Мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету



бет1/2
Дата13.10.2022
өлшемі23,57 Kb.
#42972
  1   2

Мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету
Имангалиева Р.С
Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектептің педагог- психологы
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамымыздың көзқарасы өзгерген сайын, оларды оңалту жолдарына, мүмкіндіктеріне жол ашылуда. Осы орайда балаларға білім беру үшін ата- ана, құрдастары, ұстаздар тарапынан көп еңбек, кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым ұғымдарды түсіндіру, жеткізу оңай емес және әсер ету жолдары да әртүрлі болып келеді. Ұстаздық ізденіс- әр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастау алады. Өзім қызмет етіп отырған жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектепте 2020-2021 оқу жылында даму мүмкіншілігі шектеулі 7 оқушы бар . Олардың 3-еуі үйден оқитын оқушы. Мектебімізде балаларды психологиялық жағынан оңалту үшін тәрбие сағаттары, тәрбиелік іс-шаралар, түзету-дамыту жаттығулары, тренинг сабақтар, денсаулық апталықтары, ертегі, еңбек терапиялары, дөңгелек үстел, қайырымдылық акциялары жүргізілуде. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың физиологиялық және психикалық дамуындағы ерекшеліктер ескеріле отырып, дамыту бағдарламасы жасалған. Балалардың жас айырмашылықтарына қарай топтар құрылып, осы бағдарлама бойынша деңгейлік жұмыстар жүргізіледі.
Әр бала жеке тұлға. Біреулер тез дамыса, енді біреулері ақырын дамиды. Әр баланың дамуына байланысты түзету-дамыту сабақтарын жобалап, таңдап өткізген өте тиімді. Педагог пен психологтың біріккен іс-әрекеті, баланың психологиялық ерекшеліктерін түсіну негізінде, балаға деген жеке ықпал жасауын қамтиды, дер уақытында баланың психикалық дамуындағы және тәртібіндегі бұзылыстарды анықтауға мүмкіндік береді және оған қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің берілуін қамтиды.
Оқу жылы басында мүмкіндігі шектеулі балалармен диагностика жүргізіліп, психокоррекциялық жұмыс жоспары жасақталып, түзету- дамыту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету.
Негізгі міндеті — әр бала тұлғасының потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту үшін оптималды психологиялық-педагогикалық жағдайларды туғызу негізінде, мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуындағы (ақыл-ойындағы, эмоцияларындағы, мотивацияларындағы, мінез-құлқындағы, ерік- жігеріндегі, қимылындағы және т.б.) ауытқуларды психологиялық-педагогикалық түзеу.
Коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген қатынастың психологиялық-педагогикалық позициясын көрсетеді: арнайы білім беру жүйесіне баланы келтіру, түзеу емес, ал аталмыш арнайы білім беру жүйесін, мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуын, тәрбиеленуін, оқуын қамту үшін, коррекциялау, түзеу (бейімдеу) қажет.
Психологиялық-педагогикалық коррекция – бұл баланың оқудағы, тәртібіндегі, басқа адамдармен, балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі мүмкіндіктерін жоғарлатуға, оның потенциалдық мүмкіншіліктерін, шығармашылық резервтерін анықтауға бағытталған психолог пен педагогтардың біріккен іс-әрекеті.
Осыған байланысты мектебімізде ,педагогикалық үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар, оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша кешенді түзетушілік педагогикалық қолдау жасалып отыр. Ерте жасалған диагностика мен дер кезіндегі түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке даму траекториясы бойынша өсуіне жағдай жасайды. Сондықтан, әлеуметтік-педагогикалық қолдау міндеттерін жүзее асыруда арнайы (түзету) білім беру ұйымдар педагогтарының, соның ішінде әлеуметтік педагог, психолог және арнайы педагогтардың ролі басым.
Сабақ арасында сергіту сәттері, тыныс алу жаттығулары міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Бұл кездегі ең қиыны – баланың танымдылық қабілетін арттыру.
Егер, ондай қабілеті болмаған жағдайда баланың оқуға деген қызығушылығын туғызу қиын болады. Балалардың танымдық қабілеттері дамымай қалмайды, бірақ шала күйінде қалады. Міне, сол уақытта бұл балалармен психологиялық ойын терапиясын жүргізу қажет. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіруге көмектеседі. Коррекциялық ойындар баланың психикалық саулығын сақтап, нығайтуда аса маңызды рөл атқарады. Ойын барысында балалар жеңіске жетуге тырысады, берілген тапсырманы жақсы орындап шығады. Бұдан кейін мүмкіндігі шектеулі бала өзінің тапсырманы орындай алатынына сенімділігі арта түседі, қызығушылығы оянады. Ол көз алдында өсіп, жаңа, өзге іс-әрекеттерді жасауға ұмтылады.Түзету жұмыстары барысында жасаған жұмыстарына сын көзбен қарауға үйреніп қана қоймай, салыстырмалы түрде бағалауға , өзгелердің сындарын қабылдай және текшелей алуға , керек кезінде жолдастарын қолдауға, көмек қолын созуға үйренеді. Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық- педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты , көрнекілік және ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа аламыз. Дегенмен, осы балалармен жүргізілетін жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен, оқу сабақтары балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға , коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері арасындағы байланыс , яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірілуімен қатар , жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту , еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында балаларға болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс жасау , еңбекке деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайталап жасап көрсету керек. Бірнеше қайта жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал, танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді. Жас ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы орындаса қуанып мадақтауды , қолдауды ұнатады. Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып , олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарым- қатынастың қалыптасуына әсер етеді. Осындай жұмыстар барысында дамуында проблемасы бар балалар белсенділік көрсетіп, өз беттерінше жұмыс істей алуға, түрлі жағдаяттар барысына сай әрекет етуге, өзін өзгелердің бағалауына парапар ұстауға үйренеді.
Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының т.б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады. Ал, бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін мұндай балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі жұмыс атқаруы қажет. Онда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің барлық бағыттарына жетекшілік ететін қызмет координаторы, мұғалім, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Яғни, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Баланы психологиялық- педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады. Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жан-жақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық. Аталған қағидаларды ескере отырып, әр психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету қызметінің маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Қорыта келсек, мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл? Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан- дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет