Мґлшерлік сілтемер



бет1/10
Дата28.04.2023
өлшемі243 Kb.
#87915
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қарағанды қаласы - 1


МАЗМҰНЫ


Кіріспе.........................................................................................................................5
1. Жобалау үшін бастапқы мәліметтер...................................................................6
1.1. Бас жоспар...........................................................................................................6
2. Көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдері ....................................8
2.1 Көлемдік-жоспарлау шешімі . ...........................................................................8
2.2 Конструкциялық шешімдері...............................................................................8
2.3 Ғимараттың ішкі және сыртқы әрлеуі ..............................................................12
2.4 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету......................................................................12
2.5 Құрылыс конструкцияларын тотықтанудан қорғау шаралары.......................13
2.6 Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары .............................................................13
2.7 Инженерлік қондырғылар...................................................................................15
2.8 Өрт хабарлайтын құрылғылар............................................................................17
3 Қоршау конструкцияларының жылу техникалық есебі.....................................19
3.1 Сыртқы қабырғаның жылу техникалық есебі...................................................19
3.2 Төбе жабынның жылу техникалық есебі.........................................................20
Қорытынды.................................................................................................................21
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................23

КІРІСПЕ



Әр түрлі тағайындалған құрылыс объектісінің жобасын өңдеу ҚР ҚЖ А.2.2-1-2001 «Мекемелер, үйлер мен ғимараттардың жобалық-сметалық құжаттарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы ретіндегі нұсқау», Бұл нұсқау мекемелердің, үйлер мен ғимараттардың құрылысының жобалық сметалық құжаттарының өңдеу, келісу, бекіту және құрамын анықтайды және Қазақстан Республикасының аумағындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс мекемелерінің пайдалануына тағайындалған.
Ғимаратты жобалау дегеніміз оның арналуына байланысты пішіні мен өлшемдерін анықтау, ғимаратта сәулеттік кескінін беру, тиімді пайдалану сапаларын қарастыру және құрылыс пен пайдалану кезінде аз еңбек шығыны мен қаражатты шығарып, тиісті материалдары мен құрылымдары арқылы ғимараттың жеткілікті беріктілігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуді анықтау болып табылады.
Ғимараттың жобасы деп салуға арналған ғимаратты толық сипаттайтын техникалық қүжаттардың толық жиынтығын айтады. Жоба сызбалар, түсініктеме жазба мен сметалардан тұрады. Сызбалар ғимараттың көлемді-жоспарлық және құрылымдық шешімдерін толық қамтуы тиіс.
Жобалық – сметалық құжат бекіту уақытынан бастап үш жыл ішінде пайдалануға жарамды. Бұл уақыт біткеннен кейін жобалық–сметалық құжатқа қажетті өзгертулер енгізіледі.
Жобалық – сметалық құжат негізінде екі кезеңде өңделеді:

  • бірінші кезең – жоба, белгіленген тәртіп бойынша бекітуге тиісті жоба.

  • екінші кезең – бекітілген жобаның негізі бойынша жасалынатын жұмыстық құжаттар.

Техникалық тұрғыдан күрделі емес объектілердің құрылысы типтік жобалық, типтік жоба шешімінің және де қайта пайдаланылатын жобалық негізінде жүргізілетін болса, олар үшін құрамында бекітуге тиісті бөлім және жұмыстың жоба жасалынуы мүмкін. Объект құрамына қажетті сметалық құжаттарды жасау жұмысын белгілі бір жобалау қызметінің аумағына сәйкес келетін белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар айналыса алады.
Жобаның бас жобалаушысы негізінен объектінің жобалық – сметалық құжаттарының реттік қатарында тұрған кезеңдерін жасайды. Атқарылып жатқан жұмыстарға авторлық қадағалау жүргізеді және біткен құрылыс объектісін қабылдап алуға қатысады. Жобаның бас жобалаушысы бекітілген жобаға қызығушылық білдіруге тиемелді келісімдері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет