83
уақыт ӛлшемінің
қатынастарына ауыстырады, 1 жылда 1000 күн, 1
сағатта 100 минут, 1 минутта 10 секунд бар деп түсінеді. Сондықтанда
уақыт ӛлшемінің ірі бірліктерін кішілермен кӛрсеткенде (360 минут = 3 с
60 мин), уақыт ӛлшеу бірліктерінің ірі және кіші бірліктерін қолдана
отырып жазылған сандармен амалдар орындау барысында (2 с 30 мин –
1 с 40 мин = 90 мин) қателіктер жібереді.
Зияты зақымдалған оқушыларда оқиғалардың болған уақыты мен
бірізділігі туралы түсініктері қиындықпен қалыптасады. Оларға бізден
жүз, мың, тіпті оншақты жылға қашықтаған
уақыт кесіндісін елестету,
түсіну қиынға соғады. Оларда ӛткенді жақындату тенденциясы байқалы-
нады: бұрынғы тарихи оқиғалардың кейіпкерлерін олар жақындағы
немесе бүгінгінің кейіпкерлері деп санайды.
Зияты зақымдалған оқушылар түрлі дәуірде болған фактілер,
құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланысты қиындықпен түсінеді,
олардың уақыттық түсініктері кӛп уақытқа дейін қарапайым-кӛрнекілік
деңгейінде қалады. Арнайы мектеп оқушылары үшін оқиға болған жылды
ғасырмен сәйкестендіру қиынға түседі. Мысалы, оқушылар, Ұлы Отан
соғысының басы мен аяқталған жылын
және XXI ғасырда тұраты-
нымызды біле тұра, ӛз бетінше 1941–1945 жылғы соғыс ХХ ғасырда бол-
ғаның кӛрсете алмайды.
Уақыттық түсініктер игеруге қиын, ӛйткені олар спецификалық
(ерекше). Олардың спецификасы (ӛзгешелігі, ерекшелігі) келесімен
түсіндіріледі:
1) уақытты сезім мүшелерімен қабылдауға болмайды: уақытты
басқа ӛлшемдерге (ұзындық, салмақ, кӛлем, аудан және т.б.) қарағанда
кӛруге, түйсінуге, сипап сезінуге болмайды;
2) уақытты жанама ӛлшеу, басқаша
айтқанда белгіленген уақыт
аралығында болған ӛзгерістермен ӛлшеу: ара қашықтықпен (жаяу кісі 1
сағатта 5 км жүрді), қимыл санымен (6 рет шапалақтадық – шамамен 1
секунд ӛтті), сағат циферблаты бойынша тілдерінің қимылы (минуттық
тілі 1 цифрынан 2 цифрына жылжыды – 5 инут ӛтті) және т.б.
3) уақытты ӛлшеу бірліктері арасындағы арасалмақтықтар (1 с = 60
мин, 1 мин = 60 с, 1 жыл = 365 (366) тәулік, 1 ай = 28 (29, 30, 31) күн, 1
жыл = 12 ай, 1 тәулік = 24 сағат және т.б.) басқа ӛлшемдердің (ұзындық,
бағасы, салмағы және басқалары) ӛлшеу бірліктерінің арасалмақтары-
нан ажыратылады, олар санақтың ондық жүйесінде кӛрсетіледі;
4) уақыттық терминологияның кӛптігімен (сонсон, ерте, енді, қазір,
алдында, содан кейін, тез, баяу, жақында, ұзақ және т.б.) және оны қол-
данудың салыстырмалылығымен («Кешегі ертең болған, ертең кеше
болады»).
Достарыңызбен бөлісу: