«Мҥмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата14.06.2022
өлшемі1,34 Mb.
#36831
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
Байланысты:
Бегежанова Р.К. Мүмкіндігі шектеулі балаларға математиканы оқытудың арнайы әдістемесі

Жай бөлшектердің құрамын, оқылуын,
жазылуын өзгеруін оқыту әдістемесі 
Бӛлшек ұғымы үлес ұғымына сүйенеді және онымен тығыз 
байланысты. Бӛлшектерді оқу дайындық кезеңінің негізгі мақсаты болып 
үлестердің бейнелі образдарын қалыптастыру саналады. Бӛлшектер 
пропедевтикасының міндеттері: 
1. 
тұтас обьектілерді бірдей бӛлшектерге бӛлу іс-тәжірибесін 
оқушыларда қалыптастыру (2,3,4,5....10 бӛліктерге бӛлу) бӛлшектерден 
тұтасты құрастыру; 
2. 
тұтастағы үлестердің жалпы саның анықтау; 
3. 
балалардың сӛздігін жаңа терминдермен толықтыру: «бірдей 
бӛлшектер-үлестер» Үлестердің аталуы тұтасты неше бӛлшекке 
бӛлгеніне байланысты; 
4. 
бір тұтастық бӛлшектерді ӛзара бірдей екендігін кӛрсетеді;
5. 
тұтасты бӛлшектерге бӛлу әдістеріне үйрету сұйық затты құю 
барысында, ұнтақ затты құю, сызғыш пен қарандаш арқылы бӛлу, бүктеу; 
Бӛлшектердің құрамы. Бұл кезеңде балалардың заттар мен обьек-
тілерді қолдану барысынад түрлі практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру 
пайдалы: кӛлемді заттар (нан, алма), ұнтақ заттар (тұз, қант), сұйық зат 
(су), жазықтық заттары (геометриялық фигуралар). Заттар мен обьекті-
лер арқылы оқушылар үлестер (бӛлшектерді) тудыратын түрлы амал-
дар, іс-әрекеттер жасайды: бүгу, құю және т.б. 
Бӛлшектерді жазу. Оқушылардың бӛлшектер компоненттерінің 
маңыздарын саналы түсінуі жаттығуларжүргізу қажет: сызықтың астын-
дағы сан бӛлуді білдіреді, ол сызықтың үстіндегі сан алуды біліреді. 
Кейіннен балаларды бӛлшектер компоненттерінің аталуымен танысты-
рылады: бӛлімі мен алымы. Одан кейін мұғалім бӛлшектердің схемалық 
бейнеленуіне кіріседі.алғашқы уақытта оқушылар схемада бейнеленген 
бӛлшектерді тануда және атауда қиындықтарда ұшырайды. Бӛлшекті 
схемалық бейнелеу бӛлшектерінің пайда болуына әкелетін іс-әрекеттің 
нәтижесі болып саналады. Оқыту барысында алымы және бӛлімі бірдей 
бӛлшектерді салыстыру кестесі қолданылуы қажет. 
Бӛлшектерді жіктеу. Бұл материал оқушылардың заттық сараман-
дық іс-әрекеттін қолдану барысында қолданылады. Алдымен, бірден кем
бӛлшектердің құрамымен танысып жазады.Оқушылар алынған бӛлшек-
тердің алымы мен бӛлімін салыстырады, келесі тұжырымға келеді: алы-
мы бӛлімінен кем болады, ал бӛлшектердің ӛзі 1 саннан кем. Мұғалім 
дұрыс бӛлшек деген ұғымды кіргізеді. Одан кейін балалар кӛптеген 


91 
бүтіндерді қолданып, бір саннан артық бӛлшектерді алады. Келесі тұ-
жырымға келеді: бұл бӛлшектерде алымы бӛлімінен артық немесе тең, 
бӛлшектердің ӛзі 1 санынан артық немесе тең. Мұғалім бұрыс бӛлшек 
деген ұғымды кіргізеді.бұл ұғымдарды жіктеу үшін жаттығулар жүргізеді. 
Аралас сан туралы ұғым бүтін және бӛлшек сандарды жалпылау мен 
жіктеу кезеңіне беріледі. Оқушыларға аралас сан бүтін мен бӛлшек 
саннан тұрады деген ұғым беріледі.
Бӛлшектерді түрлендіру (кесте қолдану қажет): 
1. бӛлшектердің аз үлестерде кӛрсетілуі 
2. бӛлшектердің кӛптеген үлестерде кӛрсетілуі (1/10) 
3. бұрыс бӛлшекті аралас санмен алмастыру 
4. аралас бӛлшекті бұрыс бӛлшекпен алмастыру
5. бӛлшекті бірдей үлеспен бейнелеу. 
Сандағы бір немесе бірнеше бӛлікті табу. Бұл тақырыпты түсіндіру 
барысында да оқушылардың заттық-сарамандық іс-әрекетті қолданады. 
Балаларға 6 санының ½ бӛлігін табуды ұсынылады. Ол үшін оқушылар 6 
қарандашты 2 бірдей бӛлікке бӛледі. Әр бӛлікте 3 қарандаштан болады. 
Одан кейін оның 1 бӛлігін алады да, балалар келесі тұжырымға келеді: 8 
санының ½ бӛлігі 4-ке тең. Санның бірнеше бӛлігін табу үшін екі 
бірізділік арифметикалық амалға кӛңіл аудару қажет: бӛлуге және 
кӛбейтуге. 
Жай бөлшектермен орындалатын
арифметикалық амалдарды оқыту әдістемесі 
Бүтін сандармен орындалатын арифметикалық амалдарға ұқсас 
бӛлшек сандармен орындалатын арифметикалық амалдар да белгілен-
ген бірізділікпен жүреді: 

Бӛлімдері бірдей бӛлшектерді қосу мен алу: 
1) 3/8+1/8=4/8, 3/5-1/5=2/5 
2) 37+4/7=1, 1-2/5=5/5-2/5=3/5 
3) 2+4/1=2+1/4, 2+1/4-1/4=2, 2+1/4-2+1/4 
4) 1+1/8+3/8=1+4/8=1+1/2, 2+3/4-1/4=2+2/4=2+1/2 
5) 1+1/8+2+2/8=3+3/8, 3+3/8-2+2/8=1+1/8 
Бұл есептер балалардың заттық-сарамандық іс-әрекетіне сүйеніп 
қарастырды.бұл жерде бӛлшектерді түрлендіру де қарасатырылады.

Бӛлімдері әртүрлі бӛлшектерді қосу мен алу:
1) 1/2+3/8=4+3/8=7/8, 7/8-1/2=7-4/8=3/4 
2) 3/5+4/7=21+20/35=41/35=1+6/35, 3/5-4/7=21+20/35=1/35 
Бұл есептерді шығару барысында бӛлшектерді қысқарту 
қолданылады және бӛлімдері ортақ болуы қажет.

Бӛлшекті бүтін санға кӛбейту мен бӛлу. 
1) 
бӛлшекте бүтін санға кӛбейту 2/8x3=2/8+2/8+2/8=6/8 (кӛбейтуді 
бірдей қосылғыштарының қосындысында алмастыру). 
2) 
Аралас санды бүтін санға кӛбейту
3/2x3=9/2=4+1/2 (қысқарту тәсіліне кӛңіл аудару қажет) 


92 
3) 
бӛлшекті бүтін санға бӛлу: 
1/2:2=1/4
4) аралас санды бүтін санға бӛлу: 
2,2/3:5=8x1/3x5=8/15 
5) қысқарту арқылы бӛлу: 
6/7:3=6x1/7x3=2/7:3x3/4:5=15/4x1/5=3/4 
Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар: 
1. Арнайы мектепте бӛлшектерді оқыту міндеттері қандай? Маңызы 
неде? 
2. Арнайы мектепте бӛлшектерді оқыту барысында қандай әдіс-
тәсілдер қолданылады? 
3. Арнайы мектепте бӛлшектерді оқыту барысында қандай кӛрнекі 
құралдар қолданылады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет