Кергіш- суретші кенепке сурет салғанда, жан-жағынан кергішке тартып қояды.
Кесіндеме- сурет өнерінің бояусыз сызық түрлері қолданылған тарауы, ақ қағазға қарандаш не көмірмен салынған сурет.
Кеуде мүсін- адамның кеудеге дейінгі бейнесін мүсінге салу.
Классика- сәулет стилі, әлемдік мәдениет үшін мәңгілік құндылығы бар, үлгілі керемет туындылар.
Классикалық сәулет- көне сәулеттің, сондай-ақ ежелгі сәулетке басты үлгі және көркем идеялар мен формаладың бастауы ретінде қараған өзге де дәуірлер сәулетіндегі стильдер мен бағыттардың жалпы атауы.