Ґмірге ќажетті тілдіѕ функционалды жїйелерін сай сґз саптауєа машыќтандыру їстінде ќазаќ тілініѕ грамматикалыќ негіздері тур


Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны



бет4/69
Дата16.05.2022
өлшемі1,22 Mb.
#34592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
¥ì³ðãå àæåòò³ ò³ëä³¾ ôóíêöèîíàëäû æ¿éåëåð³í ñàé ñ´ç ñàïòàóºà ìà

3. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
9. Сөз мәдениеті және шешендік өнер.

1) кіріспе. Сөз мәдениеті және шешендік өнер - 3 сағат (Курстың мақсаты. Сөз мәдениетінің шарттары. Шешендік – сөз мәдениетінің жоғары формасы. Шешендіктану мен шешендік сөз. Шешендік сөз: дәстүр мен жаңашылдық. Шешендік сөздің монологтік, диалогтік, полилогтік түрлері);

2) шешендік өнердің тарихы - 7 сағат (Шешендіктің өнер, ғылым ретінде дамуының бастаулары. Шешендік – жалпы адамзаттық құндылық);

ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары (Ежелгі Греция – шешендіктанудың отаны. Шешендіктің дамуының алғышарттары. Софистер – шешендіктанудың негізін қалаушылар. «Әлсіз пікірді күшейту» - софизмнің басты бағыты. Софистердің шешендіктануға қосқан үлестері. Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. «Федр» - шешендік туралы диаолог. Сөздің адам жанына әсер етуі туралы идеяның қалануы. Аристотель – шешендікті арнайы үйрететін мектептің негізін қалаушы. «Риториканың» - шешендіктануды дамытудағы орны мен рөлі. Квинтилиан – он екі томдық «Шешендік тәлім» еңбегінің және шешендікті оқыту бағдарламасының авторы);

Ресейдегі шешендіктанудың дамуы (Ресейде шешендіктанудың қалыптасуы. М.В. Ломоносов – орыс шешендіктануын жаңа сатыға көтерген ғалым. И.С.Рыжскийдің, А.Ф.Конидің, В.Г.Белинскийдің, П.С.Прохорщиковтың шешендікке қатысты ой-тұжырымдары. Орыс шешендіктанушыларының осы ғылымды өркендетуге қосқан үлестері);

ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары (Орта ғасырлардағы түркі ғалымдарының шешендік өнердің ғылым ретінде қалыптасуындағы рөлі. Әл-Фараби – ұлттық шешендіктанудың іргетасын қалаушы. Ғалымның «Риторика» атты еңбегіндегі шешендікке байланысты басты тұжырымдары. Әл-Фарабидің шешендік сөз бен адамгершілік қасиеттердің бірлігі туралы ой-пікірлері. «Қабуснамадағы» өнердің басқа түрлерінен сөз өнерінің артықшылықтары жайлы даналық байламдар. «Құдатғу білік», «Диуани лұғат-ат түрк», «Диуани хикмет», «Тауарих хамса» еңбектеріндегі сөз құдіреті, сөз мәні туралы түйіндеулердің шешендік сөзбен сабақтастықтары. Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің дамуы. Ұлттық шешендік сөздің алтын тамырлары – көне түркі жазба мұралары, XII – XVI ғасырдағы Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен, Асанқайғы даналықтары. XVII – XVIII ғасырлар – қазақ шешендік сөз өнерінің ерекше дамыған кезеңі. Осы кездегі шешендіктің өркендеуіне әсер еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар. Қазақтың атақты би – шешендері. Олардың шешендік өнер жөніндегі ой-пікірлері. Қазақ шешендік өнерінің даму тарихының үш кезеңі);

қазақ шешендіктану ғылымы: қалыптасуы мен дамуы (Ш.Уәлиханов – қазақтың төл шешендігі туралы тұңғыш ғылыми пікір айтқан ғалым. Абайдың қазақ шешендігі туралы тұжырымдары. Қазақ шешендіктану ғылымының көшбасшысы – А.Байтұрсынұлының жаңашыл қағидалары, Ш.Құдайбердіұлының, Ә.Бөкейхановтың би мен билік туралы ойлары. М.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің шешендікті арнайы қарастырған ғылыми еңбектері. ХХ ғасырдың екінші жартысында шешендіктің зерттелуі. Ә.Мәметованың, Б.Адамбаевтың, Б.Шалабаевтың, С.Садырбаевтың, М.Жармұхамедұлының, С.Негимовтің ғылыми еңбектерінің мәні. Шешендік сөздің тіл мәдениетімен бірлігін, қазіргі заманмен сабақтастығын негіздеген М.Балақаевтың, Р.Сыздықтың, Н.Уәлиевтің зерттеулеріндегі жаңа ой-тұжырымдар);

3) Шешендік сөздің табиғаты - 18 сағат:

шешендік сөзге қойылатын талаптар (Шешендік сөз – жұрт алдында сөйлеудің интеллектуалдық, эмоционалдық шығармашылыққа негізделген түрі. Шешендік сөздегі стильдер тоғысы. Шешендік сөздің сапалары);

шешендік сөздің сазы (Сөйлеу мәнерлілігі. Сөз мазмұны мен сазының бірлігі. Шешеннің сөйлеу техникасы, оның құрамдас бөліктері. Дауыс сазы, сөз мақамы, сөз ырғағы, кідіріс. Сөздің орфоэпиялық нормалары. Сөз әуезі мен әуені);

шешендік сөздің көріктеуіш құралдары (Шешендіктегі ой – сезім – сөз бірлігі. Сөз мазмұны мен формасының үйлесімі. Тілдің бейнелеуіш құралдары: айшықтау, риторикалық сұрау, қайталау, градация, метафора, салыстыру, эпитет, теңеу, т.б. Қазіргі шешендіктегі дәстүр жалғастығы мен жаңа сипаттар. Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдердің, дәйексөздердің, қаратпа, қыстырма сөздердің орны);

шешендік сөздің тектері мен түрлері (Дәстүрлі шешендік пен қазіргі шешендіктің ерекшеліктері. Шешендік сөздердің тектерге бөлінуінің белгілері: сөз мақсаты, айтылу орны, тақырыбы мен мазмұны, тілдік құралдары);

әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөз (Әлеуметтік – тұрмыстық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің тілдік құралдары);

әлеуметтік-саяси шешендік сөз (Әлеуметтік-саяси шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Жаңа замандағы әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздердің тілдік құралдары);

академиялық шешендік сөз (Академиялық шешендік сөздің түрлері, мақсаты. Академиялық шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Академиялық шешендік сөздердің ерекшеліктері. Академиялық шешендік сөздердің тілдік құралдары, сапалық белгілері);

соттағы шешендік сөз (Соттағы шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Соттағы шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлт тарихына қатысты соттағы шешендік сөздердің түрлері. Жаңа замандағы соттағы шешендік сөздердің ерекшеліктері. Соттағы шешендік сөздердің тілдік құралдары);

діни (Уағыз) шешендік сөз (Діни шешендік сөздердің түрлері, мақсаты. Діни шешендік сөздерге тән стильдік сипаттар. Ұлттық ерекшелікке қатысты діни шешендік сөздер. Жаңа замандағы діни шешендік сөздердің ерекшеліктері. Діни шешендік сөздердің тілдік құралдары);

шешенге қойылатын талаптар (Шешендікке нәр беретін арналар: талант, білім, дағды. Шешен адамға қажетті табиғи сапалар. Шешеннің интеллектуалдық қасиеттері мен болмыс мәдениеті. Шешенге тән қасиеттер мен қабілеттер: тілдік, білімдік, шыншылдық, жинақылық, аңғарымпаздық, т.б.);

шешеннің өзін ұстау әдебі мен мәдениеті (Шешендік сөздің әсерлігін арттыратын сыртқы факторлар: шешеннің өзін-өзі ұстау, әдебі, сыртқы келбеті, бет-жүзі, дене құбылыстары мен дене қимылдары. Шешендік сөздің «көмекші құралдары». Ым-ишаралардың түрлері, ұлттық сипаттары олардың сөз әсерлігін арттырудағы мәні);

4) шешендікке машықтану жолдары -18 сағат (Шешендік - өзіне дейінгі озық үлгілерді үйрену және ешқашан ешкімді қайталамайтын даралыққа қол жеткізу шеберлігі);

шешендік сөздегі риторикалық канондар (Шешендік сөздің сапасын арттырудың қағидалары. Риторикалық канондар – шешендік сөздің өзегі. Риторикалық канондар: тақырыпты ойлап табу, мазмұнды ойда жүйелеу, сөзбен көркемдеу, есте сақтау, сөйлеу барысы. Жұрт алдында сөйлеуде ескерілетін қағидалар. Шешеннің міндеттері);

жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары (Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың сатылары. Шешендерден үйренудің, топ алдында сөйлеп жаттығудың, есте сақтау қабілетін шындаудың қажеттілігі);

психологиялық дайындық. Психологиялық дайындықтың рөлі, қажеттілігі. Психологиялық дайындықтың шарттары. Шешеннің өзіне сенімділігін қалыптастырудың жолдары);

нақты сөзге дайындық (Нақты сөзге дайындықтың кезеңдері. Тақырыпты анықтаудың шарттары. Сөз мақсатын тұжырымдау. Сөдің жоба-жоспарлары. Әдебиеттермен жұмыстың жолдары. Көпшілік алдында сөйлеудің тәсілдері);

күнделікті дайындық (Күнделікті дайындықта қажетті дағдылар. Арнайы папкілердің, күнделіктің, пікірдің, хаттың дайындықтағы рөлі, қажеттілігі. Өз сөзіне талдау жасау мен басқа шешендердің сөзіне талдау жасаудың шешендік қабілетті шыңдаудағы мәні);

көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымы (Көпшілік алдындағы сөздің бөліктері, олардың орны мен өзара сабақтастығы. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің құрылымының бөліктерін жоспарлау);

кіріспе бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері (Кіріспе сөз, оның ерекшелігі,жеке міндеттері. Кіріспе сөзде қолданылатын тілдік құралдар. Сөзді бастаудың түрлі тәсілдері);

негізгі бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері (Негізгі бөлім, оның ерекшелігі, жеке міндеттері, ұстанымдары. Тақырыпқа қатысты ой -тұжырымдардың логикалық байланысы. Талдаудың логикалық тәсілдері мен материялды түсіндірудің негізгі әдістері. Сөздің логикалық, психологиялық сипаттары. Тыңдаушылардың назарын аударудын тәсілдері. Сөздің жүйелігіне кері әсерін тигізетін факторлар, оларды болдырмаудың жолдары);

қорытынды бөлім, оның міндеті мен тілдік ерекшеліктері (Қорытынды сөздің ерекшелігі, жеке міндеттері. Ойды қорытындылау тәсілдері. Қорытынды сөздің тыңдаушыға әсері. Қорытынды сөздегі тілдік құралдар);

сөз бөліктерін байланыстыру әдістері (Сөз мазмұнын біріктіруші тілдік құралдар. Шешеннің субъективтік көзқарасын, реттік қатынастарды білдіретін сөз орамдары. Сөздегі ойларды сабақтастырудың құралдары, ой желісін күшейтетін тәсілдер. Шешендік сөздің композициясының элементтері);

5) пікірталас мәдениеті - 18 сағат:

пікірталас мәдениетін меңгеру – жаңа заман талабы (Демократиялық қоғам – пікірталасының өрістеуінің басты кепілі);

пікірталасының қоғамдағы орны, маңызы, қажеттілігі Шешендіктің анасы - демократия». Пікірталас – адамның ақыл –ой қабілеті дамуының тетігі. Пікірталасында қажетті іскерліктер. Пікірталастың сипатын анықтайтын факторлар);

пікірталас мәдениетінің талаптары (Пікір таласына қатысушы адамға қажет қасиеттер, тілдік біліктіліктер, сөз сайысына тән іскерліктер. Пікірталасқа қатысушы анықтауы тиіс сауалдар. Айтыскерге қойылатын талаптар);

пікірталас түрлері (Диалогті, полилогті пікірталастар. Пікірталастарына тән ортақ белгілер мен ерекшеленеді);

әңгіме және «Дөңгелек үстел» (Әңгіме мен «Дөңгелек үстелдің» мақсаты. Олардың жүргізудің талаптары. Талданатын тақырыптың ерекшелігі. Қатысушыларға қойылатын талаптар. «ДҮ»-дің тиімділігін арттыру шарттары);

пікір алмасу (дискуссия) (Пікір алмасудың мақсаты мен рөлі. Пікіралмасудың түрлері, оларды ұйымдастырудың шарттары. Пікіралмасуға қатысушыға қойылатын талаптар. Пікір алмасуға кері әсер ететін факторлар. Пікір алмасудағы жүргізушінің рөлі. Тілдік нормалар);

ойталқы (дипут) (Ойталқының мақсаты мен рөлі. Ойталқыны ұйымдастырудың шарттары. Ойталқыға қатысушыға қойылатын талаптар. Ойталқының пікір алмасудан ерекшелігі);

ойкөкпар (дебат) (Ойкөкпардың мақсаты, қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі, мәні. Ойкөкпарды ұйымдастырудың ерекшеліктері, кезеңдері. Ойкөкпарға қатысушылардың сөз әдебі. Ойкөкпардағы сарапшылардың рөлі);

сөзталас (спор) (Сөзталастың ерекшелігі, оның өзіндік сипаты. Сөзталастың тұрмыстық қатынасқа тән екендігі. Сөзталастың түрлері);

пікірсайыс (полемика) (Пікірсайыстың өзіне тән ерекшеліктері. Пікірсайысты ұйымдастырудың шарттары. Пікірсайысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты ықтырудың шарттары);

айтыс (Көпшілік алдындағы айтыстың тарихы. Айтысу өнері мен мәдениеті туралы талаптар. Ежелгі Греция, Үндістан, Қытай елдерінде қалыптасқан үрдістер. Қазақ айтыс өнерінің ерекшеліктері. Айтысты ұйымдастырудың шарттары. Айтысқа қатысушыға қойылатын талаптар. Қарсыласты жеңудің шарттары. Айтыстағы дәстүр жалғастығы мен жаңашылдық);

пікірталасында жиі қолданылатын тәсілдер (Пікірталасына тән әдіс-тәсілдер: «қақпан құру», сынау, әзіл, мысқыл, қарсыластың ойын жоққа шығару, «сұрақпен төпелеу». Олардың ұтымды қолданудағы тапқырлық. Тыңдарманмен байланыс жасаудың шарттары, әлеуметтік, табиғи шарттар, олардың байланысқа әсері. Оқушы сөздерді мақсатқа қарай пайдалану жолдары);

қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары (Қарсыласқа тойтарыс берудің шарттары, тәсілдері. Ойдың айқын, әсерлі жеткізудегі синоним, антоним сөздердің мәні. Дәлелдеме, оның турлері, тілдік ерекшеліктері. Пікірдің өтімділігін арттыратын тілдік құралдар. Қарсыласқа тойтарыс жасаудың пікірталас мәдениетімен сабақтастығы. Пікірталастарда сұрақтарға жауап беру өнері. Сұрақтың түрлері, одан қолданылатын сөздердің ерекшеліктері. Жауаптың түрлері, қажетті сөз орамдары. Қарсылықа тойтарыс берудің шарттары: «қарсы соққы», «көпшілік бағындыру», «қарсыластың қорытындысы сынау», «деректермен дәлелдеу»);

пікірталас шеберлігіне үйренудің жолдары (Сөз шеберлігіне үйренудің жолдары. Өз ой-пікірін жеткізудің тілдік сапалары. Сөздің грамматикалық құрылысы, сөз дәлдігі мен дәлелділігі, мақал-мәтелдердің, троптың турлерін орынды пайдалану. Белгілі көркем образдарды сөз мақсатына орай кіріктіре алу т.б. Пікірталасының түрлеріне қарай қолданылатын ұтымды сөз орамдары. Ой мен сөздің бірлігі. Өз көзқарасын сыпайы, нақты айта білу шеберлігі. Ұғымдар мен терминдерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді орынды қолдану жолдары. Пікір айтудағы сөз мәнері, Интонация. Пікірталастағы ұлттық дәстүрдің көрінісі. Қарсыластың шабуылдарынан қорғанудың шарттары. Пікірталасындағы дәлелдеме мен сынды сауатты қолдан. Пікірталасын ұйымдастыру жолдары. Пікірталасындағы қателіктердің алдын-алу жолдары.Дискуссия сабақтарын жоспарлау. «Саяси айқас» іскерлік ойындарын ұйымдастыру сатылары, оған дайындық жолдары. «Сұраққа жауап» практикумы);

6) қорытынды сабақтар - 4 сағат.

10. Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар,10-сынып:

1) қазақ жазба тілінің тарихына қатысты рефераттар дайындату;

2) әлеуметтік-тұрмыстық өмірдегі әртүрлі жағдайлардың ерекшелігіне байланысты тіл жұмсау дағдыларын жетілдіретін тапсырмалар бойынша өздік жұмыстарын орындату;

3) ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сөз орамдарын, тұрақты тіркестерді тауып, олардың қатыстырып сөйлеуге дағдыландыру;

4) мәтіндерді ұсынып, ондағы ұлттық таным мен жаңашылдық сипаттарды ажыратқызу;

5) этнолингвистикалық атаулардың тарихын, мәнін танытатын шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру;

6) ата-анасының мүшелтойларына сөз дайындату;

7) досының туған күнінде дастарқан басында сөйлейтін сөз дайындату;

8) әртүрлі тілдік жағдайларда қажетті сөз орамдарын қолдануға рөлдік ойындар арқылы дағдыландыру;

9) әлеуметтік-тұрмыстық қатынаспен іскерлік қатынастың айырмашылығын сезіндіретіндей нақты тақырыптар бойынша диалог құрғызу;

10) тұрмыстық және ресми қатынастардағы кешірім сұрау, өтініш білдіру, сәлемдесу, қоштасу рәсімдеріне байланысты шағын қойылымдар әзірлету;

11) телефонмен сөйлесу мәдениетін қалыптастыратын жаттығу жұмыстарын жүргізу;

12) жазба тіл мәдениетіне қатысты белгілі адамдардың ой-тұжырымдарына талдау жасату, жазба тілге қойылатын талаптарды анықтату;

13) жеке адам өміріне қатысты іс-қағаздары жазуға төселдіретін тапсырмалар бойынша жұмыс жасату;

14) белгілі бір мәселе бойынша жиындар өткізіп, мәжілісхат, оның көшірмелерін жасату, т.б.

15) оқыған көркем әдеби немесе ғылыми-көпшілік әдебиеттер бойынша реферат жаздыру;

16) әркімге өзіне қалаған тақырыбы бойынша эссе, очерк жаздыру, баспасөз материалдарынан осы жанрдағы шығармаларға талдау жасату;

17) интервью жургізудің жолдарын саралату, нақты тапсырма бойынша өздері қалаған мамандардан, көз көргендерден интервью жасату.

11. Бағдарлама бойынша ұсынылатын практикалық жұмыстар, 11-сынып:

1) шешендік сөз бен айтыстың айырмашылығын айтқызу (мәтін негізінде);

2) «Қандай полемикалық тәсілдер бар?» деген сұраққа жауап жаздыру;

3) Баспасөз материалдарындағы ең ұнаған шешен сөздерді («Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Ана тілі», т.б. газеттер мен «Парасат», «Зерде», «Қазақстан әйелдері», т.б.) журналдардан теріп жаздыру;

4) шешендік туралы берілген сөздерден (ой-пікірлерден) негізгі талаптарды түйіндеп айтқызу;

5) «Қазақ шешендіктану ғылымы», «Ежелгі Грекия шешендері», «Қазіргі шешендер», т.б. тақырыптарда хабарлама, реферат жаздырту;

6) өздеріне мәтіндерді оқытып, оны үнтаспадан қайта тыңдату арқылы мәнерлі сөйлеуге, оқуға жаттықтыру;

7) сөздерді орфоэпиялық нормаға сай айтуға жаттықтыру;

8) термин сөздерді (халықаралық) қатыстырып сөйлеуге жаттықтыру;

9) жеке-жеке тұрған синоним сөздерді қажетті сөздермен тіркестіріп, мағыналық реңктеріне түсінік бергізу;

10) басқа тілден енген сөздерді ана тіліндегі баламасын тапқызу, оларды қатыстырып мәтін құрату;

11) антоним жұптарды пайдаланып, мақал мәнді сөйлемдер құрату, оларды өз сөздерінде пайдаландыру;

12) қате құрылған сөйлемдерге түзету жасату;

13) мәтіндерді оқып, олардағы сөздердің қай стильге сәйкестігін анықтау;

14) сөздердің түсініктемесін жасату, өз жазғандарын «Түсіндірме сөздіктегі» материалдармен салыстыру;

15) пікірталастың әр түрініне қатысты дағдыландыру жұмыстарын жүргізу;

16) мамандық таңдау бойынша сөз дайындап, сөйлеушіні тыңдарманмен байланыс жасауға үйрету.

17) төмендегі тақырыптар бойынша хабарлама жасату:

қазіргі елдегі жағдай;

ғылым мен техника жаңалықтары;

мәдени жаңалықтар;

жаңа әдебиеттер;

бүгінгі айтыстың дүлдүлі;

қазіргі шешендер;

18) сөйлеушінің пікірлерін негізгі бөліктер бойынша талдау;

19) шешендік туралы берілген мәтіндерден автордың жеке көзқарасын өз пікірімен сабақтастыра айтқызу;

20) «Жаңа қазақ деген кім?», «Мектеп киімі қандай болуы керек?», «Демография деген не?», «Мұғалім қандай болуы тиіс?», «Егер сабаққа ерікті қаттыссам...», «Адалдық деген не?», «Достық пен махаббат» тақырыптары бойынша пікірталас түрлерін ұйымдастыру;

21) курста өткен тақырыптар бойынша тірек ұғымдардың түсіндірме сөздігін құрату.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет