Шуға және дыбыс өткізгіштікке қарсы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар.
Желдеткіш қондырғылар дірілдеп қорғағыш негізі бар алаңша орнатылған.
Жеңілдеткіш қондырғыларынан ауа құбырына берілетін діріл мен шуды азайту үшін олардың арасына жұмсақ қондырғы орнатылған.
Дірілдегіш және соққы алаңшаларының іргетастары дірілден қорғайтын етіп жасалды. Серпімді тірек ретінде дірілдеткіш алаңшаларда бұрандалы темір пружиналар мен басқа да серпімді элементтер қолданылады.
Шудан қорғайтын ағаштар, жасыл желектер отырғызылған. Ауа бассейінін тазарту үшін де алаңды көгалдандырудың маңызы өте зор. Сондақ –ақ өндіріс қалдықтарын, әртүрлі қолданылған қалдықтарды ұйымдасқан түрде тазалап тұру қарастырылған.
Шудың ластануы (акустикалық ластану, ағылш. Noise pollution, нем. Lärm) - тірі организмдер мен адамдардың тіршілік әрекетін бұзатын антропогендік шыққан тітіркендіргіш Шу. Тітіркендіргіш Шу табиғатта да бар (абиотикалық және биотикалық), бірақ оларды ластану деп санау дұрыс емес, өйткені тірі организмдер эволюция процесінде оларға бейімделген.
Шудың ластануының негізгі көзі көлік құралдары - автомобильдер, теміржол пойыздары, кемелер мен ұшақтар.
Қалаларда тұрғын аудандардағы шудың ластану деңгейі дұрыс емес қалалық жоспарлау арқылы едәуір артуы мүмкін (мысалы, әуежайдың қала ішінде орналасуы), қалалардағы шудың ластануының басқа маңызды көздері өнеркәсіптік кәсіпорындар, құрылыс және жөндеу жұмыстары, автомобиль дабылы, желдету жүйелері, иттердің үруі, шулы адамдар және т. б.
Постиндустриалды дәуірдің басталуымен адам үйінің ішінде шуылдың ластану көздері (сонымен қатар электромагниттік) көбірек пайда болады. Бұл шудың көзі-тұрмыстық және кеңсе жабдықтары.
Батыс Еуропа халқының жартысынан көбі шу деңгейі 60-65 дБ болатын жерлерде тұрады.
2.3 Тұрғын үйдің ішкі және сыртқы әрлеуі
Тұрғын үйдің қасбеттері –кірпіш қабырғалар үстіне «Аспол» әрлеу материалдарымен жасалған қабаттан тұрады. Ішкі қабырғалар әк ерітіндісімен сыланып, әктеледі. Ал су көп қолданылатын бөлмелерде қабырғалар 2.1. м биіктікке дейін күйдірілген шынытас торлармен әшекейленеді. Одан жоғарғы жағы цемент құм ерітіндісімен сыланып әкпен әктеледі.
Дәліздер мен кіре беріс бөлмелер және вестибюль баспалдақ торлар 1,8 м биіктікте майсырмен 3 реттен сырланады. Жоғарғы жағы әктеледі. Есік пен терезелер тегістеу мен алифпен алғашқы сырланудан кейін май сырмен 2 реттен сырланады.
Достарыңызбен бөлісу: |