Ұмытылмас есім



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата07.02.2017
өлшемі1,98 Mb.
#3617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

к ө ш

к ж м   —

м а Қ т а /н ы ш ы м ы з

Көркем  1998  жылдың  10мамырында  Батыс  Қазасқтан 

облысы,  Бөрлі  ауданы,  Ақсай  қаласында  дүниеге  келген. 

Ақсай  қаласының  №6  ЖББОМ-ның  түлегі.  Көркем  спортқа 

кішкентай  кезінен  бастап  араласа  бастаған.  6-сыныпта 

«Дзюдодан»  бастау  алып,  одан  кейін  мектеп  секциялары: 

волейбол,  баскетбол  және  жеңіл  атлетика  түрлерімен 

айналысқан.  Аудан,  облыс  чемпионы  дәрежелерін  мектеп 

кезден қанжығасына байлап, бүгінде белді спортшылардың 

қатарында.  Орал  қаласында  өткен  «Коломоецтың  туған 

күніне арналған жарыста 55 келідегі салмақ дәрежесі атанып, 

«КМС»  атағына  ие  болған.  Қазіргі  таңда  №4  БЖСМ-дағы 

тренировкасына үзбей барып жүр.  Бүгінгі таңдағы бапкері  - 

Ибатов Мұрат.  Көркемге бағыт-бағдар беріп,  қол күрес, яғни 

армрестлингтен  қарқынды дайындалуына тынымсыз еңбек 

етіп  келе  жатқан  ағайына  спортшы  қызымыз  өз  алғысын 

айтып  келеді.

Көркем  осы  жылы  М.  Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың 

педагогика фаультетінің ДШ және спорт мамандығына I курс 

студенті  болып  қабылданды.  Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсізд ігін ің   25  ж ы л д ы ғы на   орай  қол  күр е сін е н  

жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасындағы  БЖСМ 

ашық  біріншілігінде  55  кг  салмақ  дәрежесінде  I  орынды 

иеленген.

Сұхбат алу барысында Көркем: «Спорт -  менің өмірімде 

маңызды  болып табылады.  Әрбір адам  спортпен  айналысу 

керек деп  ойлаймын.  Спортпен  шұғылданған  адамның дені 

сау,  иммунитеті  мықты  болады  емес  пе?!  Өзім  спортпен 

шұғылданғанды  жақсы  көремін.  Алдағы  уақытта  өзімді 

жақсы  жағынан  көрсетемін  деген  сенімдемін  және  «спорт 

шебері» дәрежесіне жетуге тырысатын боламын. Алға қойған 

мақсатым -  осы. Барлығы: «Неге қыз бала осындай қиын, ер 

адамның  айналысатын  спорт  түрімен  айналысады?»  деп 

сұрайды. Егер де адам қаласа, оның қолынан бәрі де келеді. 

Спортта  қызсың,  ұлсың деп  бөліп жармайды.  Ең бастысы -  

өзі таңдаған спорт түрін өзінің жанына жақын тұтса  болғаны 

деп түсінемін.

Бұл -  көкірегі ашық, көзі ояу Көркемнің жеке ой-пікірі, алға 

деген ұмтылысы, болашағына деген нық сенімі. Өрімдей ғана 

қазақ қызының 18-ге енді аяқ басқан шағында осындай үлкен 

жетістіктерге  жетуі  көңіл  қуантарлық.  Көркем  секілді  жас 

қыздардың спортпен айналысып, соның ішінде қол күреспен 

шұғылданатынына қайран  қалатындар  көп-ақ.  Қоғамда тек 

спортпен  айналысатын  ер  жігіттеріміз  ғана  емес,  сонымен 

қоса тұлымшағы желбіреген Көркемдей көркем қыздарымыз 

да солардың қатарында.

Ендеше,  болашағынан  зор  үміт  күттіретін  Көркемге 

алдағы уақытта  жүлделі жеңістер,  телегей  табыстар  тілеп, 

көк байрағымызды  көгімізде асқақтатып жүре бер демекпіз.

Арайлым ҒАНИ,

ФҚТ мамандығының 3-курс студенті

жерін  аңсайды »-  демекш і, 

ауылымды  сағынған  кезімде 

барлығын  тастай  сала,  үйге 

кеткім  келеді.

Әттең,  сол  күндер  қайта 

орала  ма  екен?!  Асыр  салып 

о й н а ғ а н ,  т а й -қ ұ л ы н д а й  

т е б іс к е н  

бала  ке зім -а й , 

д е с е ң ш і!  Қ а зір   са б а қта н  

шаршаған  сәттерде  ауылға 

барып,  қайтадан  бала болып, 

асыр  салып  жүрсем  ғой  деп 

а р м а н д а й м ы н .  С а ғы м ға  

айналған  сол  күнд ерім нің 

оралмайтыны  өкініш ті.  Тек 

сағынышпен еске аламын.



Рысгүл Камидуллина,

педагогика факультеті: 

ПИМНО-23

№9 (924)  31  қазан  2016 жыл

ПОЭЗИЯ  ПАРАҚШАСЫ

Б а т у о в а   Р а б б и н а   Н ұ р б е к қ ы з ы

1995 

жылы  Атырау  облысы,  Құрманғазы 

ауданы,  Нұржау ауылында дүниеге келген. 

Махамбет  Өтемісұлы  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университеті, 

филология факультетінің 3-курс студенті. 

Облыст ық,  р е спуб ликалы қ  М ұқағали, 

Абай,  Махамбет  оқуларының  жеңімпазы 

а т а н ға н .  Р е с п у б л и к а л ы қ   Ж ұ м е к е н  

Нәжімеденовке  арналған  мүшәйраның, 

Оралхан  Бөкей  оқуларының  дипломанты.  «Мен  жастарға 

сенемін!»  III республикалық байқауының  «Көркем  ой шебері» 

номинациясының иегері.

Біз -  қазақтың жастары

Жерін бермес ел  шетіне жау енсе,

Ар санайтын  соңынан сөз, дау ерсе.

Пұтқа сатпас намысы  мен сенімін,

Тәңіртаудай  көкке ұмтылған тау еңсе.

Біз -  қазақтың жастары!

Түр мен түске бөлмейтұғын ұлысын,

Бауыр қылған  Батысы  мен  Шығысын.

Жарты  құртын жарып жеген  аштықта,

Төбеттерге талатпаған туысын.

Біз  -  қазақтың жастары!

Қан  майданда темір сауыт киінген,

Жауға емес, Жаратқанға иілген.

Көздің жасы  қан боп  ағып жатса да,

Он сегізде от кешуге түйінген.

Біз  -  қазақтың жастары!

Азаттықты  арман  қылған  қаншадан,

«Ынтымақ» деп жаңғырып тұр бар санам.

Желтоқсанның сары аязын жатырқап,

Жанға жайлы жақсы  күнді аңсаған.

Біз  -  қазақтың жастары!

Тәуелсіздік Тәңір сыйы  санаған,

Құндылық бұл  құдіретке балаған.

Бейбіт өмір бесігінде тербеліп,

Тыныштық пен татулықты  қалаған.

Біз -  қазақтың жастары!

Бойда  қуат, жүректе үміт сөнбеген,

Бодандық пен  надандыққа  көнбеген.

Бар  қазақты жалғызым деп жақын  қып,

Әлсіздерге аждаһадай төнбеген.

Біз -  қазақтың жастары!

Бақытты  күн болашаққа ұмтылған,

Тарихында таңбаланып  сыр тұнған.

Бар болмысы тектіліктен  жаралып,

Аттамаған бабалардың ғұрпынан.

Біз -  қазақтың жастары!



Ақынға

Көңілімнің басылмай жүр алаңы,

Ойлай  берем өзің жүрген  қаланы.

Сіздің жақта көктем бе екен,  күз бе екен?

Еседі  ме желтоқсанның самалы?

Алатауға ауды  көңіл  құштары,

Қызғанды  ма, Жайық мені  құшпады.

Құсни жырдан сізге сәлем жібергем,

Бармайды екен біздің жақтың құстары.

Төзген жанды  сары  аязға,  салқынға,

«Ботам» деумен  келтіресің алқымға.

Қиялымның қиырында адасқан 

Айып  па екен ғашық болсам ақынға?

Сырлы сөзден жыр өрумен  өтер күн,

Өлең жоқта  мен де сорлы,  бекермін.

Жырымменен жүрдек пойыз жасап  ап,

Мен де бір күн Алатауға жетермін.

Жалғыз жүрек іздейді  ме жақынын,

Ойламайды  ой санамның ақылын.

Менің мәңгі сағынышым ғанасыз,

Мәңгі  көктем аңсап жүрген  ақыным.

Ғ и л ы м х а н о в   М ә р ле н   М ә л ік ұ л ы   -

1998 жылы 4 наурызда  Батыс Қазақстан 

облысы,  Орал  қаласында  дүниеге  кел­

ген.  М.  Ө т ем ісов  ат ы ндағы   Бат ы с 

Қазақстан Мемлекеттік университетінің 

I  ку р с   ст удент і.  «Ж ауқазы н  ж ы лда 

ч'Ч / 

"и 

гүлдейді»  ж инағы на  е л е ң д е р і  енген.

j k   I  Қады р  М ырза  Әлі  ат ы ндағы   Бат ы с 

Қазақстан облыстық мәдениет және енер 

орталығы жанынан құрылған «Қаламгер» 

жастар  шығармашыл  клубының  мүшесі. 

Облыстық,  республикалық  мүшәйралардың  бірнеше  мәрте 

жеңімпазы.

Қазан

Далада аппақ-аппақ қар ұшқындап,

Сабылған сан  пікірмен жарыс құрмақ.

Дамылсыз ұшқындайды  шұбатылып,

Ойы  бар аспан - жерді табыстырмақ.

Шалшықтар  қармен  бүгін бірге  келген,

Балшықтар бастыртпайды  іргелермен.

Ұнтақтар түседі де жоқ болады,

Тым тәтті түс сияқты түнде көрген.

Қалмайды  шалбарыңа шаң жағылып,

Жүремін желке  қорғап,  маңда бұғып.

Аппақты бетіме әкем  шылп  еткізген, 

Күзімнің өкпек желі  аңғарылып...

Былыққа бөледі де  мына алаңды, 

Бір сәтте ұшқындамай тына қалды. 

Көп  бақыт бұйырмаған әдемі  қыз, 

Тоқтатып тастағандай жылағанды.

Қазағымның нық болсын деп  қадамы 

Баба жолын үлгі еттім.

Жастар жанса жанарларын от қылып 

Көнелерден сыр шертеді  көп ғұрып, 

Басынан  сөз асырмайтын асқақпыз, 

Қанында бар тектілік.

Мұңдарға  көрдім  кейпін білегенді, 

Бұл уақыт жабырқатар үнемі  өңді. 

...Азаннан  кешке дейін  көше аралап, 

Қазаннан өлең теріп жүрем  енді...

Жұртымызды жалғар ғасыр, жылдарға, 

Жүректерді бүгін жалын  қылды Алла, 

Көк байрағың желбірейді  көгіңде 

Жастарыңның жандары  аман тұрғанда!

Сыдықов  Мейрамбек Тілекқабылұлы

1996  жылы  8  наурызда  Ақжайық  ауданы- 

на  қарасты  Өлеңті  ауылында  дүниеге 

келген.  Махамбет  Өтемісов  атындағы 

Батыс Қазақстан мемлекеттік универси- 

тетінің 3-курс студенті.  Республикалық 

мүшәйралардың  алғыс  хат  иегері,  об- 

лы ст ы қ  м үш әй р а л а р ды ң   ж үл дегері. 

Халықаралық  «Мевлана»  бағдарламасы- 

ның грант иегері.

Жайық қызы

Өлең болып өрілгенде мұң алып,

Жайық жатты  аппақ қарға оранып, 

Сағаттардың сыртылымен сарқылып 

Төзім жатты тоналып.

Тоңдыруға тақағанда таңғы леп, 

Жалғыздығың алқымыңнан  алды  кеп, 

Жолдар алыс жабырқатты жанарды 

Сезім  қалды жарлы  боп.

Жалған  күннің жарлығымен жылжып  ек, 

Мұңға малып,

Жылдар ағып, түн  күлед(і)

Сол  бір қыздың сыр сандыққа сақтаған, 

Сағынышын  кім  білед(і).

Жарым түнде неге жалғыз жыладың?! 

Көз жасыңа  мен болайын  кінәлің, 

Жарты ғалам  шырт ұйқыда жатқанда, 

Жайық қызы  шулатып  ел  құлағын, 

Айтасың ба түн әнін?!

Бұл дүние тоқтамайды дөңгелеп, 

Күрсініске толмасыншы  кеуде көп, 

Жайық қызын жұбатқым-ақ келеді 

Жайықтағы  елге кеп.

Шыдам - теңіз кемерінен толды  асып, 

Бақыт бәлкім бізден алыс болмас ұқ! 

Шарасызсың деп  күле ме  қайтеді?! 

Шаттығыңды жасыратын жол  қашық.

Өзегімді  өртегенде де от ғалам,

Көрсем деумен  көңіл  шіркін  көпке алаң, 

Қайық мұңын тербететін тынымсыз, 

Жайық қызын сағынатын боп  барам!!!

Бабам менің құлатпаған байрағын, 

Тарих куә болып өткен жайға мың, 

Желтоқсанның ызғарынан  ап  қалған, 

Жастар еді айғағым.

Өзегіңді  өртесе де өткенің,

Айға  қарап ұлығанда  көк бөрің, 

¥л-қызыңның арқасына жүк салдың,

¥лы арманым орындалсын деп  пе едің?!

Дөңгеленген бұл дүние дүрмектің, 

Дабылдары жүрегіме жыр боп тұн,

Айкерим Аюпова,  студентка  4  курса 

физико-математического  факультета. 

Ее  работы  уже  публиковались  на  стра­

ницах  газеты.  Мы  предлагаем  вашему 

вниманию ее новые стихотворения.

Моей  маме

Мама, 


ты  самый

потрясающий человек в мире!

Я тебя бесконечно люблю!

Твоя  непоколебимая  вера  в меня 

наполняет моё сердце вдохновением!

Мне любая  беда  нипочем,  если  рядом со  мною она,

Словно в детстве, уткнусь я в плечо и шепну столь родное «мам»! 

Рядом с нею всегда светло,  и я  греюсь  в лучах тепла, 

Рядом с нею суровый  мороз отступает,  приходит весна.

Жизнь закружит свой хоровод - кто-то падает, кто-то встаёт, 

Её  вера -  как яркий  свет -  меня  в жизни большой  ведёт.

И  когда я заплачу вдруг,  она тут же к себе  прижмет,

В  нежной ласке маминых рук этот мир опять зацветет!

И  не хватит всех слов  на земле,  чтобы  ей  поведать о том, 

Что она -  мне дороже  всех,  что она -  мой уютный дом!

К небу я свой  взор вознесу,

Боже,  благодарю!!!

Что со мною рядом она,

Моя  муза,  моя душа,

Та,  что сердце огнём  зажгла,

Так пускай же в жизни её 

Звезда счастья  горит всегда!

А я до одури люблю ромашки,

Цветущую сирень, тюльпаны  и  весну 

До  колик в животе люблю смеяться 

И  подставлять ладошки  майскому дождю

А я до дрожи  влюблена  в осенний лес, 

в  пестреющие краски листопада, 

в  прохладный  ветер в хмуром октябре 

и тучи,  набегающие разом

А я люблю румяный летний зной,

Когда  в лучах сверкающего солнца 

Мир оживает -  бабочки  порхают,

Деревья  изумрудом  отливают.

И  я дышу обилием  цветов

А я люблю студеную зиму,

Когда  мороз узорами  распишет 

Окошки  на домах 

А на ресницах,

Закружатся снежинки декабря.

А я люблю...  люблю чудесный  мир!

И жизнь,  наполненную добрым светом,

Где в каждом уголке большой  планеты 

Встречают с радостью закаты  и  рассветы. 

И  потому любовь  моя  всё крепнет!

***


Шыгармашылық  -  табыс  кілті

Елбасымыздың  міндет етіп  қойған  бәсекеге  қабілетті 

м емелекет  құруда  жас  ұрпақты ң  тигізер  үлесі  зор. 

Бүгінгі  таңда жоғарғы  оқу  орындарында  шет тілін  кәсіби 

деңгейде  оқыту  басты  орында  тұр.  Яғни  әрбір  студент 

өз  мамандығына  байланысты  шет  тілін  жетік  меңгеріп, 

одан  әрі  қарай  дамы та  алады .  Е лім ізд егі  беделді 

университеттердің  бірі  М.  Өтемісұлы  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  шет  тілдерін 

кәсіби деңгейде меңгерту жолға  қойылған.

Факультетте қызмет ететін білікті оқытушылар студенттердің 

болашағы үшін  қызмет етіп, жастардың қажетті білім алуына, 

тәжірибе  жинақтауына  жағдай  жасап  отыр.  Әр  оқытушы 

студенттерге тек шет тілін жетік меңгертіп  қана  қоймай,  жан- 

жақты білім алуға тәрбиелейді.  Соның ішінде ағылшын тілінің 

қыр-сырын  ашып,  кәсіби деңгейдегі  шет тілін  оқыту әдістерін 

үйретуден жалықпаған ұстазымыз, аға оқытушы, магистр Айгул 

Бисенбаевна Насимуллинаның ерен еңбегін айтпасқа болмас. 

Ол  кісінің  бізге  үйреткен  тәлімі  ұшан-теңіз.  Менің  болашақ 

мамандығым үшін ағылшын тілін үйрену маңызды. Ұстазымыз 

әр  сабағында  ағылшын  тілінде  мақала жазуды,  қазақ тілінен 

ағылшын тіліне аударуды, грамматиканы сауатты  қолдануды, 

дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды үйретеді.

Әр  студентке  ерекше  көңіл  бөліп,  білмеген  жеріңді 

үйретуден  еш  жалыққан  емес.  Болашақ  мамандығымызға 

қатысты  біздің  қазіргі  таңда  оқып  жатқан  пәндеріміздің  бірі

-   шет  тілін  оқытудың  әдістемесі  пәні.  Бұл  пән  аясында  шет 

тілін  оқытудың  бірнеше  әдістерін  үйрендік,  соның  бірі  -   ау- 

дарма әдісі. Осы әдістің негізінде мен Шотланд ақыны  Роберт 

Бернстің  «My  Heart’s  in  the  Highlands»  өлеңін  қазақ  тіліне 

аудардым және өлеңнің қазақша нұсқасы төмендегідей болды:



My h e a rt’s in the Highlands 

Robert Burns

My heart’s in the  Highlands,  my heart is not here,

My heart’s in the  Highlands a-chasing the deer - 

A-chasing the wild  deer,  and following the roe;

My heart’s in the  Highlands, wherever I  go.

Farewell to the Highlands,  farewell to the North 

The birth place of Valour,  the country of Worth;

Wherever I wander,  wherever I rove,

The hills of the Highlands for ever I love.

My heart’s in the Highlands,  my heart is not here,

My heart’s in the Highlands a-chasing the deer 

Chasing the wild deer,  and following the roe;

My heart’s in the Highlands,  whereever I go.

Тауда  менің жүрегім  (қазақша нұсқасы)

Тауда менің жүрегім,  бұл жерде емес,

Тау маралы секілді  бергенде елес,

Қай жақта жүрсем де,  мен  қайда  қонсам да,

Тауда менің жүрегім,  мен  қайда болсам да.

Қош  бол,  менің Отаным,  Солтүстігім асықпын,

Мен өзіңе ерлік жасап асықтым.

Қай жаққа кетсем де,  қай жерді  араласам да,

Осы жердің тауларына мәңгі ғашықпын.

Қош  бол,  шыңдары биік қарлы,

Қош  бол,  нәзік алқап  нәрлі,

Қош  бол,  орман, жаңа өскен  бүрлер,

Қош  бол,  бұлақтар  мен  көп  гүлдер.

Динара КУНЕБАЕВА,

шет тілі: екі шет тілі мамандығының III курс студенті


№9 (924) 31  қазан 2016 жыл

ЭКСПО  дүниежүзілік 

көрмесі  және  Қазақстан

Қазақстан бүгіндері бәсекеге қабілетті, экономикалық реформаларды жүзеге асырған мемлекеттер қатарында танылып 

отыр.

Өзімізге белгілі, 2012 жылдың 22 қарашасында Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 

151-ші отырысында жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ЭКСПО -  2017 Халықаралық көрмесін өткізетін қаланың 

орны  анықталды.  Таңдау  елордамыз  Астанаға  түсті.  Астананың  өтінімін  103  ел  қолдады.  ЭКСПО  -   2017  көрмесі  ТМД 

елдерінде өтетін алғашқы  көрме болмақ.  Енді  міне,  еліміз  кезекті әлемдік деңгейдегі  көрмені  «Болашақтың энергиясы» 

тақырыбымен Астана  қаласында өткізуге қызу дайындықтарын бастап кетті.

роликтер көрсетіліп, студенттердің 

жеке  зерттеулері  нәтиж есінде 

ж и н а қ т а л ғ а н   м ә л і м е т т е р  

та н ы с ты р ы л д ы .  Д ү н и е ж ү з іл ік  

ЭКСПО  тарихы н  сипаттайты н, 

әлем елдерінің ұсынған жаңалықта- 

рының көрмесі ұйымдастырылған.

Іс-шара нәтижесінде студенттер 

дүниежүзілік  көрме  тарихы  жайлы 

және елімізде болып өтетін ЭКСПО 

-   2017  «Болашақтың  энергиясы» 

жайында  түрлі  мәліметтер  алды. 

Топпен  жұм ы с  ж үр гізу  арқылы 

студенттер  ЭКСПО-2017  туралы 

өз  п ікір л е р ім е н   б ө л іс іп ,  шара 

барысында  алған  мәліметтерді 

т а л қ ы л а д ы . 

С т у д е н т т е р  

ө зд е р ін ің   ұйы м ш ы лды қтары н, 

ізденімпаздықтарын,  белсенділіктерін  көрсете  білді.  Астана 

ЭКСПО  -   2017  бүкіл  дүниежүзілік  көрмесі  елімізде  сәтті,  әрі 

жоғары деңгейде өтетініне жастар сенеді!

Жанель ХУРСАНҚЫЗЫ,

бастауышта оқытудың педагогикасы мен 

әдістемесі мамандығының 2-курс студенті

Осы  сәттен  бастап  елімізде  ЭКСПО-2017  көрмесі  жайлы 

сан  түрлі  іс-шаралар  өткізіліп  жатыр.  Сол  іс-шарадан  бүгінде 

М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік универси- 

тетінің  «Бастауышта  оқытудың  педагогикасы  мен  әдістемесі» 

мамандығының 2-курс студенттері де  қалыс  қалған жоқ.  Шара 

«ЭКСПО  дүниежүзілік  көрмесі  және  Қазақстан»  деп  аталды. 

Шара  барысында  ЭКСПО  тарихынан  сыр  шертетін  бейне

Егемен елдің еркін

студенттері

2016 жылдың үлкен мерейтойы- Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз 

үшін  ең басты әрі  құнды  мереке болмақ. Айтулы мерекеге 

республикамыздың барлық өңірінде жұмыстар  қарқынды 

жүргізілуде.  Ақжайықтың  төсінде  орналасқан  М.Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік университеті ұлы 

мерекені  қызу дайындықпен  қарсылау үстінде.

С оны ң  б ір і  а та л ға н   б іл ім   о р д а сы н ы ң   п е д а го ги ка  

факультетінде  «Әлеуметтік  педагогика  және  өзін-өзі  тану» 

мамандығының  1-  4  курс  студенттерімен  «Егемен  елдің 

еркін  студенттері»  атты  дөңгелек  үстел  өткізілді.  Аталмыш 

шараның  басты  мақсаты  -  қазіргі  таңдағы  жастарға  жасалып 

жатқан  барлық  мүмкіндіктер  тәуелсіздіктің  арқасында  екенін 

насихаттау.  Студенттер  тәуелсіздікке  деген  сый-құрметтерін 

көріністер  арқылы  көрсетті.  Ұйымдастырылған  шара  өте

тартымды  әрі  қызықты  өтті.  Қатысушы  оқытушылар  мен  топ 

кураторлары-Т.Қайырғалиев,  С.Н.Ерниязова  және  студенттер 

өз ой-пікірлерін  ортаға  салып,  шараның өз деңгейінде  өтуінде 

белсенділік көрсетті.

Ботагөз АЙТЖАН,

06307-топ студенті

Адгашқы  қадам  -   алгашқы  белес

Студенттік  ғұмырдың алғашқы  баспалдағын  аттап, 

студенттік билетті қолына алған 1-курс студенттері үшін

13  қазан  ерекше  күн  болды.  Себебі  бұл  күні  педагогика 

факультетінің  1-курс  студенттері  қаз  қатар  тізіліп,  ант 

беріп,  Махамбеттей  қара  шаңырағымыздың  бір  кірпіші 

болып  қаланды.

Бұл  дәстүрлі  шара  Нұр  Отанның  концерт  залында 

оздырылды.  Жылдағы  шара  бойынша  факультетіміздің 

деканы  Ергалиева  Пүлжан  Алғазы қы зы   студенттерге 

сәт  сапар  тілеп,  жоғарғы  курс  студенттерін  үлгі  ретінде 

ерекше  мадақтап  өтіп,  факультетіміздің  қол  жеткізген 

елеулі  жеңістерін  ортаға  салды.  Қош  келдің,  жас  студент! 

Қадамдарың оң болып,  ғылымның шыңынан көріне беріндер!



Педфак  алдыңгы  қатардың  шебінде

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай оздырылатын 

барлық  шаралар  жастарды  патриотизмге,  отаншыл- 

дыққа,  салауатты  болуға  үндейді.  Осы  орайда  универ- 

ситтетішілік спорттық шаралар болып өтті.

Ф а к у л ь т е тім ізд ің   с ту д е н тт е р і  а лд ы ңғы   орынды 

қа н ж ы ға л а р ы н а   б а йл а д ы .  Үстел  те н н и с ін е н   және 

волейболдан жоғары межеге қол жеткізді. Осындай өр рухты 

жастарымыз барда спорттық шаралар да өз жалғасын таба 

бермек. Жалындаған жастық шағын спортқа  арнау ең үлкен 

оң  қадам  болып  табылады.  Сол  үшін  де  жастарымыздың 

салауатын  көтеріп, болашағамызды айқын етіп  құрайық...



Әлемді  моОындатқан  спортшы

Педагогика  факультетінің  әрбір  студенті  жалынға 

толы  жастық  шағын  бір  өнерге  арнаған.  Ұлдар  жағы 

спортты мұрат етіп, облыс, республика және халықаралық 

деңгейде еліміздің атын асқақтатып, көк байрағымызды 

желбіретіп жүр.

Солардың қатарында 05304-топ студенті Негмет Серікбай 

Манарбекұлы  Румынияда өткен әлем чемпионатында  қола 

жүлдегер атанды. Бұған дейін де Серікбай Манарбекұлы басқа 

елдерде  еліміздің  абыройын  асқақтатып,  факультетімізді, 

университетімізді  мойындатып  жүрген  бірден -б ір  азамат. 

Осындай  нар  тұлғалы  жастарымыз  көп  болғай,  спортты 

жанымызға  мұрат  етіп,  келешек  ұрпаққа  спорт  өнерін 

дәріптейік, замандас!

Аида ХАСАНОВА,

«Жайық  жауһары» айдарының  редакторы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет