Литература
1.
Назарбаев Н. Послание народу Казахстана. Казахстанская правда - Алматы,
2012.
2.
Шиманский М. Плоды кластерного дерева. Казахстанская правда.- Алматы,
2012.
3.
Добрата Л.Как обустроить Казахстан. - Алматы, 2011.
127
Түйін
Президент ӛз жолдауында экономканы дамытуда кластерлік жүйенің
қажеттілігін атап, оның жеті бағытын белгілеп отыр. Ол – туризм,
мұнайгаз, машинаӛнеркәсібі, металлургия, тамақ және тоқыма ӛнеркәсібі,
құрылыс материалдары. Тоқыма ӛнеркәсібін дамыту Оңтүстік Қазақстанда
жоспарланып отыр, ӛйткені мақта тек осы аймақта ӛседі.
ӘОЖ.343
САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIНIҢ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС-
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛIГI
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
Ахметжанов Жанболат Бекмаганбетҧлы
з.ғ.к. Сабиров Ауелхан Ильясханҧлы
Біздің елімізде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаға
байланысты сақтандыру мәселесіне маңызды кӛңіл бӛлу мүмкін емес.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың
стратегиялық секторларының бірі болып табылады. Ол меншік иелеріне
олардың мүліктері жойылып кеткенде немесе зақымдағанда және табысты
жоғалтқанда зардаптың орнын толтыруға кепіл беретіндіктен қоғамда
әлеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қаматамассыз етеді. Сақтандырудың
ролі ең алдымен экономиканың микродеңгейінде кӛрінеді. Сақтандырудың
нақты келісім шарттары ӛздерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатындағы
жеке және заңды тұлғалармен жасалынады. Ірі аймақтарды қамтитын, жүздеген
кәсіпорындардың мүддесін бұзатын, мыңдаған халықтардың ӛміріне қауіп
тӛндіретін, ірі табиғи техногендік сипаттар пайда болғанда, сәйкес зардапты
сақтандыру жүйесі арқылы ӛтеудің макроэкономикалық салдары болады.
Сонымен қатар сақтандыру компанияларының қаражаттары экономика үшін
маңызды инвестициялық ресурстар болып табылады. Ерекше сақтандыру
қатынастары сақтандыру жиынтығының және осыған сәйкес берілген оқу
жүйесінің зерттеудің объектісі болып табылады. Қоғамда сақтандырудың
экономикалық мәнін, қызметтерін, ролі мен қолдану саласын қамтитын
сақтандыру теориясының мәселелерін ашады. Ол маңызды сақтандыру
терминологиясының мазмұнын, сақтандырудың жіктелуін және сақтандыру
ұйымдарының ұйымдастыру қағидаларын зерттейді: сақтандырудың әртүрлі
жағдайларын қарастырады, сақтандыру қызметтерінің қаржылық негіздерін
ашып,
медициналық
сақтандыру
мәселелерін,
рентаны
(аннуитет)
сақтандыруды, зейнетақыны сақтандыруды, кәсіпкерлік тәуекелді және
жауапкершілікті сақтандыру, сақтандыру компанияларының аудит мәселелерін,
қайта сақтандыру, шетелдерде сақтандыру және біздің республиканың сыртқы
мүдделерін сақтандыру қарастырылып, зерттеледі[1, 3б.].
Сақтандыру қоғамдық - ӛндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі
128
болып табылады. Адамдар мүліктердің иелері ретінде сақтандыруды ӛздерінің
мүліктерін табиғат апаттарынан немесе тонаудан, басқа да күтпеген жағдайда
болатын шығындардан қорғану әдісі ретінде қолданып келеді. Мұның ӛзі
мүдделі адамдардың материалдық шығындарын бірігіп ӛтеу әдісін ойластыруға
жұмылдырады. Мұндай жағдайда, ілгеріде мүмкін болатын шығынды бірігу
арқылы кӛптің есебінен ӛтеу мүлік иелеріне ӛте пайдалы және олардың
мүліктерінің сақталуына кепілдік береді,
Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымы ӛз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтандыру тӛлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру жағдайы немесе ӛзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе
заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
қатынастар кешені.
Табиғат апаты, кез-келген уақытта болып тұрмайтын кездейсоқ жәйт,
сондықтан зардап шегетіндердің саны мүдделі жақтарға қарағанда әлдеқайда аз
мӛлшерде болады. Мұндай жағдайда мүмкін болатын залалды бірігу арқылы
ӛтеу, мүделі мүлік иелерінің апаттың салдарынан болған шығынды азайтады.
Сақтандыру салымына қатысушылар анағұрлым кӛп болса, соғұрлым
қатысушылардың әрқайсысының шығынға тӛленетін тиесілі қаражаты аз
болады. Сақтандыру қазіргі уақытта жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың
да белгілі бір оқиғаға байланысты (сақтандыру жағдайы) жан-жақты,
универсалды қорғау құралы болып табылады.
Сақтандыру жағдайы болған кездегі сақтандыру тӛлемі, сақтанушылардың
жарналарынан құрылатын қор есебінен тӛленеді. Қазіргі ӛркениеттілік "Қоғам
тәуекелдері" ретінде жиі аталады. Кӛптеген ғалымдардың тұжырымдамалары
бойынша, ғылыми-техникалық жетістіктердің дамуы және оларды жер-жерде
ӛндірістерге енгізілуі, апат аумағының кӛбейуі мүмкіндігін және осымен
байланысты сақтандыру тәуекелдерінің туындау мүмкіндігі кӛп болмақ.
Мұның растығына кӛз жеткізу үшін болып жатқан үлкен-үлкен апаттар мен
апаттардың статистикасымен немесе тӛтенше жағдайлар (ӛрттер, жарылыстар,
авариялар мен жарақаттар) жӛніндегі оқиғаларды айтуға болады.
Сақтандыру аясы да ӛте кең түрде қолданылады. Бұл тауар ӛндірісінде,
қызмет кӛрсетуді де, адам ӛмірімен денсаулықты да, еңбекке қабілеттілікті де
қамтиды. Республикада жаңа сақтандыру рыногы қалыптасуда, мұнда ерікті
сақтандыру түрі бірінші орында. әлеуметтік-сақтандырудың түрі бойынша
мемлекеттік міндетті сақтандыру түрі енгізілді (медициналық сақтандыру,
автомобиль кӛлігін сақтандыру, су кезін сақтандыру).
Кӛптеген
елдердің
азаматтық
зандарына,
оның
ішінде
Қазақстан
Республикасының Азаматтық Зандарына сәйкес, сақтандырушы сақтанушыға
келтірген зиянның (кеселдің) толық мӛлшерін тӛлеуі тиіс. ұлттық сақтандыру
рыногының қалыптасуының бастапқы кезеңі Қазақстан дербес мемлекет
ретінде құрылған күрделі жағдайларда ӛтті.
Алғашқыда мемлекеттік сақтандыруға балама сақтандыру ұйымдары кӛп
құрылды, Бірақ олардың дені сақтандыру қызметімен шындап айналысуға
қабілетсіз болып шықты.
Сақтандыру бизнесінің дамуы сақтандыру туралы арнаулы заңдар мен
129
Президент Жарлықтары жарияланғаннан кейін барып жете келе бастады. 1999
жылдың шілдесінен бері уәкілетті мемлекеттік орган Ұлттық; банк болып
табылады. 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 70
сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асырды. Сақтандыру
мемлекеттің әлеуметтік саласының бірқатар проблемаларын шешуге және
экономикаға инвестиция салуға жәрдемдеседі.
Сақтандыру компаниялары ел экономикасына нақты ішкі инвесторлар бола
алады[2, 70б.].
Қазақстан Республикасының қайта сақтандыру жүйесінің дамуы және оны
жетілдіру жолдары.
Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" 2000ж. Заңы,
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінде сақтандыру ісі ӛзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы 2000 жылғы заңы және осы заң актілеріндегі
ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексі (ерекше бӛлім) негізінде жазылды.
Мемлекеттік
тілде
оқитын
болашақ
экономистерге,
Казақстан
Республикасында сақтандыру нарығының кәсіби қатысушыларына және
сақтандыру ұйымдарына аса кажет басылым. Сақтандыру пәні сақтандыру
ісімен айналысатын кәсіпкерлерге қажет. Сақтандыру қызметі сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын
жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызметі. Қандайда болмасын қоғамда ӛз қызметтерін
атқару процесінде (материалдық игіліктерді жасау үшін ӛнім ӛндіру әр түрлі
салада қызмет кӛрсетуде т.б.) адамдар бір бірімен қоғамдық қатынаста болады.
Бұлардың бір қалыпта дамуы үшін оларды реттеу қажеттігін керек етеді.
Былайша айтқанда олардың ара-қатынастарын (қылықтарын) келісім жолымен
үйлестіру тәртібі болып табылады. Бұл қағида толығынан сақтандыру
мәселесіне де тікелей қатысты.
Әлеуметтік экономикалық заңға сыйымдылық ретінде заңмен бекітілуді
және реттеуді қажет етеді. Басқа сӛзбен айтқанда сақтандыру қорын құру мен
пайдалану процесі заңмен үйлестіріліп реттеледі, немесе сақтандыру қатынасы
болып табылады. Ал сақтандыру қатынасы мемлекеттік тәртіппен үйлестіріліп
құқық нормаларымен реттелінеді.
Сақтандыру пәнінің мынадай қайнар кӛздері бар: әр мемлекетте сақтандыру
қатынасы сол мемлекеттің қалыптасқан құқығының қайнар кӛздері жүйелері
мен реттелінеді. Экономика ғылымында құқықтың қайнар кӛздеріне
мемлекеттік тұрғыдан азаматтардың сақтандыру қатынасын реттейтін әр түрлі
нысанда (формаларда) қабылданатын нормасының (құқықтық норма)
жиынтығы жатады. Сақтандыру пәнінің кайнар кӛздері жалпы құқықтық және
арнайы құқықтық болып екіге бӛлінеді. Жалпы құқық нормалары болып:
1)жалпы және оның бір саласы ретінде саналатын сақтандырудың негізгі
қайнар кӛзі. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2)Қазақстан Республикасының Конституциясына ӛзгерістер мен
толықтырулар енгізетін заң - Қазақстан Республикасының Конституциясы 62-
130
бабының, 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданған заң;
3)Конституцияның заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-
бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;
4)Заң актісі — Конституциялық заң Қазақстан Республикасы
Президентінің Конституциялық күші бар жарлықты, және Қазақстан
Республикасы Президентінің каулысы;
5)Қазақстан Республикасының заңы; Сенат пен мәжілістің каулылары жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы сақтандыру пәнін реттеудің негізгі
принципі және ол барлық сақтандыру заңының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары заңды күшке ие.
Қандай да болмасын заң және басқа да мемлекеттік органдар шығаратын
құқық нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына сай болып
қайшы келмеуі тиіс. Былай болмаған жағдайда олар құқықтық норма ретінде
күшін жояды. Сақтандыру ісін тікелей реттейтін арнайы құқықтық
нормалары.
1)
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы заңы;
2)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру ісі және
сақтандыру қызметі мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы заң;
3)
Сақтандыру мекемелерінің (компанияларының) бұйрықтары және
нұсқаулары;
4)
Лицензиялау тәртібі;
5)
Сақтандыру ісін қадағалау және ӛзге де ықпал ету шаралары;
6)
Сақтандыру шарты болып табылады.
Осы кӛрсетілген сақтандыру ісін тікелей реттейтін арнайы құқық,
нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.
Қазақстан Республикасының " сақтандыру қызметі туралы Заң.-2000-
жылдың
желтоқсан
айында
қабылданып
күшіне
енді".
Қазақстан
Республикасының
сақтандыру
қызметі
туралы
Заң
Қазақстан
Республикасының; Конституциясына негізделінген.
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы экономикалық
кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі
ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру
брокерлерін құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметін тоқтату
ерекшеліктерін, ӛзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру
рыногындағы қызметінің, талаптарын, сақтандыру рыногын мемлекеттік реттеу
міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды қамтамассыз ету
принциптерін белгілейді.
Уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі уәкілетті мемлекеттік орган)
осы Заңға сәйкес қабылданатын сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау
жӛніндегі нормативтік актілері сақтандыру рыногының барлық, қатынастары
үшін міндетті болады. (ҚР сақтандыру қызметі туралы Заң2-бап). Қазақстан
Республикасында сақтандыру қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық
кодексінде ерекше бӛлімнің 40 тарауында 803-845-нші баптардан тұрады. Осы
Кодекстің сақтандыру тарауындағы баптар 2000 жылы, желтоқсан айында
131
"Қазақстан Республикасының кейбір Заң актілеріне сақтандыру ісі және
сақтандыру мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Заңға сәйкес ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді[3, 55б.].
Сақтандыру және ұлттық сақтандырудың негізі. Ұлттық сақтандыру
рыногының жалпы кӛрсеткіштері баяу да болса ӛсіп келеді. Сақтандыру
рыногының жай-күйін талдаған кезде нақты жағдайда кӛз жеткізу үшін
сақтандыру сыйлықақысының жан басына шаққандағы орташа кӛлемі мен
олардың елдің жалпы ішкі ӛнімі кӛлемінен алатын үлесіне назар аудару керек.
Осы ыңғайда қарастырсақ, 1999 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақысының
жан басына шакқандағы кӛлемі 380 теңгеге жуық, соның ішінде ӛмірді
сақтандыру бойынша 3 теңгеден кем болды. Ал сақтандыру сыйлықақысы
кӛлемінің жалпы ішкі ӛнімге қатынасы 0,3 пайыз шамасында ғана. Бұл деректер
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін
елдердің кӛрсеткішімен салыстыруға келмейді. Сақтандыру рыногы
экономикада және халықтың ӛмірінде әлі маңызды рӛлге ие бола қоймағанын
байқаймыз. Жағдайды түзеу үшін қабылданған шаралар да жоқ емес. Бұл
орайда 2000 жылдың аяғынан бастап қолданысқа енгізілген "Сақтандыру
қызметі туралы" Заң мен сол жылы қарашада Президент Жарлығымен
бекітілген "Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын" айту керек.
Аталған бағдарлама мемлекеттің, азаматтардың жеке шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің; мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын
орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру рыногын калыптастыруды мақсат
етеді. Бағдарламада қысқартылған кезең ішінде сақтандыру қызметіне сұраныс
ӛседі, бәсекеге қабілетсіз ұсақ және орташа сақтандыру ұйымдарының үлесі
айтарлықтай кӛп қарастырылмайды, болжам бойынша негізгі құрылтайшылары
мен акционерлері отандық ірі банктер, кәсіпорындар мен шетелдік сақтандыру
компаниялары болатын ірі сақтандыру ұйымдары құрылады деп күтіледі, 2002
жылдың соңына қарай ӛмірді сақтандыру саласында 5-10 сақтандыру ұйымы,
сақтандырудың жалпы түрлері саласында 15-20 сақтандыру ұйымы жұмыс
істейтін болады, сондай-ақ 2-3 мамандандырылған қайта сактандыру ұйымы
құрылуы тиіс.
Сонымен қатар сақтандыру жеке қайта сақтандыру ұйымдарын жалпы
капиталдандыру 2000 жылдын бас кезімен салыстырғанда 2003 жылдың
басында 2,3 млрд.теңгеден 5-7 млрд.теңгеге дейін, жыл ішінде жиналатын
сақтандыру сыйлықақысының кӛлемі ішкі жалпы ӛнімге қатынасы бойынша
шамамен 0,3 пайыздан 0,8-1,2 пайызға дейін, соның ішінде ӛмірді сақтандыру
бойынша 0,002 пайыздан 02-05 пайызға дейін ӛсуі мүмкін. Ӛткен жылдың
аяғында республикада сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін
лицензиясы бар 38 сақтандыру ұйымдары болды, оның ішінде екеуі
мемлекеттің қатысуымен, бесеуі шетелдің қатысуымен құрылған және біреуі
ӛмірді сақтандыру қызметімен айналысады[4, 85б.].
Сақтандыру тӛлемдері түсімінің артуына ерікті сақтандырудың ӛскені оның
әсер етуде. Міндетті сақтандырудан түскен сақтандыру сыйлықақыларының
ӛсу қарқыны бұдан біраз тӛмен. Оның ӛзінде де міндетті сақтандыру тӛлемдері
132
түсімінің 90%-ы автокӛлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру үлесіне тиеді. Сақтандыру тӛлемдері түсімдерінің
негізгі бӛлімнің 80%-ға жуығы мүліктік сақтандырудан жиналған. ӛтем
сомасының жартысына жуығы ерікті мүліктік сақтандыру бойынша тӛленген.
Сақтандыру рыногы кӛрсеткіштерінің ӛсуі едәуір болғанымен, ондағы
жағдайды банк секторының, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуымен
салыстыруға келмейді. Сондықтан, сақтандыру рыногының қаржы секторы мен
ел экономикасының дамуына тигізіп отырған онды әсері мардымсыз.
Сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 2002 жылдың
аяғында ӛмірді сақтандыру саласында 5-10 сақтандыру ұйымы жұмыс істеуі
кӛзделінген. Бірақ, солай боларына күмән жоқ емес. Ӛйткені. бүгінге дейін бір
ғана сақтандыру компаниясының ӛмірді сақтандыру жӛніндегі қызметті жүзеге
асыруға лицензиясы бар. Сақтандыру жарналарының жалпы кӛлемінде
сақтандыру тӛлемдері түсімдерінің 0,5%-ы ғана ӛмірді сақтандырудан
жиналған. Aл, Ресейде сақтандыру жарналарының үштен екісін ӛмірді
сақтандыру
құрайды
екен.
Кӛптеген
сақтандыру
ұйымдарының
капиталдандырылуының тӛмен деңгейі ірі тәуекелдерді сақтандыруға
мүмкіндік бермейді. Мұндай жағдайдан шығудың бір амалы қайта сақтандыру
жүйесін пайдалану болып табылады. Отандық қайта сақтандыру рыногы әлі
дәрменсіз күйде. Сондықтан, сақтандыру ұйымдары Батыстың сақтандыру
компанияларының қызметін пайдалануға мәжбүр. Осының салдарынан
сақтандыру тӛлемдері түсімі кӛлемінің артуы шетелге берілген сақтандыру
тӛлемдерінің ӛсуімен қабат жүруде. Айтар болсақ, қайта сақтандыру шарттары
бойынша шетелдік қайта сақтандырушыларға тӛленген сақтандыру
сыйлықақылары 1999 жылы жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы
кӛлемінің 46%-ына тең болса, ӛткен жылдың 9 айында ол 67,7%-ға ұлғайып, 7
млрд.теңгеге жеткен. Сӛйтіп, қырауар қаржы шетелге кетіп жатыр.
Казақстандық сақтандырушылар тәуекелді Батыста сақтандыра отырып, мүмкін
болатын шығындарды ӛтеу кепілдігін осылайша қамтамассыз етуде.
Алдағы кезде сақтандыру рыногын дамыту бағытында міндетті сақтандыру
түрлерін дамыту жӛніндегі жұмыстар жалғастырылмақ.
Сонымен бірге сақтанушыларға сақтандыру тӛлемдерін жүзеге асыруға
кепілдік беру қорын құру да кӛзделінеді. Бұл сақтандыру жүйесіне деген
сенімді күшейтуге қызмет етеді. Жинақтаушы сақтандыру шартының
қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, сақтанушы сатып алу
сомасын алуға құқығы бар.
Сақтандыру рыногының дамуы айналып келгенде сақтандыру қызметіне
тӛлем жасауға қабілетті сұраныстың болуымен, яғни экономиканың жай-
күйімен және халықтың әл-ауқаты деңгейімен байланысты.
Aл, бұл жағынан ілгерілеулер болып жатыр.
Соған қарап сақтандыру рыногының дамуы қарқынды бола түседі деуге негіз
бар[5, 103б.].
Әдебиеттер
1.
Гвозденко А.А. Страхование. – Москва, 2004 г. 3б.
2.
Страховое дело. Под ред. Рейтмана Л.И. – Москва, 1992 г. 70б.
133
3.
Страхование от А до Я (книга для страхователей) под ред. Корчовской Л.И.
и Турбина К.Е. – Москва, Инфра – М, 1996 г. 55б.
4.
Страховой портфель (книга предпринимателя, книга страховШика, книга
страхового менеджера) – Рубин Ю.Б., Солдаткин В.И. – Москва, 1994 г. 85б.
5.
Словарь страховых терминов. Под ред.Коломина Е.В., Шахов В.В. –
Москва, 1994 г. 103б.
Резюме
В статье рассматривается формирование обязанности стархования и
его особенности
Summary
In this article examined the forming of duty of insurance and its peculiarity
ӘОЖ.343.8
ЖАСТАРДЫҢ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҦЛҚЫ
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
Ахметова Дина Абдикуловна
Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын жүріс-тұрыс
девианттық жүріс-тұрыс болып табылады. Жастардың девианттық мінез-құлқы
2 категорияға бӛлінеді: 1) психологиялық нормалардан ауытқуы анық немесе
жасырын психопатиялық болып келетін мінез-құлық; 2) қандайда бір
әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік нормаларға қарсы
мінез-құлық. Кәмелетке толмағандардың мінез-құлыққа қылмысты, ішкілікке
салынуды, нашақорлық, жезӛкшелік, гомосексуализм, құмар ойындарына
қызығушылық, психопатиялық бұзылу және ӛзін-ӛзі ӛлтіруді жатқызуға
болады. Жасӛспірім тұлға дамуының криминалды нұсқасы тек сәтсіз
отбасының жағдайларына ғана байланысты емес. Ол кең түрде әлеуметтік және
жалпы әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге де байланысты. Дегенмен,
статистикалық мәліметтерге жүгінсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44
% осы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер [1].
Отбасының сәтті дәрежесін талдай отырып 4 жағдайды бӛліп кӛрсетеді:
отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека), немқұрайлылық (гипоопека),
отбасында «кумирдің» жасалуы, отбасында «золушканың» болуы.
Р.Бэрон және Д.Ричардон қызуқандылық детерминантының 4 негізін бӛліп
кӛрсетеді: әлеуметтік, сыртқы, жеке, биологиялық.
Нашақорлық - есірткі тұтынушылардың үштен екісі дерлік – 30-жасқа
дейінгі адамдар. Кәмелетке толмағандардың арасында жүргізілген әлеуметтік
сауалнаманың бір деректерінде жастардың 9-10% есірткіні пайдаланғанын
айтқан. Статистикалық мәліметтерге қарасақ, есірткіге байланысты
қылмыстарды 20-29 жастағы адамдар жасайды екен. Ішкілік - бұзақылықтың
90%, әйел зорлаудың 90%, ӛлім, тонаудың 70%, отбасы ажырасудың 50%
134
ішкіліктен болады екен. Суицид - ауытқудың бұл түрі 20-55 жас арасында
кездеседі, ал қазір 10-12 жасар балаларда кездесіп отыр.
Кәмелетке толмағандардың арасында алкогольді ішімдік ішу, шылым шегу,
нашақорлық проблемасы шиелінісіп отыр: 2007 жылдың басындағы жағдай
бойынша республикада 54 мыңнан астам есірткіні пайдаланушылар ресми
тіркелді, олардың 4 мыңнан астамы – 14 – 17 жастағылар.
2006 жылдың 1 желтоқсанына АҚТҚ жұқтырған 7279 адам тіркелді , оның
ішінде 14 жасқа дейінгі – 126 бала, 15-тен 19 жасқа дейінгі – 549 бала, сондай-
ақ АҚТҚ жұқтырған аналардан туған 287 бала тіркелді.
Әлеуметтік отбасы институты рӛлінің құлдырау проблемасы сақталып отыр,
теріс ӛмір салтын ұстанатын ата-аналардың саны ӛсуде.
Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған ата-аналардың саны
2003 жылы – 1902 адамды, 2004 жылы – 1338 адамды, 2005 жылы – 1539
адамды құрады.
Балалардан бас тартуға әкеп соғатын некесіз бала туу саны 2005 жылдың
басында кәмелетке толмаған қыздар арасында (100000 мың босанғандарға
шаққанда) – 23,5 %-ды, 20 жасқа дейінгі аналар арасында 49,2 % -ды құрады.
Ата-анасы
ажырасқан туылғаннан 17 жасқа дейінгі балалардың
коэффициенті 2006 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 5,2-ден 7,0-ге ӛсті.
Мұндай жағдайдың себептері баланың жеке басының адамгершілік-рухани
қалыптасуында отбасы рӛлінің, сондай-ақ балаларды тәрбиелеуде ата-аналар
жауапкершілігінің тӛмендеуі, материалдық және тұрғын үй-жай қиындықтары,
әсіресе жас отбасыларында, мектеп, отбасы және қоғамның ӛзара іс-
қимылының жеткіліксіздігі, отбасы құндылығы мен отбасы тәрбиесін
насихаттаудың осалдығы болып табылады.
Ресей, Чехия, Латвия, Румыния, Болгария, Албания, Дания, Швеция сияқты
бірқатар елдерде балалармен және отбасылармен жұмыс істеудің жаңа
нысандары – «әлеуметтік патронаж», отбасы мен балаларға әлеуметтік қызмет
кӛрсету орталықтары құрылған. Осы қызметтердің жұмысы балалар мен
олардың отбасыларын қоғам ӛмірінің барлық салаларында әлеуметтік,
психологиялық, медициналық және құқықтық сүйемелдеуге бағытталған.
Қазақстан отбасын әлеуметтік сүйемелдеу мен балаларды зорлық-зомбылықтың
барлық нысандарынан қорғау мәселелеріндегі халықаралық тәжірибені
пайдалануы мүмкін.
Кәмелетке толмағандарға қатысты әділетсіздік және оларды ауыр
жұмыстарға пайдалану қазіргі таңда ӛзекті мәселелердің бірі. Елімізде 2007
жылдың қаңтарында мінез құлықтарында ауытқуы бар, яғни заңға қайшы
әрекеттерді жасауға бейім он тоғыз мыңдай кәмелетке толмағандар есепте.
Қазақстан Республикасында әр жылы он мыңнан астам кәмелетке
толмағандар ата-аналар қамқорлығынсыз қалуда. Ювеналды институттар
мәліметінше нашақорлық, уытқұмарлық заттарды алкогольді ішімдіктерді
пайдалану кәмелетке толмағандарға теріс қарау, оларға жағдай жасаудан бас
тарқаны үшін бес мыңнан астам ата-аналар соңғы онжылдықта ата-аналық
құқығынан айырылды.
135
Мемлекеттік органдар балаларға қатысты зорлық-зомбылық кӛрсету
фактілерін анықтау және жою бойынша жұмыстарға баса назар аудара бастады,
алайда қолда бар ресурстар осы проблеманы жою үшін толыққанды күйде
пайдаланылмай отыр. Қазақстан Республикасының Әлеуметтанушылар мен
саясаттанушылар
қауымдастығы
2005
жылы
жүргізген
әлеуметтік
зерттеулердің нәтижелері бойынша балалардың 70 %-ы құрдастарының
тарапынан, 38 %-ы мұғалімдер тарапынан, 18 %-ы ата-аналар тарапынан
жәбірлеушілікті бастан кешіп отыр. 2003 жылдан бастап 2006 жылдың
желтоқсан
айына
дейінгі
Қазақстан
Республикасының
Ішкі
істер
министірлігінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық
істер кодексінің 137-бабы бойынша «жасӛспірімдерді тәрбиелеу міндеттерін
орындамағаны және балаларға қатыгездік танытқаны үшін» 370 ата-ана
қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2006 жылғы маусымда ӛткен Еуропа
және Орталық Азия елдерінің үшінші үкіметаралық конференциясының
(Паленсия
қаласы,
Испания)
деректеріне
сәйкес
Бельгияда,
Чех
Республикасында, Венгрияда және Францияда дӛрекі қарым-қатынас
салдарынан болатын балалар ӛлімінің деңгейі дамыған елдердегі тиісті орташа
кӛрсеткіштен 4 – 6 есе жоғары.
Осы ӛңір елдерінен алынған жұмыс тәжірибесі балаларға қатысты зорлық-
зомбылықты болдырмау жӛнінде бірқатар шаралар енгізуді кӛздейді. Бұл
ұлттық заңдарды халықаралық нормаларға сәйкес келтіру, заң нормаларын
практикалық қолдану жӛніндегі әкімшілік шараларды енгізу, халықтың
мақсатты топтары үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу,
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау
жӛніндегі есептілік тетіктерін жасау, Кәмелетке толмағандарға қатысты
зорлық-зомбылықты жою мәселелерінде қоғамдық құрылымдарға ақпарат беру
және олармен ынтымақтастық орнату.
Әлеуметтік бейімделмеген кәмелетке толмағандардың ӛсуі еліміздің
келешегі үшін ӛте зиян. Ӛзінің даму жолында қиындықтарға ұшырап соның
нәтижесінде қылмыстылыққа душар болған кәмелетке толмағандар ӛзі үшін де,
қоғам үшін де қауіп тӛндіреді.
Соның нәтижесінде ӛз бостандықтары мен құқықтарын талап етуге мәжбүр
болған кәмелетке толмағандардың тағдырында құқық қорғау органдарының
қызметін ұйымдастырудың ролі ӛте жоғары. Ювеналды институттардың бір-
бірімен тығыз әрекеттер жасауы жас ӛспірімдермен құқықтық бағыт-
бағдардағы іс шараларды ұйымдастыратын бірден бір тетігі екені мәлім.
Бір жағынан, ювеналдық институттардың іс шараларын екінші жағынан
дұрыс жолға түсіру мақсатында құқықтық, этно -педагогикалық кешенін енгізу
керек. Құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарды оң жолға түсіру
үшін нормативтік құқықтық актілерге ӛзгертулермен толықтырулар енгізу
қажеттігі туындайды.
Қазақстанның жаһандану, қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық
ӛзгеруі жағдайындағы болашағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, олардың дене
бітімі мен рухани дамуы, оларды ӛмірге дайындау деңгейімен айқындалады.
136
Алайда, Қазақстанның тұтас заңдар кешенін қабылдағанына қарамастан,
оларды балалар құқықтары мен мүдделері аясында қолдануда проблемалар мен
шешілмеген мәселелер бар.
Әлеуметтік жетімдіктің ӛсуі тӛмендемей отыр. 2007 жылдың 1 қаңтарына
Қазақстанда 51 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың 31 мыңнан астамы
қамқоршылар отбасы тәрбиесінде, 2 мыңдай бала патронаттық тәрбиеге берілді.
18 мыңнан астамы балалар үйлері мен интернаттарда мемлекеттің толық
қамқорлығында. Осындай балалардың 3 мыңнан астамы (76,7%) - «нағыз
жетімдер». Қалған 15 мыңы (83,3%) – ата-анасы тірі әлеуметтік жетімдер
(тастанды балалар, ата-анасы бас тартқан, ата-аналық құқығынан айырылған,
бас бостандығынан айыру орындарында, ұзақ емдеудегі, іздеудегі ата-
аналардың балалары).
Қазіргі таңда елімізде жоғарыда аталған мәселелерді реттеу үшін
ювеналдық әділет ювеналдық сот ӛндірісі, ювеналдық прокуратура, балалар
адвокатурасы, балалар құқығы жӛніндегі ӛкілетті агенттік жүйесіне ӛтуді
жүзеге асыруға оны қалыптастыруға және оның дамуына «Ювеналдық юстиция
туралы» ҚР-ның заңы жол ашады.
Ювеналдық институттардың алға қойған мақсаты кәмелетке толмағандарды
тұлға ретінде бейімдеу. Оларға құқықтық, әлеуметтік және т.б. кӛмектерді
беруді жолға қояды.
Жетім балаларға және ата-анасының қомқорлығынсыз қалған балаларға
арналған балалар үйлері мен интернаттарда кәмелетке толмаған 18198 бала
тұрады.
Бүгін республикада отбасы үлгісіндегі 6 балалар ауылы, отбасы үлгісіндегі
23 үй жұмыс істейді. Осында тұратын балалардың небәрі 17,4 % жетім балалар
болып табылады, мемлекеттік қорғауды қажет ететін балалардың басым бӛлігін
әлеуметтік жетімдер құрайды: олардың ата-аналары ата-ана құқығынан
айырылған, қамау орындарындағы адамдар немесе ауыр науқастар.
Бұл санаттағы балалар санының ӛсуі жетім балаларға арналған
ұйымдардың: сәбилер үйлері, балалар үйлері, мектеп-интернаттар, паналау
үйлері және т.б. санының ұлғаюына әкеледі. 2001 жылмен салыстырғанда
балалар үйінің саны – 40 бірлікке, ал ондағы балалардың саны 63,6 %-ға ӛсті.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылыққа бейім балаларды толық жанұяға
орналастыру, яғни жанұялық нысандағы процесті ұйымдастыру қажеттігі
тиімді болар еді.
1999 жыл мен 2007 жыл аралығында Қазақстан Республикасының
азаматтарына бала асырап алуға 20001 мың бала, шетелдік туыстарына – 347,
шетелдіктерге – 6014 мың астам бала берілген.
1999
және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы
азаматтарының отбасыларының қорғауына және қамқорлығына 31 мыңнан
астам бала берілген [2].
Қамқоршылар мен қорғаншыларға ата-ананың қамқорынсыз қалған баланы
күтіп бағуға жәрдемақы тағайындау және тӛлеу туралы норма
бектілмегендіктен жетім балалар үйінен қорғаншылар отбасына тәрбиеге беру
137
процесі тежеліп отыр. Осы жерде айтып кететін тағы бір жағдай ол кәмелетке
толмағандардың тұрғын үйге құқықтарын қорғау жӛніндегі нормативтік
құқықтық актілерді жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда балалар үйіндегі және
интернаттардағы тәрбиеленіп жатқан балалардың 12,8 %-да ған тұрғын
жайлары бар.
Жетім немесе ата аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған
ұйымдардың
(балалар
үйлері,
интернаттары
және
т.б.)
оларды
тәрбиелеушілердің санын қысқартудың тетіктерінің бірі баламалы тәрбие
нысандарының бірі- патранат жүйесінде оны кеңейту керек.
Бүгінде патранаттық тәрбиемен бар болғаны бір мың жеті жүз тоқсан бір
бала қамтылған. 2004 жылы бұл мақсатта республикалық бюджеттен екі жүз
қырық тӛрт миллион алты жүз сексен екі мың теңге, ал 2005 жылы жергілікті
бюджеттен үш жүз қырық сегіз миллион үш жүз елу екі мың теңге қаражаты
бӛлінген.
Республикада кәмелетке толмаған жасӛспірімдердің мектептен тыс
кездерінде демалуы арнайы мекемелер арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
үйірмелер (авиамодель және т.б.), станциялар (натуралистер, туристер және
т.б.), түрлі спорт секциялары (шахмат, шашка, волейбол, баскетбол, футбол,
гандбол және т.б.), лагерлер, студиялар, клубтар жатады.
Білім беру ұйымдарында: лицейлерде, гимназияларда, ӛнерді тереңдетіп
оқытатын жалпы орта білім беретін мектептерде, бейіндік және кӛркемсурет
сыныптарында тиісті жағдай жасау арқылы балаларды ӛнерге баулу процесі
жанданды.
Қазіргі кезде республикада 541 мектептен тыс ұйым, оның 208-і ауылдық
жерлерде, 700-ге жуық аула клубтары, 5,5 мың спорт залы, 9 мыңнан астам
спорт алаңы жұмыс істейді. Алайда, мектептен тыс ұйымдардың мектеп
жасындағы балаларды қамтуы республикада небәрі 11%-ы, оның ішінде
ауылдық жерде 5,6 %-ды құрайды [3, 84б].
Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес он тӛрт жастан жоғары
кәмелетке толмаған жасӛспірімдерді мүмкіндігінше еңбекке пайдалану, баулу
қажет. Ал он тӛрт жастан тӛмен кәмелетке толмаған жасӛспірімдердің бос
уақытын мүмкіндігінше болдырмау. Яғни, олардың жоғарыда аталған
кемшіліктерін жоя отырып, әлеуметтік мінез құлқына оң ықпал ету керек.
Еңбекте аталған кемшіліктерді жою үшін қосымша қаржылар бӛлу, жоғары
білікті кадрларды дайындау қажет. Сонымен қатар заң қағидаларын
басшылыққа ала отырып кәмелетке толмағандардың белсенділігін арттыруды,
дамытуды жоғары деңгейде жалғастыру керек.
Елімізде бала еңбегін бақылау, қорғау, сақтау ерекше назарда. Әлемдік
еңбек мекемелерінің мәліметтері сәйкес Қазақстан Республикасында бала
еңбегін қолданудың салалары мен формаларына тӛмендегілер енеді:
жасӛспірімдер еңбегі ауыр, аса ауыр еңбектерді орындау, жекеменшік
формасындағы мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда заң ережелерін
сақтамай бұзғаны үшін аса ізденісті қажет етеді.
138
Кез келген мемлекетте, қоғамда бала еңбегін заңды негізде ғана пайдалануы
тиіс. Бала-адамзаттың, мемлекеттің ең қымбаттысы, асылы, болашағы.
Мемлекеттің оларға жасаған жағдайы, сол мемлекеттің болашағын байқатады.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен әлемдік және мемлекеттік емес қоғамдық
ұйымдармен ауызбіршілігі жасӛспірімдерге еңбектің нашар түрлерін
қолдануды азайтуды қажет етеді.
Жасӛспірімдердің бүгінгі таңдағы ахуалын жақсарту, мақсатты қоғамдық
және аумақтық құрылымдарды іске асыру, жасӛспірімдердің құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекетте білім сапасы,
балалардың ӛмір сүру жағдайын жақсарту бағытында мамандарды қазіргі
кезеңдегі материалдық, моралдық жағдайларды есепке ала отырп аталған
мақсаттарды орындау үшін еңбек етуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында
да қоғамға қауіпті қылмыс жасау барған сайын кӛбейіп келеді. Бұндай
мәліметтерді біз Қазақстан Республикасының 2000-2007 жылдардағы Қазақстан
Республикасы Бас Прокуратурасының 2006 жылға дейінгі статистикалық
мәліметтерінен кӛруімізге болады. Мысалы, жыл сайын тіркелген (2000 және
2002 жылдардан басқа) қылмыстар саны бұл қаралып отырған кезең аяғында
61,2%-ға ӛскен.Осы кезеңдерде Ішкі істер органдары жыл сайын орта есеппен
15 мыңға жуық қылмыстың бетін ашып отырған. Олардың жартысынан
астамын жасағандар кәмелетке толмағандардың (14-29 жастағылар). Мысалы,
2000 жылы Республикамызда 150 790 қылмыс жасалса, ондағы жас адамдардың
үлес салмағы 52,9% болған, 2006 жылы 57%-ға жеткен. Әсіресе, студенттер
арасындағы жағдай ӛте нашар. Қарастырылып отырған кезеңдегі студенттер
қылмысы 12,5%-ға ӛскен.
Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр қылмыстарының ӛсу
қарқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары. Ал Қазақстанда 2000–
2007 жылдары аралығында қылмыс жасағандар ішінде 16-17 жастағылар саны
35,5%-ға кеміген, ал 14-15 жастағылар керісінше 34%-ға кӛбейген.Бұл жас
санаттары арасындағы қылмыстылық деңгейі де едәуір ӛзгеше. Мысалы, 14-15
жастағы 10 000 адамға шаққанда 2000 жылы 778, ал 2006 жылы 507 қылмыс
жасалса, мұндай кӛрсеткіш 16-17 жастағылар арасында 2000 жылы 2318, 2006
жылы – 3103, ал студенттер арасында 2000 жылы 257, 2006 жылы – 392,5
болған.
Сондықтан да қылмыспен күресу үшін және оның алдын алу үшін, бүгінгі
таңда жас адамдардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып,
оған қатысты ұсыныстар жасалынуы аса қажет. Ӛйткені қазіргі таңда Қазақстан
Республикасы аумағында осы бағытта жұмыстардың жеткіліксіз тұстары
кездесуде.
Мысал
ретінде
тоқталатын
болсақ,
соңғы
жылдары
криминологиялық зерттеулерде жастардың қарама-қарсы екі санатын –
студенттер мен ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері
бойынша бӛлімшелерінде есепте тұрған жастарды біріктіріп, зерделеу мақсаты
алға қойылған жоқ. Жасӛспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға
нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан
бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп
139
қарастырады. Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік
деп те қарастырылады. Әрине, ондай мінез-құлықтан (делинквенттік)
қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор. Бірақ бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-
құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес,
жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке
басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет еді. Себебі соңғы
жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай
қалыптасты, онда қылмыстық кӛріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың,
қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы
жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар жастардың құқық бұзуға
бейім мінез-құлық мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы
ӛзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді. Жұмыста, 14-29
жастар аралығындағы адамдардың мінез құлқына қатысты бӛлек қарастырады.
Бұл Қазақстан Республикасы «Президентінің жастар саясаты туралы»
тұжырымдамасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, адам физиологиясының даму
процессі осы аралықты қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |