Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет11/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50

                                                    

Литература 

1.

 



Каримов  И.А.    По  пути  безопасности  и  стабильного  развития:  Т.6.  – 

Ташкент, 1998. – с.307 

2.

 

Ушкова Н. В. Художественно-эстетическое воспитание студентов в вузе  //       



Молодой ученый. - 2013. - №10. - с. 544-545. 

 

Аннотация 



Статья  С.Ч.Аманмурадовой    “Роль  хореографии  в  эстетическом 

воспитании личности” посвящена важному  и актальному вопросу подготовки  

кадров  в  области  хореографии  с  учетом  формирования  общей  эстетической 

культуры.  Автор  статьи  считает  ,  что  хореографическое  искусство  

является  важным  фактором  воспитания  гармонично  развитой  личности.  По 

мнению  автора,  эстетическое  воспитание  формирует  целенаправленную 

установку на высокий уровень практической деятельности хореографов. 

Summary 

S.Ch.Amanmuradov's  article  "The  role  of  choreography  in  the  aesthetic 

education of the person" is devoted to the important and actual issues in the field of 

choreography with the formation of a common aesthetic culture. 

 

 



ӘОЖ 372.8:39 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДЕ САЛТ-

ДӘСТҤРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҤМКІНШІЛІКТЕРІ 

 

магистрант Амиралиева Ж.Е., п.ғ.к. Майлыбаева Л.С. 

АӘИУ, Шымкент, Қазақстан 

 

Кӛп  ұлтты  мемлекетіміз  егемендік  алғалы  бepi  Қазақстанды  мекендеуші 



халықтардың  қандай  ұлт  ӛкілі  екендігіне  қарамастан  оның  құқығы

 

мен 



бостандығына  нұқсан  келтірместен,  этникалық  немесе  нәсілдік  белгісіне қарап 

кемітушілікке жол бермейтін демократиялық бағыт ұсынып дамып келеді. Еліміздің 



88 

 

осы бағытта тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына үлкен үлес қосатын саланың бipi - 



еліміздің білім беру жуйесі[1]. 

Қазақстан  Республикасының  "Білім  туралы"  заңының  сегізінші  бабында 

білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар,  ғылым

 

мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 



қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін 

қажетті жағдайлар жасау қажеттілігі және адамзаттық пен елжандылыққа, ӛз Отаны 

Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, 

халықтық салт – дәстүрлерді қастерлеуге тәрбиелеу атап кӛрсетілген. Жоғарыда 

аталған ұлттық және жалпы адамзатгық құндылықтарымыздың салт – дәстүріміздің 

қайнар  бұлағы  халқымыздың  фольклорлық  ӛнерінде  тұнып  жатқаны  белгілі. 

Ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде  оқыту  арқылы  жан  – 

жақты мәдениетті тұлға тәрбиелеу мүмкіндігі туындайды[2]. 

Қазақстан  Республикасының  этникалық  мәдени  білім  тұжырымдамасында: 

«Жан – жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, тұлғаның  сӛзінің тӛл мәдениетіне 

сай  болуына  және  ӛзге  мәдениеттерді  игеруіне  жағдайлар  жасау.  Мәдениеттер 

алмасуына, олардың бipiн – бipi байытуына бағдар ұстау» – деп кӛрсетеді[3]. 

Қазақ  халқының  ӛте  ӛршіп  ата  –  бабаларының  ӛмір  сүрген  кезінен  бастау 

алып,  күні  бүгінге  дейін  кәдесіне  жарап  келе  жатқан  рухани  мұраның  6ipi  – 

ұлттық  дәстүр.  Орыстың  ұлы  педагогы  К.Д.Ушинский  "Тәрбиенің  кезін 

халықтың жақсы – жаман дәстүрінен іздестіру керек, ол тілі және әдет – ғұрпы 

арқылы  кӛрініс  табады»  -  дейді.  Ұлттық  дәстүр  –  халқымыздың    сан  ғасырлар 

бойы сұрыпталып қалыптасқан ӛмір сүру актici. Осы қалыптасқан ұлттық дәстүр 

арқылы  ӛскелең  ұрпақтың  бойына  ұлттық  болмыс,  ұлттық  келбет,  ұлттық 

мәдениет,  ұлттық  намыс  т.б.  ұлттық  құндылықтарымыз  екенін  аңғарылып 

отырған. 

Қaзipri  жағдайда  адамзат  қауымының  алдында  саяси,  экологиялық, 

экономикалық,  рухани  салаларындағы  жағымсыз  даму  үрдістерін  жеңу  және 

прогрессивті,  жасампаз  үрдістерді  қолдау  мәселесі  туралы.  Бұл  ӛзекті  мәселе 

болып  табылады.  Оны  ұлттық  –  мемлекеттік  деңгейде  шешу  білім  беру 

жүйесінде салмақты реформалар жасауды, мақсаттар мен міндеттерді анықтауда 

адамгершілікке  және  ізеттендіруге  баса  назар  аударуды  қарастырады. 

Осылардың  барлығының  ce6e6i  болып  табылатын  –  адам,  оның  менталитеті. 

Сондықтан бірінші орында тұлғаның адамгершілік құндылықтары жатады. Білім 

беру  және  ғылым  саласы  қызметкерлерінің  II  Республикалық  съезтде 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевта  сӛйлеген  сӛзінде 

осыны  кӛрсете  отырып,  Қазақстан  білім  беру  саласын  реформалаудың 

стратегиялық міндеті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа 

ұлттық ӛлкені дамыту екенін атап ӛтті[4]. 

Ұлттық  дәстүр  мен  ұлттық  тәрбиені  дамыту  –  бұл  проблеманы  шешуге 

кӛмектесе  алады.  Ұлтгық    дәстүрдегі  тәрбие  беру  арқылы  тұлғаның  ұлттық 

мәдениетімен  қалыптастыра  аламыз.  Әлемдік  жahaндaнy  үрдісі  барысында  білім 

беру  мен  тәрбие  саласында  ұлттық  дәстүрге  сүйене  отырып,  жаңа  ұлттық  ұлт 

қалыптастыру  арқылы  ғана  мемлекетіміздің  дербестігін  сақтап,  жоғарғы 

ӛркениетке жете аламыз. 



89 

 

Еліміздің  ертеңгі  бүгінгісі  жастар  екені  белгілі.  Ал  бүгінгі  ӛскелең  ұрпақ 



ұлтымыздың салт – дәстүрлері мен әдет - ғұрпынан тым алыс, батыстық үлгіге бой 

алдырып барады. 

Халықтық педагогиканың  асыл  мұралары  болып  табылатын  салт  –  дәстүр, 

әдет – ғұрып, мақал – мәтел, шешендік ӛнер, халық ауыз әдебиеті бүгінгі жастар 

бойына ciңіpy үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жӛн. Ана тілін білмейтін 

ұрпаққа  ұлттық  тәлім  –  тәрбие беру  әсте  мүмкін  емес.  Ӛз  ішінде сӛйлей және 

ойлай алмайтын ұрпақтың ӛз ұлтына деген құрмет ешқашанда болмақ емес. 

Қазақтың "тектілік" деген сӛзінде үлкен мән – мағына, аса құнды астар жатыр. 

"Текті" деп білім қуып, еңбек етіп, ата – бабасының атына кір жуытпайтын, бойына 

ұлттық болмысымыздың бар қасиетін жинақтаған, иманды – инабатты, арлы да 

абыройлы азаматты айтамыз. 

Ал "текті" ұрпақ тәрбиелеу үшін, отбасындағы ата – анасы беретін тәрбиемен 

қоса, мектеп қабырғасында берер алғашқы тәрбие бастауыш сыныптан басталады. 

Білім  негізі  –  бастауышта  демекші,  бастауыш  сыныптағы  әрбір  баланың 

ішкі  дүниесіне  үңіліп,  қазақи  тәрбие  беру  негізін  міндетіміздің  6ipi  болуы 

шарт. 


1.

 

Ана  тіліміздің  ерекшелігін  ескеріп,  сонау  ақын  –  жазушыларымыздың 



"тілі"  жайлы  айтылған  нақыл  сӛздерін,  ӛлеңдерін  пайдалана  отырып,  ұрпақ 

бойына тілімізге деген құрмет қалыптастыру. 

Мәселен, Әбділда Тәжібаевтың "Тіл туралы" ӛлеңінде: 

                          Туған Tiлім  тірлігімнің айғағы

                          Tiлім барда айтылар сыр ойдағы

                          Ӛлce Tiлім, мен де бірге ӛлемін, 

                          Ӛшсе Tiлім менде бірге ӛшемін, - деген[5]. 

Осы ӛлеңнің ӛзі ана тіліміздің қажеті жайында кӛптеген мағлұматтар 6epiп тұр. 

Осы  сияқты  қаншама  ақын  –  жазушылардың    тіл  туралы  ұлағатты  сӛздері  бар. 

Ойшыл  даналарымыз қалдырған нақыл сӛздерді  ұрпақтан  –  ұрпаққа  жеткізу  – 

тәрбие жұмысының міндеті. 

1.

 



 Сабақ  барысында  ұлттық  ойындарды  (қыз  қуу,  кӛкпар,  тенге  алу,  бәйге, 

алтын  сақа)  түрлі  әдістермен  ыңғайына  қарай  қолдану.  Бұл  оқушылардың 

сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын оятады. 

2.

 



 Мақал  –  мәтел  сайысын  ұйымдастыру.  Сабақ  барысында  оқушыларды 

қатар бойынша белгілеп сергіту сәті ретінде пайдалану. Бұл баланың сӛдік қорын 

молайтады, әpi есте сақтay қабілетін арттырады. 

3.

 



 Ұлттық  дәстүрлер  арқылы  оқу  –  тәрбие  үрдісінде  бала  бойына  рухани 

мәдениетін қалыптастыру. 

4.

 

Салт  –  дәстүр,  әдет  –  ғұрып  негізінде  ұлттық  психологиялық 



ерекшеліктерді ескере отырып,адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу. 

5.

 



Ұлттық  дәстүр  арқылы  дүниедегі  бағалы  рухани  байлықты  жеке  тұлға 

бойына дарыту. 

Халық  педагогикасы  ұрпақтан  –  ұрпаққа  қажетті  қасиеттерді  жинақтаған 

тәжірибе. Оның мақсаты ұлттық ерекшелігімізді айқындай түсетін, ӛнегелі азамат, 

саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ұлтымыздың  тәлім  –  тәрбиеciн  ұрпаққа  жеткізу  әpбip 

ұстаздың алдына қойған мақсаты, бағдарламасы болуы шарт. 



90 

 

Адамгершілік,  имандылық,  инабаттылық  үлкенге  құрмет,  кішігe  ізет,  сӛз 



қадірін  ашу  сынды  қазаққа  тән  қасиеттерді  бала  бойына  сіңіруді  бастауыш 

сыныптан  бастаған  абзал.  Халқым  "баланы  жастан"  деп  текке  айтпаса  керек. 

Бала күнде қалыптасқан дағдысы келешекте жемісін берері анық. 

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа, қиялын дамытуда, мәдениеті 

мен  ой-ӛpiciн  ӛрістетуде,  сӛздік  қорын  молайтуда  халық  ауыз  әдебиеті 

жанрларының маңызы зор. 

Мақал  –  мәтелдер  мен  жаңылтпаштың,  ӛтірік  ӛлең  мен  ертегі,  дастандар 

және  лиро  –  эпостық  жырлар  оқушыларды    елжандылыққа,  еңбек  сүйгішттіке, 

жамандық  пен  жақсыны,  шындық  пен  ӛтірікті  айыра  білуге,  батырлық  пен 

батылдыққа тәрбиелейді. 

Осылай  оқушылардың  ынтасын  және  танымдық қызығушылығын арттырып, 

олардың ӛз бетінше ізденуіне жол ашу. 

Ең  қазақ  ойы  ӛзге  жастарымыздың  кӛрініс  беру  қазақ  халқының  рухани 

құлдырауға түскенінің айғағы. Бүгінгі жастарымыздың жағымсыз әрекеті қыздардың 

шылым шегіп, ұлдардың ішімдікке бой алдыруы қалыпты жағдай болып барады. 

Ұлтымыздың  болашағы  тәрбиелі  ұрпақ  қолында.  Ал  тәрбиелі  ұрпақ 

қалыптастырудың  бірден  –  бір  жолы  –  халықтық  педагогиканың  асыл  қазынасы. 

Халық  педагогикасының  мәні  –  еңбек,  білім,  дағды,

 

адалдық  пен  адамгершілікті 



жас  ұрпақ  бойына  дарыту.  Салт  –  дәстүр  әрбір  ұлттың  ұрпақ  тәрбиесінен, 

тіршілігінен  кӛрініс  береді.  Осы  дәстүр  ұрпақтан  –  ұрпаққа  жалғасып  және 

сол қоғамға сай жаңарып отыруы шарт. Сонда ғана ол ӛз мәнін жоғалтпайды. 

"Халқым қандай десең салтынан сынап біл" деген екен. Ұлттық салт – дәстурі 

арқылы  сол  ұлттың  менталитетінен,  ақыл  –  зердесінен,  даналығы  мен 

даралығынан хабардар етіп тұрады. 

Елбасымыз  болашақ  ұрпағымызды  тәрбиелегенде  оларға  жастайынан 

имандылық пен салауаттылық қасиеттерді ciңipe білсек, тәрбиелесек, сонда ғана 

біз рухы дамыған, егеменді еліміздің дамуына ӛз үлесін қоса алатын азамат ӛcipe 

аламыз, - деген болатын[6]. 

Жалпы жас ұрпаққа тәлім – тәрбие беруде халықтың педагогиканы жүйелі 

пайдалана  алсақ,  дәстүріміз  жалғасып,  әдет  –  ғұрпымыз  сақталып,  ұлтжанды 

ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады. 

Кешенді  кӛзқарас  тәрбие  үдерісінде  және  оны  басқаруда  жүйеліліктің 

болуын  да  қарастырады.  Тәрбие  процесін  басқарудың  нәтижелі  болуы  ондағы 

ішкі және сыртқы себеп-шарттарын және олардың ӛзара байланысын ескерген 

жағдайда  болады.  Ол  үшін  сол  себеп-шарттардың  жай-күйін  және  олардың 

ықпал ету жағдайын алдын ала білу қажет. 

Осы орайда тұлғаның тәрбиелік деңгейіне ұлтаралық қатынас мәдениеті де 

қамтылады. Оның кӛрсеткіштері тӛмендегідей: 

•  танымдық  сферада-әртүрлі  халықтардың  мінез-құлық  мәдениетінің 

ерекшеліктерін білу, ӛзге ұлттың дәстүрін, мәдениетін, тілін білуге талаптану. 

•  мінез-құлық  сферасында-кӛп  ұлтты  ортада  және  еңбек  етуге  бейімділік. 

Таныс  емес  ортада  келісім  жасай  алу  қабілеттілігі,  басқа  ұлт  ӛкілдері 

арасындағы құрдастарының ерекшеліктеріне сыйластықпен қарау. 


91 

 

•  мотивациялық  сферада-ұлтаралық  байланыстар  және  қарым-қатынасты 



қолдау, ӛзге ұлттардың салт-дәстүріне, мәдениетіне қызығушылық, адамдардың 

ұлтына қарамай қайғысына ортақтасу. 

Зерттеу  жұмыстарындағы  теориялық  талдаулар  мен  практикалық  іс-әрекет 

нәтижелерін  саралай  отырып,  болашақ  мұғалімдерді  халықтық  педагогика 

құндылықтары арқылы тәрбиелеудің моделін жасадық. Қазіргі жағдайда тәрбие 

беру  жұмысының  тиімділігі  мен  сапасын  арттырудың  негізгі  жолы  –  барлық 

тәрбиелік  іс  –  шараларды  ұйымдастыруды  кешенді  түрде  жүргізу,  яғни 

оқушылардың  жеке  басы  мен  әртүрлі  әлеуметтік  топтарын  ескере  отырып, 

тәрбие  салалары:  ақыл  –  ой,  адамгершілік,  эстетикалық,  дене  және  еңбек, 

құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің ӛзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. 

Соған  сәйкес  оқыту  мен  тәрбиелеу  қызметінің  бірлігін  қамтамасыз  етудің 

маңызы ерекше. 

Тәрбие  берудің  кешенділігін  қамтамасыз  ету  барлық  тәрбие  беру 

мекемелерінің, соның ішінде мектептің жұмысын  ұйымдастыра жүргізудің де 

қызметі  ерекше.  Оқушылардың  тәрбие  процесін  ұйымдастырудағы  мұндай 

кӛзқарас  қоғамның  әрбір  жеке  тұлғаны  жан  –  жақты  үйлесімді  дамыту 



мақсатына толық сай келеді.  

 

Әдебиетер  

1.

 



Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «Тәрбие жүйесін жетілдіру»  бӛлімі. 

2.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // www. edu.gov.kz. 

3.

 



Назарбаев  Н.Ә  «Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті 

экономика  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін»  Президенттің  Қазақстан 

халқына Жолдауы. – Астана, 2004 ж., 19 наурыз. 

4.

 



Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. –Алматы: Білім, 1997. –256 б. 

5.

 



Тлеужанов М. Қазақ тағылымы. - Орал, 1994. 

 

Резюме 



В этой статье рассматривается возможности использование традиции в 

воспитаний учеников начальных классов 

Summary 

This  article  describes  the  ways  the  role  and  importance  of  the  Kazakh  people 

customs and traditions of children's upbringing 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


92 

 

ӘӚЖ 340. 328. 3 



 

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҚҦҚЫҒЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ 

 

магистрант Андабаева Г.Д.., з.ғ.к., аға  оқытушы Паридинова А. 



Аймақтық Әлеуметтік Инновациялық Университет 

 Шымкент, Қазақстан 

  

Кез-келген  нәрселер  белгілі  бір  ұғымдарды  білдірсді  және  сол  ұғымдар 

қоғам,  заман  дамуына  сәйкес  түрленіп,  ӛзгеріп  отырады.  Сол  секілді 

«интеллектуалдық  меншік»  ұғымы  да  түрленіп,  ӛзгеріп  біздің  заманымызда 

осы,  қазіргі  «интеллектуалдық  меншік»  деген  атауға  ие  болған.  Қоғам,  заман 

дамуы үшін уақыт керек. Алайда, сол еткен уақыт тарих болып есептеледі. Сол 

тарихта интеллектуалдық меншік құқығы тӛмендегідей кӛрініс алады. 

«Интеллектуалдық  меншік  құқығының»  әлемдік  эволюциялық  тарихын 

тӛмендегідей үш кезеңге бӛлуге болады: 

-

 



Бірінші  кезең  15  ғ.  және  18  ғ.  соңы.  Бұл  кезеңді  біз  «Монополиялық 

артықшылықтар кезеңі» деп атайық. 

-

 

Екінші  кезең  1790  -  1883  жылдар  аралығын  қамтиды.  Бұл  кезеңді 



«Интелектуалдық  меншіктің  ұлттық  жүйесін  қорғаудың  ӛркендеу  кезеңі»  деп 

атай аламыз. 

-

 

Үшінші  кезеңге  1883  жылдан  бері  қарай  жатқызамыз  және  бұл  кезеңді 



«Әлемдік конвенциялар кезеңі» деп атай аламыз [1;94б].  

Монополиялық  артықшылықтар  кезеңі  біз  үшін  сол  кездегі  техникалық 

жетістіктерді  әкелген  жеке  тұлғалардың  құқықтарын  қорғау  басты  қажеттілік 

болғандығын білу үшін мұқият зертеуді талап етеді. 

Тарих  тереңіне  бойлайтын  болсақ,  объектісі  адам  ойының  жемістері 

болған  құқықтық  нормалар  Европаның  құқықтық  тарихынан  байқай  аламыз. 

Англияның тәжірибесінде какролдік билік негізінде жаңа жетістіктерге жеткен

жаңалық  ашқан  жеке  тұлғаларға  арнауы  құқықтық  қорғаудың  түрі  ретінде 

қалыптасқан құқықтық қорғаудың түрі ӛз бастауын 14 ғ. алады. 

Ең ерте ерекшелік ретінде, мысалы: Венеция Республикасындағы 1474 ж. 

қабылданған  мына  «Парте  Венеция»  атты  құжатта,  (қазіргі  түсінік  бойышпа) 

ӛнер тапқыш (жаңалық ашушы) мен шет елдердегі бұрын ойлап тауып қойған 

ӛнер  тапқыш  (жаңалық  ашқан)  адамды  ажыратпаған.  Бірақ  бұл  жеке 

тұлғалардың  арасы  ажыратылмағанымен  бұл  жеке  тұлғаларға  олардың 

жетістіктерін  куәландыратын  арнайы  құжат  беріліп  отырды  және  ол  құжат 

«Letters  Patent»  -  «Ашық  мақтау  қағазы»  деп  аталды.  Мұндай  құжатқа  ие 

болған ӛнер тапқышқа ӛте үлкен  кеңшіліктер берілді. Олармен бәсекелестікке 

түсуге  ешкімге  рұқсат  берілмеді  және  ӛзіне  және  мемлекетке  пайда  келтіру 

мақсатымен оларға ашқан жаңалығын тәжірибе жүзінде іске асыруға қолайлы 

жағдай  жасалып,  ашық  мақтау  қағазында  кӛрсетілген  уақыт  аралығында 

нәтиже  шығаруға  тиіс  болды.  Мұндай  тұлғаларға  берілген  «Ашық  мақтау 

қағазы» жария түрде берілді және құжаттың мерзімінің ӛтуі манархқа мерзімді 



93 

 

создыруға  және  артықшылықтарға  ие  болу  құқығынан  айырылуына  негіз 



болды. 

Уақыт  ӛте  келе  ӛнер  табыс  иелеріне  мұндай  артықшылықтар  берудің 

жүйесі  жетілдіріле  берді.  1628  жылы  манаполия  туралы  каролдық  статус 

қабылданды, Мұнда ӛнер тапқыш тұлғаға берілетін артықшылық үшін бірден-

бір  жалғыз  куәландырушы  құжат  патент  болып  есептелді  және  14  жыл 

мерзімге  берілді.  Біртін-біртін  артықшылықтар  алу  үшін  ӛнер  табыстың 

техникалық сипаттамасын құрайтын белгілі тәртібі қалыптасты. 

Жоғарыда  келтірілген  мәліметтер  негізінде  қысқаша  қорытындылайтын 

болсақ,  манаполиялық  артықшылық,  кезеңі  деп  аталуы:  ӛнертабыс  иесі 

монополист  болды.  Ашық  мақтау  қағазы  берілген  манапалистке  мемлекет 

тарапынан  барлық  жағдай  жасалып,  онымен  ӛзгелердің  бәсекелесуіне  жол 

берілмеді.  Сондықтан  да  бұл  кезең  «Монаполиялық  артықшылық  кезеңі»  деп 

аталды.  Бірақ  қазіргі  кездегі  интеллектуалдық  меншік  құқығымен 

салыстырғанда бұл кезең ӛте әділетсіз және дамушы емес, құлдыраушы кезең 

деп атауға болады. Себебі мұнда бәсекелестік жоқ. Ал, бәсекелестікті жою - ол 

құлдырау.  Бізге  маңыздысы  бұл  кезде  «интеллектуалдық  меншіктің»  термині 

болмаса да ӛз бойына осы терминнің белгілерін жинаған, эпицентірі субъекті 

болып табылатын ӛнертабыс иесі (изобретатель), «монополист» дегеи термин 

ретінде танылған [1;152б]. 

Интеллектуалдық меншіктің ұлттық жүйесін қорғаудың ӛркендеу кезеңі 

Диалектика  заңдарында  жазылғандай  ұлттық  жүйе  кезеңі  монополистік 

артықшылық кезеңіндегі ӛткір сынның нәтижесінде, артықшылық кезеңінде-ақ 

пайда  болды.  Бұл  сыны  ӛз  кезегінде  кездейсоқ  емес,  феодализмнен 

капитализмге ӛту кезеңімен сәйкес келді, кей жерде революциялық жолмен, ал 

кей  жерде  бейбіт  жолмен  пайда  болды.  Интеллектуалдық  меншіктің 

обьектілерінің  ролі  мен  ұғымының  монополистік  артықшылық  кезеңіне 

қарағанда, толық ӛзгеруінің идеялық негізі сол кездегі үстемдік құрып тұрған 

табиғи  құқық  теориясында  жатты.  Белгілі  болғандай,  бұл  теория  «адам  мен 

қоғам»,  «адам  мен  мемлекет»,  «қоғам  мен  мемлекет»  арасындағы  қарым-

қатынасының жаһанды (глобальные) сұрақтарын толық қарастырды. 

Табиғи  құқық  теориясы  «интеллектуалдық  меншік»  ұғмына  тіптен  жаңа 

түснік,  жаңа  кӛзқарас  калыптастырды.  Нақтылай  келсек,  адам  мәселелері 

бірінші  орынға  қойылды.  «Адам  -  ол  табиғи  бар.  Ал  интелектуалдық  меншік 

құқығы оның тумысынан пайда болады» - деген түсінік үстемдік құрды. 

Мемлекет  пен  адам,  қоғамдық  келісім  тәрізді  тең  құқылы  болып 

қарастырылады.  Бұл  келісім  бойынша  мемлекет  адам  ӛмірін,  сонымен  қатар 

оның  мүлкі  мен  ой  қабілетінің  нәтижелерін  қорғауға  тиісті  болды.  Адам 

табиғатынан шығатын құқықтар табиғи құқықтардың негізін қалады, ал соған 

сәйкес  шығарылған  заңдар  позитивті  құқықтар  деп  аталды.  Артықшылық 

жүйесі  сынының  нәтижесінде  Англияда,  авторлық  құқық  саласында  1709 

жылғы ханшайым Аннаның «Баспасӛзде жазылған кітаптар авторлары немесе 

олардың  кӛшірмелерін  алғандарға-авторлық  құқықтың  арнайы  бір  уақыт 

ішінде берілетіні туралы» қабылданған Статусында айтылған. 


94 

 

Бұл Статус авторлық құқық саласында ең бірінші қабылданған заң болып 



саналады.  Шын  мәнісінде,  дәл  осы  уақыттан  бастап,  авторлардың  ӛз 

шығармаларын  белгілі  бір  мерзім  ішінде  басып  шығарумен  қатар  баспасӛзде 

жазуына (дәлірек айтсақ бірінші басылымнан кейін 28 жыл), құқықтарын кітап 

шығарушыларға  ұсыну  мүмкіншіліктеріне,  арнайы  мекемелерде  кітаптарын 

тіркеуіне,  кітапханаларға  кітаптарының  белгілі  бір  санын  жіберуі  тиістігі 

туралы, кітаптардың заңсыз түрде кӛшірмелерін жасаған кезде, заң бойынша ӛз 

құқықтарын сот арқылы қорғай алатыны туралы айтуға мүмкіншілік туды. 

Терең қоғамдық және идеологиялық ӛзгерістерге ұшыраған революциялық 

Франция  ең  алдымен  феодалдық  артықшылықтың  барлық  түрін  жойды, 

сонымен қатар мұның ішіне кітапшығарушылардың да артықшылықтары кірді. 

1791 және 1793 ж.ж мекемелік жиналыс шығарған декреттерде авторлардың ӛз 

шығармаларын  ӛмірінің  соңына  дейін  басып  шығаруына  және  де  олардың 

ӛлімінен  соң  мұрагерлерінің  автордың  жұмысын  10  жыл  бойы  пайдалануына 

болатыны  туралы  құқықтарды  шығарды.  Сонымен  қатар,  бұл  құқықтарда 

авторлардыд  ӛз  шығармаларын  арнайы  мекемеде  тіркеуі  және  авторлық 

құқықтың  пайда  болуы  үшін  баспасӛзде  жазылуы  тиісті  еместігі  туралы 

жазылған.  

Авторлық  құқықтың  (Интеллектуадық  меншік  құқығының)  тарихи 

эвалюциялық  дамуы  Францияда  жоғарыда  келтіргендеріміздей  кӛрініс  алған 

болса,  осыған  ұқсас  даму  Америка  Құрама  Штаттарында  кӛрініс  тапты.  Айта 

кететін  жайт,  терминалогиялық  және  ӛзге  де  формальды  айырмашылықтар 

(мысалыға:  жарамдылық  мерзімі)  болғанымен,  барлық  дамыған  мемлекеттер 

авторлық  құқықты  меншік  ретінде  қарастырды  және  басты  орынға 

эканомикалық  негізін  алып,  қорғады.  И.А.  Зенин  интеллектуалдық  меншік 

объектілеріне  меншік  ретінде  қарастыруы  ӛте  ұтымды  болды,  яғни,  біздің 

кезіміздегі  кӛз  қарастан  «проприетарлық  концепция»  немесе  «пропристарлық 

тұрғыдан қарау» деп қарастырды. Ағылшын тіліндегі «Ргорегtу» - «Меншік» -

деген мағынаны білдіреді [2; 87б]. 

Дамыған мемелекеттерде шығармашылық объектілеріне (интеллектуалдық 

меншікке  объектілеріне)  мүліктік  тұрғыдан  баға  бергенімен,  мүліктік  емес  

қасиеттері  бар  емес  пе.  Бұл  жӛнінде  И.Канттың  еңбектерінде  анық  байқауға 

болады,  И.Кант,  авторлық  құқықты  меншіктің  бір  түрі  ретінде  ғана  қарап 

қоймай,  сонымен  қатар,  моралдық  мүдделерінде  басшылыққа  алды.  Автор  ӛз 

шығармасын  қорғауға  құқығы  болды  және  бәріненде  бұрын  бұл  шығарма 

аврордың  тұлғалығының  кӛрінісі  және  жалғасы.  Және  бұл  (моралдық) 

аспектіден  қарау  бірінші  орынға  қойды,  ал  материялдық  құқықтар  оның 

нәтижелері  деп  есептеді  И.Кант.  Сол  замандардағы  автордың  эканомикалық 

емес  құқығы  ретінде  заң  әдебиеттерінде,  кейіннен  заңнамаларда  «моралдық 

құқық»  термині  бекітіле  бастады.  Ал,  қазіргі  Қазақстан  заңнамаларында 

«мүліктік емес жеке құқықтар» деген атпен бекітілген. 

Шындығында  да,  «интеллектуалдық  меншік»  табиғи  құқық  теориясы 

тұсында үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ, «интеллектуалдық меншік» термині 

осы атауға ие болғанға дейін жоғарыда келтіргеніміздей әр түрлі атпен аталған. 

Ал,  «интеллектуалдық  меншік»  терминінің  нақ  ӛзі  18  г.  Француз 



95 

 

заңнамаларынан  бастау  алады  және  ол  кӛбіне  әділетті  келеді.  Шынымен 



авторлық және потенттік құқыққа дәстүрлі проприетарлық тұрғыдан қарау тек 

ғана Францияда емес, сонымен қатар француздық табиғи құқық теориясының 

ӛкілдері,  философ,  жазушыларының  (Вольтер,  Дидро,  Гольбах,  Гельвеци, 

Руссо) еңбектерінде де кең ӛріс жайған, талданған [2; 112б]. 

Осы теориямен сәйкес, кез-келген шығармашылық нәтиже, мейлі ол әлеби 

шығарма  болсын  немесе  ӛнер  табыстық  туынды  болсын  осы  теорияның 

ажырамас  бӛлігі,  табиғи  құқығы  болып  саналады  және  шығармашылық 

қызметтен  туындайды,  мемлекеттік  билікпен  мойындалмаған  болса  да  ӛмір 

сүреді. Шығармашылық туынды иесі осы затты ойлап, жасап шығаруға кеткен 

еңбегі үшін ол осы заттың (туындының) меншік иесі атанады. Меншік құқығы 

секілді,  шығармашылық  туындының  иесі  осы  туындысына  иелік"  ету,  билік 

ету, пайдалану құқығына ие болады және үшінші жақтың қол сұғуынан қорғау 

құқығын  пайдаланады.  Авторлық  құқық  және  потенттік  құқық  жоғарыда 

кӛрсетілген  табиғи  құқық  теориясының  кӛз  қарасы  революциялық  Франция 

заңдарында  орын  алған.  Сонымен  қатар,  1791  ж.  7  қаңтарда  қабылданған 

Француз  патенттік  заңында  тӛмендегідей  кӛрсетілген:  «Әр  бір  қоғамға 

пайдалы  жасалған,  жүзеге  асырылған  жаңа  идеялар  сол  адамдікі,  кім  оны 

жасаған  болса  және  сол  туындыны  сол  адамның  меншігі  демесек  мұнымыз 

әділетсіздік болар еді» деп кӛрсетілген. 

«Интеллектуалдық  меншік»  ұғымы  Франциялық  заңнамада  алғаш 

аталғанымен, авторлық және потенттік құқық жайлы АҚІІІ заңдарында кӛрініс 

тапты.  Мысалыға:  1789  ж.  17  наурызда  Массачусетс  штатында  қабылданған 

заңда  тӛмендегідей  кӛрсетілген:  «Адамға  ӛзінің  ой  еңбегінен  туындаған 

нәрседен  жақын  меншік  жоқ»  және  осыған  ұқсас  Саксония,  Пруссия,  Дапия, 

Норвегия елдерінің заңдарында да кездеседі. 

Барлығы  «ителлектуалдық  меншік»  деген  терминнің  ішіне  егенімен, 

заңдарда авторлық құқық, патенттік құқық дел аталып жатады. Осындай ӛз ара 

түрлерге  бӛлінген  ұғымдар  күйінде  (авторлық  құқық  патенттік  құқық)  ала 

отырып, бірнеше тарихи мәліметтер келтіре кетсек[3; 79б]. 

Авторлық  құқыққа  қарағанда  бәсеңдеу  болғанымен,  потенттік  құқықта 

европаның  әр  түрлі  елдерінде  дамып,  жетіліп  отырды.  Бірақ  бірнеше  елдерде 

потенттік  құқық  артықшылық  жүйесі  тәрізді  кӛрініс  алды.  Мысалыға: 

Англиядағы  артықшылық  объектілерін  пайдалануда  сот  тәжірибесі  құжат 

берудің  процедурасын  жетілдіре  отырып  мынандай  нәтижеге  келді:  ӛзіне 

керекті монополия алу үшін ӛзге құжатар мен қатар «Сипаттама» да ӛткізілуі 

міндетті  болды  деп  кӛрсетілген  1711  ж.  жазбаларда.  Ал  «сипаттау»  қазіргі 

заман потенттік құқығында да басты орын алады. 

Патенттік  құқықтың  жетілуінің  бір  кӛрінісі  ретінде:  Франциядағы  түрлі 

монополияларға  қарсы  күресе  отырып,  еркін  сауданы  қалыптастыру 

мақсатында  тӛмендегідей  талап  қойылды.  Мұнда:  «патент  иелері  1  ж,  ішінде 

ӛнер табыстарын пайдаланбаса, потенттерінен айрылады» деп кӛрсетілген. Сол 

заманда потенттік құқықтың негізі болған жалпы қағидалар, арнайы заңдарда 

кӛрсетілген  формальды  және  материялды  талаптарды  орындаған  ӛнер  табыс 

иелеріне  ғана  потент  беру.  Ал  бұл  қағидаларды  АҚШ  1790  ж.  және  Франция 



96 

 

1791  ж.  қабылданған  потенттік  заңдарынан  байқай  аламыз.  Француз 



заңнамасында:  «1-бап.  Кез-келген  жаңалық  немесе  кез-келген  жаңадан  ойлап 

табылған  туынды  болсын  (ӛнер  табыс  объектісі)  автордың  меншігі  болып 

табылады.  Осының  нәтижесінде  заң  қойылған  талаптар  мен  алда  бекітілетін 

мерзімге  сәйкес,  авторға  бұл  меншігін  жан  -  жақты  және  толық 

пайдланатындай мүмкіндік жасауы қажет» деп кӛрсетілген.   

Иә,  бұл  жоғарыда  келтірілген  мәліметтерді  талдайтын  болсақ  мемлекет 

ӛнер  тапқыш  иелеріне  құқықтық  қолдаулар  кӛрсеткенін  байқаймыз.  Бірақ, 

мемлекет  тарапынан  жүргізілген  экономикалық  саясат  авторлық  құқық  пен 

патенттік құқықтың тарихына әсерін тигізбей қоймады. Мысалы: Ішкі нарықты 

қорғау мақастында 1793 ж. түзетулер мен толықтырулар негізінде АҚІІІ - тың 

потенттік  заңында  патент  тек  қана  осы  елдің  азаматарына  берілді.  Осыған 

ұқсас жағдай Францияда да кӛрініс алды. Мұнда: Франция елінің ӛнер тапқыш 

иесі  ӛз  елінде  патент  алып,  онан  кейін  ӛзге  елде  рұқсат  алатын  болса,  ойлап 

тапқан  ӛнер  тапқыштық  туындысын  ӛз  елінде  пайдалана  алмайды  деп 

кӛрсетілген. 

Осы және ӛзгеде мемлекет тарапынан жүргізілген экономикалық саясаты 

патенттік  құқықты  тым  қаталдатып  жіберді.  Бірақ  та  халықаралық 

экономиканың  дамуының  нәтижесінде  патенттік  құқық  ӛзінің  қайта 

ӛміршеңдік қасиетін иеленді. 

Интеллектуалдық  меншік  құқығының  Европа  және  АҚІІІ  елдерінде 

жоғарыда  келтіргеніміздей  орын  алса,  Ресей  империясында  да  (оның  ішінде 

Қазақстанда)  ителлектуалдық  меншік  құқығы  ӛзіне  тән  ерекшеліктерімен 

дамып, қалыптасты. 

Зерттеушілердің  пікірінше  Ресей  империясында  ителлектуалдық  меншік 

құқығрын тӛмендегідей кезеңдерге бӛледі: 

-

 



18  ғ.  соғына  дейін  кітап  баспаханаларға  мемлекеттің  монополиялық  құру 

кезеңі. Ал жеке меншік баспахана («вольная») 1771 ж. ғана жарыққа шықты. 

-

 

Мемлекеттің баспаханашыларға артықшылық беруі. Алайда баспаханашылар 



мен  авторлар  арасында  ешқандай  құқықтық  реттеудің  пәні  болатындай 

құқықтық қатынас болмады. 

-

 

Ресей  авторлық  құқығы  мен  цензуралық  заң  арасынада  тығыз  байланыстың 



болуы. 

-

 



19  ғ.  құрамына  әдеби  және  ӛнерлік  меншікті  енгізе  отырып  авторлық 

құқықты меншік құқығының бір түрі ретінде тану кезеңі. 

-

 

1911 ж. ғана қазіргі заман ұғымындағы авторлық құқықтың қабылдану кезеңі. 



[4; 85б]. 

Жоғарыдағы  келтірілген  кезеңдерден  жалпы    Ресей  имеприясындағы 

ителлектуалдық  меншік  құқығының  дамуын  байқай  аламыз.  Нақтырақ  айтсақ 

Ресей  империясында  да  (оның  ішінде  Қазақстанда)  ителлектуалдық  меншік 

құқығының дамуын жеке-жеке талдап жату міндетті емес. Себебі, Европа және 

АҚШ  елдерінде  ителлектуалдық  меншік  құқығы  қандай  кӛрініс  алса,  Ресей 

империясында  да  сондай  сипатқа  ие  болды.  Сондықтан  да  бірқатар 

ерекшеліктері  және  қандай  нормативтік  актілермен  кӛрініс  алғандығын 



97 

 

қысқаша келтіре кетейік. Ресей империясында патенттік құқық алғаш рет 1812 



ж.  17  мамырда  «Ӛнертабыстың  және  әр  түрлі  ӛнертабыстың,  жаңалықтардың 

салаларына  артықшылықтар  туралы»  деген  атпен  қабылданған  Александр  1 

манифестінтайтуға  болады.  Мұнда  артықшылық  ретінде  жаңалыққа  айрықша 

құқықты  қуаландыратын  құжат  есептелді.  Бұл  құжат  қазіргі  түсінік  бойынша 

«патент»  мағынасында.  Бірақ,  ӛнертабыс  иелеріне  бұл  құжатты  бергенімен, 

кепілдік  жоқ,  Сондықтан  да  кез-келген  үшінші  тұлға  сот  арқылы  ӛнертабыс 

иесімен дауласа алатын. Артықшылық Ресей империясының барлық аумағына, 

барлық мерзімге берілетін. 

Мұнан  соң  1833  ж.  22  қарашада  император  Николай  1  тұсында 

жоғарыдағы  заңға  қаржы  министірлігі  мен  ішкі  істер  министірлігінің 

дайындаған  жобасы  бойынша  «Артықшылықтар  туралы  ереже»  дегеп  атпен 

түзетулер  мен  толықтырулар  енгізілді.  Түзетулер  мен  толықтырулар  аталған 

заңға  маңызды  қағидалар  енгізді.  Бұл  қағидалар  аталған  заңды  қазіргі  кездегі 

патенттік  заңға  едәуір  жақындата  түсті.  Бұл  заңда  «артықшылықтар  мен 

пайдалану  құқығын  қорғау  мақсатында  Ресей  азаматтарымен  қатар  шет  ел 

азаматтары  да  сотқа  арыздана  алды.  Шет  елдерден  шекара  арқылы  Ресей 

аумағына  кіргізілген  объектілер,  сол  объектіге  ӛз  елінде  берілген 

артықшылықтың  мерзімі  шегінде  ғана  Ресей  империясының  аумағында 

құқықтық қорғауға рұқсат берілді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет