ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Оңалбек Ж.К. Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасында ұлттық
қарым-қатынастарды дамытудағы орны: дисс. …п.ғ.к. – Алматы, 1999. – 137
б.
2.
Қарақов А. Студенттердің дене тәрбиесінде күрестің ұлттық түрлерін
пайдалану: дисс. …п.ғ.к.: – Алматы, 1999.- 151 б.
3.
Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –
Түркістан, 2004. – Б. 23-25.
4.
Мухамеджанов Б.Қ. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби
дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері: п.ғ.д. ...автореф.- Түркістан,
2008.
5.
Тастанов Ә. Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене
тәрбиелеу прцесінің педагогикалық негізі: автореф. … к.п.н.- Алматы, 2003.
-44 б.
69
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЖЕКЕ
ЖӘНЕ ТОПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Алшынбаев К.И., Гусейнов М.Г.
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті, М.Сапарбаев
атындағы №14 жалпы орта мектебі, Шымкент қаласы
Резюме:
В данной статье рассматривается особенности воспитании физических
качеств индивидуальных групповых учащихся
Summary:
This article discusses the features of physical education as an individual group
of students
Дене тәрбиесi ең алдымен, педагогикалық басқару процессi, яғни ӛзiмiзге
кажеттi бағытта ӛзгерту мақсатында жеке ерекшелiктi дамытуға әсер ету болып
табылады. Бұған қоса тәрбиенi дене жаттығулары арқылы жүргiзедi, оны
педагогика тәрбие құралы дей алмайды. Дене жаттығулары рӛлiн ӛсу мен даму
барысының табиғи жеделдетушiсi ретiнде бiрнеше кезеңдерге бӛлуге болады.
Дене жаттығулары арқылы даму мен ӛсудiң табиғи жеделдетушiсi болу
мүмкiндiгi дене тәрбиесi теориясы үшiн маңызды болып табылады. Бұл мәселе
негiзiнен, тұқым қуалаушылық және әлеуметтiк факторларының тепе-теңдiк
мәселесiн кұрайды.
Тұлғаны дамытудың ғылыми теориясы тұқым қуалаушылық жене
географиялық, факторлар әсерiн адамға қарсы қоймайды, оларды адамның
биоәлеуметтiк табиғаты туралы түсiнiкке бiрiктiредi. Академик Д.К.Беляевтың
[54] әлеуметтiк және биологиялық, мiнез-кұлықтың бiртұтастығын мойындау
адамды тек биологиялық жаратылыс ретiнде қарастыру мүмкiндiгiн жоққа
шығарды: табиғи-ғылыми контексте биологиялық бағдарламаның қызметiн тым
ӛсiру адамға әлеуметтiк жинақылығынан айырылған жануар ретiнде ғана
қарауды бiлдiредi. Д. К. Беляевтың стрес туралы ойлары назар аудартады.
Стрестiң ӛзiндiк бiр себебi, оның ойынша, ағзаның бұрын қалыптасқан даму
нормасының тұрақсыздануы және тұқым қуалаушылық ӛзгерiстердiң аяқ
астынан күшеюi болып табылады. Стрестердi толық жоқ қылу мүмкiн емес
және олай iстеу зиянды. Агзаның стреске қарсы тұру тұрактылығы мен
икемдiлiгi жоғары, бiрак, шексiз емес. Сондықтан да қазiрдiң ӛзiнде
психоэмоционалдық, жүктемемен стресстiң қауiпсiз деңгейi туралы мәселе
маңызды болып отыр, бұның тек физиологиялық қана емес, генетикалық
процесстер үшiн де мәнi зор. Ғылыми зерттеулер мынадай сурақтарға жауап
беру керек: казiргi әлемде күшейiп отырған психоэмоционалдық стресс
адамзатқа орны толмас шығын әкелмей ме? Кептеген зерттеулердiң мәлiметтерi
кейбiр функционалдық кӛрiнiстердi тұқым қуалаушылық себепке жатқызады,
оның iшiнде дене қабiлеттерiн дамытуға тiкелей қатысы барын делелдейдi.
Мысалы, зерттеулерiнде кӛпшілігі егiздерде жылдамдық, иiлгiштiк және басқа
дене қасиеттерiнiң жоғары сәйкестiгi кӛрсетiледi. ―Егiздiк‖ әдiсiмен жүргiзiлген
70
зертгеу
нәтижелерiнде
делелденген
жылдамдық-күшi
қабiлеттердiң
генетикалық негiзделгендiгiнiң жоғарғы деңгейi мына авторлардың жұмысында
да айтылған [3]
―Егiздiк‖ әдiсiмен зерттеулерде даму барысының биоәлеуметтiк
факторларға тәуелдiлiгi онша тұрақты емес екенiн кӛремiз. 4-6 және 10-15
жасында бойдың ұзындығының ӛсуi негiзiнен генетикалық факторларға
тәуелдi. Балалар мен жасӛспiрiмдердiң дене салмағы, қоршаған ортадағы
факторларының жоғарғы дәрежесiне бейiмделген. Бұл кӛрсеткiш дене тәрбиесi
мен тамақ кұрамының сандық, сапалық және тамақтану тәртiбiнiң
ерекшелiктерi бойынша анықталады. Яғни, күш және жүйке процесiнiң
қозғалғыштығы мен сипаты генетикалық факторларға тәуелдi. Моторлық
қасиеттердiң дамуы (күш, жылдамдық, тӛзiмдiлiк), вегетативтiк жүйке
жүйесiнiң iс-әрекетi) тӛзiм, қан айналуының минуттық кӛлемi,тамырдың соғу
жиiлiгi, терең тыныс алу жиiлiгi, ӛкпенiң тiршiлiк сыйымдылығы берiлген,
жүктемеге дененiң әсерi, жылу есерi т.б.), қоршаған орта факторының әсерiне
тәуелдi, сондықтан да бала ағзасына мақсатты түрде әсер ету барысында кӛп
жағдайда белгiлi бiр тәртiпке кӛнедi.
Даму мен ӛсудiң жеке ерекшелiктерi генетикалық негiзге байланысты
екендiгi туралы басқа да делелдердi әдебиеттерден кездестiремiз жүгiруге
дайындықтың
биомеханикалық
аспектiсi
физиологиялық
және
антропологиялық кӛрсеткiштердiң деңгейiндегiдей генетикалық негiздерге
тәуелдi деген қорытындыға келедi. Бұл тұрғыдан монозиготты егiздердiң
жүптарында ең кӛп сәйкестiк денеде салмақ орталығын ауыстыру ӛлшемдерi
ндс жамбас, тiзе және тобық, табан буындарындағы қозғалыстың тiк бұрышты
сипаттамасы, аяқты жерге қойып итерiлу сондай-ак бақылау қашықтығына 40-
50% жүгiру мерзiмiнде кӛп кӛрiнедi.
Генетикалық және қоршаған ортаға тәуелдiлiктi, спорттық iс-әрекегi
табысты ету аспектiсiнен қарастырған мамандардың пайымдауларынша
кӛбiнесе жеке биомеханикалық және морфологиялық, функционалдық
сипаттамалардың немесе олардың жиынтығының тұқым қуалаушылық
негiздемесiнiң дәлелдерiне жоққа шығаруына баса назар аударады. Бұл кезде
зерттеушiлердiң кӛпшлiгi меселенiң мынадай маңызды жағын: адамның жеке
даму процесiнде және оның дене күшi байланыстылығының деңгейiн естен
шыгарып алады. Тұкым қуалаушылықты бiздiң кӛзқарасымыз бойынша,
белгiсiз бiр бағыт бағдарламаларынан қарау қажет және ары қарай жүзеге асуы
кӛптеген жағдайда қоршаған ортаға, сонымен қатар дене тәрбиесiне
байланысты.
Бала ағзасын дамуының шектелген бағыттағы теориясы бар, ол бүкiл
онтогенез бойында генетикалық бақылауда болады. Бiрақ мұндай тӛмендеу
жалғыз емес, себебi әсердiң кӛптеген факторлары бар және олар ағза дамуына
ӛзгерiстер енгiзуi мүмкiн. Генетикалық бағдарламаны жүзеге асыруға қоршаған
ортаның факторлары қандай деңгейде және қалай әсер ететiнiн анықтау
маңызды. Эндокриндi аурудан тiптi гормондық терапиядан соң да бала ағзасы
бұрынғы даму жолына қайта оралады. Бұл генетикалық дамудың тӛмендеуi,
71
даму жолына қайта оралу процесiндегi дұрыс тамақтанбайтын балалардан
байқауға болады.
Ағзаның генетикалық дамуын бақылаудың қазiргi заманға сай теориясын
поляктың танымал биологы [34] еңбектерiнде айтады. Бұл теория бойынша,
адам ағзасының генетикалық дамуы негiзделген бағдарлама бойынша жүредi.
Әр балаға генетикалық бағдарламадағы жеке даму жолы тән. Қолайсыз
факторлардың әсерiнен (экологияның бұзылуы, аурудың қозғыштығы) бала
дамуының генетикалық бағдарламасында немесе тiптi оның ең ақырында
қажетсiз ауытқулары болуы мүмкiн. Ауытқулар деңгейi, [45] пiкiрi бойынша,
факторлардың күшiне, оның әсер ету ұзақтығына сонымен бiрге бұл ӛзгерiстер
адам ӛмiрiнiң қайсы кезеңiнде байқалғанына байланысты. Егер «соққы» тым
күштi болса, ӛлiмге әкеп соқтыратын құрылымдық ӛзгерiстер болады. Әсiресе,
олар жедел даму кезеңiне сай келсе. Егер соққының ұзактығы үлкен болса онда
ағзаның биохимиялық және морфофункционалдық елеулi ӛзгерiстерiне әсер
етуi және генетикалық бағдарламадан тӛменгi деңгейде ӛтуi мүмкiн. Қолайсыз
факторлардың әсерi ағзаның жедел даму кезеңiне тап келсе, орны толмас
ауытқулар болады.
Генетикалық канал туралы теорияны дамыта келе, қоршаған ортаның
қолайлы жағадайларына (дене тәрбиесiнiң тиiмдiлiгi және күн тәртiбiндегi
дұрыс тамақтану) баланың жеке дара дамуы ӛзiнiң генетикалық саладағы
бағдарламасының жоғарғы деңгейiне кӛтерiледi, басқаша айтқанда, даму мен
ӛсу процесiнде табиғи ынталандыру жүредi, - дейдi.
Жетiлу кезеңiнде ағза дамуы мен ӛсуiнiң табиғи жағдайлардың бағдарын
бiздiң арнаулы жас балалар спорт мектебiндегi әр түрлi спорт үйiрмелерi
бойынша жасӛспiрiм спортшыларға жүргiзген бақылауларымыз дәлелдей
түседi. Мұнда бала ағзасының үйлесiмдi дамуы мен ӛсу жағдайлары ретiнде
спорттық сабақтардың әсерi кӛрсетiлген. Жас балалар спорт мектебiндегi
бағдарлама бойынша жүзу спортымен шұғылданатын жас спортшылардағы
ӛзiндiк қасиеттердiң дамуын таңдауы, олардың денсаулығындағы оң ӛзгерiсiн
кӛрсетедi. Әсiресе, ағзаның қуатты қамтамасыз ету жүйесiнiң дамуы, қозғалыс
қызметiн реттеп жетiлдiру және олардың дене жұмыс деңгейiнiң
жоғарылағандығын кӛрсетедi. Бұған мысал ретiнде Ю.М.Шацков атты
жаттықтырушының
басшылығымен
жеңiл
атлетикамен
айналысқан
Я.Василяның спорттық тарихын алуға болады. Арнайы жасалынған дене
жаттығулар жиынтығы /секiру, тартылу, т.б./ және тәулiктiк қозғалыс тәртiбiн
орынды қолдана отырып, бұл спортшы тӛрт жылдың iшiнде бойының
ұзындығын едеуiр ӛсiре алды.
Жас балалар спорт мектебiнiң оқушыларын бакылау барысында жаттығу
сабақтарындағы жүктеменiң ӛсiмталдығы тиiмдi болған кезде спортшының
сүйек диафизi жуандайтынын, сүйек ұлпасының қоюланып, синостоз процесi
баяулайтыны байқалатынын кӛрсеттi. Ұзын түтiкше сүйектiң дистальдi бӛлiгi
сүйек ұзындығының елеулi ӛскенiн кӛрсетедi.
Мұндай ӛсу процестерi дене жұмысына ең кӛп қатысатын сүйектерден
жиi кӛрiнедi. Мысалы, жасӛспiрiм диск лақтырушыларда жеңiл атлетикамен З
жыл айналысканнан соң, оң қол сүйектерiнiң қалыптан тыс үлкеюi байқалды
72
(нық сүйектерi шамадан 1,5 см ұзындау). Волейболшы кыздарда 13 жастан
бастап алақан сүйектерiнiң ұзарып жуандайтынын байқаймыз, әсiресе III алақан
суйек қалыптан тыс ұлғаяды, 16 жасқа жеткен волейболшы қыздардың бұл
сүйегi сол жастағы спортпен шұғылданбайтын қыздарға карағанда З мм ұзын.
Бiздiң зертеушiлер дене жаттығуларының себепшi болуымен сүйектiң енi және
ұзындығының ӛсуi әсiресе берiлген спорт түрiнiң қимылына кӛп қатысатын
сүйектердiң ӛсетiнi туралы корытындыға келдi. Мұндай ӛсудiң механизмi
түсiнiксiз.
Поляк ғалымдары (136) Гданьск қаласының 8-14 жастағы 1850 ұл бала
және 1309 қыз балалардың ӛсу ӛлшемдерiн зерттедi. Олардың 856-сы спорт
мектебiнде
оқитындар.
Жас
спортшылар
сол
жастағы
спортпен
шұғылданбайтын балаларға карағанда бойы биiк және дене салмағы үлкен
болған. Бiрак бұл айырмашылық тура болмайды және 8-14 жаста ғана сақталды,
бұл жаттығудың бой ӛсуiне әсерi болмайтынын, спорт үйiрмесiне iрi балаларды
таңдап алатынын кӛрсетедi. Спортшылардың iшiндегi ең аласа бойлысы
сайысшылар, ал ең ұзындары жүзушiлер мен гандболшылар болды.
Спортшылардың физиологиялық жасы олардың күнтiзбелiк жасынан асып
кететiнi байқалады.
Француз ғалымдары. (50] мектеп жасындағы жоғары мамандандырылған
спортшыларға арналған сыныпта оқитын кӛптеген балалар тобын зерттедi. Бұл
балалар аптасына орта есеппен 8-12 сағат жасайтын жаттығулар мен толық оқу
процесiн бiрге алып жүре алады. Тексерудi дене тербиесi мұғалiмi мен колледж,
лицейлердiң жаттықтырушылары жүргiздi. Авторлар осы оқу мекемелерiне 2
рет анкета жүргiзген, мұнда мұғалiмдер ӛз оқушыларының антрометриялық
және функционалдық мәлiметтерiн кӛрсеткен. Анкеталық сұрактарға басында
312 жас спортшы қатысты. Бiрақ кейiн кӛбi әр түрлi себептер бойынша
спортпен белсене айналысуды тоқтатып, әдеттегі мектептерге ауысты, ал
мұғалiмдер қолы бос еместiгiн сылтау етiп, ғалымдармен бiрге жұмыс iстеуден
бас тартты. Сӛйтiп 5 жыл iшiнде тексерiлген балалар саны 50 адам ғана болды,
тағы да З тексеруден 30-ы ӛттi. Зерттеудiң соңында барлығы 12-19 жастағы 763
ер бала және 12-17 жастағы 398 қыз баланың мәлiметi бар 1185 анкета
жиналған.
Анкеталардың статистикалық анализi жас спортшылар мен Францияның
осы жастағы ӛзге тұрғындарының арасындағы морфологиялық ӛлшемдердiң
айырмашылығын дұрыс кӛрсете алмады. Дегенмен де спортшылар спортпен
айналыспайтын балалардан биiк (кӛбiне аяқтың ұзындығы байқалады), дәне
салмағы ауыр және қолдары ұзын болып келедi. Иық белдеуi мен жамбас
белдеуiнiң кеңдігінің тепе-тңдiгi сондай-ақ жамбас белдеуi мен дене
ұзындъығының тепе- теңдiгi оларда бiрдей болмады.
Ғалымдардың
пайымдауынша,
тiптi
жедел
түрдегi
үздiксiз
жаттығулардың ӛзi баладағы табиғи даму мен суйек ӛсуiне елеулi әсер ете
алмайды, бұл процестер тұқым қуалаушылыққа бағынады. Дегенмен де жас
спортшылардың басым кӛпшiлiгiнiң рентгенограммасында сүйектiн аздап
жуандауы, әсiресе, денеге күш берген кезiнде бұлшық етке кӛп салмақ түскен
жерлердің жуандағаны кӛрiнедi. Ғалымдар бұл феномендi суйек пен сiңір
73
ұлпасының үлкен механикалық жүкке бейiмдеп үйретудiң әсерi деп түсiндiредi.
Бұндай әсер ӛсiп келе жатқан бұлшық ет массасының тiрегi болып табылатын
сүйек элеменперiнiң тығыздығынан бiлiнедi.
Он бес кәсiпқой балериналарда жамбастың кӛлденең бағытта анамальды
жарылуы байқалған, бұлар бала кездегi сүйек, сiңiр, жамбас бұлшық еттерiне
түскен тым артық салмақтығы нәтижесi екенi делелдендi.
Жас футболшылар мен гимнастарда тӛменгi жақтағы сүйектерден
бұлшық еттiң ажырап алыстауының 105 жағдайы байқалған мәлiметтерi
бойынша, дзюдошылар мен қайық есушiлерде, спортпен айналыспайтын
балаларға қараганда, омыртқаның остеодистрофиясы кӛп кездеседi.
Зерттеулердiң дәлелдеуiнше, жаттығуды әрекеттен ерте және қарқынды
басталған жағдайда балаларда елеулi, емдеуге киын буындардың созылмалы
ауруы кездеседi. Сондықтан ғалымдар арнайы маманданушы жас
спортшыларды жүйелi түрде рентгенографиялық және функционалдық
тексеруден ӛткiзу керектiгiн айтады, ӛсу мен сүйек жетiлуiнiң ауытқу процесiн
ерте тауып, оны ескерiп, жаттығу жүктемесiн тиiмдi мӛлшерлеу керектiгiн
талап етедi.
Қорыта келгенде, бiздiң ойымызша, ӛсудiң табиғи жағдайлары мен дене
тәрбиесi бағдарламасының сабақтастығын тағы да айта кету керек. Дене
жаттығуларымен тым кӛп айналысу ағза дамуына керi әсер етiп, спортшының
денсаулығына нұқсан келтiруi мүмкiн.
Әдебиеттер
1.
Оңалбек Ж.К. Дене тәрбиесі мен спорттың жеке адамдар арасында ұлттық
қарым-қатынастарды дамытудағы орны: дисс.п.ғ.к. – Алматы, 1999. – 137 б.
2.
Қарақов А. Студенттердің дене тәрбиесінде күрестің ұлттық түрлерін
пайдалану: дисс. …п.ғ.к.: – Алматы, 1999.- 151 б.
3.
Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. –
Түркістан, 2004. – Б. 23-25.
4.
Мухамеджанов Б.Қ. Болашақ дене мәдениеті мамандарын кәсіби
дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері: п.ғ.д. ...автореф.- Түркістан,
2008.
5.
Тастанов Ә. Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене
тәрбиелеу прцесінің педагогикалық негізі: автореф. … к.п.н.- Алматы, 2003.
-44 б.
74
ӘОЖ 71.75
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
БОЙЫНША ТӘРБИЕШІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Алшынбаев К.И., Сапахов Д.А., Желеубаева Б.С.
Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті,
Шымкент қаласы
Ӛмірінің алғашқы жеті жылында балаларда маңызды қимыл дағдылары
қалыптасып, денсаулығының негіздері нығаяды және жеке тұлғаның жан жақты
дамуының шешуші алғышарттары құрылады. Бұл кезде дене тәрбиесінің
маңызы зор, оның барысында ағза мүшелері мен жүйелерінің жұмысына оң
ықпал ететін барынша тиімді амалдармен танысады. Қимыл қозғалыс ағза
ӛміршеңдігі үшін табиғи күш береді, оның барлық мүшелері мен жүйелерін
жаттықтырады. Қимыл қозғалыс арқылы ағзаның жалпы жағдайы жақсарып,
жұмысқабілеті, тӛзімділігі және ауруларға қарсы тұрушылығы артады. Қимыл
бала ақыл ойының дамуына жақсы ықпал етеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі күрделі процесс.
Алғашқыда дене жаттығуларын орындау әдістерін меңгеру арнайы
ұйымдастырылған дене шынықтыру сабақтарында орындалады, одан кейін бала
бұл қимылдарды күнделікті ӛмірде ӛз бетінше қолдана бастайды, сондықтан
белгілі бір қимылды қолдану дағдысы дене шынықтыру тәрбиешісімен, топтың
немесе отбасының тәрбиешісімен тығыз ӛзара байланыста құрылады. Бұл
жұмыс тиімді болу үшін оның әрқайсысы жақсы нәтиже беруі қажет. Бұл жерде
дене шынықтыру тәрбиешісінің ролі барынша күрделі және жан жақты болады.
Бірінші кезекте мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде жұмыс
істейтін мамандарда дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының
басымдығын түсінуі, мектеп жасына дейінгі мекеме ұжымын денсаулық
жағдайына, балалардың дене және қимыл деңгейіне тұрақты кӛңіл бӛлуін
қамтамасыз етуі қалыптасуы керек. Бұл маман тек дене шынықтыру тәрбиешісі
ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың анатомо-
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін білетін тәрбиеші болуы
тиіс және қимылды орындау әдісін жетік меңгерген мектеп жасына дейінгі
балалар дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесін, қимылдың биомеханикасын
білуі тиіс. Оның міндетіне әр жастағы топтардың дене тәрбиесі бойынша
барлық жұмыстарды сауатты жоспарлауды қамтамасыз ету мен дене тәрбиесі
саласындағы мектепке дейінгі мекемедегі педагогтардың әдістемелік деңгейін
жүйелі арттыру жатады.
Балалардың қимыл дамуын бағалау ӛте маңызды. Баланың бастапқы дене
жағдайын бағалап, ӛмірлік маңызды қимыл іскерлігі мен дағдысын ары қарай
дамыту бағдарламасын белгілеу үшін дене тәрбиесі маманы нақты болжам
жасау әдісін меңгеруі тиіс.
Дене шынықтыру тәрбиешісі жұмысының маңызды жақтары балаларды
оқыту мекемелеріндегі білім беру және тәрбиелеу процесінің бағыттарын
75
анықтау, яғни балалардың дене және психикалық саулығын нығайтуға
кӛмектесетін, ӛмірін ұйымдастырудың әсерлі және тиімді түрлерін
қарастыратын бағдарламаларды таңдау болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелердің дене шынықтыру және сауықтыру
жұмыстары балалардың жан жақты дене дамуын толықтыратын қосымша күшті
іздеуге және салауатты ӛмір салтының негізін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Сонымен, дене тәрбиешісінің кәсіби жұмысын бірнеше бағыттарға бӛліп
қарастыруға болады:
1.
мақсатты-мотивациялық;
2.
жоспарлық-болжамдық;
3.
бақылау-болжамдық;
4.
ұйымдастыру-орындау.
Дене тәрбиешісі ӛз кәсібіне саналы тұрғыдан қарайды, балаларды жақсы
кӛреді, дене шынықтыру мен спортқа қызығады, қимыл-қозғалысқа дайын.
Бұл маман білуі тиіс:
балалардың анатомо-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері;
мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің заманауй сатыдағы
міндеттері;
мектеп жасына дейінгі балаларда дене сапасын дамыту мен қимыл
дағдыларын қалыптастырудың заңдылықтары;
дене жаттығулары арқылы балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін;
түрлі жұмыс түрлері үшін дене жаттығуларын іріктеу принциптері;
жеңіл атлетиканың, биомеханиканың негіздері;
балалардың дене дамуы мен қимыл дайындығына нақты болжам жасау
әдістемесі;
дене шынықтыру сабақтарының барлық түрлерін жүргізудің әдістемесі.
Ол мынандай іскерліктері меңгеруі тиіс:
балалармен жұмыс жүргізу барысында қолданылатын қимылдарды орындау
әдісін білу;
әрбір жастағы топтарда дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін барлық
жұмыстарды сауатты жоспарлау;
ӛзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп, кәсіби ӛзіндік бағасын
қалыптастыру;
барлық топ үшін және жекелеген балалар үшін де жеткілікті және ыңғайлы
жүктемемен қамтамасыз етуді бақылаудың әдістерін меңгеру;
балалар қимылының дамуына дұрыс болжам жүргізе білу іскерлігі;
балалардың қимыл дайындығының, дене сапасының дамуынан алынған
нәтижелеріне талдау жасау;
дене тәрбиесі міндеттерін құру, олардың негізгілерін анықтау;
балалармен жұмыс жүргізу барысында заманауй жабдықтарды пайдалану.
Дене тәрбиешісі ұйымдастырады:
балалардың даму деңгейіне қарай лайықты және тиімді жұмыс түрлерін,
әдістері мен құралдарын іріктеп, мектепке дейінгі мекеменің дене
шынықтыру процесін белгіленген жүйе бойынша құру;
76
балалардың дұрыс дамуы үшін педагогикалық жағдай жасау;
дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалысқа, қозғалмалы және
спорттық ойындарды үйрету;
балалардың белсенді демалысын ұйымдастырудың барлық түрлерін
жүргізу;
дене шынықтыру бойынша жүргізетін жұмыстарының әдістемелік деңгейін
кӛтеру мақсатында тәрбиешілерге арналған семинарлар, практикумдар,
кеңестер ӛткізу;
дене тәрбиесі бойынша мектепке дейінгі мекемемен отбасы арасындағы
байланыс, балалардың салауатты ӛмір салтының негіздері туралы ата-
аналарға насихаттау.
Мектепке дейінгі мекемедегі дене тәрбиешісіне мынадай жауапкершіліктер
жүктеледі:
балалардың ӛмірі мен қауіпсіздігі;
балалардың дене тәрбиесі бойынша бағдарламаны орындау;
дене тәрбиесі бойынша барлық жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастыру,
балалардың жоғары қимыл белсенділігін қамтамасыз ету.
Бағдарлама мектеп жасына дейінгі балалардың отандық сауықтыру дене
тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттеріне орай дене тәрбиешісіне қойылатын
кәсіби талаптарға сәйкес құрылған. Бағдарлама дене тәрбиесінің әлеуметтік
ақиқатымен, ілімімен және іс тәжірибесімен таныстырылып, психология,
педагогика, медицина, әдістеме саласындағы заманауй жетістіктерге сай
құрастырылған.
Курстың бағдарламасы студенттерді мектепке дейінгі балалардың
отандық ілімі мен іс тәжірибесінің заманауй жетістіктерін үйренуге, дене
шынықтыру тәрбиешісінің кәсіби жұмысына деген шығармашылық іскерлігі
мен дербес ойлауын қалыптастыруға бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |