258
тарының материалдарына карағанда, садақтар екі үлгіде жасалған. Ерте-
дегі садақ ағаштан иіліп, адырнасын тарамыстан жасаған. Садактын жағы
сүйек қаптырмалармен қапталды (барлығы жетеуге дейін), екі ұшында адыр-
наны байлайтын кертпешесі бар екі каптырма, ортасына — жебе атылатын
жеріне трапеция тәрізді каптырма орнатылды. Осылайша садақтың
иілгіштігі кушейтілді. Садақтың үзындығы 70—80 сантиметрге жетті. Же-
беге үш қырлы темір үш салынды. Садақтың екінші түрі үлкен әрі ауырлау
болады. Оған ұңғысы бар үш қырлы салмақты темір ұшты жебе қолданы-
лды. Мұндай садақтар мен жебелер сауыт киген жауды атуға арналған.
Дөңгелек және сопақ сипаттағы, шыбықтардан тіреу орнатылған ағаш жақ-
таулы қалқан да болған72.
Деректемелерге карағанда, ғүндар 24 руға бөлінген, оларды рубасыла-
ры(ақсақалдар) басқарған. Рулық кұрылыстың ақсақалдар кеңесі жіэне ха
лык жиналысы сияқты институтгары сакталды. Деректемелерде былай деп
айтылған: «ғұндарда жылына үш рет Лунциге жиналатын әдет болды, олар
бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіледі, «сюй» деп аталатын
күні көк рухына қүрбан шалынды... сол жиналыстарда рубасылары мемле-
кеттік істерді талкылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын кызыктайды»73.
Алайда ғүндардың патриархаттық-рулық құрылысы койнауында жаңа
қоғамдық катынастар пісіп-жетілді. Мүныц себептерінің бірі айырбастың,
сауданың дамуы болды. Обаларды қазған кезде табылған алтын бұйымдар,
қымбат маталар ғүн қонімы үстем топтарында жинақталған байлықты дәлел-
Дейді.
Ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктің болғаны туралы мәлімет-
тер бар. Мәселен, Сыма Цянь ғұн князьдарының хань елшісі Су Уға екі рет
жылқы үйірі мен қой отарын тарту еткенін және сыйлык ретінде мал бер-
генін айтады.
Ғүндардың дағдылы қүкында мыналар көзделген: «Үрлық жасап кінәлі
болғанның жері алынады; шайкаста жаудың басын шауып алған немесе оны
тұтқынға алған адамғ; бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа
соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар (соның) кұлдары мен күндері еті-
леді»; «...үрыс алаңынан казатапкан адамнын сүйегін кім әкелсе, онын ог-
басының бүкіл мүлкін сол алады»73.
Сыма Цянь бүдан әрі былай деп жазады: «Суы мен оты мол жер іздеп,
бір жерден екіншісіне көшіп жүреді, оларда ішкі және сырткы дуалдармен
қоршалған қалалар, тұракты тұратын жері жоқ болса да және егістік әнде-
умен айналыспаса да, әркайсысының өзіне бөлініп берілген жер учаскесі
бар»74. Ғ ұндарда ауыл болып көшіп-кону әдісі болған деп жорамалдауға, ал
деректемелерде айтылатын «әрқайсысының озіне бөлініп берілген жер учас-
кесі бар» деген сөздерді жеке кожалыктарға жатқызуға болады75.
Қабірлерден шыққан материалдар ғұн коғамындағы мүліктік теңсіздік
жайын айқын сипаттайды.
Ғұндарда соғыс тұтқындарынан және бағынышты еңірлердің халқынан
тұратын құлдар болған. Олар үй қызметшілері, бакташылар, қолөнершілер
және жер жыртушылар ретінде пайдаланылды.
Елді шаньюй басқарды, оныңқолында ш ексіздерлік билік болды. Одан
кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаньюйдің
улдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы
және олардың әрқайсысының көшіп жүретін ез жері болды. Түменбасы-
259
лар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасылар тағайындай алатын еді. Алайда
шаньюй езіне бағынбаған немесе жазықты болған түменбасылардың жерін
қайтарып алатын, өздерінін жүзбасылары мен онбасылары жөнінде түмен-
басыларының да нақ сондай қүкығы болды. Лауазымдар мен жоғары т е н
дер мұраға қалдырылды. Қарапайым халықтан алынған салыктар туралы
мәліметтер бар.
Сонымен усун және ғүн қоғамдарындағы әлеуметтік-экономикалык
қатынастар шамамен алғанда бірдей даму деңгейінде болды. Оларда ерте-
дегі алғашқы таптык қоғамдардың күрылуы кезінде канау мен байлық жи-
наудың эр алуан түрлері қалыптасады. Алайда олардың бірде-біреуі түтас
алғанда бүкіл жүйені анықгайтын доминанттық маңыз алған жок. Сондық-
тан күлдардың және қүл иеленушілік катынастардың болғанына қарама-
стан, бұл коғамдарды қүл иеленушілік немесе патриархаттық-күл иеле-
нушілік қоғамдар деп сипаттауға болмайды. Усундер, ғұндар коғамдары-
ның үлгісіндегі ежелгі көшпелі, ертедегі таптық бірлестіктердің басқа бір
сипатты белгісі өзінше бір әкімшілігі мен күштеу аппараты бар мемле-
кеттіліктің калыптасуы болып табылады, олар рулық-тайпалық кұрылыс
органдарын сол кезде-ақ ішінара алмастырып, ішінара солардың бейнесін
алып, оларды жаңа жағдайларға бейімдеді.
Ертедегі түрік коғам ы на ж әне еж елгі кош п елілер бірлестіктеріне
тән әр түрлі әндіріс әдістері мен қанау түрлерінің қатар омір сүруінін
жағдайында ф еодалды қ кұрыль.с барған сайы н терең ірек айкындала
түсті.
4. УСУНДЕР МЕН ҒҮНДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЬЩ МӘДЕНИЕТІ
Ежелгі усундердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толык
зерттелген. Жетісудағы, негізінен алғанда Іле аңғарындағы қоныстар мен
қорымдарды қазу айкын да әсерлі материалдар берді, олар
усундердін
түрғын жайларының сипатын, олардың ішкі кәрінісін елестетуге, керами-
каның эволюциясы мен негізгі үлгілерін зерделеуге, усун тайпаларынын
еңбек кұралдары мен каруларын білуге мүмкіндік туғызды.
Жерлеу қүрылыстары мен олардың хронологиясы
Ертедегі усундердің олар қоныстанған бүкіл кең-байтақ аумақтағы кабі-
рлерге орнатылған ескерткіштері екі үлгідегі: үйілген обалар және жалпак
қоршаулар түріндегі қүрылыстар болып табылады. Әдетте,
кұрылыстардын.
екі үлгісі де бір қорымның құрамынан кездеседі. Кейде қоршаулар жеке
қорым құрайды, бірақ мүндай реттер біршама аз. Тек бір ғана қоршаула-
рдан тұратын оқшауланған қорымдарды оп-оңай санап шығуға болады.
Шығыс Жетісуда бұлар: Қалқан-1, Үңгірқора-2, Бесшатыр-4, Ақшокы-3,
Ақтасты-5 (Кеген езенінің аңғары), Өсек-2 (Өсек езенінің аңғары). Батыс
Жетісу мен солтүстік Ферғанада Шығыс Жетісумен салыстырғанда мұндай
корымдар әзірше белгісіз.
Көп жылдық қазба жүмыстарының көрсеткеніндей, бұл ескерткіштердін
260
сыртқы түріндегі айырмашылык олардың этникалық және мәдени тегін-
дегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен коса са-
лынған саймандар женінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жок.
Әдетте, үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің саркыншакта-
рымен байланыстырылады, сондықтан олардағы хронологиялық белгілер
айқын ажыратылады. Алайда біздің байкауларымызда ондай тұжырымдар-
ды дұрыс деуге салмакты дәлелдер жоқ.
Сонымен, үйінді обалардан тұратын корымдар усундердің жерлеу құры-
лыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады.
Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар
жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топьграқтан не
месе өзеннің малта тастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топы-
рактан, киырш ақ тастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі
мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12
метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын
обаларға дейін кездеседі. Усундердің белгілі обаларының бәрін көлемі және
жерлеу жабдықтарының байлығы жәніннен үш топқа: үлкен, орташа және
кіші топтарға белуге болады. Белгілі корымдардың басым кепшілігіндегі
оба кұрылысында усундердің кабірге орнаткан ескерткіштері күрылысы-
ның екі үлгісі - үйінді мен коршау ұштасып отырады. Әр түрлі нүсқалары
кездеседі, бірак ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы оба
лар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғниқоршау негізгі үйіндіні
айналдыра белгілі бір қашықгыкка орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» ко-
ршаулы обалар. Соңғыларының нүскалары: үйіндіні түбінен қоршап тура-
тын қорш ау, ж иегіндегі қорш ау ж әне биік басындағы коршау. Оба
үйіндісіне екі~үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалык
жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Акдіокы-4), бірақ үйінді ас
тында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Кдлкан-1).
Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар
үдгісіндегі қабір құрылыстары көпіхглік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт
бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді.
Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен койтастарды бір қатар немесе
бір кабат етіп жай ғана калай салу жолымен қоршауларға алдын ала ойлас-
тырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым үсак сынык-
тары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп каланған.
Өзен аңғарларында қоршауларды калауға өзеннің үлкен малта тастары қо-
лданыдған. Қоршаулардың биіктігі мен ені орта есеппен алғанда тиісінше
0,5-0,6 м және 0,2-0,3 м. Өсек корымында (Өсек өзенінің сол жағалауы,
Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентек тастар кырынан көміліп тік
бұрышты және дәңгелек коршаулар тұрғызылған.
Ертедегі усун корымдары тек қана кыстау-қоныстардың маңына, тау
етектеріне, шатқалдардан жазыкка шығар жерлерге орналаскан. Усундер
қоныстануды ұнататын жер бедері корымдарды олардын, мәдениетіне тән
меридианалдық «тізбекте» жоспарлауды аныктап берді. Қыстау-қоныстар
тау шаткалдарының түбіне орналаскандыктан, зираттар тау езендері мен
жылғаларының жаркабақтарына салынған. Мұның өзі қабір кұрылыстары-
ның езара орналасуы судың солтүстіктен оңтүстікке және керісінше ағу
бағытына қатаң сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі усун қорымдары-
ның ерекше жоспарлануын жер бедері туғызған деген түжырым бір корым
261
құрамындағы обалардың әрбір тізбегінін бір руға немесе үлкен әулетке
жататындығы туралы әдебиетте бар қағиданың дұрыстығын әсте де теріске
шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі жаңа материалдар, әсіресе Кетпен-
тау етегіндегі Актасты қорымдарының тобы рудың немесе үлкен әулеттін
ыдырауына карай корымдардын жоспарлануы калай өзгеретіндігін айкын
дәлелдейді: үсактізбектер үзіледі; шағын әулетке тиесілі әрбір кыстау-коны-
стың жанынан өз зираты пайда болады; жүйесіз орналасқан үйінділерден
түратын көлемді корымдар кездеседі, оларды, сірә, енді қандас туыстық
байланыстары бойынша емес, қайта аумактық-шаруашылық мүдделері
бойынша біріккен үжымдар тастап кеткен болса керек.
Ақырында, кейінгі жылдарда археологиялык әдебиет беттерінде дүрыс
баяндалмай келе жатқан бір жайға тоқталып өту қажет. Ол қорымдарды
жоспарлаудағы және үйінділер қоршауларының орналасуындағы озгеріс-
терді обаның мерзімін анықтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау.
Біздің Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің қазіргі сатысында
А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дүрыс деп санауға болады; оның
пікірінше, белгілі бір қорымдарды қазып, мерзімін белгілейтін материал
алғанға дейін-ак сақ-усун мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі
оларда обалардың тізбек бойынша орналасуы және қабір қүрылыстары-
ның құрылымында үйінділер мен қоршаулардың үштасуы болып табыла
ды.Біз сақтар мен усундердің кезіндегі мәдениет туралы жалпы сөз еткен
кезде осы көзкарастың дұрыс екенін атап корсетеміз. Бірак олар ескерткі-
штерді кезең-кезең бойынша хронологиялык топтаудың өлшемі, мәдени-
еттің сатылық эволюциясын аныктаушы емес. Усундердің белгілі қорымд-
арының бәріндегі кабір күрылыстарының құрылымдарын салыстыру ко-
ршаулардың үйінділерге қарай орналасуының әр түрлі нұсқалары усун
мәдениеті дамуының барлықкезендеріне тән екенін керсетеді. Сірә, әр түрлі
нүсқаларды ертедегі усундердің діни көзқарасы болып табылатын әлдебір
рәсімдік-магиялық ұғымдар туғызған болса керек.
Қорымдардың жоспарлануындағы өзгерістер де мерзімін дәл анықтай-
тын белгі бола алмайды. Біріншіден, жоғарыда айтқанымыздай, обалардың
ерекше орналасуын жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің
«тізбектеле» орналасуы усун мәдениетінің неғұрлым алдыңғы кезеніне,
рулық байланыстар әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардын ыды
рауына байланысты, яғни неғұрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз ор-
наласқан қорымдар пайда болады.
Сондыктан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстары-
ның кұрылымы олардың мерзімін белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола
алады, ал соларға ғана негізделген тұжырымдар мен топтаудың кандайы
болса да қатерлерге үрындырмай қоймайды және олар жасанды құрылы-
мдар деп саналуға тиіс деген тұжырымға тоқталамыз. Мұндай қателерге
мысалдар аз емес. Бегазының (Орталық Қазақстан) тақтатас коршауларын
Байкал сыртындағы тақтатасты молалармен немесе Ноин-Ула қималарын
Пазырық обаларының қималарымен және т. б. салыстыру сәтсіз болғанын
еске сала кетейік.
Бүкіл халық үшін ортақ жерлеу ғұрпы компоненттерінің бірі ретінде
ертедегі усундердің табыну құрылыстары олардың діни дүниетанымы-
ның тікелей көрінісі болып табылады. Біртіндеп күрделілене түскені-
мен, діни түсініктер негізінен алғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыр-
262
амады ж эне жерлеу ғүрпы мен табыну құрылыстарының да кұрылымы
өзгерген жоқ.
Усун ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хроноло-
гиялык үш кезеңін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді, олардын әрқайсысы-
на қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, кабір қүрылыстарының өзге-
шелігі ж әне күрал-саймандардың, қару-жарақтың, тұрмыс заттарының,
әшекейлердің өзіндік түрлері мен үлгілері тән.
Ескерткіштердің неғұрлым ертедегі тобы б. з. б. Ill—I ғасырларға, орта
кезендегілері — б. з. I—III ғасырларына, кейінгі кезендегі ескерткіштер б. з.
Ill—V ғасырларына катысты.
«Қаратал» кезеңі (б. з. б. Ill—I ғғ.) - ертедегі усундер мәдениеті дамуы-
ның бастапқы сатысы, бүл кезде археологиялык және палеоантропология-
лык деректер бойынша сак ескерткіштерімен сабақтастығын сақтап калған,
бірақ сапалык жағынан жаңа мәдениетке тән жаңа сипаты бар ескерткі-
штер тобын азды-көпті иланымды түрде бөліп көрсетуге болады. Біздің
пікірімізше, бұл кезеңнің ескерткіштері: Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3,
Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалкан-1, Акшокы-4,
Бетағаш, Мойынтоғай-2, Сартоғай, Кеңсай, Шормак-1, Бүрана, Шелпек
обалы қорымдары.
Ертедегі кезеңнің қорымдарына обалардың солтүстіктен оңтүстікке
қарай тізбектеле немесе қосарласып тізбектеле орналасуы тән. Әдетте олар-
дың әрқайсысында үйінді үстіне және үйінді сыртынаоны айналадөңгеле-
те белдеулеп тас қаланған 5—10, ал кейде 25-ке дейін оба болады; белдеулер
онша ірі емес тастар жағалата қойылған 1—2 немесе 3—4 катардан тұрады.
Бұрыштары сәл деңес кабір шүңқырлары шығыстан батыска қарай үзы-
нынан қазылған. Шұңқырлардың қабырғалары тік, беті ағашпен жабылған.
Өлік шұңкырға созыла жатқан күйінде, шалқасынан, колын капталына
созып, басы батыска каратылып қойылған. Өліктің бір колын шынтағынан
бүгіп жерлеу өте сирек кездеседі. Шұңқырдын батыс бөлігіне, өліктін бас
жағына қыш ыдыс койылған. Маркұм тамакпен — койдың сан етімен «жаб-
дықталған». Қабірге олген адамның немесе әйелдіңезінінтұтынып жүрген
заттары — темір және қола пышақтар мен түйреуіштер, моншактар, алтын,
күміс және кола сырғалар, металл айналар, кейде жебелердің темір ұштары
салынған.
«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы I—III ғғ.) - усун мәдениеті эво-
люциясынын дамыған сатысы. Бұл кезеңнін ескерткіштері көп және мәде-
ниет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды. Оларға мына обалы коры-
мдар жатқызылады: Талғар-1,3, Бастау-2,3, Актас-7, Сарытау-1,2, Акшоқы-
3,4, Ө теген-2,3, Бесшатыр-1,3,4, Қадырбай-2, Ш ормак-2,3, Ащысу, Акте-
рек, Мойынтоғай-1, Сартоғай, Диқан-1, Күрті, Қызылауыз-2, 3, Тайғақ-1,
Алтынемел-1, 3, 4, Қапшағай-2, Қалқан-4, Алатобе-1, Актас-4, Қараша,
Шошкалы, Үзынбұлак, Қызылкайнар.
Біздің заманымыздың шебіндегі қорымдарда обалар жүйесіз орналаскан.
Дөңгелек қаланғаны көрініп тұратын үйінділер саны азаяды, беті ағашпен
жабылған шүңкырлар саны кемиді. М ола кұрылысының жаңа үлгісі -
бүйірінде ұңғымасы бар шұңқыр пайда болады, ол шұңкырдан және оның
бір ж ақ қабырғасынан қабірдің түбі деңгейінде қазылып, жерленетін өлік
қойылатын ұңғыма лакыттан тұратын болды. Үңғыма әдетте шұңқырдың
солтүстік қабырғасынан қазылған.
263
Қабір казудың тағы бір түрі — «акымды» түрі пайда болады. Бүл — сы-
рғауылдар мен бөренелерді көлбете қойып жасалған калкамен бөлінген
жерден қазылған шүнқыр. Қалканын жоғарғы жағы шұнкырдьщ солтүстік
кабырғасына, түбі оңтүстік қабырғасына тіреледі. Қабірге кыш ыдыстар
бүрынғыдан гөрі кебірек — көбінесе алты-жеті ыдыс койылатын болды,
ыдыстың түрлері де өзгереді: оның түбі бұрын дөңгелек болса, енді жайпак
болып келетін болды.
«Іле» кезені (б. з. Ill—V ғғ.) - ертедегі усундер мәдениеті дамуының
кейінгі сатысы. Зерттелген кеп ескерткіштер ішінен ол кезеңге жататын
бірнеше корымды ғана бөліп алу мүмкін болды. Бүлар: Ақтас-1, 3, 6,
Үңгіркора-2, Шолакжиде-1 корымдары.
Сонғы кезенде зираттардың жүйесіз садынуы дағдылы болған, кейде
бірнеше тізбек (әрқайсысында 5—7 үйіндіден) кыстау-қоныстын маңына
орналасады (Ақтас тобы). Кейде усун кабірлері арасынан бірлі-жарым түрік
обалары кездеседі. Үйінді үстіне дөнгелете тас калаған обалар жасалыай,
тастан каланған шеңбер жоғарғы жағынан топыракпен көміледі. Кдбірлер
екі түрлі — жерден қазылған және ұңғылап казылған лакыт. Қабірлерден
түбі жайпақ және деңгелек кезелер, дәнүккіштер, әшекейлер, ыдыстар,
ғүрыптық тамақ қалдықтары табылды.
Усун мәдениеті әр түрлі даму сатыларында сабақтастык байланыстарын
сақтап отырған, бұл - 600-700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет76.
5. ТҮРҒЫН ҮЙ, ТҮРМЫС ЖӘНЕ ҮЙДЕП ӨНДІРІС
Ежелгі усундердің материалдықмәдениеті әжептәуір толық зерттелген.
Жетісудағы, негізінен алғанда Іле, Талас және Шу аңғарларындағы коны
стар мен корымдарды казу айкын да әсерлі материалдар берді, олар усун-
дердің тұрғын жайларының сипатын, олардың ішкі көрінісін елестетуге,
енбек құралдары мен қару-жарағын білуге, керамиқаның эволюциясы мен
оның негізгі үлгілерін зерттеуге мүмкіндік туғызды.
Жоғарыда ертедегі усундердің жартылай көшпглі, жартылай отырык-
шы өмір салты оларда кыстау-коныстар мен када ү:.гісіндегі бекіністі кал-
алар салынуына себеп болғаны атап өтілді. Ертедегі қытайдың жазбаша
деректемелеріндегі азын-аулак мәліметтер шынында да солай болғанын
куатгайды.
Усун мемлекетінің Чигу (Кызыл Аңғар) деген ез астанасы болды7'. Хань
шежірелері бүл атауға «чен» деген косымша жалғауға болады деп тапкан78,
бұл арқылы олар камал-қала үлгісіндегі бекіністі коныс дегенді білдіреді.
Б. з. б.
II
ғасырда Чигу-ченде усун гуньмосы Люецзяоми мен оған үзаты-
лған кытай ханшасы Цзяндудың сарайы орналасты79. Үйдің сәулеттік шешімі
мен ішкі көрінісі бізге беймәлім, бірақ кұрылысты ежелгі кытай сәулет
өнерінің дәстүріне негізделген деп топшылауға болады. Ертедегі усундер
коныстанған бүкіл кең-байтақ жерде, сірә, Чигу-чен бірден-бір кала бол-
маса керек. Қолда бар деректерге карағанда, біздің заманымыздағы
I V - V
ғасырларда сяньбилермен соғысқан әлдебір усун гуньмосының Хангай та-
уларында сарайы (кала ма, әлде орда ма?) болған80.
Хань әулеттік хроникасының неғұрлым кейінгі түсіндірушісі ертедегі
усундердің отырықшылык мекендері туралы мәліметтерді куаттап, олар
264
малшы болып, көшпелі тұрмыс салтын жүргізгенмен, бәрібір «қалалары
мен елді мекендері болды» деп көрсетеді81.
Бұл хабарлардың археологиялык жолмен расталмауын қала мәдениеті
ескерткіштерінің, атап айтқанда Жетісудың бүкіл аумағындағы ертедегі
отырыкшы мәдениет ескерткіштерінің аз зерттелгенімен түсіндіруге бола
ды. Екінші себебі Жетісудың кираған калалары орындары стратиграфия-
сының және соған сәйкес керамикалық кешендерді хронологиялык топ-
таудың нашар талдап шешілгендігі болып табылады. Соңғысы әсіресе, кала
мәдениетін Жетісуға соғдылардың әкелгендігі туралы сыңаржақ кағиданы
негізге алып, дәстүр бойынша түрік заманына телініп жүрген алдыңғы ор-
тағасырлық кешендерге катысты. Солай бола тұрса да, қала орындарының
түрік кезеңі қабаттары мен олардың қабірлерінен және әсіресе соңғы усун
заманының қоныстарынан табылған керамикалык кешендер (тік әшекейле-
нген тұтқалары бар ыдыстар, ілмек тәрізді тұтқалары бар саптыаяқтар, алуан
түрлі көлбеу құлакты қазандар, хумчалар және т. б.)82 арасындағы көпте-
ген ресми-типологиялык үксастықтар түрік керамикасының мерзімін ер-
терекке (кем дегенде 300 жылға) ысыру қажет екеніне көз жеткізеді. Кең
көлемді қазба жұмыстарын жүргізіп, стратиграфияны мұқият зерттеген
жағдайда кеп кабатты бірқатар қалалардың (Сүмбе, Jlenci — Шығыс Жеті-
су83; Суяб, Құлан, Ақтөбе - батыс далалык84) төменгі қабаттары усун зама
нына жаткызылатын болады.
Сонымен біздің қслымызда әулеттік хроникаларында усун қалалары
туралы жоғарыда келтірілген мардымсыз мәліметтерден баска деректер жок,
оның есесіне «елді мекендер» туралы едәуір жақсырақ білеміз, себебі онда
коныстар мен қыстау-қоныстар туралы біршама қүнды деректер келтірі-
лген.
Усундердің отырықшы қоныстарының қалдықтары Шу және Кеген өзен-
дерінің аңғарларында зерттелді. Шу анғарларындағы қоныстарда түрғын
үйлердің пішімі тік бұрышты болған, шикі кірпіштен салынып, балшыктан
соғылған таға тәрізді ошактармен жылытылған.
Кеген өзеніндегі Ақтас конысында құрылыс сипаты әлдеқайда жаксы
сақталған. Мұндагы кұрылыстар кешені тастан салынған 5 түрғын жай мен
бірнеше қора-копсылардан тұрады. Құрылыстар ішінде орталығы «шаршы
бөлме» болған, оған іргелес көлемі 126 шаршы метрлік «үлкен белме» бар,
бұл бөлмеге үзын да енсіз дәліз арқылы кіреді. «Шаршы белмеде» тастан
қаланған жер ошак орналаскан85.
Суықтүскенде усун отбасылары екі түрлі тұрғын жайларда: кірпіш және
тас үйлерде түрған. Қысқы үйлер шикі кірпіштен және тактатастан бал-
шық лай құйылып қаланған. Әрбір түрғын үйде үлкен бөлме, ұсак косалкы
жайлар ж әне мал камайтын қашалар болды. Үй-жайлардың бәрі біріне-
бірі жапсарластыра салынған> Олардың едендері балшықпен сыланған жер
еден бодцы. Түрғын бөлмелердің едендерінде айнала тас қаланған ашық
шаршы жерошақтар бодды. Жерошақтар үйді жылытты, жарық берді және
оларда тамақ пісірідці. Қыс кезінде үй ішінің тіршілігі ошақтың айнала-
сында өткен, оның маңынан ас қүйылған қыш ыдыстар, ұн тартатын тас
қол диірмендер табылды.
Бала-шағалы төрт-бес үй бір ауыл болды. Қонысқа жақын жерде ру және
әулет зираттары орналастырылды. Зираттардың үстіне топырақ жөне тас
обалар үйілді, тас калама немесе қоршау жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |