Мүмкіндігі шектеулі балаларды жаппай білім беру мекемелеріне интеграцияланған оқытуды жүзеге асырудың негізгі кезеңдері искакова Дарина АркабаевнаМүмкіндігі шектеулі балалармен әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыттағы жұмыстар
stud.kz-112916
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру жүйесі көп, онда оқыту, тәрбиелеу үшін жағдай жасалған жалпы мектепте арнайы сыныптар ашылған. Бірақ бұл балалардың біраз бөлігі, сонымен қатар жалпы мектеп бағдарламасы бойынша білім ала алады. Сонымен, интеграция модельдерін қарастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялық оқытудың түрлері анықталады: 1) аралас түрлі интеграциялық оқыту – даму бұзылысы бар оқушы қалыпты деңгейлі құрбыларымен бір сыныпта оқиды, және де дефектолог–мұғалімнің, логопедтің, психологтың жүйелендірілген көмегін алады. 2) Жартылай – даму бұзылыстары бар оқушылар қалыпты деңгейлі құрбыларымен қатар білім беру бағдарламасын меңгере алмайды; бұл жағдайда олар жарты күнді арнайы сыныпта, басқа жыртысын қалыпты сыныпта өткізеді. 3) Уақытша – арнайы сыныптарда оқитын балалар қалыпты сыныптардағы оқушылармен айына 2 реттен кем емес бірге серуендеуде, мерекелерде, жарыстарда, тәрбиелік мәнді ісшаралар өткізуде кездеседі. 4) Толық түрдегі интеграциялық оқыту – даму бұзылыстары бар 1-2 бала балабақшаның қалыпты топтарына немесе сыныптарға қосылады (тілдік бұзылыстары бар балалар, нашар көретіндер немесе кохлеарлы имплантанттары бар балалар); бұл балалар психофизикалық, тілдік даму деңгейлері бойынша жас ерекшелік көрсеткіштеріне сай және де қалыпты деңгейлі құрдастарымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын; түзету көмегімен олар оқытылатын орындарында қамтылады. Қортынды: Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары. Ата Заңымыз Конституцияның «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педегогикалық түзету арқылы қолдау» туралы Заңның 4- тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15-бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-психологиялық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті. «Балалардың құқықтары туралы Конвенцияда» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23-баптарында нақты көрсетілген. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болсада, мәртебесі сау адамдармен тең дәрежелі. Атап айтқанда, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екендігі айтылған. Ойымды қорытындылай келе, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру қажет. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР ТІЗІМІ: Заң №39 –ІІІ ҚРЗ 2005 ж. 13 сәуір «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж. А. А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы» Алматы, 2008 ж. № 1. Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы. жүктеу/скачать 31,92 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |