« G O - Г Е О
Г Р А
Ф
Ы
»
1-курс географтарын студенттер қатарына қабылдау
Қазанның 14-і күні
жаратылыстану-география
факультетінің 1-курс географтарына
арналған 4-курс студенттерінің
ұйымдастыруымен «Go-географы»
атты мерекелік шара өтті.
Концерт студ е н ттік ө м ір д ің қызықты
с ә т т е р ін б а я н д а й т ы н б е й н е р о л и к п е н
басталды. Кейін факультетіміздің тарихымен
және болашаққа бағдар беріп, білім нәрімен
сусындатқан ұлағатты ұстаздарымызбен
таныстырдық. Концерт барысында 1-курс
студенттері мен кураторлары арасында
қызықты ойындар ойнатылып, қоңыр дауыста
гитараның сүйемелдеуімен орындалған ән
мерекенің сәнін келтірді. Белсенділік танытқан
студенттерді Алғыс хатпен марапаттап, біздің
ізімізді жалғастырушы 1-курс студенттеріне
І Қ САҚЫПКЕРЕЕВА
білім кілтімен қоса студенттік билет тапсы рьтды.
география мамандыгының 4-курс студент)
Қазанның алтыншы жұлдызында жаратылыстану-география факультетінің 1-курс химиктеріне арнап 2-4 курс
студенттерінің ұйымдастыруымен «Студенттік сәт - қайталанбас шақ» атты концерт өткізілді.
Студенттік^сәт — қайташнбас шақ
Концерт жаратылыстану-география факультетінің деканы
Сүлейменова Гүлнәр Науханқызының 1-курстарға арнаған жылы
тілегімен ашылды. 2017 жылдың түлектерінің биі мен қоңыр
дауыста гитараның сүйемелдеуімен орындаған әні мерекенің
сәнін келтірді. «Геофак» жайдарман тобының қағытпа әзілдері
де кештің көркін кіргізді. Химиктер бір-бірімен реакция арқылы
тілдессе, соның бір дәлелі ретінде жоғары курс студенттері
химиялық реакция топтамасын көрсетіп, «Химиктер» биін
мың бұрала билеп берді. Кешімізді Гүлжан Бексұлтанқызы
қорытындылап, студенттік өмірге аяқ басуларымен құттықтап,
жүрекжарды тілегін білдіріп, «Химик» төсбелгісі мен студенттік
билеттерді табыстады. 1-курс химиктерінің топ басшылары
біліммен бірге қоғамдық және спорттық шараларға белсене
атсалысып, жаратылыстану-география факультетінің атын тек
жақсы жағынан көрсетіп, биік шыңдарға жеткізетіндіктеріне
сендірді. 1-курстың алған әсерінен бұл күн студенттік өмірдің
жарқын естелігі болып қалатыны сөзсіз.
Айы м МЕҢДІҒАЛИЕВА,
Х-11 тобының студенті
Әрбір адам спортпен айналысуы керек. Өйткені
спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-
күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады.
Ж аратылы стану-географ ия факультеті деканының
кубогі үшін волейболдан қазан айының тоғызы күні
жарыс өткізілді.
СПОРТ - д енсаулы қ кепілі
Жаратылыстану-география факультетінің студенттік
д е ка н ы Қ о н ы сб а е в А бы лай сөз сө й л е п , ж а р ы сқа
қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл жарысқа жалпы 5 команда:
1)Биология мамандығынан»Бірлік»
2)География мамандығынан»Галактика »
3)География мамандығынан»Эверест»
4)Химия мамандығынан»Химикаттар»
5)2-3 курс студенттерінен құралған»Еркін командасы»
қатысты.
Жарыс өте қызықты да тартысты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1-орын және факультет
деканы кубогімен «Бірлік» командасы, 2-орынмен «Эверест», 3
-орынмен «Галактика» командалары марапатталды. Ойынға
белсене қатысып, үздік өнер көрсетіп «Үздік байланыстырушы»
атанған химия мамандығының 1- курс студенті Каби Айжарық,
«Үздік ойыншы» атанған география мамандығының 1-курс
студенті Қуанышов Жанболат, «Үздік шабуылшы» дипломымен
Мурзагалиев Тимур марапатталды.
Айнара ВАЛИЕВА,
Химия мамандыгының 1 курс студенті
Шынықсаң, шымыр боларсың!
9 қазан күні Орал қаласында ауқымды велошеру өтті.
Қатысушылар сөрені Жәңгір хан атындағы БҚАТУ - дан
бастап, мәрені «Ақжайық» стадионында аяқтады.
Велошеруге қатысатын адам саны 500-ден астам адам
болатыны жарияланды. Ресми түрде 700 адам қатысты. Жыл
сайын өткізілетін бұл спорттық шараға қатысушылардың
санының көбейіп келе жатқаны көңіл қуантарлық жаңалық.
Велошеру Bolashak Bike Ride тақырыбымен «Болашақ»
бағдарламасының түлектері ұйымдастырған, барлық жоға-
ры оқу орындарындағы студенттер мен оқытушылар, қала
жұртшылығы қатысып, өз үлесін тигізді.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі
проректор Даришева Түймеш Малбағарқызы университемізге
сәттілік, ақ жол тілеп жастарымызды шабыттандыра
тү с ті. У ни в е р с и те тім ізд ің жалауы н ж елб ір е тке нд е р
қатарынан:»Серпін-2050» бағдарламасының М.Өтемісов
атындағы БҚМУ-дағы координаторы Тапаева Жанерке,
студенттік ректор Жүсіпқалиев Дулат, БҚМУ студенттер
кәсіподақ ұйымының төрағасы Кабдешов Алмаз, Н.Ә
Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері Қошан
Гүлдана, 1-курс студенттері: Мулдаханов Мурат, Қонысбай
Ақжарқын, Қойжан Мейіржан, Гинатуллин Саят табыла білді.
Велошеру Алматы және Шымкент қалаларында да дәл
осы уақытта өткізілді.
Велошеруден кейін Орал қаласы әкімнің орынбасары
А л ты н б е к Ка й са га ли е в Тәуелсіз Қ а за қста нн ы ң 25
жылдығымен құттықтады. Қатысушылар арасында мәреде 5
велосипед ойнатылып, екеуін спортшылар, КазИТУ студенті
мен екі қала тұрғыны жеңіп алды.
Студенттерімізді тек қана білім мен қоғамдық жұмыс
жағынан ғана емес, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанып,
жыл сайын өткізілетін спорттық шараларға да белсене ат
салысуға шақырамыз.
Гүлдана ҚОСБАРМАҚҚЫЗЫ,
Химия мамандыгының 01301 топ студенті
№9 (924) 31 қазан 2016 жыл
V
^ 9
Орал қаласы - еліміздің әкімшілік, мәдени, ғылыми.
білім орталығы екені белгілі. Музей - мәдени мекеме, ол
өткен тарих пен қазіргі тарихты, материалдық және рухани
байлықтарды жинақтап, сақтайтын, жиналған құжаттар
мен жәдігерлерді зерделеп, зерттейтін, оны келешек ұр-
паққа жеткізетін, тәлім-тәрбие беретін әлеуметтік орын.
4 қазанда факультетіміздің ҚТӘ-13, Фил-13, ҚТОМҚТӘ-
11топ студенттері мен кураторлары -Сисенбаева Р.Ж.,
Ахатова Н.К., Тұрғаналиева Г.Г. Орал қаласындағы тарихи-
өлкетану мұражайына барып қайтты.
Ғазы ш явд)
Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін Батыс Қазақстан
облыстық тарихи-өлкетану музейі-170 жылдық тарихы бар
көне музейлердің бірі. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-
өлкетану мұражайы 1836 жылы құрылды. Музей орна-
ласқан ғимарат 1879 жылы мавритан стилінде салынған
сәулет ескерткіші болып табылады. 1-курс студенттері
мұражай ішіндегі бөлімдермен танысты. Айта кетсек,
ғылыми қор бөлімі; көрме залымен; Кіші жүз тарихы залы;
Бөкей Ордасы тарихының залы; Кеңестік тарихы кезеңінің
залы; Батыс Қазақстан облысының білім мен ғылым, өнер
мен мәдениет салаларының даму тарихы ; археологиялық
қазба жұмыстарынан шыққан б.д.д.ІV-ІІғғ. алтын әшекейлер;
ХУІІІ-ХІХғ.ғ ертедегі кітаптар, қолөнер туындылары, ұлттық
киімдер, қазақ жауынгерлерінің қару-жарақтары; ХҮІІІ-ХІХғ.ғ
ыдыс-аяқ; ХVІІ-ХІХғ.ғ-икондар, казак әскери қарулары; казак
әскерлерінің тулары; күйші Сейтектің домбырасының көшір-
месі, Қазақтың тұңғыш заңгері Б.Қаратаевтың жеке заттары;
Ақжайық өлкесінен шыққан ақын-жаузшылар: Т.Жароков,
Ж.Молдағалиев, Қ.Мырза Әлидің жазу құралдары; XVIII-XIX
ғғ. зергерлік бұйымдары мен үй жиһаздары, суретшілер
Хлудов, Ж.Аралбаев, С.Ғұмаров, М.Жоламанов, А.Гурьев т.б.
суреттерін өз көздерімен көріп, тамашалап қайтты.
Сонымен қатар, ҚТӘ-11 кураторы-Алтыбайқызы М. Қадыр
Мырза Әлі орталығындағы ақынның мұражайына барып
қайтты. Орал қаласында 2015 жылы ашылған Қадыр Мырза
Әли орталығының мұражайында да болып қайтты. Ол жердегі
Қадыр Мырза Әлінің жеке кітапханасы мен фото-суреттерін
тамашалады.
Болашақ тіл мамандары өнер-білім , м әдениеттің
ошағына айналған Орал қаласының мұражайларына барып,
рухани азық жинап қайтты.
Менің-маңгілік сагынышым!
А л л а н ы ң б а сқа б ұ й ы р тқа н ы н ,
м а ң д а й ы м ы зға ж а зы л ға н та ғд ы р
жолымызды жүріп өту, бізге берілген
ж а м а н мен ж а қ с ы н ы м е й іл ін ш е
сабырлықпен шүкірлікпен қабылдау
адамзат жаратылыстанан бергі келе
жатқан заңдылық екені хақ. Бұл заңды
талай ғасырлар, жылжыған жылдар, ағын
күндер, сарылған сағаттардың өзі өзгерте
алмасы ақиқат. Уақыт алға ұмтылған
сайын «қолда барда алтынның қадірі»
болмайтындығын,мынау қарбасласқан
тірліктің қамымен жүріп,қымбат жанда-
рымыздың бағасын кеш біліп, сан соғып қалатынымыз қасірет
емес пе?! Тынымсыз сағаттың тілі, әр қозғалысы сайын бәрімізді
ажал аузына қарай жетектеп бара жатқанын, жанымыздағы
асылдарымызбен бір күні қоштасар күн туатынын, сол кезде
барып өксіген өзегімізді өртейтінін, бірақ қалай болғанда да,
ажал ығына мойын ұсынуымыз керектігін естен шығарып
алатынмыз несі?!
Қанша жерден тағдыр дегенімізбен, басқа салғаны ғой
деп көңілімізді басқанымызбен, ажал айырған жандардың
елесі көңіл көкжиегімізде мәңгі өшпейтін бейне, сөнбейтін,
басылмайтын сағыныш болып қалатыны шындық. Менің кішкене
жүрегімнің сондай үлкен сағынышы, «енші уақыттың» емдей
алмайтын,жазылмайтын жарасы бар. Ол біздің отбасының
бәйтерегі болған, дауылдарда қорған болған, қанаттыға
қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ессіз немересінің еркелігін
көтеріп, ақылшым болып, аялы алақанымен, «айналайынын»
аузынан тастамайтын абыз атамның дүниеден өтуі еді. Дәл
осы жағдай маған үлкен соққы болып тиді. Мен ғана емес,
отбасымызбен есенгіріп қалғанымыз, абдырап, не істеп, не
қоярымызды аңғармай аласұрған күйге түсіп, шаңырағымыз
тым ауыр қайғы алып қалғаны бар. Мейлі қанша уақыт
өтсін,кеудеде соққан жұмыр етте атама деген алып,риясыз
сағынышым сақтала берері ақиқат. Дөңгеленген дүние дабылын
тоқтатпайтыны іспетті,менің жүрегім сізге деген мәңгілік
сағынышын минут тұрмақ,тіпті бір секунд та дамылдатпақ емес.
Осының бәрін сіз біліп, көріп тұрған боларсыз,көңіл жағалауында
тұрақтаған,мынау дүниенің бәрінен артық, жаһанның жақұтынан
қымбат менің-мәңгілік сағынышым!
Жанат НУРАНОВА,
ФҚТ мамандығының 2-курс студенті
29 қыркүйек күні ұстаздар мейрамына орай қазақ филологиясы факультетінде аға оқытушы, магистр Тұрғаналиева Г.Г.
мен магистрлердің ұйымдастыруымен «Жыл ұстазы - 2016» фестивалі өтті. Бұл мейрам басқа мейрамдардан өзгешелігімен
ұстаздардың да, шәкірттердің де есінде қалды.
Алдымен «Жыл ұстазы - 2016» фестивалін ашу үшін сөз
филология факультетінің деканы, доцент Мүтиев Зейнолла
Жақсылықұлына берілді. Одан әрі қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығының І курс студенті Сагиева Аяжан «Әриайдай»
әнімен кеш көркін қыздыра түсті.
Ф е стива л ьд е қазақ ф ил о л о гия сы ны ң 24 ұстазы на
номинациялар тағайындалып, табыс ету мәртебесі аталған
факультеттің белсенді студенттеріне бұйырды. Олардың
қатарында: Н.Назарбаев атындағы арнаулы шәкіртақы иегері
Жұмабаева А.Ғ, Сагидуллаева С., студенттер кәсіподағының
төрағасы Қабдешев А .Қ., Рахметова З .Қ ., Таймұханова
А .М., республикалық олимпиадалар жүлдегері Ғазез Н.,
«Махамбеттанушы» газетінің жас журналисті Латифова
М., жас ақындар Сыдықов М., Батуова Р., «Филология»
аруы байқауының жүлдегері Батыргереева Ж., «Талант»
жайдарман құрамасының ойыншылары Қасым А., Базарбаев Н.,
старосталар координаторы Амангельдина А., IV курс студенті
Марат Г, студенттер ғылыми қоғамының жетекшісі Туралиева
Н., Қалдыбай Н., Жұмагелді Т., Салауатов Б., Лұқбанов М.,
филология факультетінің студенттік деканы Нұржанова Р.
Болды.
¥стаздарға берілген номинация қазақ филологиясының 2-4
курс студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде
болды. Ш әкірттері ұстаздары ны ң қары м -қабілеті, сабақ
жүргізудегі шеберліктері, еңбекқорлықтарына қарай мынадай
номинациялар берді.
«Үміт» номинациясы - Сисенбаева Р.Ж.
Қалиева А.Т.
Алмағамбетова А.Н.
Сұлтаниязова И.С.
« М ей ір ім д і ұста з» ном инациясы - ф . ғ. к .,доц ент
Мұхамбетқалиева Р.Қ.
«Шебер ұстаз» номинациясы - ф.ғ.к., доцент Ержанова ¥. Р.
«Еңбекқор ұстаз» номинациясы - ф.ғ.к., аға оқытушы
Шайекенов Ж.Ж.
«Парасатты ұстаз» номинациясы - ф.ғ.к.,аға оқытушы
Аронов Қ.Ғ.
«Креативті ұстаз» номинациясы - ф.ғ.к., доцент Мүтиев
З.Ж.
«Полиглот ұстаз» номинациясы - п.ғ. д .,профессор
Қыдыршаев А.С.
«Білімді ұстаз» номинациясы - ф.ғ. д., профессор
Хасанов ҒҚ.
« Ш ыншыл ұ с та з» н ом ин ация сы - ф . ғ. к .,д о ц е н т
Ниязғалиева А.Ә.
«Ұ л а ға тты ұ с та з» ном ин ациясы - аға оқы туш ы
Жолдықайырова М.Ж.
«Тіл жанашыры - 2016» номинациясы - Ниетова А.С.
Қабошева Н.А.
Дүйсенғалиева Н.Е.
Қадырғалиев Ж.Д.
« Ғ ы л ы м
ж а н а ш ы р ы »
н о м и н а ц и я с ы
-
ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор Сұлтанғалива Р.Б.
«Іскер ұстаз» номинациясы - ф.ғ.к., доцент Раманова А.А.
«Талапшыл ұстаз» номинациясы - докторант Ахатова Н.Х.
«Ж аңаш ы л ұста з» н ом инациясы - аға оқы туш ы
Тұрғаналиева Г.Г.
«Өнерлі ұстаз» номинациясы - аға оқытушы Мусина Ж.Ғ
«Үлгілі ұстаз» номинациясы - аға оқытушы Жұмашева К.Б.
«Жыл ұстазы - 2016» номинациясы - ф.ғ.к., доцент
Шарабасов С.Ғ.
Шарабасов Серікқали Ғабдешұлы бақилық болса да
ғұмырының бірнеше жылын ұстаздық жолына арнап, шәкірттерін
білім нәрімен сусындатуда елеулі үлес қосқандығы аян. ¥лы
ұстаздың филология факультетінде ғана емес, қара шаңырақ
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға тигізген еңбегінің зор екендігі
айтылып, ардақты ұстаз жайында бейнеролик көрсетіліп, дүйім
жұрт көз жастарына ерік берді.
Факультетіміздің I курс студенті Олжабай А., Жеткерова
Н., Қалдыбай Н., Қарсақбаева А. ән айтып, би билеп, күй
тартып көрермен қошеметіне бөленсе, «Талант» құрамасының
ізін ж алғауш ы жас әзілке ш те р і астарлы әзіл, қағытпа
қалжыңдарымен мерекелік көңіл күй сыйлады. Осы орайда
фестивальдің мінсіз өтуіне үлестерін қосқан жүргізушілер
Оралтаева А. мен Ақнұрдың еңбегін айта кеткен жөн.
¥стаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
¥стаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік м ә ң гіл ік! деп ұстаздарымыздың
төл мейрамына орай өткізілген фестиваль осындай әуезде
нүктесін қойды. Университетіміздің барша ардагер ұстаздары
мен профессор-оқытушылар құрамын мерекелерімен қазақ
филологиясы студенттері атынан шын жүректен құттықтаймыз.
Сандугаш САГИДУЛЛИЕВА,
«ФҚТ» мамандығының 3-курс студенті
МОЁ ПЕРВОЕ ВПЕЧАТЛЕНИЕ
После окончания школы и сдачи ЕНТ, перед
абитуриентом появляется новый и более сложный
вопрос, решающий его дальнейшую судьбу. Очень важно
не ошибиться в выборе университета и профессии.
Окончив школу, я решила поступить в З ап ад н о
Казахстанский государственный университет им.
Махамбета Утемисова на филологический факультет.
Первый месяц нашей учебы пролетел очень быстро,
весело и незаметно. Каждый из нас был в предвкушении
первого дня в университете. С некоторыми из моих
одногруппников я познакомилась на линейке, а с остальными
в первые дни учебы. Каждый из нас - это личность, со своими
взглядами и мечтами, но всех нас объединяет одна цель -
быть достойным педагогом. Взрослая жизнь в университете
очень сильно отличается от школьных будней. Поскольку
учась в школе мы находимся под опекой родителей, а
поступив в университет каждый начинает новую страницу
своей жизни. Кто-то приезжает из другого города, многие из
поселков, ну и конечно есть те, которые живут в самом городе
и им не приходится так рано покидать родительский дом.
Студенческая жизнь очень захватывающая. Каждый
день - маленькое приключение. Вместе с группой мы
ходим в музеи, библиотеки и просто проводим очень много
времени вместе. Наша группа, словно маленькая семья,
которая вместе готовиться к различным праздникам и
мероприятиям, некоторые из нас посещают кружки при
университете. Поступив в университет, я продолжила
заниматься своим хобби - дзюдо. Появилось много новых
друзей и знакомых. Мне очень нравятся педагоги нашего
V
факультета. У них огромный опыт, благодаря которому лекции
и практические занятия становятся занимательными. Учеба
в университете намного сложнее учебы в школе, но гораздо
интереснее. На каждой паре и на каждом семинаре ты
стараешься взять что-то для себя. В твоей жизни появляются
новые слова, такие как: пара, лекция, семинар, рубежная неде
ля, сессия и др. Кто бы что ни говорил, но студенческие годы
самые незабываемые. Я рада, что у меня есть возможность
обучаться в этом университете.
Карина АЛИМОВА,
студентка группы ИЯ-12
70
№9 (924) 31 қазан 2016 жыл
Ұстаз деген - ж ары қ кү н і ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Б үкіл әлем мойы ндайды еңбегін,
Сен де одан адам болы п жаралдың.
Ұстаз сөзін айтып ж ү р д ік ән қылып,
Одан басқа ж үрген кім бар ж анды ұғы п.
Ұстаз деген - ұлы ларды ң ұлы сы ,
Қасиетіне бас иелік м әңгілік!
Қанжан Беймұханқызы Болатова 1946
жылы қазан айының 7 жұлдызында Орал
облысы, Камень ауданы, I Шежін ауылында
дүниеге келген.
1964
жылы II Шежін орта мектебін үздік
аяқтап, сол жылы А.С.Пушкин атындағы Орал
педагогикалық институтының жаратылыстану-
география факультетіне оқуға түседі. 1969
жылы аталмыш институтты «география-био
логия» мам анды ғы бойынш а тәм ам дап,
Қазақ ССР Ағарту министрлігінің жолдауымен
ж араты лы стану-географ ия ф акультетінің
«Зоология» кафедрасына оқытушы ретінде
қызметке қалдырылды.
Қ а н ж а н Б е й м ұ х а н қ ы з ы б и о л о г и я
саласындағы базалық және кәсіби пәндер
бойынш а ғы л ы м и -ә д іс те м е л ік тұрғы дан
жоғары дәрежеде қазақ және орыс тілінде
мазмұнды дәрістер оқып, зертханалы қ,
практикалық сабақтар жүргізеді. Теориялық
білімнің маңыздылығы мен құндылығы оның
практикамен ұштасуында және студенттердің
кәсіби деңгейде қалыптасуында педагогикалық
сарам анны ң ықпалы зор деп есептейтін
Қанжан Беймұханқызы дала сараманы мен
педагогикалық сарамандарға да жетекшілік
жасап, тәуел сіз м е м ле ке тім іздің ертеңгі
болашақ ұрпақтарын тәрбиелейтін білікті
ұстаздар мен мамандар даярлау ісіне сүбелі
үлес қосып келеді.
«Омыртқасыздар зоологиясы», «Экология
негіздері», «Эволюциялық ілім», «Биоэкология»
т.б. пәндерден білімі мен ғылымын шәкірт
зердесіне құю үшін жан жақты, ғылыми әрі
педагогикалық тұрғыда ізденіп, оқытудың
инновациялық формаларын шебер қолданатын
білікті әдіскер ретінде танымал. Осы уақытқа
дейін бітіргеніне 20-30 жыл болса да биолог
мұғалімдер Қанжан Беймуханқызының өткізген
әрбір дәрісі мен сабақтары, тәрбие сағаттары
б а сқа да ұ й ы м д а с ты р у ш а р а л а р ы н ы ң
с а па лы лы ғы , сан қы рлы лы ғы , ғы лы м и-
әдістемелік тұрғыдан шебер құрылғандығын
жылы лебізбен осы уақытқа дейін атап өтеді.
Қанжан Беймұханқызы ұзақ жылдар бойы
Солтүстік Каспий маңы өлкесінің жануарлар
б и о а л у а н т ү р л іл ігі мен ола р д ы қо р ға у
проблемалары, сондай ақ мектепте және
жоғары оқу орындарында биология пәндерін
оқыту әдістемесін жетілдіру бағытында ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Зерттеу
нәтижелері халықаралық, республикалық,
аймақтық конференцияларда баяндалып,
көптеген ха лы қа р а л ы қ, р е спубл икалы қ,
аймақтық басылымдарда 80-ге жуық ғылыми
және ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық
көрген. Соның іш інде «Батыс Қазақстан
о б лы сы ны ң ж а нуа р л а р әлем і», «Батыс
Қазақстанның сирек кездесетін жануарлары»,
«Омыртқасыздар зоологиясынан оқу-дала
сараманы», «Э волю циялы қ ілім» тәрізді
оқу және оқу-әдістемелік құралдары үлкен
сұранысқа ие.
Қанжан Беймұханқызы студенттердің
ғылыми-зерттеу жұмыстарына, 30-дан астам
диплом жұмыстарына жетекшілік жасайды.
Аймақтық және облыстық деңгейдегі ғылыми
конференцияларды ұйымдастыру алқасының
мүшесі ретінде қоғамдық қызмет атқарады.
Қ а н ж а н Б е й м ұ х а н қ ы з ы о қ у ш ы л а р
мен о қы туш ы ларды ң ш ы ғарм аш ы лы ғы н
дамыту, ғылыми ізденіске баулу бағытында
педагогикалы қ кадрларды қайта даярлау
и н с ти т у ты ж әне о б лы с м е кте п те р ін д е
дарынды балалармен жұмыстанып, оларға
арнайы курстардан сабақ береді. Облыстық
о л и м п и а д а л а р мен ғы л ы м и ж о б а л а р
б айқауы ны ң биология бағы ты бойынш а
тұрақты қазылар комиссия мүшесі болып
табылады.
Қанж ан Б е йм ұха н қы зы «А дам және
жануарлар зоологиясы, анатомиясы және
физиологиясы» кафедрасының меңгерушісі
(1999-2003жж.), П едагогикалы қ институт
д и р е к т о р ы н ы ң о р ы н б а с а р ы (2 0 0 5 -
2007жж.) болып қызмет атқарған. Екі мәрте
Ленинград қаласындағы Герцен атындағы
п е д ин ституты нд а (1979ж ., 1987ж .) және
«Экология» мамандығы бойынша Алматы
қаласындағы Абай атындағы Қаз¥ПИ-дан 2003
жылы біліктілікті артыру курсынан өткен.
Ол ұйы м д асты руш ы л ы қ қабіл етім ен,
еңбекқорлығымен, өз ісіне жауапкершілігімен,
қ ы з м е т ін е а д а л д ы ғы м е н ә р іп т е с т е р
және студенттер ортасында сыйлы. Жас
оқытушылардың тәлімгері ретінде өз ғылыми-
зерттеу педагогикалы қ және әдістем елік
іс-тәжірибе нәтижесімен бөлісіп, олардың
кәсіптік тұрғыдан шыңдалып, маман ретінде
қалыптасуына көп көңіл бөледі.
Қанжан Беймұханқызы «Еңбек ардагері»
медалімен, ҚР Білім министрлігінің «Құрмет
грамотасымен» (1992ж.), ҚР Білім министрлігінің
«Отличник Образования РК» төсбелгісімен
(1995ж.), «Ы. Алтынсарин» белгісімен (2007ж.)
марапатталған.
Аяулы Қанжан Б е й м ұ х а н қы зы ! С ізді
тағы да м ерей- тойы ңы збен құтты қта п,
деніңізге саулық, өміріңізге адамзатқа тән
БАҚЫТ атаулының бәрін тілейміз. Еліміздегі
маңдайалды білім мен ғылымның шаңырағына
айналған іргелі білім ордасы - М.Өтемісов
аты ндағы Батыс Қазақстан м ем лекеттік
университетінде қызметіңіз жемісті, мәртебеңіз
биік, абыройыңыз асқақ болсын!
Жаратылыстану-география
ф акультетінің ұж ы м ы
Достарыңызбен бөлісу: |