10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
14. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:
1) тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдыларды меңгеруі;
2) тұрмыстық-әлеуметтік қатынастағы әдептілік нормаларын меңгеруі;
3) іскерлік қатынастағы тіл табысуға қажетті тілдік амалдарды орнымен жұмсай алуы;
4) жеке адам өміріне, мекеме, ұйым жұмысына қажетті ресми іс-қағаздар жүйесін меңгеруі;
5) шешендікке машықтанудың әдіс-тәсілдерін сөйлеу әрекеттерінде қолдануы;
6) шешендік өнердің канондарын күнделікті тәжірибеде қолдануы;
7) шешенге қойылатын талаптарды жүйелі әрекеттерде саналылықпен меңгеруі;
8) зерттеу және шығармашылық әдістерді өз әрекетінде тиімді қолдана білуі;
9) түрлі тақырыптарда пікірталасқа түсу еркіндігін және жиі қолданылатын тәсілдерді меңгеруі;
10) көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы мен міндеттерін түзе алуы;
11) қарым-қатынастың түрлеріне сай тілдік белгілерді орынды қолдана білуі;
12) сөйлеудің мақсатына сай тыныс белгілерді және интонацияны дұрыс пайдалана білуі;
13) ғылыми және шығармашылық ізденісте ақпараттар жүйесін іріктеп, өңдеп, сауатты қолдана білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |