Мұнайлы ауданы «№4 жалпы білім беретін мектеп» кмм жоба тақырыбы



бет6/11
Дата09.05.2022
өлшемі41,51 Kb.
#33546
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жұмыс Мәшһүр (1)

Ф.ғ.к., профессор Қобланов Жоламан Таубайұлы

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда діни таным мәселесі қоғамдағы діни жіктелудің ең басты факторлардың бірі ретінде көрініс беріп отыр. Тәуелсіз елдің рухани-мәдени бағдары мен діни танымдық платформасын айқындауда. Қазақстан мемлекетінің тарихында айтулы орны бар ғұламалардың өмірі мен еңбектерін, діни көзқарастары мен дүниетанымдық арналарын танудың маңызы артып келеді. Себебі, діни таным мен діни блім беру, діни тәжірибе арасында тығыз байланыс болғанда ғана мемлекет діни рухани салада байсалды һәм толерантты қоғамдық құрылымға қол жеткізеді. Зайырлы мемлекет ұғымы да тұрақты негізге табан тіреген болып есептеледі. Бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан халықтарының арасында да діни сана-сезім барынша өрістеп барады. Жетпіс жыл бойы кеңес өкіметінің құрсауында дін не, руханият не, имандылық не екенін білмей өскен аға ұрпақ өкілдері сол кездегі дінге деген саясаттың салқынынан әлі арылып кете қойған жоқ.

Қазақ халқының діни танымымына келетін болсақ, халқымыз амалда Ханафи мазғабын, сенімде Матуридия мазғабын ұстанады. Діннің ахлақи қыры ретінде рухани мазмұнын құрайтын сопылық ілімде қазақ мұсылмандық түсінігінің болмыстық мәнін құрайды. ХІХ ғасырда діни білім берумен ағартушылық бағытты ұштастыра қоғамды алға сүйреген ұлт зиялыларының қазақ мұсылмандық түсінігінің мән мазмұнын осы үш арна негізінде жаңғыртуға талпынғанын зерделеп келеміз. Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты мен сопылық-философиялық мазмұндағы сыр шумақтары, Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылмандықтың тұтқасы» сынды еңбегі. Сыр сүлейлері мен Маңғыстау жырауларының, Арқа мен Жетісу өңіріндегі ақындар мен шайырлардың жыр-толғаулары сол дәуірдегі діни білім берудің сапасының, мазмұнының осы үш арна бойынша толысып,

7

дамығандығын көрсетеді. Жұмысыма тақырып етіп алынған Мәшһүр Жүсіп



Көпейұлы да осы кезеңнің шоқтығы биік зиялысы һәм дін қайраткерлерінің бірегейі. Артына мол мұра қалдырған қазақ халқының шын мәніндегі ғұлама ұлдарының бірі. Тәуелсіздік алғалы Мәшһүр Жүсіп мұрасы зерттеліп «Мәшһүртану» саласы жоғары дәрежеде дамып келеді.

Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің белді де беделді өкілі – М.Ж.Көпейұлы артына қыруар мол мұра қалдырды. Мәшһүр мұрасы жанрлық,тақырыптық жағынан көпқырлы, әрі сырлы. Сонымен қатар шығармашылығы да көп қырлы. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығында дін мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оның бәрін бір еңбек көлемінде қамтып, жүйелі талдап шығу мүмкін емес. Сондықтан да зерттеу еңбегінде қаламгердің таңдаулы әрі көлемді туындылары ғана тілге тиек етілді. Сондай – ақ М.Ж.Көпейұлының ислам діні туралы еңбектері арнайы сөз болады.

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет