Мұнай зауытының технологиялық процестері


Жерге тұйықтаудың және найзағайдан қорғаудың есебі



бет13/16
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19561
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
натишаев

Жерге тұйықтаудың және найзағайдан қорғаудың есебі

Барлық кернеуге толық қосылмаған және оқшауламасы бүлінген электрқондырғыларының металл бөліктері міндетті түрде жерге тұйықталады.

Кернеуі 0,4 кВ жерге тұйықталған нитраль желісіндегі трансформатор нуктесінің кедергісі 4 Ом аспауы керек.

Кернеуі 1000 В оқшауланған нитральдағы қондырғылардың жерге тұйықталуы мына шарттарды қанағаттандыру қажет: R3U3/I3 мұндағы I3-жерге тұйықталудың есептік тоғы.

Егер жерге тұйықтағыш құрылғысы тарату құрылғысына жалпы болса, онда есептік шамаға тұйықтағыш құрылғысының төменгі мәні алынады.

Жерге тұйықтау кезіндегі сыйымдылық тоғы:

I3=U(35lк+lв)/350=110·(35·3,5)/350=38,5 А

10 кВ қосалқы станциясының жерге тұйықтау кедергісін анықтаймыз:

R3U3/I3=125/38,5=3,2 ом.

БТҚ жерге тұйықтау кедергісін анықтаймыз:

Жерді меншікті кедергісін анықтаймыз (ылғалдылығы 20%)

ρ =300Ом·м=3Ом·см

Табиғи тұйықтағыш ретінде кабельдің металл қабықшасын rК =1,8 пайдалануға болады.

Табиғи тұйықтағыштың жалпы кедергісі:

Rе=1,8·1,5/(1,8+1,5)=0,82 Ом

Жасанды тұйықтағыштың жалпы кедергісі:

Rс=0,82·0,5/(0,82-0,5)=1,28 Ом

Электрод ретінде диаметрі d=15мм және ұзындығы l=5м болатын темір қазықтарды пайдаланамыз. Бір электродтың кедергісі ρ=3·104 Ом·см тең.

Қысқарған формуланы пайдаланамыз [Л-2] Rопр=0,00227·Pu·φ2=0,00227·3·104·=81Ом, мұндағы φ2 – жоғарлату коэффициенті жердің күйіне байланысты өзгереді.

Онда электродтардың жалпы саны:

n=Rо/rИ·η=81/1,28·0,42=192 дана

Электродтардың ара қашықтығы

a=П/n=240/192=1,25

Электродтарды жалғау сымдарына өлшемі 30x4мм болат сымдарды таңдаймыз.

Оларды қосалқы станцияның периметрі бойынша орналастырамыз..

Найзағайдан қорғайтын қазықтардың санын анықтаймыз

Найзағайдан қорғайтын қазықтардың өлшемдерін есептейміз:

Найзағайқайтарғыштың биіктігі төмендегі формуламен анықталады:

Rх=ha·1,6/1+hx/h=14·1,6/1+10/24=16,4 м,

мұндағы Rх – қорғаныс аумағының радиусы

h=hx+ha – Найзағайқайтарғыштың биіктігі; м.

hх=10м – қорғаныс аумағының биіктігі.

Тексеру жүргіземіз Д8(h-hx)

46<8·(16-10)

Найзағайқайтарғыштың биіктігі мен орналасуы қосалқы станцияның қорғаныс аумағына лайықты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет