«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»


  ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте метрикалық



Pdf көрінісі
бет14/42
Дата14.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#36831
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі


ТАҚЫРЫП. Арнайы мектепте метрикалық
ӛлшемдер жҥйесін оқыту әдістемесі 
«Өлшемдер» бөлімін оқыту маңызы және міндеттері. 
Арнайы мектепте оқушылар ұзындық ӛлшемдерімен, салмақтық 
ӛлшемдерімен, сыйымдылық ӛлшемдерімен және баға ӛлшемдерімен 
танысады, қарапайым құрал-саймандармен ӛлшемдерді жасауға 
үйретіледі. 
Осы тақырып бойынша сабақтар жалпылаудың қалыптасуына, 
орындалатын әрекеттердің мақсатттылығы мен дәлділігін жетілдіруге, іс-
әрекетін жоспарлауға үйретуді, әр жұмысты аяғына дейін жеткізуді 


46 
тәрбиелеуге, ӛзін-ӛзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік 
туғызады. 
Практикалық (тәжірибелік) іскерліктер мен дағдылардың қалыпта-
суының барысында балалардың зейіні, есте сақтауы, байқағыштығы 
дамиды, моторикасы (қимыл-қозғалысы), түйсіну (дене арқылы сезіну) 
мен кӛру арқылы сезінушілігі жетіледі. Осының бәрі Зияты зақымдалған 
оқушылардың танымдық іс-әрекеті мен тұлғалық қасиеттерін түзеуге 
бағытталған мідеттердің шешілуіне ӛз үлесін қосады. 
Ӛлшемдер бірліктерімен танысу барысында оқушылардың сан 
туралы кӛзқарастары кеңейеді. Олар санның тек заттар жиынтығын 
санау барысында алынатындығын гана емес, сонымен қоса ӛлшемдерді 
жасау нәтижесінде алынатындығына да кӛз жеткізеді. 
Аталмыш материалды оқу санаудың ондық жүйесінің зандылық-
тарын (уақыт ӛлшемдерінің бірліктерінен басқа, шамалар ӛлшемдерінің 
бірліктерінің арасалмақтығы санаудың ондық жүйесіне негізделген) 
жақсы ұғынуға, арифметикалық амалдар ұғымдларының кеңейюіне 
мүмкіндік туғызады (шамалар ӛлшемдерінің бірліктерін қолданып 
жазылған сандарымен де арифметикалық амалдар орындауға болады
заттар жиынтығын санау барысында алынған сандармен жасалынатын 
арифметикалық амалдар заңдарын ӛлшемдер барысында алынған 
сандарға да қолдануға болады). 
Сандармен әрекеттер жасай отырып, оқушылар тапсырманы 
алдын-ала талдаудың дағдыларын бекітеді, түрлі сандармен (түрі 
бойынша) жасалынатын әрекеттердің ұқсастығы мен айырмашылығын 
ажыратады. 
Аталған тақырыпты оқу математикаға оқытуды ӛмірмен тығыз 
байланыстыруға мүмкіндік береді: оқушылар күнделікті ӛмірде қажет, 
болашақ мамандық түрін игеруде де қажет практикалық (тәжірибелік) 
іскерліктер мен ӛлшеу дағдыларын алады, ӛлшеуіш сайман-құралда-
рымен- сызғыш пен рулеткамен (сантиметрлі лента) (сызғышты дұрыс 
қоюға, ӛлшеу бірліктерін сызғыштың нӛл және басқа да бӛлігінен 
бастауды үйренеді), таразымен (таразыны теңгеруді, шыны аяқты 
таразыда, циферблатты (тілі бар) таразыда ӛлшеуді жасауға уйренеді), 
сағатпен (сағат бойынша уақытты анықтауға, дәлділігі минутқа дейін) 
және т.б. дұрыс қолдануды үйренеді. 
Зияты зақымдалған оқушылардың аталған материалды меңгеру 
қиыншылықтары мен ерекшеліктері 
Аталған 
тақырып 
математиканың 
басқа 
тарауларымен 
салыстырғанда кӛптеген нақтылығына қарамастан, арнайы мектеп 
оқушыларына қиын. Бастауыш сынып оқушыларында да, жоғарғы сынып 
оқушыларында да шамаларды ӛлшеу бірліктері туралы нақты 
кӛзқарастары жоқ, бір шаманың ӛлшеу бірліктерін (сантиметрді 
дециметрмен және метрмен) және басқа да ӛлшем жүйелерін (метрді 
квадрат метрмен, тіпті кейде килограммен) шатастыруы байқалынады. 


47 
Оқушылар ӛлшеу бірліктері мен ӛлшеуіш құрал-саймандарды 
шатастырады.
Шамаларды ӛлшеу бірліктерін нашар білу және оларды ажырата 
алмау ӛлшем арасалмағын белгілегенде үлкен қиындықтарды туғызады.
Аталмыш тақырыпты оқу барысында оқушылар әр түрлі қателіктер 
жібереді. Мысалы, ӛлшеу барысында алынған сандармен амалдарды 
орындағанда атаулары кӛңілге алынбайды (4 м + 3 см = 43), бұл 
сандарды жазуда ӛлшем бірліктері орындарымен алмастырылады (5 м 
50 км), кейде амалдарды орындау барысында кездейсоқ атаулар жиі 
жазылады. 
Бұндай қателіктердің басты себебі болып әр ӛлшеу бірліктерінің 
кӛлемі туралы нақты кӛзқарастарының жоқтығы саналады. 
Зияты зақымдалған оқушыларға сонымен қоса жасалынған 
ӛлшеулердің дәл еместігі де тән. Бұл тәжірибеде ӛлшеу дәлділігінің 
мәнін түсінбеуімен, құрал-сайманды дұрыс қоя алмауымен, сәйкесті 
ӛлшеу бірлігін тандай алмауымен, ӛлшеу құрал-сайманы (сызғыш, 
таразы, сағат циферблаты) бойынша санауды жүргізе алмауымен, 
ӛлшеу нәтижесін дұрыс жаза алмауымен туғызылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет