Мемориалды ғимараттар- маңызды тұлғалар мен оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын сәулет, бейнелеу және сәнді өнердің туындылары.
Маньеризм- Батыс Еуропа өнеріндегі стильдік бағытты білдіреді.
Мұнара- енінің көлемінен биіктігі анағұрлым бірнеше есе үлкекн құрылыс
Монументалды- сәнді мүсін, сәулет және табиғи ландшафтпен тығыз байланысты, синтетикалық өнер болып табылатын мүсіннің түрі.
Портрет- бейнелеу өнерінің нақты бір адамның немесе адамдар тобының сыртқы пішіні салынған жанры.
Мумтабель- ұшында дөңгелегі бар шағын ағаш таяқ.
Майолика- түрлі-түсті балшықтан жасалған қыш бұйым, үстіңгі жағы шыны тәріздес мөлдір немесе мөлдір емес құрамнан тұрады.
Қылқалам- суретшінің сурет салатын негізгі құралы.
Банкара- француздың жоғарғы сапалы хрусталь өндірісі.
Әдемі шыны- адам жасаған жасанды материал.
Жәдігер, экспонат- көрмеге, музейге, салонға экспозицияға қойып, көпшілікке ұсынған сұңғат, кескіндеме, мүсін, сәнді өнер туындысы.
Абстракталы өнер- затсыз өнер, модернум ағымы.
Авангард- 20 ғасыр өнерінде көркемдік мәнердің жаңа формаларын іздеген реализмнен қол үзген әр түрлі ағымдар.
Муляж- түпнұсқаның көшірмесі.
Эрмитаж- әлемдік мәдениет тарихындағы ірі музей.
Картина- сұңғат өнерінің шынайы терең ойды іске асыратын туындысы, көркемдік форманың мазмұнымен аяқталуымен айырықшаланады.
Коассицизм- 17-19 ғасырлар өнерінде көне үлгілерге ұқсауға негізделген стиль және бағыт.
Кілем- түрлі-түсті жүннен не жібектен мақта немесе кендір жіптен тоқылған түрлі-түсті бұйым.
Қазба- көне заттарды, ескерткіштерді іздеп табу мақсатында жер қыртысын қопарып іздейтін жұмыстар, сондай-ақ асы жұмыстар жүргізілетін жер.
Қыш ыдыс- саздан, саз қоспаларынан күйдіріп жасалған бұйым.
Мұражай,музей (грек.museion – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерд, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.