Мұнайлы ауданы «№4 жалпы білім беретін мектеп» кмм жоба тақырыбы



бет7/11
Дата09.05.2022
өлшемі41,51 Kb.
#33546
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ғылыми жұмыс Мәшһүр (1)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. М.Ж.Көпеев – ұлтжанды, діни гуманист ақын

Білмеген қазақ та бар, ноғай да бар,


Ең әуел иман ғылымын ойланып ал!
Кітапты, пайғамбарды, періштені, –
Құр атын білуменен не пайда бар?!

«Ең әуел керек нәрсе – иман!» – деген,


«Ақырет істеріне илан!» – деген.
«Құдай кешер!» – дегенмен іс бітпейді,
Иман шартын білмесе, айуан!» – деген.

Мәшһүр Жүсіп – қазақтың ұлы ойшылы, фольклортанушы,этнограф, тарихшы, философ, ақын, көп тілді білген ғұлама, әулие. Ол жастайынан өнер- білімге, әдебиетке құмар болып, халық жырлары мен қиссаларды жатқа білген. Алланың нығметіне бөленген ойшылды ел – жұрт « Мәшһүр» атады.Ол 1887 – 1890 жылдары Ташкент, Түркістан, Бұхара т.б шаһарларға шығып, білімін толықтырады. Шығыстың классикалық әдебиетін жетік білген ғұлама артына талай ұрпақтың жан азығына айналар өшпес мұра қалдырды. Әсіресе, ислам құндылықтары туралы өлеңдерінде дін тарихы терең баяндалады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы көп қырлы, әсіресе дін мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оның өлеңі- әңгімелері мен мақалаларының арқауы – жеке адам болмысы мен қоғам өмірінің байланысы одан туындайтын алуан түрлі мәселелер.

Нақтылай айтқанда Мәшһүр Жүсіп ұлттық идеяға таза ағартушылық бағыт ұстанды. Ұлттық сана- сезімді ояту негізіне құрылған төл туындыларында ол ар тазалығына, имандылыққа үндеді. Оның ұғымында дін адамның рухани дүниесін қалыптастырады, құдайды тану адамшылыққа, әділдікке бастау ісіне көмегін тигізеді.

Жастайынан құранды жаттап, діни тәлім – тәрбие алған Мәшһүр шариғат ережелерін бұрмалаған қожа – молдаларға қарсы болып, өмір бойы

9

күрес жүргізіп өсті. Құран сөздерін түсінбейтін, әліпті таяқ деп білмейтін дүмше молдалардың іс – әрекеттерін шенеп, онсыз да жоқшылықтың тауқыметін тартқан ел – жұрттың ішіне іріткі салып, онан сайын, бүлдіріп отырған қожа – молданың қылығын бетіне басады. Ол дін өкілдерін, құран қағидаларын дұрыс ұстай алмадың, шарттарын жақсылап атқармадың деп жазғырады. Бұл шығармаларды талдау барысында Мәшһүр Жүсіп дінді тәңіріні адамның этикалық адамгершілік табиғатын шектейтін тылсым күш емес, оған керісінше тазартуға ықпал ететін фактор ретінде толғайды.



Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының ірі суреткер ақын екені, оның қазақ фольклорын жинаудағы, тарих, педагогика т.с.с. ғылым салалары бойынша жазғандары біршама зерттелді деуге болады. Мәшһүр-Жүсіптің сонымен бірге дін тарихы, оның ішінде ислам діні тарихы, мәні, ерекшеліктері туралы жазғандары бір төбе. Біз осы орайда Мәшһүр-Жүсіптің дін туралы жазғандарын қазіргі ғылым табыстарымен салыстыра отырып, өз ойларымызды ортаға салмақпыз.
Күні кеше отаршыл коммунистер: "Алла жоқ, әлем өзінен-өзі белгілі бір заңдылықтар бойынша жаратылды" дегенді жай айтып қоймай, қуғындау ісін жүргізіп келгені мәлім. Қазір "Алла бар!" деушілерге тыйым жойылды, бірақ "демократия" дегенді желеу етіп, ислам дінінен аулақтатып, исламды мансұқтайтын білгіштердің көбейіп, түрлі кітаптарды қарапайым жұртқа тегін таратып, дінді бұрмалау етек алып бара жатқанын көрмеу мүмкін бе?! Міне, осы орайда дінге, оның ішінде ислам дініне ғылым көзімен қарай алмаушылар бар екенін ескеріп, осы еңбегімізге Алланың бар екені ғылым әлемінде әлдеқашан дәлелденгеніне назар аудартқымыз келеді.
Бағымдасақ, XVІІІ-XІX ғасырдағы әлемге танылған ең үздік ғалымдардың бір тобы әдеттегі қалыпты адамдар тәрізді көзі көріп, құлағы естіп келген бір ғана ғаламға сүйеніп, "Алла жоқ!" деп жар салса, Мәшһүр-Жүсіп көзге көрініп тұрған ғалам біреу ғана болса, көрінбейтіні үшеу екенін осыдан 100-120 жыл бұрын айтқан. Ең жетілді деген фотоаппараттың, т.с.с.

10

көмегімен ғалымдар көзге көрініп тұрғаннан басқа көзге көрінбейтін құбылыс барына енді-енді ғана көз жеткізе бастаса, Мәшһүр-Жүсіптің ол көрінбейтіннің біреу емес, үшеу екенін ерте әйгілеуі көне қолжазбаларда қазіргі ғылым ашпаған жаңалықтар мол екеніне жарық түсіре алады.


"Айта- Керимеде-Алла тәбәрік отғылы: "Ие ғалам лығып уалшаһадат", - деп тұр. Оның мағынасы: "Көрініп тұрған да ғалам бар екен". Көрініп тұрған ғаламды: "Ғалам лашаһадат, ғалам лызор, ғалам лыхақ"- дейді. Көрінбей тұрған ғаламды: "Ғалам лығиып, ғаламлимы-ғына, ғалам ламир"-дейді. Олай болғанда, көрініп тұрғанды: төрт аяқты хайуан, ұшқан құс, жүгірген аң, бәрі де біледі. "Көрінбей тұрған ғалам" мағынада - ғалам ламирде не бар, одан адамға келетұғын қандай пайдалар бар? Соны білуге тырысу керек.

Бұрынғы ата-бабаларымыз мұның бәрін білді. Бірақ артына нұсқа қалдыруға хат жазу білмеген себепті ауыздары айтып кетті. Исі қазақ деген жұрттың көрініп тұрғаннан басқамен жұмысы болмағаннан: "Қазақтың жаны - азапта, Наданның жаны - тозақта!", - деп зарлап кетті. "Көзі соқыр - соқыр емес, Кеудесі соқыр - соқыр", - деп қақсап кетті. Осы сөздерді бұрынғы ата-бабаларымыз айтып кеткен. Сонда біздің осы көрініп тұрғанменен ғана алданып: "Өзіміздің шешеден туумен кісі болдық қой!", - деп шолақ ойда қалғанды-ғымызды білгендіктен бұл сөздерді айтқан".


Осы түйінге жүгінсек, адамды теріс жолға түсіруді мақсат етіп, арақ ішуге, шылым шегу-ге, зина жасауға, пара алуға т.с.с. үгіттейтін, тек сөздері тікелей құлаққа естілмейтін шайтанның адамға көрінбейтіні келіп шығады.
Осы орайда: "Тән деген не? Жан деген не?" - деген сауалдар туатыны анық. Басқаны былай қойғанда, Алла сөзін жеткізуші Інжіл (Библия) мен Құранда ерлі-зайыптылардың қосылуынан бөлінген ұрық негізінде пайда болған ана жатырындағы нәрестеге 40 күннен кейін жан салынатыны айтылса, ғылымда ол енді-енді дәлелдене бастады. Атап айтқанда, 42 күннен кейін нәрестенің түрлі қимыл жасай бастайтыны ғылым жүзінде қазір дәлелденуі де Құранда айтылғанды растап отыр емес пе?! Енді оны

11

қарапайым пендеге ұғынықты етіп түсіндіру үшін, моторсыз машинаның дүрілдеп орнынан қозғала алмайтыны тәрізді жансыз тәннің қимыл жасауға дәрменсіздігі ойға оралады. Сонда 40 күннен кейін іште жатқан сәбиге періште жан салса, адам өлерінде сол салынған жанды екінші бір періштенің көзге көрінбей келіп алатыны шығады. Жан алуға келген Әзірейілді бәтін көзі бар, демек әдеттегі адамда жоқ, ерекшені көру қабілеті бар әулиелер, немесе өлгелі жатқан адамның өзі ғана көре алады. Ендеше, өлгелі жатқан адам: "Әне келді!" деп, біз көрмей-тінге қол созса, біз оны: "Сандырақтап жатыр" демеуіміз керек. Адам өлгелі жатқанда мысықтың үрейленіп мияулауы, сол үйден кетуге асығып, есікке ұмтылуы, сыртта үйшігінде жатқан иттің ұлуы оларда "бәтін" көз бар екенін, тек олардың не сезгенін бізге адам тілімен жеткізе алмайтынын зерделеген жөн.



"1917 жылға дейін қазақ халқының пәлен пайызы ғана сауатты болған" - дегендерге айтарымыз: "Сауаттылық тек кітап оқи білумен өлшенбейді" Оған дәлел, бұрынғы "оқымады" делінген қазақтың өзі біреуді "өлді" деп айтпай, "қайтты" деуінің, кісі жерлеуге әйелдерді апармауының мәнісі: "Алла өзі берген жанын өзі алдырды, демек жан Алладан келіп, қайта қайтты. Ал, бейіт басына әйелдер барса, жылауы мүмкін, ол Алла ісіне қарсылық, өлген адамның сол күнге дейінгі өмірін қанағат етпеу" дегенге тіреледі.

Ислам діні адамды рухани тәрбиелейтін жол. Халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен философиялық жүйе – сопылық. Сопылықты екінші сөзбен суфиз деп те атайды. Сопылық Орта Азияға ІХ-Хғасырларда келген. Тарихшылардың айтуынша ең алдымен Иранға, содан кейін Орта Азияға тараған. Сопылық араб тілінде « Тасаууф», оны ұстанған адамға «мутасаууф» делінеді екен. Қазақ халқы суфизм немесе сопылық дейді. Қазақ жұрты да, басқа түркі халқы сияқты сопылыққа жат болмаған. Ахмет Яссауй бабамыз, одан кейінгі Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, ақын Әбубәкір сынды рухани тұлғалардың осы жолды ұстанғаны дәлел бола алады.

12



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет