Бұл білім беру ұйымы құрылтайшыларға не үшін қажет? Бұл сұрақтың жауабы құрылтайшылардың күтетін үміттерін түсінуге және оларды білім беру ұйымының даму жолын таңдау барысында ескеруге көмектеседі; бір жағынан, өзіндік болмысы мен беделін сақтау, екінші жағынан, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерден хабардар болу.
Бұл білім беру мекемесі қоғамға (социумға) не үшін қажет? Бұл сұрақтың жауабы білім беру ұйымының қызметі кімге бағдарланғанын түсінуге көмектеседі.
Осы білім беру ұйымында жұмыс істейтін адамдарға бұл ұйым не үшін қажет? Бұл сұрақтың жауабын ұжымдық іздеу білім беру ұйымында болып жатқан барлық нәрсеге қатысты болу, оның істеріне араласу, қазіргі кезде маңызды болып табылатын әлеуметтік қатыстылық сезімін қалыптастыруға көмектеседі; білім беру ұйымыңыздың қызметкерлері басқалардан немен ерекшеленетінін айқындауға мүмкіндік береді.
Бұл сұрақтардың жауабы білім беру ұйымының миссиясын сыртқы әлемге (ең алдымен клиенттерге) таныстыратын «ту» ретінде, сонымен қатар адамдар сыртқы әлемнің білім беру ұйымы күтетін істерді ұжымдасқан топ ретінде жүзеге асыру үшін жиналатын «жалау» ретінде ұсынуға мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымының миссиясы оқушылардың, қызметкерлердің, білім беру ұйымына тапсырыс берушілердің, әртүрлі серіктестердің мүдделерін ескере отырып белгіленсе, анағұрлым толыққанды болады. Білім беру ұйымы өзінің білім беру қызметінен басқа не ұсына алады? Білім беру ұйымы өз қызметкерлері үшін не істеуге дайын? Жалпы білім беру жүйесі үшін білім беру ұйымы не істей алады?
Білім беру ұйымының миссиясы оның қызметінің мән-маңызын көрсетеді. Миссия әрқашан дербес, ерекше, айрықша, онда негізгі «ерекшелік», «жаңашылдық» бейнесі, ұжымның бірегейлігі, тұтас әлемдегі, әсіресе білім беру әлеміндегі білім беру ұйымының бағыт-бағдары қамтылады.
Сонымен қатар кез келген мекеменің, білім беру ұйымының миссиясында жалпы элементтерді (кез келген білім беру ұйымының мақсатына тән), нақты (білім беру мекемесінің осы түріне немесе осы модификациясына тән), ерекше (бұл ұйымның ерекше миссиясы мен мақсаты болып табылатын және оны басқалардан ерекшелейтін) элементтерді ажыратуға болады.
Мысалы: Біздің білім беру ұйымда – балалар мен ересектердің әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін кеңістіктің ашылуы. Білім беру ұйымның мақсаты – әр оқушының өз қабілетіне қарай өзін тауып, танытуына мүмкіндік беру. Әдетте миссия директордың өз білім беру ұйымының мінсіз бейнесі туралы көрінісіне негізделеді. Ал болашаққа бағдар дегеніміз не?