3.4 Объектідегі қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
Мұнай өңдеу зауыды өте күрделі технологиялық процес болғандықтан, өндірісте кездесетін кез келген қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың бәрі кездеседі. Газ проводында оның қысымын қалыпты ұстау жүйесінде жұмыс агентін қабатқа жоғары қысым мен (15 мПа – ға дейін) және жоғары температурада (70-800С) айдайды. Сондықтан негізгі көңілді техника қауіпсіздігі жағынан төзімділікке, беріктілікке және бақылау, өлшек құралдарының су құбырларының, сорапты және технологиялық қондырғылардың жылылықты өткізбеу қасиеттеріне бөлеміз.
Қ.Қ.Қ.Ұ жүйесінің құрылыстарына, бу қазандықтары, турбина цехы, электр шаруашылығы, су алатын ұңғылар, су жинауға арналған бассейндер, тазарту құрылыстары бұталы сорап, станциялары, су өткізу линиялары және тағы сол сияқтылар жатады.
Айтылған құрылыстардың қызмет ету кезіндегі қауіпті және еңбектілікті қажетететін кездер тазарту кезінде фильтрді жуу және коммуникацияларда – олардың қызметіне және жағдайына қарамастан төмендегі жағдайларда қандай да болсын жұмыс істеу рұқсат етілмейді.
жұмыс орнында газ иісінің болған жағдайда.
шу мен вибрация кезінде.
Жарық болмаған кезде.
Жұмыс орнының немесе территория электр қауіптілігі кезінде.
Керекті қорғану құралдарының болмаған немесе қолдануға жарамай қалған кезінде.
Жайсыз метеорогиялық жағдайларда.
Жұмыс бөлме механикалық қоздырғышымен ағынды сорап алатын вентиляциямен жабдықталған болуы керек.
Тез тұтанғыш заттар және материалдар үшін бөлмеден тыс, СН – 433 көшірілген қашықтықта ыдыстар мен контейнерлер қондырамыз.
Сораптардың және трансмиссиялардың қозғалтқыштар механизмдерінің барлық қорғау және айналу бөліктері сенімді берік, жинақты металмен қоршаулы болады. Айналу бөлігінің сыртқа шығып тұрған бөлшектері /біліктің шпонкасы, шуфталық жалғаудың болттары т.б), бүкіл айналу шеңбері бойынша қаптамамен қаптайды. Механизмнің қоршалған бөліктерінің жөндеу және байқаулы қоршауды алып тастау жұмыстар тек қана механизмді тоқтатқаннан кейін ғана істелінеді. Агрегаттардың іске қосу автоматтарын арынды келте құбырлардан қауіпсіз ара қашықтықта орналастырамыз. Қысымды барлық құбырлардың феаценті қосылыстары металды қаптамалармен қапталады. Электр энергиясының ажырау кезінде өзіндік жіберілуін болдырмау үшін майлы сөндіргіштер қолданылады.
Шоғырланған сорап станцияларының момфальды арқылы айддау ұңғымаларынан судың қайта жіберілуін болдырмау үшін сораптың шығысында кері клапандар орнатылған. Электр жабдықтары жерге қосылған. Жарықтандыру жарылу қауіптілігі атқаруында орындалған. Электр бөлу қалқандары металды сеткалы қоршаумен қоршалған.
Жұмыс жабдықтары және КИПиА қалқандары бөлек бөлмелерде орналасқан. ББСС – та өрт қалқаны, құрғақ құммен толтырылған жәшік, өрт сөндіру сульвинтілі болады.
Сағаны жабдықтамас бұрын қондырғыны беріктілікке сынайды. Паспорттағы келтірілген қысым бойынша, қондырылғаннан кейін оны рұқсат етілгеннен аспайтын қысыммен сығымдайды. Су құбырларының фланецінде қатайту сақианалары жоқ, айдау ұңғымаларын жабдықтауда қорғану қаптамаларын орнатады.
Сағаның жабдықтарын бөлшектеу алдында су құбырын ажырату қажет және «Ашпа» деген ескерту белгісін іліп қою қажет.
Ысырмаларды, жапқыштарды, төсемелерді немесе қатайту сақиналарын ауыстыру кезінде фланецты қосылыстың ажырайтын бөлігінің алдында тұруға рұқсат етілмейді. Ысырмаларды штурвал кілтінің көмегімен ашып, жабу керек.
ПТБ – 10/160 қыздыру пешін қолдану кезіндегі техника қауіпсіздігі.
Пештің жылу алмасу камерасының жоғарғы бөлігінде үш сақтандырғыш (жарылғыш) клапандар бар, олардың жағдайын байқау үшін пештің алаңы бар, оған жеңіл баспалдақпен көтерілуге рұқсат етіледі. Пешті жандыру автоматты түрде іске асады. ПТБ – 10/160 пешінің автоматизация жүйесі өз алдына бір бөлек блок. Бүкіл электр жабдықтары жерге қосылған. Қызметкерлерді күйдіру қаупін туғызатын бүкіл құбырлар алшақтатылған немесе қоршалған. Жабдықтарды жөндеу.
Өндірістік санитария.
Еңбек гигиенасы деп - өндірісте жұмыс істейтін жұмысшы организмі мен ұжым денсаулығына еңбек жағдайының әсерін зерттетін саланы айтамыз.
Өндірістік санитария еңбек гигиенасының ғылыми жағдайларын практикада қолдануға қызмет етеді және санитарлық құрылымның мекеме мен жабдықтардың пайдаланумен қалыпты жағдайында ұстап тұру сұрақтарымен жұмыс орнында, өндірістік ғимараттарда және мекеме аумағында еңбек жағдайларының шарт – талаптарын игерумен айналысады.
Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы жұмысшылар денсаулығына кері әсерін тигізетін факторларды болдырмауға және өндірісте жұмысқа қалыпты жағдай жасауға бағытталған.
Адам денсаулығына қоршаған орта температурасынан, оның ылғылдылығынан, қозғалу жылдамдығынан және қызған заттардан сәулеленуден құралған микроклиматтық жағдайлар едәуір әсер етеді.
Өндірісте жұмыс істейтіндер жұмыс уақытының үлкен бір бөлігін өндірістік ортамен тікелей байланыста өткізетіндігі белгілі. Өндірістік жағдай кезінде техникалық және технологиялық процестер (ұңғыманы бұрғылау, мұнай өндіру, дайындау, тасымалдау, жоғалту және т.б) және басқа да өндірістік процестер кезінде ауаға зиян көмірсутекті газдар мен будың бөлінуі шудың, вибрацияның пайда болуы; температуралық, ылғалдылықтың өсуі немесе азаюы мүмкін. Бұл факторлар әр түрлі үлес мөлшерінде кездеседі, сондықтан да егер олардың алдын алмаса, жеке қорғаныс құралдары болса да адам организміне зиян тигізуі мүмкін. Мекемелердің еңбек жағдайының кері әсерін болдырмау үшін, мекемелерде тұрақты түрде негізгі өндірістік факторлар мөлшерін есепке алып отырады. Алынған көрсеткіштерді санитарлық нормада (СН – 245 – 11 өндірістік мекемелерді жобалаудың санитарлық нормалары, ГОСТ; ССБТ және т.б.) шекті мәндерімен салыстыра отырып, еңбек жағдайларын жақсарту шараларын жүргізеді. Осылайша нормативті шарттарға сәйкес жұмыс орындары объектілерінің санитарлы техникалық күйі келтіріледі.
Осы бағытта негізгі және соңғы шараларға еңбек жағдайларының санитарлы – техникалық күйін паспорттандыру жадылары жатады.
Адам температураның -500С – тан +500С-қа дейінгі өзгерісіне шыдай алады. Қоршаған орта температурасының мүұндай үлкен ауытқуына адам организмі өзінің термореттеу деп аталатын қасиеті арқасында төтеп бере алады.
Термореттеу арқылы адам организмі өте үлкен ауытқуларғашыдағанмен, оның қалыпты физиологиялық күйі, белгілі бір деңгейге дейін ғана сақталады. Адамның қалыпты термореттеуінің жоғарғы шегі толық тыныштықта 380С - 400С (ауа ылғалдылығы 30% болғанда) аралығында болады. Физикалық жұмыс немесе ауа ылғалдылығы өсу кезінде бұл шек төмендейді. Өндіріс жағдайларында ауа ылғалдылығының ауытқуы, артуы адам денесінен жердің булануын азайтады, сәйкесінше организмнің жылу бөлуі азаяды.
Нормаларға сәйкес өндірістік ғимараттар ішіндегі оптималды температура суық және ауыспалы мезгілде +170С +190С ауа ылғалдылығы 600 - 400 жылдамдылығы 0,3 – 0,4 м/с. жылы мезгілде температура 200С-200С болады.
Жабық ғимараттар мен объектілерде уақытша жұмыс максималды рұқсат етілетін, қоршаған орта температурасы 330С, өйткені бұл жағдайда организмнің термореттеуін қысқа мерзімде қамтамасыз етуге болады.
Санитарлы нормаларда жұмыс орындарындағы қоршаулармен жабдықтардың қыздырылған беттерінің температурасы 400С-450С, ал ішкі температурасы 1000С – тан төмен емес жабдық беттері үшін 350С – аспауы керек деп қаралған. Осыны қамтамасыз ету үшін жұмыс орнынан жылу сәулелерімен жанғыш газдарды ағыстыратын су немесе ауа қалқандарын қолданады.
Жұмыс аумағы деп, жұмыс орнының еденінен 2 метр биіктіктегі кеңістікті айтамыз. Тұрақты жұмыс орны – бұл жұмысшы өзінің жұмыс уақытының басым бөлігін (50% - тен көп немесе үздіксіз 2 сағаттан ұзақ) өткізетін жерді айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |