2.4 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жобаланған тұрғын үйдің бас корпусыының ағаш конструкцияларын оттан қорғайтын тұздар ерітінділерімен өңдеу 3.04.03.2012 ҚР ҚЖ – ға сәйкес орындалады. Тұрғын үй 2.01.02.2012 ҚР ҚЖ «өртке қарсы нормалар» талаптарына сәйкес салынады. Су желілерінің үйге кірер тұсында өрт сөндіретін желіні жалғау үшін диаметрі 160мм жалғайтын қалпақша қойылады. Сырттағы өртті сөндіру үшін алынатын су шығыны -16 л/сек
Өртке қауіпсіздігі бойынша бас корпус «Д» котегориясына жатады. Өрт кезінде адамдарды ғимараттан эвакуация жасау үшін жобада ені 1,8 м болатын 2 есік, ені 1,5 м болатын екі есік қойылған. Жоғарғы қабаттан екі баспалдақ арқылы эвакуация жасайды. Алғашқы қорғаныс құралдары (өртсөндіргіштер, су, шелек, т.б.) эквуацияға сәйкес (есік, терезелер сыртқа қарай ашылады.) өрттен қорғаныс сигналдары тағы басқалар қарастырылып әр 50 м сайын қойылған. Тұрғын үйде негізінен өртенбейтін құрылыс конструкциялары жобаланған, өртсөндіргіш гидронттарға автомашиналар еркін кіріп шыға алады. Өрт сөндіру бөлімшесі 2,5 км қашықтықта орналасқан.
2.5 Құрылыс конструкцияларын тотықтанудан қорғау шаралары
Құрылыс конструкциясының тотықтан қорғаныс шаралары ҚР ҚЖ 2.01.19-2004 «Құрылыс конструкциясын тотықтан қорғау» құжатына сәйкес жасалынған.
Құйылмалы темірбетон конструкциясындағы арматуралардың қорғау қабаттары ҚР ҚЖ 2.03.01-2013 «Бетон және темірбетон кострукциялары» құжатына сәйкес қабылданған.
Барлық топырақпен жанасатын бетон және темірбетон конструкциялары үшін сульфат төзімді портладцемент құрамды бетон қолданылады.
Бетонды және темірбетонды конструкциялардың топырақпен жанасатын беттері ыстық битуммен 2 рет боялады.
Іргетастың жоғарғы деңгейінде цементті ерітіндіден қылыңдығы 20мм горизонтальді гидроизоляция жасалынады.
Барлық металлдан жасалған элементтер арнайы бояулармен немесе тотыққа қарсы эмалдармен боялған. Металл элементтерінің бетін бояғанға дейін оны алдын–ала тотықтан, қабыршақтан және кірден тазалап алу тиіс.
Ағаш констукциялары жанудан және шіруден қорғау үшін арнайы қосымшалармен өңделген. [23]
Достарыңызбен бөлісу: |