Тілдік мақсат: Термодинамиканың бірінші заңының негізгі ұғымдарын жазбаша, ауызша сипаттау.
Пәндік лексика және терминология: Изохоралық процесс, изобаралық процесс, изотермиялық процесс, универсал газ тұрақтысы
Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: -Газ белгілі бір жұмыс істеп ішкі энергиясын кемітті. Осы процесте газға жылу мөлшері беріле ме?
-Неліктен ағашты бұрғымен бұрғылағанда бұрғы қызады?
-Идеал газдың бірдей массасын 1К қыздырайық: бірінші тұрақты көлемде екінші рет-тұрақты қысымда. Осы жағдайлардың қайсысы көбірек жылу мөлшерін алады?
-Газға жылу мөлшері берілгенде оның ішкі энергиясы кеміді делік. Мұндай жағдайда газ жұмыс жасай ала ма?