Металлургия (грек. metallurgeo – руда өндіремін, металл өңдеймін; metallon - рудник, металл және ergon - жұмыс) — ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Металлургия
Металлургия – металдарды рудалардан және басқа шикі заттардан алу тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Металдар өндірістерінің шикі заттары - метал рудалары.
Метал рудасы деп құрамында бір немесе бір-неше метал бар тау кендерін атайды.
Өндіріс дәрежесі бойынша Қазақстан тазаланған мыс өндіруде әлемде ірі өндіруші және экспорттаушылар қатарына кіреді.
Өндіріс дәрежесі бойынша Қазақстан тазаланған мыс өндіруде әлемде ірі өндіруші және экспорттаушылар қатарына кіреді.
Әлемдік мыс ендіруде республиканың үлесі 2,3%, ал зерттелген қоры 7,1%, сонымен қатар бүкіл елімізде өндірілетін мыс шет елдерге шығарылады. Қазақстан мысының негізгі импортерлары: Италия, Германия және басқа елдер.
Қазақстан ірі алтын өндіруші, әлемдік қоры — 2,7% (әлемде 8-орында), оның алынуы мен өндірілуі жыл өткен сайын өсуде. Елімізде 170-тен астам алтын кенінің орны тіркелген.
Темір кенінің қоры бойынша Қазақстан әлемде 8-орын алады. Оның әлемдік қордағы үлесі 6%. Қазақстан темірінің, едәуір қор мөлшерінен басқа, артықшылығы — сапасының жоғарылығы. 8,7 млрд т темір кенінің 73,3%-ы жеңіл алынады. Еліміздегі темір кенінің 70%-ы жоғары өндірілетін мөлшері экспортқа шығарылады.
Хромды (әлемдік қордағы үлесі 37,6%, 8-орын) және марганецті (30%, 2-орын) кендерді қоса есептегенде, еліміздегі қара металдар кенінің жалпы экспортқа шығаратын үлесі 1999 жылы шамамен 40%-ды құрады.
Минералдық шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша 2-орында, титан бойынша — 2-3, мырыш және қорғасын бойынша — 8, күміс бойынша 9-орында.