Мұнай зауытының технологиялық процестері


Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңы



бет11/16
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19561
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
3.2 Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңы

Қазақстан Республикасының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» заңы 1993 жылғы 22 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша «Еңбекті ќорғау туралы» заңына өзгертулер енгізіліп 2004 жылдың 28 ақпанынан бастап қолданысқа енгізілді. Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбекті қорғау жағдайларын жақсартуға бағытталған баптар енгізілген.

Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі (24 бап).

Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қадағалауға құқығы бар (24 бап).

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар (29 бап). Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды (31 бап).

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.

Еңбекті қорғау түсінігі. Енбекті қорғау түсінігінің аясына заң актілерінің жүйесі, әлеуметтік –экономикалық және емдеу-профилактикалық шаралары кіреді және еңбек процесінде адамның денсаулығын, жұмыс қабілеттігін сақтауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғаудың деңгейін көтерудің ғылыми зерттеулерсіз негізі болмайды. Осы шақта онымен бірқатар еңбекті қорғау саласындағы маманданған институттар, лабораториялар, көптеген салалық академиялық институттар айналысады.

Әкімшілік-техникалық персоналдардың негізгі міндеті болып құрал-жабдықтардың санитарлық және қауіпсіздік жағдайын бақылау, жұмыс орындары мен ғимараттардың қауіпсіздігін бақылау, кәсіби жарақаттардың, уланулардың аурулардың себебін анықтау және күресу, техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитариядан нұсқаулар мен оқытулар жүргізу, өнеркәсіптің экспертизациясын жүргізу шараларын бақылау мен іске асыру болып табылады.

Жұмысшыларды техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияға оқытуды, нұсқаулармен түскен окиғалар арқылы жетілдіріп отыру керек.

Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Өндірістік объектілерді өндірістік жағдай бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет.

Мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуі мен бекітуінің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Ал бұл заңдарды Қазақстан Республикасының Парламенті бекітеді.

Төтенше жағдайлар және мемлекеттік қор министрлігі. Бұл министрлік өндірістік кәсіп орынның техникалық қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігін қадағалайды. Бұлар кәсіп орындарды тексеріп кемшілік немесе заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісінше шаралар қолданады. Келесі ұғымдар қолданылады:

-еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

-еңбек қауіпсіздігі жағдайлары – қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсері жоқ не олардың әсерінің деңгейі қауіпсіздік

нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек ж жасаған еңбек жістік жабдықтың қауіпсіздігі - өндірістік жабдықтардың өз функцияларын орындауы кезінде нормативтік-техникалық және жобалау құжаттамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

-өндірістік процестің қауіпсіздігі - өндірістік процестің норматиытік-техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;

-еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістік еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбектң қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау.



Денсаулық сақтау министрлігі. Кәсіп орындағы санитар гигиеналық жағдайларды қадағалайды. Келесі ұғымдар қолданылады:

-зиянды өндірістік фактор – оның әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуінге әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

-зиянды (ерекше) еңбек жағдайы – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

-еңбек гигиенасы – қызметкердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;

-еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мониторингі - өндірістік еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ республикадағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбектң қорғаудың жай-күйін бағалау және болжау;

-еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және олар қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерден, рәсімдерден және өлшемдерден тұруға тиіс;

-өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет