи кұбылыс ретіндегі сурет- 

темесін  жасап  берді  және  далалық  қола дәуірінің  хронологиялык  үш  ке- 

зеңін: алдыңғы, ортаңғы және соңғы кезендерін саралап берді6.

Кейін К. В.  Сальников Орал сыртының андронов мәдениетіне хроноло­

гиялык топтама жасады;  оны  бірінің  орнын  бірі  басқан  үш  кезенге  бөліп, 

оларға шартты түрде мынадай аттар берді:  федоров кезеңі — б.  з. б. XVIII— 

XVI ғасырлар, алакөл кезеңі — б.  з. б. XV—XII ғасырлар, замараев кезені — 

б.  з.  б.  XII—VIII ғасырлар7.  Андронов  мәдениетін  К.  В.  Сальниковтың ке­

зендерге  бөлуі  тарих  ғылымында  дұрыс  деп  танылды  және  далалык  кола 

дәуірінің  ескерткіштерін  зертгегенде  осы мәдениеттің тараған аудандары- 

ның бәрінде қолданылды.

Қазақстанның андронов мәдениетін кезендерге болу проблемасымен Ә. 

X. Марғұлан, К. А. Ақышев, А. Г. Максимова, С. С. Черников, А. М. Ораз- 

баевтар айналысты8.

Қазіргі кезде К. В. Сальниковтын кезендерге бөлуі к  тта қаралып, Э. А. 

Федорова-Давыдованьщ,  В.  С.  Стоколостын,  Г.  Б.  Зданович  пен  баска да 

зерттеушілердің еңбектерінде нақтылана түсті9.

Андронов мәдениетін кезендерге белуге байланысты бұл болжамдарды 

жақтаушылардың принципті пікір алалығы бұл мәдениеттің Федоров кезені 

мен алакөл кезеңінің хронологиялык шеңберлерін бағалау жөнінде болып 

отыр.


Ең  көп тараған  көзқарас  мынадай:  бұл кезендер  бірінен соң бірі  келіп 

отырды, соныңөзінде неғұрлым ертеректегі кезең ретіндегі федоров кезеңі- 



нен кейін 

алакел кезеңі келеді, ал алакөл кезені андроновтық тайпалардын 

экономикасы мен мәдениетінің ең дамыған шағы болып табылады. Екінші 

кезқарас  бойынша,  федоров  пен  алакөл  уақытындағы  ескерткіштер  бір 

уақыттың ескерткіштері,  бірақ өлке  тұрғындарының  әр  түрлі топтарынан 

қалған.  Алакөлдік тайпалар  Жайық  еңірін,  Батыс  және  Солтүстік  Қазақ- 

станды мекендеген және Еділ бойының қима мәдениетті тайпаларымен, Орта 

Азияныңдалалықтұрғындарыментығыз 

байланыс жасаған, ал федоровтық 

тайпалар Шығыс Қазақстанды, ішінара Орталық Қазақстанды мекендеген 

және  этникалық, мәдени-шаруашылык жағынан  Батыс Сібірдің орманды- 

далалық аймағы халқының тобьша жақын болған.

Бұл дәуірдегі ежелгі евразиялық дала туралы ғылыми түсініктерге қала

104


үлгісіндегі  Синташт және  Арқайым  бекіністі  коныстарының ашылуы мен 

зерттелуі принципті түзетулер енгізді10.

Андронов  мәдениеті  бұл  терминнің  кең  тарихи-мәдени  мағынасында 

алғанда, қола дәуірінің алдыңғы кезеңіне (б. з. б. XVIII-XVI ғасырлар) және 

ортаңғы  кезеңіне  (б.  з.  б.  XV—XII ғасырлар)  тұстас  келеді.  Б.  з.  б.  II мың- 

жылдықтың аяғында — I мыңжылдықтың басында андронов мәдениеті тай- 

паларының экономикасында, түрмысы мен мәдениетінде өзгерістер болды; 

бұл  өзгерістер  коғамньщ  жаңа  шаруашылык  негізіне  байланысты,  әуелі 

жайлауда, кейін көше жүріп мал өсіруге байланысты туды.

Соңғы қола дәуірі деп аталған бүл кезенде (б. з. б. XII ғасыр -  VIII ғасы- 

рдың  басы),  археологиялык деректердің  көрсетуінше,  шаруашылык  пен 

мәдениеттегі андроновтық дәстүрлердің орнына ерте темір дәуіріндегі қоға- 

мның  экономикасы  мен  материалдык мәдениетінің  неғұрлым  прогресшіл 

түрлері келді.



2. Ш АРУАШ Ы ЛЫ Қ, МӘДЕНИЕТ Ж Ә Н Е ҚОҒАМ ДЫ Қ ҚАТЫНАСТАР

М ал  шаруашылығы  мен  егіншіліктің  дамуы.  Жабайы  жануарларды 

қолға үйретуге кошу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды.  Қолға 

үйретілген  және  қолда  осірілген  жануарлар  аңшылық  сәтсіз  болған 

күнде,  әсіресе,  кыс  кезінде,  тамақ  коры  болуын  қамтамасыз  етті.  Ж а­

байы  жануарларды  колға  үйрету  сонау  неолит  дәуірінде  басталды. 

Солтүстік Арал  еңіріндегі,  Қазакстаннын  батыс,  орталык және  шығыс 

аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектері- 

мен  қатар  қолға  үйретілген  сиырдың,  жылқының,  койдың  және  сірә, 

ешкінің де болар,  сүйектері  табылды11.  Неолиттен кейінгі  қола дәуірін- 

де қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді, малдың түр кұрамы да 

кебейді. Қ оладәуірі шаруашылык нысаны ретіндегі мал шаруашылығы- 

ның  үздіксіз дамыған уақыты болды.

Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі  қоныстарда  жиналған  сүйек  мате­

риал бұл уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәеібі үй маңын- 

да мал өсіру болды деуге мүмкіндік береді. Малдың кәбі ірі кара болды; оны 

жаю үшін жайылымдағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылкы аз болды. 

Кәрі малдар мен әр жылғы төл қысқа ет дайындауға арналды, ал телдің бір 

белегі табында қалдырылды.

Үй  маңында  мал  бағу  бірте-бірте  жайлауда  мал  бағуға  үласты.  Малды 

жайлауда баққанда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайы- 

лымға жылжи көшіп отырды12. Табын құрамында ұсақ малдың (қой-ешкінің) 

және жылқының үлесі кебейді. Мәселен, Атасу қонысынан табылған сүйек- 

тердің дені жылкының сүйегі болып шықты.

Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны колға 

үйрету мен оны салт мініп жүруге пайдалану энеолит дәуірінде орын алған13.

Дамыған 

қ о л а  

дәуірінде жылқы неғүрлым кең көлемде: күш көлігі ретінде 

және  салт мініп  жүру  үшін пайдаланылды.  Мұны  Степняктағы,  Айдабол- 

дағы,  Тастыбұлақтағы  қоныстардан  табылған,  сүйектен  жасалған  жұмсақ 

ауыздықтардың айшықгары дәлелдейді. Жылқыны келік ретінде пайдалану 

даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру мүмкіншілігін молайтты. 

Орталық  Қазакстанның далаларында жабайы  түйе  қолға  үйретідді.  Аксу-

105


Аюлы-2  кешендерінін  бірін  казғанда  ботанын  сүйегі  шыкгы.  Алексеевка 

конысында да түйенің кейбір сүйектері табылды14.

Ежелгі  замандағы мал  шаруашылығы  экстенсивті  шаруашылык болды. 

Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын (кыста 

кар  астынан  аяғымен  шөп  аршып  алуға  және  ұзақ  жер  жүруге  кабілетті) 

жылкы,  кой сияқты мал түрлерін өсіріп, ендіру малдың көбеюіне жеткізді. 

Кола дәуірінің  соңғы  кезеңінде  Казакстаннын далалық аудандарында мал 

осіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және кешпелі мал шаруа- 

шылығына жакын түрге ие болды.

Сірә,  ол  кезде  Қазакстанның  кең-байтак  аумағындағы  халыктың  бәрі 

бірдей  шаруашылық жүргізудің  осы  жаңа  түрлеріне  көше  коймаған  болу 

керек.  Мәселен,  соңғы  кола дәуіріндегі  Шығыс  Қазакстандағы  (Трушни- 

ково,  М ало-К расноярка),  Батыс  Қ азакстандағы  (А лексеевка)  және 

Солтүстік Казакстандағы (Явленко-1) коныстарда малдың дені әлі де ірі кара 

болған; мұның өзі Орталык Қазақстанның тайпаларымен салыстырғанда бұл 

жерлерді мекендеушілердің көшіп-конуы аз болғандығын көрсетеді.

Өнімді  мал шаруашылығына көшу  ілгері баскан күбылыс болды.  Жаңа 

еңбек күралы, өндіріс кұрал-жабдығы ретінде бакташы тайпаларға мал ма- 

териалдықигіліктер өндіруде көп артыкшылықгар берді. Ет-сүт өнімдерінің 

коры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі 

(теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды.

Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен катар неолит дәуірінен бас- 

тап егіншілік дами бастады. Кола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығын- 

да  мал  шаруашылығы  мен  егіншілік  бірін-бірі  толықтырып,  езара  байла­

нысты болды. Мәселен, Усть-Нарым конысында (Шығыс Қазакстан) табы- 

лған қыстырма орақтар егіншіліктін болғанын көрсетеді. Ол уакыттағы адам 

кездейсоқ,  ұсақ егістен  өзендердің жайылмаларындағы  шағын  алқаптарға 

түрақты егін егуге кешті.

Алдыңғы кола дәуірінің қоныстарында тастан және бүғы мүйізінен жа- 

салған теселер табылды.  Жер  копсытатын таяқтармен  және мүйі і теселер- 

мен салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды: бүлармен жерді жаксы- 

рақ қопсытуға болатын еді. Тастан астық үгетін күралдар да: астык т үйгіштер, 

тоқпакшалар, түйгіштер, келілер, келсаптар пайдаланылған болса керек, ал 

соңғы қола дәуірінде бітімі әр түрлі қола жэне мыс орақтар, кола шалғылар 

пайдаланылды (Шағалалы конысы). Олар, сондай-ак, мал үшін кысқа пішен 

дайындауда, камыс дайындауда қолданылған болуы мүмкін.

Неғүрлым жетілген күралдардың пайда болуына байланысты eric те біраз 

өсті.  Негізінде  бидай,  кара  бидай,  тары  егілді.  Дөнді  дақылдардың  бұл 

түрлерінің  бәрі  қоныстарда  салынған  үйлер  мен  қора-қопсыларда  айкын 

көрінеді15.  Егіншілік  өзінің сипаты  жағынан  карапайым  болып  кала  берді 

жэне  мал  есірумен  салыстырғанда  көмекші  рөл  аткарды,  бірақ ол  тамақ 

өнімдерін алудың маңызды кезі болды.

Мүнан  басқа  кейбір  қоныстардың  шаруашылык  ұраларын  толтырған 

қабатында түз қүстарының -  қаз бен сұр тырнаның сүйектері (Қанай), шор- 

танның,  бекіренің сүйектері мен қабыршақтары табылды. Балық аумен ау- 

ланған: мұны табылған қыш және тас батырғылардан аңғаруға болады. Алай­

да кола дәуірінде аң және балық аулау өзінің бүрынғы маңызынан айрыла- 

ды.  Жабайы  жануарлардың  (елік,  марал,  солтүстік  бүғысы,  арқар,  қабан, 

құндыз, ак қоян, түлкі) сүйектерінің үлесі алдыңғы кола дәуірінің қоныст-

106


арында 3,6%, соңғы кола дәуірінде  Шығыс Қазакстанның қоныстарында 4 

процентке дейін (Трушниково), ал Солтүстік Қазакстанның коныстарында 

1 процентке дейін (Алексеевка) болады.

Қазақстан аумағында тараған аудандардың бәрінде қола дәуірі мәдени- 

етінің  даму  сатыларын  сипаттайтын  материал  шаруашылық  тұрпатының 

өзгергенін  көрсетеді:  қола  дәуіріндегі  тайпалар  үй  маңында  мал  өсіруден 

жайлауда мал бағуға, одан кейін  көшпелі мал шаруашылығына кошті. Нак 

осы жағдай материалдык мәдениеттегі озгерістерді туғызды, дегенмен бұл 

озгерістер барлык жерде бірдей болған жок. Географиялықжәне баска фак- 

торларға байланысты бір аудандарда әуелі жабайы хайуандарды қолға үйрету 

басталды,  ал  екінші  бір  аудандарда  әуелі  карапайым  кетпендік  егіншілік 

шығып, тарады.

Соңғы онжылдыктарда (1976-1994 жж.) мыс балкыту өндірісі мен қыш 

құмыра жасаудың16,  кен  кәсібінің17 және металл ондеудің'*, сондай-ак мал 

шаруашылығы  мен  аң аулаудың19,  егіншілік пен  үй кәсібінің  ежелгі тари­

хын толықтырған, Сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі дамыған және соңғы 

кола  кезендері  ескерткіштерінің  кезендерге  болінуі  мен  хронологиясын 

нақтылай түсуге мүмкіндік берген жаңа деректемелер мәлім болды20.

Кен  ісі,  металлургия.  Қола  дәуірінде  адам  қоғамының  өндіргіш 

күштерінің  дамуында  мал  шаруашылығымен  және  егіншілікпен  катар  әр 

түрлі рудаларды ондіру, тас пен сүйекті ұксату аса маңызды рөл атқарды.

Қазақстан  аумағында мыстың, калайының және алтынның бай  кендері 

бар екендігі ежелгі уакыттан белгілі болатын. Коптеген коне кен орындары

—  мыс  (Ж езказған,  Зыряновск,  Каршыға,  Жалтыр,  Ащылы,  Үратобе, 

Күшікбай), калайы (Атасу тауы, Қалба және Нарым жоталары), алтын (Степ­

няк,  Қазаншұңқыр,  Балажал,  Акжал,  Дайбай, Майқапшағай,  Акабек)  кен 

орындары  бұл  аймактың  ежелгі  металлургия  орталыктарының  бірі  болға- 

нын керсетеді.

Геологиялык зертгеулер ежелгі замандатоттанған мыс рудаларын өндіріп, 

балқыту  ісінің  зор  мөлшерге  жеткенін  аңғартады.  Ең  жұпыны  есептін  озі 

Жезказған  оңірінде  балқытылған  мыстың  колемі  шамамен  100  мың тонна 

болғанын корсетеді.  Успенск мыс руднигінен 200 мын тонна руда шығары- 

лған21,  ал  Имантау  кен орнынан  ежелгі  заманда 48  мың тонна  мыс  рудасы 

қазылып  алынған.  Ежелгі  заманда  касситерит  шығарылған  кеніштерінін 

барлык  зерттелген  орындары  бойынша  жүргізілген  есептің  корсетуінше, 

мүнда  130  тонна  калайы  ондірілген22.  Кені  казылып  алынған  орындардың 

аумағы мен  шығарылған руданың колемі мыс,  калайы  және  алтын кеніш- 

терінің талай ғасырлар бойы пайдаланылып келгенін корсетеді.

Мысы мен калайысы мол, тотыктанған руда ғана (малахит, азурит, кас­

ситерит)  өндірілді23.  Өндірудін  түрі  мен  әдісі  рудалы  кабаттың  орналасу 

жағдайына байланысты болды.  Үңғып алу жүмысы тек рудалы өзектердің 

бойымен  жүргізілді,  ал  бос топырақ козғалмай қала  берді.  Қопсыма руда- 

лар босаң құрама тастардан, кварциттерден жасалған токпақшалармен, бал- 

талармен  карапайым  «қайлалау»  арқылы  өндірілді.  Қайлалауға  келмейтін 

тығыз рудаларға отпен уату әдісі колданылды. Өзектің үстіне немесе забой- 

дың алдындағы куысқа от жағылды, ал тас әбден қызған кезде оған су кұйы- 

дды24. Босаған қабат тас шотпен, қайламен уатылып, ағаш күрекпен тері қапка 

салынды, сөйтіп сыртқа шығарылды.

Отпен уатумен қатар үңгіме де пайдаланылды; оның ізі Жезқазған маңы-

107


нда сақталған (Орталык Қазақстан). Ежелгі руда казушылар ірі рудалы тас- 

тың астын  үңгіп  қазатын  болған,  содан  кейін  кварциттік  балғамен  соккы- 

лап,  асты  үнгіленген руданы түсірген.  Терең казылғанда тебесі  опырылып 

түспеу үшін әр жерде тіреме кабат калдырылған, кейде ағаш тіреуіштер қо- 

лданылған25.  Алайда  шахталар  талай  рет  күлап,  руда  қазушыларды  басып 

калып отырған.  Үңгімелерде  табылған  адам  каңқалары және  олардың жа- 

нындағы рудаға толы шірімей сақгалған тері каптар осыны көрсетеді26.

Жер  бетінде  кен  орнынан  сырткары  жерде,  әдетте  көктемде  су ағатын 

жырада немесе су жинау үшін арнайы казылған орда руда тас балғамен және 

руда уатқышгіен уатылып, кейін жуылатын болған. Су руданы «сулап» байыту 

ушін — оны алғашқы рет кен-тастан айырып алу үшін қажет болды27. Әбден 

уатылған  руда  ағаш күрекпен  немесе  ірі  жануардың жауырынымен  жина- 

лып  алынып,  тері  капка  салынып,  қоныстағы  қорытатын  жерге  тасылды. 

Күрек ретінде пайдаланылған жануарлар сүйектері Милыкұдык, Соркұдык, 

Кресто (Орталық Қазақстан) ежелгі кен орындарынан кездесті; олар әдбен 

мүжіліп, бетін мыстың жасыл тоты басқан.

Руда өндіріліп, уатылған жерлерде металдан, тастан, сүйектен жасалған 

көптеген кен құралдары — төрт қырлы қола балға шоттар, тас құралдардан

-   ауыр  қайлалар,  балға  шоттар,  балғалар,  сыналар,  руданы  үгетін  келсап- 

тар,  келілер,  сондай-ақ сүйек,  ағаш кұралдардан  — марал  мүйізінен  жаса- 

лған балғалар, киік мүйізінен жасалған сыналар, руданы қапка салатын жа- 

нуар  жауырындары,  ағаш күректер табылды.  Руда тікелей коныста немесе 

қонысқа жақын жерде корытылды. Қорыту үшін көрік тәрізді қорыту пеш- 

тері салынды; бұлардың іздері Милықұдыкта, Жезқазғанда, Шүлбі өзенінің 

Ертіске қүяр жерінде, Қанай ауылының маңында табылды. Қанай аулының 

қонысы жанында, сайдың жарында,  көмір араласқан көп мыс  күлі жинал- 

ды. Руданы балқыту үшін ағаш кемірі,  флюс ретінде кварц,  жоса пайдала- 

нылды.  Мыс  рудасының  күлі  Атасу,  Суықбұлақ қоныстарында,  кесек-ке- 

секрудалар, шлактар, мыс кұймалары Былқылдақ-1, Бүғылы-1 корымдары- 

нда, Бескөл-1, Алексеевка, Трушниково, Қанай, Петровка-2 қоныстарында 

табылды.

Мыс рудасы мен қалайы  рудасы  жеке-жеке  балқытылды,  ал кейінірек, 

белгілі бір затты құйғанда, мысқа кджетті мөлшерде қалайы қосылды. Мүны 

Г.  Н.  Щерба Саясу учаскесінің теменгі жағынан тапқан  металды қалайы- 

ның домалақ кесектері  бар құймалар дәлелдейді28.  Қола заттарға жасалған 

химиялық және  спектрлік талдау  ежелгі  металлургтердің қара дүрсін  тех- 

нологиясымен әр түрлі кұралдарға қалайы мен мысты өздерінің қалауынша 

қосқанын көрсетеді.  Олар  қорытпада қалайының  үлесі көбірек  болса,  ме- 

талдың қатты,  бірақ омырылғыш болатынын,  ал оның үлесі  азырақ болса, 

онда, керісінше,  металл неғұрлым жүмсак және иілгіш болатынын  білген. 

Сондықтан соққыш құралдар жасау үшін 5 проценттен 9 процентке дейін, 

тескіш құралдар үшін және құрылыс қүралдарының кейбір түрлері үшін 9 

процентген  12 процентке дейін және  одан да көп қалайы қосатын  болған. 

Сәндік заттарда да қалайының проценті көп болады. Ал орақтарда қалайы- 

ның  проценті  аз  болады,  өйткені,  қалайысы кебірек  болса,  орақтын жұка 

жүзі сынғыш келеді және тез істен шығып қалады29.

Құйма  шеберханаларының  қалдықтары  Мало-Красноярка,  Алексеев- 

ское, Новоникольское-1, Петровка-2 қоныстарынан табылды. Бүларда бітімі 

әр түрлі тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және түрмы-

108


сқа кажетті құралдардың көпшілігі -  орақтар мен дүмі шығыңқы балталар, 

қанжарлар  мен  пышақтар,  найзалар  мен  жебелердің  ұштары  қүйылды. 

Сәндік заттар көбінесе соғу, кақтау, ойып өрнектеу арқылы жасалды. Олар 

киімге тағуға арналған дөңгелек, қыспа өрнекті ілгектер, тізбектер, білезік- 

тер, моншақтар, өңіржиектер және т. б.

Қола дәуіріндегі Қазақстан аумағында мекендеген тайпалардың зергерлік 

өнерінің тамаша бұйымдары — алтынмен апталған қола әшекейлер, самайға 

тағылатын әр түрлі сырғалар, күрекше тәрізді түйреуіштер, ромб тәрізді тар- 

мақты және сопақша ілгектер. Сол уақытгың өзінде-ақ адамдар әйнек тәрізді 

ұнтақ ала білген, одан моншак, тізбек жасаған.

Қазақстан  аумағында  қола  дәуіріндегі  руда  өндіру  ісінің  кеңінен 

жүргізілуі шикізат жөніндегі өз кажетін канағаттандыруға ғана емес, соны­

мен катар металдың бірсыпырасын қүйма күйінде және бұйым түрінде тай­

палар арасындағы айырбас үшін пайдалануға да мүмкіндік берді.

Қазақстанның жер қойнауында қалайы, мыс кендерінің көптігі, сондай- 

ақ олардың қола дәуірінде  кеңінен  пайдалануы нәтижесінде тас қүралдар 

мен қарулардың көбінің орнына қола кұралдар мен карулар пайдаланыла- 

тын  болды.  Кен  кәсібінде тас кұралдардың релі  (балғалар,  сыналар,  қайл- 

алар т.  б.)  сақталды, дегенмен, мұнда да қола шоттар,  балғалар қолданыла 

бастады.  Енді  тас  негізінен  кейінгі  тарихи  замандарда да тастан  жасалған 

астық түйгіш, токпақша, келі, келсап, үккіш, жүкше, үршықбас, жоса түйгіш 

секідці кұралдар мен бұйымдарды хасауға пайдаланылды.

Металдан, тастан жасалған кұралдармен катар тұрмыста сүйек заттар да 

қолданылды.  Оларды  жасау  үшін  ірі  малдардың  жіліктері,  кабырғалары, 

жауырындары  пайдаланылды.  Әуелі  сүйек  балшық  ьщыста  қайнатылып, 

жүмсартылды, бүдан кейін майы жок, иілгіш, жүмсарған сүйек оңай үқсаты- 

лды.  Үқсатылған  сүйек  кепкен  соң  озіне  тән  катгы,  берік  калпына  кайта 

келетін болды.

Сүйектен мынадай алуан түрлі бұйымдар жасалды: пышақтар, жебелердің 

ұштары,  біздер,  түйреуіштер,  ыдыстарға өрнек  салатын тарақ тәрізді  тегіс 

калыптар;  терінің майын  сылу және  өсімдік талшығын таспалап  алу үшін 

колданылатын жылқының немесе өгіздің жақсүйегінен жасалған тегістегіш- 

тер мен лөкет пышақтар; жылкының немесе сиырдың жіліншік және бақай- 

шақ сүйектерінен конькилер; сулықтар, ұршыкбастар, тоғалар, сүйек мон- 

шақтар  мен тізбектер, түймелер;  бұлан  мен  бұғының мүйізінен кетпендер 

жасалатын болды. Жырткыш андар мен үй жануарларының тістерінен және 

қабыршақтардан алқа-тұмаршалар жасалды.

Әр түрлі материалдан (металдан, тастан, сүйектен, кабыршақтан) жаса- 

лған  алуан түрлі  затгар қола дәуіріндегі  Қазақстан  аумағында мекендеген 

тайпалардың еңбек кұралдарын, қарулар, сәндік заттар, түрмыстық бұйым- 

дар  жасауда  жоғары  шеберлікке  жеткенін  дәлелдейді;  олар  қүю,  кақтау, 

қысып  өрнектеу,  тегістеп  жылтырату  техникасын  жақсы  меңгерді,  катты 

материалдан жасалған заттарға өрнек сала білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет