Құбырлы пештер. Пештер арқылы процеске қажетті жылу беріледі. Құбырлы пештердің классификациясы:
Жылу қуаттылығына байланысты
Өнімділігіне
Технологиялық мәніне
Конструктивті ерекшеліктеріне байланысты
Пештің жылу қуаттылығы – өнім өзіне сіңірген жылу мөлшері мұнай өңдеу заводтарында 0,6-0,9 МВт-тан 70 – 120 МВт-қа дейін болады. Қазіргі уақытты тура айдау қондырғыларында жылу қуаттылығы 20, 40, 120 МВт болатын пештер қолданылады.
Мұнай өңдеу заводтарындағы технологиялы ерекшеліктерге байланысты пештер мұнайды атмосфералық айдау пештеріне, мазутту вакуумдық айдау, бензинді тұрақтандыру, каталитикалық реформинг, пиролиз пештерніне бөлінеді.
4-сурет. Зигзаг типті ауамен салқындату аппараты
Жылуды беру әдісі бойынша пештер радиантты, конвекциондық, радиантты-конвекционды, жағу камералары бойынша біркамерлі және көпкамерлі, отынды жағу әдісі бойынша жалынды және жалынсыз жағу пештері, қыздырылған шикізат ағынының санына байланысты бір-, екі- және көп ағынды, змеевик құбырының орналасуына байланысты горизонтальды және вертикальды болып бөлінеді.
5-сурет. Құбырлы пештердің негізгі типтері: а- конвекционды пеш, б – конвекционды камерасы бүйірінде орналасқан бір камерлы пеш; в – конвекционды камерасы төменде орналасқан бір камерлы пеш; г – конвекционды камерасы жоғарыда орналасқан біркамералы пеш; д – Вертикальды цилиндрлік пеш, е – Тұтас жандырғышы (форсунка) бар жалынсыз жанатын біркамералы пеш, ж – төбесі горизантальды екікамералы екіағынды пеш; з – төбесі көлбеу екіағынды екікамералы пеш; 1 – жандырғыштар(форсунка); 2 – радиантты змеевик, конвекционды змеевик; 4 – түтін шығатын түтік;
Пештің жұмыс эффективтілігін көрсететін негізгі жылу техникалық көрсеткіштері қыздыру бетінің жылукернеулігі және пештің ПӘК.
Қыздыру бетінің жылукернеулігі деп бір сағатта 1 м2 бет арқылы өтетін жылу мөлшері. Қыздыру бетінің жылукернеулігі құбыр қабырғасының температурасына және өнімнің қозғалыс жылдамдығына, қыздырылатын өнімнің қасиетіне байланысты болады.
Қыздыру бетінің жылукернеулігі радианттық құбырларда жоғары болады. Радиантты құбырлардың жылукернеулігі мұнайды атмосфералық айдау кезінде 30-60, мазутты вакуумдық айдауда 25-35, термиялық крекингте 25-50, каталитикалық крекингте 30-35.
Пештің пайдалы әрекет коэффициенті деп пайдалы жылудың отынның жануы кезінде бөлінген жалпы жылуға қатынасын айтады. Қазіргі қондырғыларда ПӘК 80%-дан жоғары.
МӨЗ-да бір және екіскатты шатырлы пештер таралған. Пеш екі радианты камерадан және бір конвекционды камерадан тұрады. Конвекционды камера радиантты камерадан кірпішпен бөлінген.
6-сурет. Шатырлы пеш: 1 – шығатын өнім; 2 – енгізілетін пролукт; 3 – шығатын газдар.
Вертикальды құбырлы пештер вертикальды цилиндрлі және вертикальды секционды болып табылады. Вертикальды цилиндрлік пештердің жылу өнімділігі 2-ден 15 МВт-қа дейін, вертикальды секционды пештердің жылу өнімділігі 12-ден 150 МВт-қа дейін болады.
7-сурет. Вертикальды-секционды құбырлы пеш: 1- каркас-кожух; 2- футеровка, 3-радиантты бөлігі, 4 – конвекционды бөлігі; 5 – жандырғыш;
Достарыңызбен бөлісу: |