Мүмкіндігі шектеулі балаларды жаппай білім беру мекемелеріне интеграцияланған оқытуды жүзеге асырудың негізгі кезеңдері искакова Дарина Аркабаевна


Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына жататындар



бет2/5
Дата25.11.2023
өлшемі31,92 Kb.
#127869
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-112916

Мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына жататындар:
1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар еститін, саңыраулар);
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, соқырлар);
3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігі бар балалар;
4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;
6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;
7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар балалар;
8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарда мүгедектерге деген қоғамның қатынасы, олардың ерекше мұқтаждықтарына сыртқы ортаның бейімделмеуі салдарынан, денсаулық күйі, сырт бейнесі, дамуындағы ауытқулар немесе кемістіктер, аурудың нәтижесіндегі функционалды қиындықтары болады. Соған байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған білім беру мекемемелері арнайы оқу жүйелерін іске асырды.
Интеграциялық білім беру ерекше қажеттілігі бар, еңбек ету қабілеті шектеулі тұлғаларды қоғамға біріктіру, сол адамға теңдік жағынан қамтамасыз ету. Сонымен қатар арнайы оңалту жағдайын ұйымдастыру процессі. Л.С. Выготскийдің анықтауынша, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру жағдайын қамтамасыз ету – дегеніміз оларды қалыпты балалармен бірге оқыту, тәрбиелеу және дамыту. Шетелдерде біріктіріп оқыту процессі ертерек қолға алынған. Ал біздің елімізде бұл оқыту жүйесі енді қолға алынған. Сол сияқты біріктіріп оқытудың екі түрі берілген:

  1. Интералдық бұл арнайы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар біріктіріліп оқытылады. Мысалы, нашар естейтін балалармен тіл кемістігі бар балалар бірге оқытылады.

  2. Енді келесі бір түрі – экстернальдық түрі. Бұл жалпы және арнайы білім беру жүйесінің біріктірілуі немесе қосылуы.

Соңғы уақытта интеграция терминімен қатар инклюзивті оқыту термині қолданылуда. Бұл дегеніміз – қосы білім беру жүйесі. Инклюзивті (қосу) білім беруді біріктірумен салыстырғандай кең, себебі тек білім беружағдайын ғана емес, тұлғаның қоғамдағы жалпы орнын көрсетеді жәнемемлекеттік – саяси шаралармен анықталады, бекітіледі. Интеграция – арнайы білім берудің ұйымдастырудың жаңа формасы. Яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім берумен тәрбиелеуді қалыпты балалармен біріктіре отырып оқыту, тәрбиелеу, дамыту және кемістіктерін түзету. Мүмкіндігі шектеулі адам, қоғамның басқа мүшелері сияқты білім алуға,өмір сүруге, жергілікті жерге жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, достарын таңдауға және олармен дос болуға, қоғамға сай қажетті адам болуына толық құқықты.
Мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі, дамуы тежелген балаларды біріктіріп тәрбиелеумен оқыту біздің елімізде соңғы 10 жылда педагогикалық ғылыммен тәжирибеде маңызды мәселеге айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет