|
|
бет | 2/5 | Дата | 31.12.2021 | өлшемі | 18,87 Kb. | | #21250 |
| Байланысты: Әмит Мерей^J21 08.Мұражайтану пәні.Глоссарий^Жәдігер, экспонаж – көрмеге, музейге немесе галереяға, экспонажға қойып, көпшілікке ұсынған сұңғат, кескіндеме, мүсін, сәнді өнер туындысы.
Тасты өңдеу – адамның өндірістік қызметінің анағұрлым сан қырлы және көне түрлерінің бірі.
Экспозиция - музейде және көрмелерде белгілі бір хронологиялық, тақырыптық т.б. жүйеде орналастырылған жәдігерлер.
Әйнектің үстіне салынған сурет – көркем керамикада фосфор, фаянс бұйымдарды күйдіріп, әшекейленгеннен кейін қылқаламмен не қаламұшпен жазу.
Багет – кариналарға, кескіндеме туындыларына, фотографияларға жақтау жасау үшін қажетті тегіс ағаш тақтай, пластина.
Барельеф – тегіс нәрсеге түсірілген мүсінді, фигуралары үстіне сәл ғана шығыныңқы тұратын бедерлі бейне.
Вернисаж – арнайы шақырылған меймандар қатысатын, көрменің салтанатты ашылуы.
Галерея - өнер туындыларын жұртшылыққа көрсету үшін қойылатын арнайы жабдықталған орын.
Бюст – адамның кеудеге дейінгі бейнесін мүсіндеп салу.
Лавис – нақыштау техникасы, металл тақтайда қылқаламмен қышқылды жағып сурет салу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|