«Мұнай және мұнай өнімдері»



бет1/8
Дата04.10.2024
өлшемі144,73 Kb.
#146819
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба 10


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ




ҒЫЛЫМИ ЖОБА
«Мұнай және мұнай өнімдері»

Автор: «Химия» мамандығының
3-курс студенттері:Танаева У
Тарихова А
Тастанова Н
Ғылыми жетекші:физика-математика
ғылымдарының кандидаты «Физика»
кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Рыстыгулова Венера Ботабаевна


Алматы,2022


МАЗМҰНЫ







бет




КІРІСПЕ













1

МҰНАЙ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ ТАРИХИ
АНЫҚТАМА




1.1

Мұнайдың органикалық шығу тегі




1.2

Қазақстандағы алғашқы мұнай көздерінің ашылуы




1.3

Мұнай және мұнай өнімдері




1.4

Мұнайдың физикалық және химиялық













2

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ




2.1

Мұнайды іздеу-барлау жұмыстары




2.2

Ұңғыманы бұрғылау кезеңі




2.3

Мұнайды өндірудің əдіс-тəсілдері
















ҚОРЫТЫНДЫ
















ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




Жобаның тақырыбы: Мұнай және мұнай өнімдері



КІРІСПЕ
Проблеманың өзектілігі: Қазақстанның жер қойнауы минералдық қазба байлықтарына бай. Осы байлығымызды тиімді пайдалану экономикамыздағы ең өзекті басты мәселе. Сонымен қатар минералдық шикізатты өндіргенде, өңдегенде ауаға, суға, жер бетіне қалдықтар шығару арқылы табиғи ортаға зиян келтіріледі. Осы зиянды шектеу, азайту немесе болдырмау өндірістің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Табиғатты пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Зерттеудің мақсаты:Мұнай құрамындағы қоспаларды анықтап, өндірудің әдіс-тәсілдерін зерттеу.
Зерттеудің міндеттері:

  • Мұнай жайлы жалпыланған мағлұматтар алу.

  • Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамын анықтау.

  • Мұнай өндірудің негізгі әдістеріне теориялық зерттеулер жасап, тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің гипотезасы: Егер біз мұнай және мұнай өнімдерін экологиялық тұрғыда жаңа заманауи талаптарға сай игерсек, нәтижесінде экономикамызды едәуір көркейтеміз.
Зерттеудің әдістері:

Зерттеу нысаны: Мұнай өнімдері.
Зерттеу пәні: Мұнай алудың экологиялық таза жолын зерттеп, ұсыну.
Жобаның сипаттамасы: Жоба кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімінде мұнайдың шығу тегі, өнімдері мен қасиеттері жайлы баяндалған. Екінші эксперименттік бөлімде мұнай өндірудің әдіс-тәсілдері туралы қарастырылған.


1 МҰНАЙ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ ТАРИХИ АНЫҚТАМА

    1. Мұнайдың органикалық шығу тегі

Мұнай – құрамында газ тәрізді және қатты заттар еріген табиғи дисперсті сұйық көмірсутектер жүйесі.Мұнайда көмірсутектермен қатар, құрамында көміртек пен сутегіден басқа азот, күкірт, оттегі және басқа да элементтер бар гетероорганикалық гетероатомды қосылыстар кездеседі. Басқаша сөзбен айтқанда, мұнай - бұл газ тәрізді, сұйық жән қатты көмірсутекті қосылыстардың кең кешенін білдіреді. Табиғи мұнайдың шығу тегін зерттеушілер алдында тұрған басты қиындық, оның түзілуі туралы тура және сенімді мәліметтердің жетіспеуі – онда бастапқы органикалық ұлпалардың болмауы. Зерттеуші әртүрлі болжамға апаратын болжамдар мен жанама фактілерге ғана сүйенеді. Көптеген геологтар тірі материядан мұнайдың түзілгендігі туралы гипотезаны қолдайды.Мұнайдың бейорганикалық түзілу гипотезасын қорғайтын геологиялық және химиялық сипаттағы анық ұғымдарды келтіруге болады. Заманауи ғылымда мұнайдың шығуы туралы екі негізгі гипотезалар бар. Әрқайсысын жеке қарастырайық. Биогенді (органикалық) теория мәні мынада. Барлық жанғыш көміртекті қазбалар (мұнай, газ, көмір, жанғыш тақта тастар) генетикалық туыс түзілімдер болып табылады. Олардың барлығы әртүрлі геологиялық сатыларда жерде өмір сүрген тірі организмдердің шірік қалдықтарынан пайда болды. Мұнайдың түзілу көзі суаттар түбі мен су қабатында өсетін тікелей төмен сатылы өсімдіктердің (планктон, балдырлар және т.б.) органикалық қалдықтары болып табылады. Суаттарды қоршаған ортаның әсерінен өлген организмдер ыдырайды. Нәтижесінде мұнайда бастапқы өсімдік материалынан мұраға қалған және одан әрі оның түрлену барысында алынатын қосылыстар болады.
Алғаш рет мұнайдың органикалық шығу тегі туралы гипотезаны М.В. Ломоносов 1763ж айтқан. М.В. Ломоносовтың пікірінше, мұнай тасты көмірлерге жер асты оттарының әсер етуінен түзілді, нәтижесінде асфальттар, мұнайлар және тасты майлар пайда болды. Кейіннен осы гипотезаны растайтын көптеген тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. 1932 жылы И.М. Губкин мұнайдың биогендік шығу тегі туралы теорияны толық баяндағандай болды. Мұнайдың түзілуі үшін бастапқы зат ретінде сапропелді қарастырды. 
Сапропель – бұл тікелей төмен сатылы балдырлар мен суаттар микроорганизмдерінің шіріген қалдықтарынан тұратын органикалық тұнбалар (қайырлар). Органикалық қалдықтарға бай жер қабатына сапропелді қабат шөккен сайын ондағы қысым мен температура артады. Термокаталитикалық процестер нәтижесінде органикалық зат мұнайға айналады. Биогенді теориямен қатар, мұнайдың шығуының абиогенді (бейорганикалық) теориясы дамыды. Мұнайдың абиогенді шығу тегі туралы теорияны Д.И. Менделеев 1977ж айтты. Осы теория негізіне металдардың балқыған карбидтерінің сумен әрекеттесіп көмірсутектердің түзілу мүмкіндігі жатыр.
Өкінішке орай, бұл теория бір кен орнында мұнай құрамының алуан түрлі болуын, сондай-ақ мұнайды құрамында тірі организмдер қалдықтары бар шегінді жыныстардар табатындығын түсіндіре алмады. 1892 жылы В.Д. Соколов мұнайдың бейорганикалық шығу тегінің космостық теориясын ұсынды. Осы гипотезаға сәйкес мұнай Жер мен Күн жүйесінің басқа да планеталары түзілу сатысында космостық материяның басқа түрлерімен Жерге түсуі мүмкін космостың біріншілік көмірсутектері-нен түзіледі. Бұған да негіз бар, өйткені кометалар көмірсутекті газдар мен көміртек атомының бар екендігі анықталған, ал сутегі болса космоста кең тараған.
1960 жылы Н.А. Кудрявцев мұнайдың шығу тегінің магматикалық гипотезасын ұсынды. Бұл гипотезаға сәйкес мұнай магмада азғана мөлшерде тузіледі, ал сосын кеуек құмдақты толтыра отырып сызаттар мен жыраттар арқылы жоғары көтеріледі. Бұл процестер қазір де жалғасуда. Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет