шынайы кардиогенді шок- шоктың нағыз және ауыр түрі. Ол айқын гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстармен айқындалады. Науқастарда қан қысымының төмендеуі, микроциркуляциялық бұзылыстар, ацидоз, ДВС-синдром дамиды. Көбінесе уақтылы комплексті емнің өзi нәтижесіз болады.
- ареактивті кардиогенді шок- өте ауыр дамиды.
Аталған түрінде гемодинамиканын, метаболизм, микроциркуляцияның, қан ұю жүйесінің, қышқыл-сілтілік қатынастың ауыр және терең өзгepicтepi болады. Егер қарқынды вазопрессорлы ем, глюкокортикоидты терапиядан кейін 30 минут ішінде гемодинамика көрсеткіштері жақсарып не қалпына келмесе, бұл ареактивті шокты көрсетеді. Шоктың бұл түpiндe 100% дейін өлімге ұшырайды.
- аритмиялық кардиогенді шок - гемодинамикалық және метаболикалық өзгерістер жүректің ырғағы мен өткізіштігінің бұзылыстарымен қатар жүреді. Болжамы өліеттену ошағының үлкендігіне және гемодинамикалық және метаболикалық бұзылыстардың дәрежесіне байланысты.
Жедел жәрдем шаралары: А. науқастың өкпесінде айқын ipкiлic болмаса: аяғын 20°С градусқа көтеріп, жатқызу керек; - оттегі терапиясы 6-8 л минутына; - ангинозды ауыру сезімі мазаласа- толық ауырсыздандыру шарасын жүргізу керек; - жүректің жиырылу жиілігін реттеу (ЖСЖ минутына 150 реттен асатын пароксизмалды тахикардияда-электримпульсті терапия, ал егер минутына 50 кем жедел брадикардия дамыса - электрокардиостимуляция жүргізіледі); -10 000 Б гепаринді көк тамырға егізу; Б. Өкпесінде айқын ipкiлic пен орталық көктамырлық қысымның жоғарылаған бeлгiлepi анықталмаса: - 200 мл 0,9% натрий хлориді ертіндісін 10 минут ішінде көк тамырға, АҚҚ, ТЖ, ЖСЖ, өкпе мен жүректің аускультациялық көpiніcтepiн бақылау арқылы енгізу; - 200 мг дофаминді 400 мл реополигюкин не 5% глюкоза ертндісін көктамырға тамшылатып енгізу, енгізу жылдамдығын 5 мкг/ (кг мин) - 10-12 тамшыдан АҚҚ қажетті деңгейіне дейін. Егер әсері болмаса- 2-4 мг норадреналин гидротартратын, 5% 400 мл глюкоза ертндісін к/т тамшылатып енгізу; Г. Кардиомонитор, пульсоксиметр арқылы өмірге қажетті функцияларын бақылау; Д. Жағдайын қалыпты күйге келтірген соң ауруханаға жеткізу.