Мұнай зауытының технологиялық процестері


Мұнай зауыдының электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары



бет12/16
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19561
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
натишаев

3.3 Мұнай зауыдының электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары

Электр энергиясы өндірісте ең таралған және кең қолданылатын энергия түрі болып табылады. Сондықтан электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп уақыт бөлінеді. Жұмыс персоналын электр тогымен зақымдануын болдырмау мақсатында, электр қорғаныс шарттарына сәйкес:

1) электр жабдықтардың барлық ток өткізгіш бөліктері штаттық қоршаулармен қоршалған, қабықтармен жабылған немесе бөтен адамдарға рұқсат етілмейтін бөлек бөлмелерде орналастырылған;

2) барлық жұмыстар наряд бойынша жүргізіледі және негізгі және қосымша электр қорғаныс аспаптары қолданылады;

3) кабельдік желілер қорғаныс трубаларында, кабельдік каналдарда немесе арнайы жартықабаттарда жүргізілуі қажет;

4) жөндеу жұмыстарын орындау кезінде уақытша жарықтандыру ретінде от пайдалану тыйым салынған және қорегі төмен вольтты жарық көзін пайдалануға рұқсат етілген;

5) барлық коммутациялық аппараттар және ақпараттық аспаптар арнайы щиттар мен пульттарда орнастырылған;

6) барлық электр жабдықтар үшін кедергісі 4 Ом аспайтын жерлеме тізбегі қарастырылған.

Электрлік қондырғылар үлкен қауіп төндіреді, себебі эксплуатация немесе профилактикалық жұмыстар барысында адам кернеу астындағы бөліктеріне жанасуы мүмкін. Адамның электр қондырғысының ток өткізгіш бөліктеріне жанасу қауіптілігі адам денесі арқылы өтетін ток шамасымен анықталады.

Электр қондырғыларының эксплуатациясында электрлік жарақаттарды болдырмау үшін изоляция, ток өткізгіш бөліктерді қоршау, қорғаныстық жерлеме, нөлге қосу, қорғаныстық ажырату қолданылады.

Электр қауіпсіздігі үшін электрлік жүйелердің және сигнализацияның дұрыс орналастырылуы, маркировка және плакаттар, инструктаж және жұмыс персоналын оқыту, жұмысты ұйымдастыру, қорғаныс аспаптары мен құралдары үлкен роль атқарады.

Барлық жаңадан жұмысқа тұрған немесе басқа жұмыс орнына ауысқан жұмыскерлер болашақ жұмыс орнында электрқондырғылардың эксплуатациясы бойынша өндірістік оқудан өтеді. Олар кернеу астына қалған адамды босату, жасанды дем беру, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету әдістерін үйренеді және өндірістік оқу уақытында өздігінен қандай да бір іс-әрекет жасауға тыйым салынады. Өздік жұмысқа жіберілу алдында квалификациялық комиссия жұмысқа орналасып жатқан адамның техника қауіпсіздігі бойынша білімін тексереді және оның жұмысқа жіберілу мүмкіндігін бекітеді.

Жұмысқа түсу барсында тұлғалар , электр қондырғыларында қызмет етушілер және онда жұмыс жасайтындар техника қауіпсіздік бойынша кіріспе нұсқау өтуі тиіс .

Техника қауіпсіздігі бойынша 2-4 квалификациялық тобы бар тұтынушылардың электр қондырғыларында қызмет етуші тұлғалардың өндірістік жұмысқа кедергі болатын зақымданулар немесе аурулар ( түр тік тұруымен ) болмау керек.

Электр қондырғыларының пайдалану процесі кезіндегі жұмыс өндірісінің қажеттілігі профилактикалық( сақтық ) электр қондырғыларының қызмет ету әдісімен шақырылады , сонымен қатар ұсақ-түйек апаттар пайда болғанда .

Электр қондырғыларында профилактикалық қызмет ету әдісін пайдалану себебі электр құрылғыларындағы мүмкін болатын зақымданулар жөнінде хабардар етеді, жоспарлық профилактикалық жөндеу, электр машиналарының,аппараттардың,кабелдердің және ішкі электржелілерінің т.с.с. изоляциясына тексеру жүргізу арқылы.

Электр қондырғыларында жасалатын жұмыстар электрлік токпен зақымдану қауіп-қатер дәрежесі қарай «Тұтынушылардың электр қондырғыларының техникалық қанау ережелерімен және ережелермен қауіпсіздік техниктері тұтынушылардың электр қондырғыларының қанауы жанында келесі төрт категорияға бөлінеді:

Бірінші – бұл жұмыстар тоқ өтетін бөліктерінен кернеуі ажыратылған электр қондырғыларында жүргізіледі.

Екінші - бұл жұмыстар тоқ өтетін бөліктерінен кернеуі жартылай немесе толық ажыратылған электр қондырғыларында жүргізіледі.

Үшінші - бұл жұмыстар тоқ өтетін бөліктерінен кернеуі ажыратылмайтын электр қондырғыларында жүргізіледі. Бұл жерде жұмысшылардың тоқ өтетін бөліктерге жақындауы мүмкін. Жұмыстар жеке электр қорғаныс құралдарының көмегімен жасалады.

Төртінші- бұл жұмыстар тоқ өтетін бөліктерінен кернеуі ажыратылмаған электр қондырғыларында жүргізіледі. Бірақ жұмыстар тоқ өтетін бөліктерден алыс жерлерде жүргізіледі.

Электр қондырғыларында қызмет көрсетуші жұмысшылар алдын ала медициналық тексерілуден өтуі тиіс. Медициналық қайта тексерілу жылына бір рет жүргізілуі қажет. Қызмет көрсетуші жұмысшылар электр қондырғыларының орналастыру ережесін (ПУЭ) және техника қауіпсіздік ережелерін(ПТБ) білуі керек.

Жыл сайын қызмет көрсетуші жұмысшылардың білім деңгейі тексеріліп отырады. Егер олардың біліктілігі артып қатесіз жауап берсе, оларға техника қауіпсіздігі бойынша II-V топ квалификациясының құжаты беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет