Мұнай зауытының технологиялық процестері


Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары



бет15/16
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19561
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
4.5. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Мұнай өңдеу зауыды территориясын, өндірістік объектілерді, ғимараттарды және жабдықтарды қамту өрт қауіпсіздігінің негізгі тәртіптерінің бірі - өндірістік обхъектілерді таза және тәртіпті ұстау. Өндірістік территориялар мен бөлмелер тез жанғыш және сұйықтармен, сондай-ақ қоқыс және өндіріс қалдықтарымен ластанбауы керек. Мұнай тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтар, ашық шұңқырлар мен амбарларда сақталмауы керек.

Мұнай өңдеу зауыды өндірістік объектілердегі, су қоймаларына өрт гидранттарына және өрт сөндіру құралдарына баратын барлық жолдар қалыпты күйінде болуы керек. Мекеме территориясында мекеме бастығының өрт қауіпсіздігі қызметімен келісіліп, рұқсат етілген жерлерден басқа да жерге о жағуға тиым салынады. Сондай-ақ өртке, жарылысқа қауіпті деген объектілерде темекі шегуге тиым салынады. «Темекі шегуге болмайды» деген жазулар жазылады.

Жабдықтар мен коммуникацияларды гермотизациялау. Жабдықтар қосылыстары мен коммуникация гермотизациясындатұрақты кіші саңылау, лабиринтті нығыздау, нығызадау беттеріне сақина, монжет және набивкарды (сальникті нығыздағыштар) қысу керек.

Лабиринтті нығыздағыштар жоғарғы температурада жұмыс істейтін тез айналатын білігі бір жабдықтарды және маңызды қозғалмайтын қосылыстарды герметизациялау үшін қолданады (фонтанды арматура, бұрғылау сораптарының байланыстары және т.б).

Сальникті нығыздағыштарға азбестен, полиэтиленнен т.б материалдардан жасалған жіптер қолданады.

Мұнай және газ өндірісіндегі ажыратылатын қосылыстардың басым бөлігі құбырларға келеді. Құбырлардың резбалық қосылыстары пенокты және леанды өндірістік желілермен, бояулармен және арнайы пасталармен нығыздалады. Фланецті қоспаларды нығыздау үшін картон, резина және т.б. материалдар қолданады. Жоғарғы қысымда жұмыс істейтін фланецті қосылыстар металл сақиналармен ғнығыздалады. Көптеген мұнай және газды жинау және тасымалдау жүйесін герматизацияланғаннан кейін жақсартады.

Үлкен емес қысымда жұмыс істейтін аппараттарды герметизациялау үшін, минералды маймен, глицериннен немесе бсқа сұйықпен толтырылған гидравликалық затворлар жиі қолданылады.

Жабдықтардың жекелеген түрлерінде герметизация қысымның қосылыссыз берілісін қамтамасыз ететін бөлгіш мембраналар көмегімен жасалады.

Технологиялық процесстерді механикаландыру және автоматтандыру. Мұнай және газ өндірісіндегі механикаландыру және автоматтандыру деңгейін жоғарылату басқа да негізгі мәселелер сияқты (еңбек өнімділігін арттыру) қол жұмысын механикалық жұмысқа ауыстыру процестердің өрт қауіпсіздігін төмендетуге едәуір ықпал жасайды. Оларға мысал ретінде бұрғылау қондырғысына ұңғыма шаю сұйығын автоматты түрде құюды, ұңғыма жағасындағы превенттер қондырғысының жабдықтарын, сондай-ақ сазды ерітіндінің тығыздығы мен тұтқырлығын үздіксіз жазып отыратын құрамды келтіруге болады.

Бұлардың барлығы ашық фонтандау ықтималдылығын азайтып, бұрғылау процесі кезінде өрт пайда болу қаупін төмендетеді.

Мұнай мен газды өндіру процесі кезінде өрт қаупін азайтуда топтық өлшеу қондырғыларын, сорапты пунктерді және станцияларды, басқа да объектілерді автоматтандыру мен механикаландыру маңызды роль атқарады. Ұңғымаларды автоматтандыру негізгі технологиялық параметрлерді басқаруда және авариялық режимдер кезінде тоқтатуды қамтамасыз етеді.

Ластанған мұнай ыдыстарын тазалау кезінде өрт қауіпсіздігін азайту үшін тазалау процестерін механикаландыртады (гидроэиватор және басқа да құралдарды пайдалану).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет