Мұнайды айдау



Дата06.01.2022
өлшемі46,92 Kb.
#15108
түріҚұрамы
Байланысты:
мұнай

  • Мұнай-күрделі қоспа.Мұнайды парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектер құрайды.Аздаған мөлшерде көмірсутектер мен азот, оттек, күкіртті қоспалар минералдық тұздар кездеседі.Олар еріген газ, сұйық, қатты зат күйінде болады. Құрамындағы көмірсутектерге байланысты парафинді, нафтенді, ароматты деп ажыратады. Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады. Оны шикі мұнай деп атайды. Оны тазартып, өңдеуге жібереді. Тазартылғаны тауарлық мұнай деп аталады.
  • Мұнай-қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәріздес, қоймалжың сұйық зат. Органикалық еріткіштерде ғана ериді. Жанғыш зат.
  • Мұнай өңдеудің екі түрі бар. Біріншісі- мұнайды айдау. Екіншісі- химиялық әдістер: крекинг және риформинг процестері.
  • Мұнайды айдауға арналған қондырғы екі бөліктен тұрады: мұнайды қыздыруға арналған түтік пеш, ректификациялық мұнара. Мұнай өнімдері ректификациялау мұнарасында қайнау температуралары жақын заттардың фракцияларына бөлінеді. Ректификациялық мұнараның ішінде көлденең параллель қабаттасып орналасқан тәрелкелер бар. Әр тәрелкеде молекулалық массаларының шамасына қарай фракциялар жиналады: газойль, бензин, лигроин, керосин, мазут.
  • Мұнай өнімдерін крекингілеу. Мұнай өнімдерін вакуумде 400˚С жоғары қыздырсақ, ауыр көмірсутектерге айырыла бастайды. Оларды 400˚-420˚С температураға дейін қыздырып , буға айналдырған күйі екінші ректификациялық мұнарада фракцияларға бөледі.
  • Бензиннен басқа:
  • 230-250˚ аралығында ұршық майы,
  • 260-305˚ аралығында машина майы,
  • 315-325˚ аралығында жеңіл цилиндр майы,
  • 350-370˚ аралығында ауыр цилиндр майы бөлінеді ең соңында гудрон қалдық түрінде бөлінеді.
  • Мұнай өнімдеріндей үлкен молекулалы көмірсутектерді жоғары қысымда қайта өңдеу арқылы бензинді құрайтын кіші молекулаларға айналдыруды крекинг деп атайды. Бұл процесті В. Г. Шухов ұсынды.
  • Термиялық крекинг. Мазут құрамындағы үлкен молекулалы көмірсутектерді жоғары температурада, 20 -70 атм қысымда ауа қатыстырмай қыздырғандықтан, кіші молекулалы көмірсутектерге айналады:
  • C16H34→C8H18+C8H16
  • Катализдік крекинг.Бұл процесс 450-520˚С-та және өршіткі (алюмосиликаттар ) қатысында жүреді. Бұл әдіспен авиация бензині өндіріледі. Процесс жылдам жүреді және қанықпаған көмірсутектер аз түзіледі.
  • Крекинг және өршіткіні регенерациялау бір агрегатта жүргізіледі: жоғарғы жағы-реактор, төменгі жағы-регенератор.
  • Алынған бензин сақтауға қолайлы, детонацияға төзімді.
  • Риформинг. Риформинг прцесінің шикізаты- октандық саны төмен бензин мен лигроин.Бұлардан октан саны жоғары бензиндер немесе химиялық синтезде қолданылатын шикізаттар өндіріледі. Ол платина немесе молибден қатысында ашық немесе тұйық тізбекті көмірсутектерді ароматты көмірсутектерге айналдыру арқылы іске асады. Сондықтан, риформинг процесін ароматтандыру деп атайды.
  • Мұнай өнімдерін ашық және қара түсті деп бөлінеді. Ашық түсті өнімдерге – бензин, газойль, лигроин, керосин, ал қара түсті өніміне – мазут жатады.
  • Мұнайды құрамындағы көмірсутектертерінің қайнау температураларына байланысты айдау арқылы мынадай фракцияларға бөледі:
  • 1.Бензин фракциясы 40-200˚С-та айдалатын құрамында С4-С12 көміртектері бар көмірсутектер қоспасы.
  • 2.Керосин фракциясы- қайнау температурасы 180-300˚С , құрамында С9-С16 көміртек атомдары бар көмірсутектер қоспасы. Бұлар мұнайдың ашық түсті өнімдерін береді.
  • Бензин фракциясын қайта өңдеуден өткізіп : газолин, петролейн эфирін, бензин,лигроин алады. Бензиннің өзі авиациялық, автомобиль және т.б. бензиндер болып бөлінеді.
  • Керосинді жарықтандырушы, тракторлық, реактивтік деп бөледі және газойльмен қоспасын дизель отыны деп атайды.
  • Мұнайды айдаудың соңғы өнімі мазут. Мазут- қара түсті, тұтқыр, қоймалжың масса. Оны қайта өңдеу арқылы әртүрлі жағар майлар, соляр майлары, түрлі машина майлары, парафин алынады. Ең соңғы қалдығы – гудрон битум және асфальт жол жасауға қолданылады.
  • Бензиннің қозғалтқышта қопарыс түзіп жануы детонация деп аталады. Жанған кезде дыбыс ырғағы бұзылады.
  • Қадам бойынша тапсырма
  • 1.Крекинг әдісін кім ұсынды?
  • 2.Қара түсті, тұтқыр қоймалжың масса?
  • 3.Керосинді қандай үш топқа бөледі?
  • 4.Риформинг процесін не деп атайды?
  • 5.Мұнайды айдауға арналған қондырғы қанша бөліктен тұрады?
  • 6. Қара қоңыр түсті, өзіне тән иісі бар, май тәріздес, қоймалжың сұйық зат?
  • 7. Парафиндер, циклопарафиндер және ароматты көмірсутектер нені құрайды?
  • 8.Мұнай өңдеудің бірінші түрі?
  • 9. Бензиннің қозғалтқышта қопарыс түзіп жануы не деп аталады?
  • 10.Мұнайдың ашық түсті өнімдеріне не жатады?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет