Министрлiгi министерство образования и науки республики



Pdf көрінісі
бет45/50
Дата31.03.2017
өлшемі4,16 Mb.
#10785
түріСборник
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

«Жеке арал» ойыны:- су ортасындағы бір аралды жер бетіндегі экожүйе 

ретінде  елестетіп,  оның  құрылымын,  функционирлеу  ережесін  кӛрсетеді; 

қоректік  тізбек,  трофтық  құрылым  тақырыбын  аша  түседі.  Ойын  стол  үстінде 

қолмен жеке тұрған бір аралды имитациялау арқылы жүргізіледі.   

Бірінші студенттер сол аралда болатын және қоректік тізбекке қатысатын 

экожүйе  элементтерін  (ӛсімдіктер,  жануарлар,  микроорганизмдер  түрлерін) 

жазып,  немесе  сурет  ретінде  салып  стол  үстіне  орналастыру  керек.  Одан  соң 

оларды трофтық құрылым бойынша орналастыру керек.  

Екінші  сол  құрылымның  бір  түрі  жойылып  кетсе,  тізбекте  қандай 

ӛзгерістер болатындығын қолмен кӛрсету керек. 

Үшінші  қоректік  тізбектегі  бір  түрдің  саны  шектен  тыс  кӛбейіп  кетсе 

қандай ӛзгерістерге әкелетінін кӛрсету керек.  

Сандық,  энергетикалық  және  биомассалық  пирамида  ережелері  бойынша 

стол  үстіндегі  экожүйе  элементтері  қалай  орналасатындығын  кӛрсету  керек. 

Экожүйе  элементтері  трофтық  тізбектің  қай  деңгейіне  жататындығын,  қандай 

организмдер тобына жататындығын дұрыс айта білу қажет. 

Ұсынылып  отырған  ойын  студенттердің    «Синэкология,  экожүйе»  

тақырыбын  қалай  меңгергендігін  кӛрсетеді.  Жақсы  ойнай  білген,  яғни 

талаптарды дұрыс орындаған студенттер қосымша марапатталады. 

Сонымен,  экологиялық  білім  берудің  сабақтан  тыс  формалары 

экологиялық  сананы  алыптастыруда  алатын  орны  ӛте  зор.  Сондықтан 

экологиялық  білім  беруде  осы  формаларды,  атап  айтқанда  экологиялық 

мерекелер,  даталар,  экологиялық  ойындар,  балалардың  экологиялық 

қозғалыстары, экологиялық мектептер және т.б. сауатты және орынды қолдана 

білуіміз керек.  

 

Әдебиеттер 

1.

 

С.Д. Дерябо, В.А. Ясвин. Экологическая педагогика и психология. Ростов-



на-Дону, изд. Феникс, 1996-480с. 

2.

 



Научно-методические аспекты преподавание в ВУЗ-х общеобразовательной 

дисциплины  Экология.  //  А.Г.  Сармурзина,  С.В.  Ефранова  и  др.  Учебно-

методическое пособие для преподавателей. 

3.

 



Гольфдейн  М.Д.,  Сомов  А.Ю.,  Шляхтин  Г.В.  Учебно-методические  и 

научные  проблемы  экологического  образования  в  высших  учебных 

заведениях г. Саратова. / пробл. Регион. Экол., 3, 1997. С.104-111 

 

 



 

 

404 

 

Резюме 



В  статье  приведены  виды  внеурочных  форм  экологического  образования.  

Показаны  важность  такого  вида  экологического  образования  в  становлении 

экологического сознания у учащихся.  

Resume 

There given the types of extracurricular environmental education in the article. 

There have been shown the importance of this type of environmental education in the 

development of environmental consciousness in students. 

 

 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ 

 

АӘИУ-нің магистранты Ильясова Ф. 

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Утебаева А.Т.  

 

Резюме 

В  данной  статье  рассматривается  развитие  творческой  активности 

одаренных детей 

Summary 

The article deals with the development of creative activities of gifted children. 

 

Қазіргі  ӛркениеттілікке  сай  мемлекетті  дамытатын,  адамзат  қоғамын  алға 

апаратын құдіретті күш білімде ғана. Демек, қай елдің болсын ӛсіп-ӛркендеуі, 

ӛркениетті дүниеде ӛзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, 

даму бағытына тікелей байланысты. 

Бүгінгі  таңда  қоғамдық  қатынастардың  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 

салаларындағы  жағдайы  түбірінен  ӛзгерді.  Соған  орай  жас  ұрпақты  оқыту, 

тәрбиелеу  жұмыстарын  қайта  құру  қажеттігі  туды.  Ұлттың  болашағы  – 

ұрпағында  болса,  ұрпақ  тәрбиесі  ұстаз  қолында.  Ал  ұстаз  мұраты  –  жетілген, 

толыққанды  азамат  тәрбиелеу.  Толыққанды  азамат  тәрбиелеу  үшін  ақыл-ой 

тәрбиесі,  имандылық,  еңбек,  эстетикалық,  тілдік  қатынас,  дене  тәрбиесі, 

сонымен  қатар  экологиялық,  экономикалық,  жыныстық,  патриоттық  тәрбие 

берілуі  тиіс.  Талаптарға  сай  балалардың  арасынан  сіздер    мен  біздер  үшін 

дарындылық мәселесі, дарынды бала, оны анықтау, олармен жұмыс істеу ӛзекті 

тақырып  болған.  Мемлекеттік  деңгейде  бағдарлы  қолға  алынған  бұл  игілікті  

шара ӛз нәтижесін бере бастады: 

-

 

Дарынды  балаларды  шығармашылық  белсенділікке  баулудың  әдіс-



тәсілдері, жолдары зерттелді. 

-

 



Бала  дарынын  дамыту  үшін  білім  беруге  жаңа    мазмұн  беріліп,  озық 

технологиялар енгізілді. 

-

 

Дарынды 



балаларға 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарында 

ізденіс 


жұмыстарындағы  ерекше  шығармашылық  белсенділігін  іске  асыруда 

қамқорлық кӛрсетіліп, жағдай туғызылды. 



405 

 

     Дарындылық  –  оқушының  сана  мен  жүйкесінің  сапалық  кӛрінісі.  Ол  ӛзіне 



танымдылық, ерік-жігерлік, жеке дамулық ерекшеліктерді білдіреді. Сондықтан 

табиғаттың  бұл  дара  құбылысын  тани  білу  тек  жүйелілік  деңгейде,  ӛзін 

қоршаған  ортамен  тығыз  байланыста,  ерекшеліктерін  ескеруде  жас  мӛлшері, 

қабылдау деңгейі кӛлемінде жүзеге асырылуы керек. 

     Ғалым  Д.Ж.Рензули  айтуынша  дарындылық  дегеніміз  –  үш  байланыстың 

үйлесімділігі:  жоғары  интелектілік,  преативтілік  және  нәтижеге  жетудегі 

ынталылық.  Осы  үш  қасиеттің  біреуі  болмаса  адам  дарын  ретінде 

қалыптаспайды.  Интеллектіліктің  жетіспеуінен  адам  жақсы  нәтижеге  жете 

алмайды.  Нәтижеге  жетем  деген  ынтасы  болмаса  нәтиже  де  болмайды.  Ал 

преативті  қасиеті  нашар  болса,  ондай  адам  тек  орындаушылық  қасиетпен 

шектеледі. Адам сүйіспеншілікпен, жанымен қалап істеген ісін үнемі дамытып 

отырады. Бала ӛз қалауымен бастаған ісін жетілдірсе, дамыта ұйымдастырса, ол 

–  шығармашылық,  яғни  дарынды  баламен  жұмыс  істеуде  алдымен  нәтижеге 

жету  ынтасын  қалыптастыру,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  үйрету  ӛте 

маңызды.  Дарындылықты  анықтау  үшін  әр  түрлі  деректерді,  бақылау  бағалау 

нәтижелерін,  тест,  тренинг  әдістерін  қолдануға  болады.  Дарынды  балаларды 

анықтау  үшін  пән  мұғалімдері  балаларды  сабақ  үстінде,  әр  түрлі  істермен 

айналысу  барысында  бақылау,  ата-анасымен  әңгімелесу,  жолдастарымен 

әңгімелесу арқылы, тест, тренинг қорытындысына қарай анықтайды. 

     Бұл 

жағдай 

оқушы 


дарындылығын, 

ізденімпаздығын 

тудыруда 

оқушылардың ғылыми қоғамның маңызы ӛте зор. 

     Дарынды  балалармен  жұмыс  жүйесіндегі  негізгі  тұлға  –  мұғалім.  Мұғалім 

баланың  ата-анасымен  бірге  оның  дарынын  алғаш  байқаушы,  дамытушы. 

Балаға білімін тереңдетуде, ӛз бетімен білімін кӛтеруге ақыл-кеңестерін береді, 

кӛмектеседі,  кӛп  жағдайда  оқушының  болашақ  кәсіптік  тағдыры  мұғалімге 

байланысты  деуге  болады.  Қазіргі  кезде  дарынды  балаларды  анықтауға, 

қолдауға,  дамытуға  кӛп  мән  берілуде.  Ғылыми  әдістемелік  әдебиеттер  ӛте  аз. 

Сондықтан  әр  мұғалімнің  дарындылықты  анықтау,  дамыту,  зерттеуде  ӛз 

кӛзқарастары қалыптасқан. 

-

 

Дүниежүзілік  тәжірибе  кӛрсеткендей  арнайы  дайындықтан  ӛткен 



мұғалімдер  дарынды  балаларға  арнайы  бағдарламалар  құра  біледі,  ӛз  бетімен 

жұмыс  істеуге  баулитын,  шығармашылық  ізденісін  тудыратын,  практикалық 

тапсырмалар мен есептердің стандартты емес шешімдерін таба білуге баулитын 

әдістер қолдана біледі.  

Міне,  дарынды  балалармен  жұмыс  істеуге  дайын  мұғалімнің  бойынан 

табылуға тиіс қасиеттер. 

Оқытудың  оқушы  белсенділігін  арттыратын  технологияларын  тиімді 

қолдана  біледі.  Дарынды  балалармен  арнайы  жұмыс  жүргізіледі.  Қосымша 

бағдарлама жасақтап, шығармашылығын дамыту тапсырмаларын дайындайды, 

күнделік жүргізеді. Онда дарынды баланың дамуы, жетістігі, зерттеуі жазылып 

отырады.  Балалардың  конкурсқа,  олимпиадаға  қатысуына  жетелейді.  Баланың 

ата-анасымен  жұмыс  жүргізеді.  Жоғарыда  айтылып  ӛткен  дарынды  баламен 

жұмыс  істейтін  мұғалімге  дайындық  кӛрсеткіштерін  білу  мұғалімге  ӛз  білімін 

жетілдіруіне,  ізденуіне 

бағыт-бағдар  беру  болады.  Психологиялық-


406 

 

педагогикалық  талаптар  мұғалім  жұмысына,  ғылыми  зерттеуіне  және 



шығармашылық  ізденісіне  ғылыми  тұрғыда  құруына  негіз  болады  деп 

ойлаймыз. 

Білім берудің ұлттық моделіне кӛшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, 

ӛз  ісінде  қатып  қалған  қастандық  пен  жаттандықтан  аулақ,  практикалық 

қызметте  педагогикалық  үйлестіруді  шебер  меңгерген  психолог-педагогтік 

диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Ол мектептің барлық шараларына 

қатысады,  кӛптеген  адамдармен  қарым-қатынастар  жасайды,  кӛптеген 

педагогикалық  құбылыстар  мен  жағдаяттарды  кездестіріп,  оларды  шамасына, 

біліктілігіне қарай шешеді. 

Енді осыған сәйкес мұғалімдерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек: 

Біріншіден, мұғалім жеке кӛзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі 

тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Екіншіден ӛз ісін жетік біліп, табанды 

жүргізетін мұғалім ғана түрлі нәтижеге қол жеткізе алады.  

Үшіншіден,  мұғалім  педагогтік,  психологиялық  білімін  жетілдіріп 

үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы 

керек.  Тӛртіншіден,  мұғалім  ұйымдастырушылық,  құрылымдық,  бейімділік, 

сараптамалық қабілеттермен қатар ӛз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, 

дәйектерді, құбылыстарды таңдай білуі және солардың пайда болуының себеп-

салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.  

Бесіншіден, 

мұғалімнің 

адамгершілік, 

саяси-идеялық 

ұстанымы 

жұмысында кӛрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. 

Алтыншыдан,  мұғалімдер  ынтымақтастық  педагогикасы  қағидаларын  ӛз 

ісінде басшылыққа алулары тиіс. Жетіншіден, оқу мен тәрбие – егіз екенін бір 

сәт  те естен шығармаған жӛн. 

Бұл,  сӛз  жоқ,  мұғалімдерге  бұрынғыдан  да  зор  жауапкершілікті,  заман 

ағымына бейімділікті, жанқиярлықты талап етеді. 

Сонымен  қатар  балаға  ата-анадан  кейінгі  ақыл-ой,  адамгершілік, 

эстетикалық,  сана-сезімдік,  дене  тәрбиесі  мен  ұлттық  тәрбиені  сіңіруші  адам 

болуы шарт. 

Оқушыларды  Отанды  сүюге,  адалдыққа,  адами  тазалыққа,  ізгілікке, 

имандылық  пен  инабаттылыққа,  салт-дәстүрді  құрметтеуге  үйретіп  баулу  - 

әрбір ұстаздың абыройлы парызы, һәм қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға 

лайық ӛзінің білім беру ісінде рухани, этно-мәдени дәстүрлерді сақтап, дамыта 

отырып,  шығармашылық  ізденіспен  жұмыс  істеп,  ӛмірге  еніп  жатқан  жаңа 

технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға 

болуы міндет. 

Мұғалімнің  шығармашылық  шеберліктерін  шыңдауда  педагогикалық 

оқулар, 


ғылыми-әдістемелік 

семинарлар, 

байқаулар 

олимпиадалар, 

шығармашылық  есеп,  іскерлік  ойындардың  берері  кӛп.  Бұл  мұғалімдердің 

кәсіби  шеберліктерін  шыңдап,  қисынды  ойлай  білетін  дара  тұлғаларды 

тәрбиелеу  болып  табылады.  Оқыту  мен  тәрбиелеу  үрдісін  жетілдіру,  әрбір 

сабақтың  білімділік,  тәрбиелік,  дамытушылық  мүмкіндіктерін  арттырып, 

ертеңгі  білімдар,  парасатты  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  мақсатында  жұмыс 

істеуі қажет. 



407 

 

Оқушылардың рухани жан дүниесін байыту, шығармашылық қабілеттерін 



дамыту  үшін  дарынды  оқушыларды  мектептен  тыс,  сыныптан  тыс  әр  түрлі 

үйірмелерге  баулу,  олардың  жеке  шығармашылықтарын  кӛрсетуге  жағдай 

жасап  отыру  қазіргі  таңдағы  уақыт  талабы  деп  түсіну  қажет.  Осылай  еткенде 

ғана  оқушы  белсенділігі  одан  әрі  артып,  ӛзіне-ӛзі  сенімді,  берілген  жұмысты 

тиянақты орындай алатын, рухы мықты тұлға болып шығуы сӛзсіз. 

Оқу-тәрбие үрдісінде қабілет, дағды, білім, ептілік сияқты психологиялық 

ұғымдарды  ӛз  мәнінде  түсіне  алмау  мұғалімдерді  педагогикалық  қателерге  

ұшыратуы  мүмкін.  Мұғалім  оқушы  ӛзгешеліктеріне  зер  сала  білуі  керек. 

Мұғалімнің  жеке  бір  шығармашылық  табысы  болса  тіпті  жақсы.  Мысалы, 

орындаушылық, сурет ӛнері, музыкадан. 

Бала  әрекетіндегі,  қимылындағы  саналы  күштерді  ақырын,  нәзік  түрде 

шақырып,  оятып  отыру  керек.  Ол  сурет  салып  отырғанда,  бояумен  жұмыс 

істегенде,  баланың  санасын  оятатын  мақсат  қоя  білген  жӛн.  Қызыл  түспен 

басымырақ  сурет  салынса,  енді  кӛгілдір  түспен  не  салар  едің  деген  сияқты 

сұрақтар қойып жетелеген жӛн. 

Дарынды  және  шығармашылық  қабілеті  жоғары  балалармен  жұмыс 

істейтін  мұғалімнің  рӛлі  білімді  таратушы  жай  мұғалімнің  рӛлінен  ерекшелігі 

байқалады.  Олардың  міндеті  білімді  беру  ғана  емес,  оқушының  ӛзіндік 

мүмкіншілігін ашуында. 

Мұғалім  –  елдің  болашағын  кӛркейтіп,  рухани  биікке  кӛтеретін,  жас 

ұрпақты  тәрбиелейтін  жауапкершілігі  мол  киелі  мамандық.  Ондай  мамандық 

иесі  әрқашанда  ӛресі  биік  болып,  сӛйлеген  сӛзінен,  ойлайтын  ойынан 

ілтипаттылығы мен парасаттылығы, біліктілікке ұштасқан ізденімпаз, елжанды, 

адамгершілігі жоғары жайсаң адам болу керек. 

Қорыта келе айтарымыз дарынды балалардың шығармашылық 

белсенділігін қалыптастырып дамытатын мұғалім болып табылатынына ешкім 

қарсы келе алмас. 

 

Әдебиеттер 

1.

 

Алдамұратов Ә. « Жалпы психология» Алматы 1996 ж. 



2.

 

Ахметжанова  А.  «Оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  жолдары» 



Білім 2004 

3.

 



Әбжанов С. «Оқушыларды шығармашылықпен дамыта оқыту»  Бастауыш 

мектеп  №2. 2003 

4.

 

Әбілқасымова 



А.Е. 

«Оқушылардың 

танымдық 

ізденімпаздығын 

қалыптастыру» Алматы Білім 1994  

 

 



 

 

 

 

 

408 

 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ 



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРТТАРЫ 

 

АӘИУ-нің магистранты Ильясова Ф. 

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к. Утебаева А.Т.  

 

Резюме 

В  этой  статье  исседуются  психологические  условия  в  развитии 

способностей одаренных детей. 

Summary 

The  article  scrutinizes  psychological  condtions  in  developing  gifted  childrens 

abilities. 

 

Адам  баласы  табиғатында  қабілетті  болады.  Біреудің  қабілеті  жоғары, 



екінші  біреудің  қабілеті  орташа  немесе  тӛмен  болады.  Қабілетіне  қарай  адам 

баласы  ӛмірде  кӛздеген  арман-мақсатына  жетеді.  Дарынды  адамның  ӛз 

қабілетімен  жасаған  жұмысы  халық  тарапынан  ӛте  жоғары,  орташа  немесе 

тӛмен қабылдануы мүмкін. Яғни, адам жасаған жұмысы арқылы ӛзін кӛрсетеді. 

Дарындылық ұғымының мәні мен мазмұнын ашуда талант, данышпандық, 

жеке  тұлға,  танымдық  белсенділік,  шығармашылық,  қабілет  ұғымдарын 

ажырата  танып-білу  маңызды  болып  табылады.  Олар  –  ӛзара  тығыз 

байланысып жатқан, болмыстары тым күрделі де терең болып келетін ұғымдар. 

Талант  –  қабілеттіліктің  жоғары  деңгейі.  Ол  кез-келген  жұмысты 

шығармашылықпен  шешуді  талап  ететін  басқашалығымен,  ерекшелігімен 

ӛзгешеленетін еңбектерінің бар болуымен танылады. 

Данышпандық – қоғамға тарихи маңызы бар, шығармашылықпен кӛрінетін 

дарындылықтың  жоғары  деңгейі  деуге  болады.  Данышпан  адам  ӛз  ісінің 

нәтижесінде жаңа ӛмір тудырады.  

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық 

жұмыста ӛзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру, ал мақсатқа 

жету  оқу  бағдарламасын  тереңдетіп  оқыту  және  оқушының  танымдық 

белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. 

Дарындылық  туралы  жазылған  әдебиеттерді  теориялық  жағынан 

саралағанда  күрделі  дарынды  тұлғаның  дамуы  да  әр  алуан.  Дегенмен 

дарындылықтың  әр  алуан  жолдары  мен  тәсілдері  арасындағы  ең  нәтижелісі–

дарынды тұлғаның  жеке зерттеу тәжірибесі болып табылады. 

Бір  нәрсені  білуге,  шығармашылық  іс-әрекетке  ұмтылу  дарынды 

балалардың  мінездік  ерекшелігі  болып  табылады.  Олар  ӛздерінің  жеке 

кӛзқарасын айтып, жүзеге асыра алады. 

Ғалымдардың пайымдауынша, зерттеулік іздену  –  бала дарындылығының 

ажырамас бӛлігі. 

Дарынды  оқушыларды  оқыту  мен  дамытудағы  маңызды  тәсіл  мектептің 

педагогикалық үрдісіндегі оқушылар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы . 


409 

 

Шығармашылық  әлеует  пен  танымдық  белсенділік  дарындылықтың 



дамуының  негізі.  Дарындылықтың  құрылымдық  компоненттері  мынадай 

қабілеттер жиынтығы: 

 

танымдық және шығармашылық мотивацияның үстем болуы; 



 

танымдық және шығармашылық белсенділіктің жоғары болуы; 

 

ой дербестігіне иелік; 



 

шығармашылық таным мен зерттеу жұмыстарына ұмтылыстың болуы; 

 

болжай білу мен алдын-ала сезу, білу мүмкіндігі; 



 

қызығушылықпен бастаған ісіне саналылық пен жауапкершілігі басым; 

 

жоғары эстетикалық ӛнегелік және интеллектуалдық бағасы бар және т.б. 



Дарынды балаларда оның құрбыларына қарағанда шығармашылық деңгейі, 

кӛрнекті  қабілеттілігі  және  мотивтік  қажеттілік  ортада  белгілі  бір  мақсатқа 

ұмтылуы,  онда  жігерлілік,  әрекетшілдік  кӛрсетуі  басым  болады.  Осындай 

қасиеттерді дарындылықтың құрылымы десе болады (1-сурет). 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

1-сурет – Дарындылықтың құрылымдық сызбасы 



 

Дарынды  оқушылардың  оқу  пәндерінен  алатын  білімдерінің  мазмұнына, 



жас  ерекшеліктеріне  және  мектептегі  білім  берудің  сатылары  мен  білім  беру 

 

Дарындылықтың қҧрылымы 

тан

ы

м

ды

қ 

м

оти

ва

ц

ия

н

ы

ң

 

үс

тем б

ол

уы

 

 

тан

ы

м

ды

қ б

ел

се

н

ділік

ті

ң

 

жоғары

 болу

ы

 

 

ой

 д

ербе

сті

гі

н

е и

ел

ік

 

ш

ы

ғарм

ашы

лы

қ т

ан

ы

м

 м

ен

 

зе

ртт

еу

 жұмыс

тары

н

а 

ұм

тыл

ы

стың

 болу

ы

 

болж

ай

 бі

лу

 м

ен

 ал

ды

н

-ал

а с

езу



білу

 м

үм

кі

н

діг

і 

қызы

ғуш

ы

лы

қп

ен

 бас

тағ

ан

 ісін

е 

сан

ал

ы

лы

қ п

ен

 жау

ап

керш

ілігі

 

бас

ы

м

 

жоғары

 э

стети

ка

лы

қ ө

н

егел

ік

 

жә

н

е и

н

тел

ле

кт

уал

ды

лы

ғы

 

410 

 

стандартының талаптарына сай біртіндеп күрделене отырып, шығармашылыққа 



баулу дарындылықтың айқындалуы мен дамуы кезеңдеріне бӛлінеді . 

Оқушы  –  ӛз  табиғатында  зерттеуші.  Зерттеуші,  ізденгіш,  белсенділік  – 

оқушының табиғи белсенділігі оның зерттеушілік қабілетінің маңызды бастауы 

және жеке дамуының маңызды шарттары болып табылады. 

Танымдық  және  шығармашылық  белсенділік  оқушы  іс-әрекетінің  сапасы 

ретінде  танылып,  үздіксіз  ізденіп,  белсенді  әрекет  ететін  жеке  тұлғасының 

қалыптасуына мүмкіндік туғызады. 

Жеке тұлға ұғымының мәнін біршама ашып, оның даму мәнін қарастыруға 

кӛшейік: 

Философиялық  сӛздікте:  «Тұлға  –  белгілі  бір  қатынастар  тұсында  ӛмір 

сүретін  адамның  негізгі  3  қырының:  биогенетикалық  нышандарының, 

әлеуметтік  қатынастар  әсерінің  және  психоәлеуметтік  қасиеттердің  біртұтас 

бірігуінің  нәтижесі»  деп    кӛрсетсе,  Р.Н.Нұрғалиев:  «Жеке  адам  –  әлеуметтік 

индивид ретіндегі адам, қоғам мүшесі. Ол қоғамдық қатынастардың жиынтығы 

ретінде биоәлеуметтік организм», – деген анықтама берді. 

Ал Ә.Х.Тұрғынбаевтың пікірінше, тұлға – іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, 

сана мен ӛзіндік сананың, дүниеге кӛзқарастың субъектісі. 

Қазіргі  педагогика  жеке  тұлғаны,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  тек  объектісі 

ғана  емес,  субъектісі  ретінде  зерттейді.  Философиялық,  психологиялық, 

педагогикалық еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға туралы біз: жеке тұлға–

«адам»  ұғымына  қарағанда  кең  ұғым;  адам  жеке  тұлға  болып  тумайды, 

қоршаған  ортамен  қарым-қатынаста,  іс-әрекет  барысында  қалыптасады;  жеке 

тұлға – ол қоғамдық қатынастың тек ӛнімі емес, оның субъектісі де; жеке тұлға 

– ӛзіндік ой-толғамы, кӛзқарасы, пікірі бар, саналы, еңбек және шығармашылық 

іс-әрекетке қабілетті дербес адам деп ой тұжырымдадық. 

Демек,  адамзаттың,  прогрестің,  жеке  тұлғаның  дамуындағы  негізгі 

қозғаушы күш шығармашылық болып табылады. 

Оқушылардың  таным  белсенділігі  олардың  шығармашылық  іздену 

қабілетіне, мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен педагогикалық шеберлігіне 

байланысты.  Оқу  материалының  түсініктілігі,  мазмұндылығы,  оқытуды 

ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындағы жылы 

қарым-қатынас  оқушылардың  шығармашылық  белсенділігінің  артуына  үлкен 

септігін тигізеді. 

Дарынды  балаларға  арналған  мамандандырылған  мектеп  оқушыларының 

танымдық  және  шығармашылық  іс-әрекетінің  дұрыс  қалыптастырылуында 

субъект  бойындағы  танымдық  күштердің  білім  игеруде  атқаратын  қызметін 

дұрыс  тану  үлкен  мәнге  ие.  Сондықтан  қабылдау,  ес,  зейін,  ойлау,  ой  қорыту 

әрекеттері  мен  танымдық  және  шығармашылық  іс-әрекетінің  ара  қатынасын 

білу қажет. Танымдық және шығармашылық іс-әрекет оқу материалын меңгеру, 

қабылдаудан және оны талдаудан бастау алады. 

Танымдық  және  шығармашылық  іс-әрекет  үрдісі  мынадай  кезеңдер 

бойынша жүзеге асырылады: 

I кезең – проблемалық (кездейсоқтық) жағдайдың пайда болуымен (түсіну 

немесе практикалық қызмет барысында), оны талдаумен сипатталады. 



411 

 

II  кезең  –  мәселені  шешу  жолдарын  іздестіру  кезеңі.  Бұл  ізденіс  бар 



білімдер  негізінде  мәселені  біртіндеп  талдау  барысында  жүзеге  асырылады. 

Қажет болған жағдайда оқып-үйреніп жатқан зерттеу объектісі туралы білімді 

тиісті  әдебиетті  оқу  немесе  қажетті  тәжірибелік  зерттеулер  жүргізу  арқылы 

толықтыруға болады. 

III  кезең  –  зерттеу  жұмыстары  бойынша  алынған  нәтижені  негіздеп, 

дәлелдемелер жасау, қорытындылау, жаңа нәтижелерге жету. 

Дарынды  балалар  мектеп  оқушыларының  шығармашылық  белсенділігін 

тиімді  әдіс-тәсілдермен  дамыту  мен  қызығушылығын  ояту,  пән  мұғалімінің 

теориялық сауаттылығы мен педагогикалық шеберлігіне тікелей байланысты.  

Қызығушылық жеке тұлғаның іс-әрекетіне күшті ықпал ете отырып, оның 



белсенділігін арттырады, дамытады. 

Белгілі бір нәрсені жетілдіруді – дамыту дейміз. Дамытуды – ілгерілету, 

ӛсіру, күшейту, арттыру, ілгері(алға) қарай ӛзгерту деуімізге де болады. 

Оқушының  қызығушылығы  оның  педагогпен,  құрбыларымен,  ұжыммен 

бірлескен 

іс-әрекеттерінде, 

қарым-қатынастарында 

дамып, 


жетіледі. 

Оқушылардың  оқу  үрдісіндегі  іс-әрекетінің  мақсаттылығы  танымдық 

қызығушылықты жемісті етеді. 

Шындығына  келгенде,  оқушының  білуге  деген  қызығушылығы  ғана 

олардың белсенділігін, ӛздігінен ізденуге деген ынтасын демейтін ықпалды күш 

Оқу  үрдісіндегі  белсенділік  оқып-үйренетін  тақырыпқа,  пайда  болған 



мәселеге,  міндетке  тұрақты  ынтаның  пайда  болуымен,  назар  мен  ой-сана 

операциясының  бағыттылығымен,  оқу  материалын  түсінуімен,  меңгеруімен 

анықталады. 

«Белсенділік  адамға  тән  қасиет  ретінде  рухани  қажеттілікті  ӛтеп, 

субъектіде  ерекше  қанағат  сезімін  тудырады.  Белсенділіктің  бағытын 

анықтайтын  мотив  болғандықтан,  оның  мазмұндық  жағы  оқушының  қажетіне 

барып тіреледі»,–дейді Ж.Т.Дәулетбекова. 

Мұғалімдер  мен  ата-аналаларға  арналған  Т.С.Сабыровтың  кӛмекші 

құралында  оқу  үрдісіндегі  оқушы  белсенділігі  сыртқы  және  ішкі  белсенділік 

деп  екі  сипатта  берілген.  «Оқуға  қажетті  білім  мен  дағдыны  меңгеру  және 

оларды ӛмірде пайдалана білуге үйренуге оқушының істейтін сапалы әрекеті – 

оқушының оқудағы белсенділігі»,–деп тұжырымдайды Т.С.Сабыров.  

Жеке  басқа  тән,  маңызды  бір  қасиет  –  белсенділік.  Олсыз  адамның  кез-

келген  жұмысы  нәтижелі  болмайды.  Оқушының  белсенділігі,  оқушының  ой 

дербестігіне  сүйенері  хақ.  Оқыту  үрдісінде  балалардың  шығармашылық 

белсенділігін  дамытуды  мақсат  еткен  мұғалім  сабақтың  барлық  кезеңінде 

олардың ой дербестігін дамытуға тырысуы керек. Себебі: оқушыда белсенділік 

бір  қалыпта  болмайды,  оның  қарапайым  (еліктеушілікке,  жай  қайталауға, 

айтқанды  бұлжытпай  орындауға  негізделген  белсенділік)  және  күрделі 

(шығармашылық  т.б.  белсенділік)  түрлері  болады.  Күрделі  түрі  оқушының 

жоғары  саналылығы  мен  дербестігін  керек  етеді.  Оқушыларда  жас 

ерекшеліктеріне  және  психикалық  даму  дәрежесіне  қарай  белсенділіктің 

бірнеше түрі қалыптасып дамиды: ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, қимыл және сӛйлеу, ойын 


412 

 

және оқу т.б. 



Оқушы  белсенділігінің  табиғатын  тани  білу,  еңбек  және  моральдық 

белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын 

жете  анықтау  мұғалімнің  басты  міндеті.  Белсенділік  деп  адамның  іс-әрекет 

үстіндегі  жағдайын  айтады.  Оқушы  белсенділігінің  ең  алғашқы  формасының 

бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл ӛмір бойы дамитын белсенділік.  

Дарынды  балалар  мектеп  оқушыларының  шығармашылығын  дамытуға 

бағытталған  педагогикалық  қарым-қатынас  стилі  дұрыс  жолға  қойылған 

жағдайда  комплексті  міндеттерін  шешуге  мүмкіндік  туады,  аудиториямен 

қарым-қатынас  жеңілдеп,  әрі  тиімді  болады,  ақпарат  беру  оңтайлы  болып,  әр 

оқушының белсенділігін дамытуға мүмкіндік арта түседі. 



Белсенділік–дарынды  баланың  шығармашылық  іс-әрекетіндегі  маңызды 

элемент. 

Белсенділік – тұлғаның маңызды қасиеті, дарынды оқушының белгілі бір 

іс-әрекетте  білуге,  нәтижеге  жетуге  жетелейтін  ынта-ықыласының 

айрықша белгісі. 

Дарынды  балалар  мектеп  оқушыларының  шығармашылық  белсенділігін 

дамыту,  ӛздігінен  білім  алуына,  оқыту  әдістерін  ӛмір  талаптарына 

сәйкестендіруге,  мектептегі  оқыту  үрдісінің  оңтайлы  ерекшеліктеріне, 

әдістеріне,  сабақтың  мақсатына  қарай  жұмыс  түрлеріне,  олардың 

психологиялық даму ерекшеліктеріне тікелей байланысты. 

Дарынды балалар мектеп оқушыларының оқу үрдісіндегі шығармашылық 

белсенділігі,  қызығушылығы,  бір  нәрсені  қажетсінуі,  ынталануы  олардың 

интеллектуалдық  белсенділігінің  деңгейін  кӛрсетеді.  Интеллектуалдық 

белсенділік  оқушының  білім  қоры  мен  іскерліктері  арқылы  ізденіп, 

нәтижесінде шығармашылық белсенділігінің дамуына негіз болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет