МҰнайшы contents 4



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата30.12.2016
өлшемі4,64 Mb.
#799
1   2   3   4   5   6   7   8

МҰНАЙШЫ

да оны тамашалау мүмкіндігі туды. Кол-

лекция  құрамында түрлі жанрдағы 

және бағыттағы, реализмнен авангардқа 

дейінгі, қазіргі заманғы инсталляция 

мен этносимволизм тақырыбындағы 

батыл эксперименттерге дейінгі қырық 

суретшінің жүз шақты шығармалары 

бар. Оның ерекше мақтанышы деп 

А.Садыхановтың, А.Ақанаевтың, 

Е.Төлепбайдың, К.Моллашевтың, 

А.Ахаттың, А.Ноданың, Б.Бәпішевтің, 

Ш.Төлештің, Э.Казарянның және басқа 

суретшілердің жұмыстарын атауға бо-

лады.

 Қонақтар экспозицияны көргеннен 



кейін классикалық музыка концертіне 

шақырылды, мұнда  бірегей дирижер 

Айдар Торыбаевтың басқаруында Еу-

разия симфоникалық оркестрінің 

сүйемелдеуімен үздіктердің ішіндегі 

үздіктер - ҚР Халық әртісі Айман 

Мұсахаджаева, ҚР Халық әртісі Жәния 

Әубәкірова және ҚР еңбек сіңірген әртісі 

Майра Мұхамедқызы өнер көрсетті. 

Тыңдармандарға өзінің вокалымен жас 

әнші, XXIV «Славяндық базар-2015» 

халықаралық эстрада әндерін орын-

даушылар конкурсының бас жүлдегері 

Димаш Құдайберген қатты әсер етті. 

Көрермендерді, сондай-ақ, Фриц 

Крейслердің «Пуньяни стиліндегі Пре-

людия и Аллегро» шығармасын орындау 

кезінде әуенді бір скрипкадан екіншісіне 

ерекше шеберлікпен жалғастырып 

әкеткен Айман Мұсахаджаева 

мектебінің жас скрипкашылары ерекше 

таңданысқа бөледі.  

Кешімізде болған Форум қонақтары, 

оның ішінде Сенат спикері Қасым-

Жомарт Тоқаев, министрлер - Владимир 

Школьник, Арыстанбек Мұхамедиұлы 

сынды мемлекет қайраткерлері, 

ҚР Үкіметінің өкілдері, мұнай 

компанияларының басшылары мен 

қоғам өкілдері өздерінің Қазақстанның 

қазіргі заманғы мәдениеті мен көркем 

сурет өнері туралы көзқарастарын 

толықтырумен бірге, өнердің сиқырлы 

әлеміне еніп, саясаттың, экономиканың 

және мұнай құнының белгіленуі сияқты 

күнделікті мәселелерді бір сәтке ұмытып, 

жан-тәндерімен демалғандарын айтты. 

Өткен Форум «ПетроҚазақстан» 

және KAZENERGY арасындағы 

ынтымақтастықты жаңа, неғұрлым 

жоғарғы, өндірістік мәселелер шешіліп

ауқымды жобалар жүзеге асырылатын 

ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның 

рухани мұралары мен өнеріне бірлесіп 

қолдау көрсететін деңгейге көтерді 

деп толық сеніммен айтуға бола-

ды, демек, елдегі бизнестің әлеуметтік 

жауапкершілік ұстанымдары біртұтас 

пайымдалады деген сөз.  

Ж.Аубакирова өнерін көрсетуде / Выступление Ж.Аубакировой / Performance by J.Aubakirova

А.Мұсахаджаева өнерін көрсетуде / Выступление А.Мусахаджаевой / Performance by A.Mussakhadjayeva

Мәдени кештің қонақтары / Гости мероприятия / Guests of the event 



МҰНАЙШЫ      

Желтоқсан 2015

13

он екінші бөлім. 

тауар-шикізат цехы.

ТШЦ құрамына төрт телім 

кіреді: резервуарлық парк, реагент 

шаруашылығы, газ факелді шаруашылық 

және сұйытылған газ паркі. Цех бастығы 

Сақтаған Жұмамұратұлы Тобашевтың 

басқаруымен тауар-шикізат цехында 112 

адам қызмет атқарады.



- Сақтаған Жұмамұратұлы, сіздің 

цехты Шымкент МӨЗ-інің ардагері 

десек те болады - МӨЗ-дің негізгі 

өндірістік цехы - ЛК-6У көлемді 

құрылысы басталмай жатып, ең 

біріншілердің қатарында дәл осы 

цех пайдалануға енгізілген еді. Оның 

тарихы жайлы айтып берсеңіз. 

- Иә, бұл расымен солай - біздің цех 

Шымкент қ. ЖЭЦ-3 құрамында со-

нау 1978 жылы негізін қалап еді. 1983 

жылдың сәуір айы біз үшін ерекше - 

дәл сол кездері Батыс Сібірден Шым-

кентке Омск-Павлодар-Шымкент 

құбыржолымен цехтың резервуарлық 

паркіне түскен алғашқы мұнай келді. 

Эстакадада мұнайдың теміржол цистер-

наларына алғаш құйылуы да сол жылы 

жүргізілді, ашылу салтанатында  қызыл 

лентаны кесіп, Оңтүстік Қазақстан об-

ком партиясының бірінші хатшысы 

А.Асқаров, сондай-ақ Шымкент МӨЗ-

інің директоры Ю.П.Попов қатысты. 

Эстакаданың бірінші бастығы С.Өтеулиев 

еді, қазірде ол зауыт диспетчері болып 

қызмет атқарады. 

Сол кездері Ферғана МӨЗ-не арналған 

мұнайды теміржол цистерналарына ти-

еу жұмыстары басталды. Мұнайды ти-

еу жоспарын орындаумен қатар ЛК-6У 

кешенінің құрамында цехтың жаңа ны-

сандарын салу және пайдалануға беру 

жалғастырылды, мәселен, 1984 жылы бен-

зин, дизельдік отын, мазутқа арналған та-

уар парктерінің, ашық мұнай өнімдеріне 

арналған сорғы станциясының, мұнай 

өнімдерін құю эстакадасы, сондай-ақ 

сұйытылған газ паркі, реагентті және 

факелді шаруашылықтың құрылысы 

аяқталады. Цехтың бүгінгі атауы беріледі: 

тауар-шикізат цехы (ТШЦ). Сол жылдың 

қаңтар айында мұнай өнімдерін тиеу 

жұмыстары басталады.  

Біздің ТШЦ-да солардың еңбектерінің 

арқасында цех алғашқы қадамдарын 

жасаған адамдардың қызмет ететінін 

мақтан тұтамын. Олар - мұнайды алғаш 

қабылдап, ең бірінші теміржол құрамына 

тиеу кезінен бастап жұмыс істеп ке-

ле жатқан ТШЦ ардагерлері - тауар опе-

раторлары К.Бердімұратов, Н.Алекешев, 

М.Момынов және А.Қалдыгөзов.

- Цехтың негізгі қызметі қандай? 

- Мұнай мен мұнай өнімдерін жинау, 

сақтау және тиеу. Біз зауыт тасымалының 

күретамыры болып табыламыз - шикі 

мұнайды қабылдап, ЛК-6У кешенін 

шикізатпен қамтамасыз етеміз, ал ЛК-6У 

кешенінен дайын өнімді қабылдаймыз: 

А-80, Аи-92 маркалы бензиндер, ТҚ 

керосині, жазғы және қысқы дизелдік 

отын, вакуумды газойл, мазут, сондай-ақ 

ПТБҚ және ТБ маркалы сұйытылған газ-

дар. 


Дайын өнім резервуарларға тапсыры-

стар түсуіне байланысты қабылданып, 

тиеледі, сонымен қатар олардың ішінде 

бір уақытта 180 000 м

3

 мұнай, 45 000 м



мазут, 25 000 м

3

 вакуумды газойл, 80 000 



м

3

 дизелдік отын, 30 000 м



3

  керосин,                     

80 000 м

3

 АИ-80, 60 000 м



3

 АИ-92, 2000 

м

3

  АИ-96  маркалы  бензин  және  4000 м



3  

дейін ТБ және ПТБҚ сұйытылған газын 

сақтауға болады. 

Цех мамандары тапсырыстар бойын-

ша дайын өнімді теміржол вагон цистер-

наларында және құбыр жолдары арқылы 

жөнелтеді. ТШЦ басқа телімдерінде 

біз әртүрлі реагенттерді қабылдаймыз, 

олардың ерітіндісін әзірлейміз және за-

уыт цехтарын қажетті реагенттермен 

қамтамасыз етеміз.  

- Зауыт қондырғыларында 

өңделгеннен кейін мұнай 

өнімдерінің компоненттері сіздің 

зауытқа келіп түседі. Тауар өнімін 

алу үшін олардың компаундануы 

(араласуы) қалай жүргізіледі? 

- Резервуарлық парк телімінің 

құрамына бензинді араластыру то-

рабы кіреді. Бензинді араластыру то-

рабында біз ЛК-6У-дан келіп түсетін 

бензиннің негізгі фракциясына ММА 

(монометиланилин) және МТБЭ (метил-

трет-бутилді эфир) октанды арттыру-

шы қоспаларын қосу арқылы жоғары 

октанды Аи-96-К2 маркалы бензинді 

әзірлейміз. Бұл үшін араластырғышқа ар-

найы мөлшерлейтін сорғылар арқылы 

негізгі бензин мен октанды арттыру-

шы қоспа беріледі. Араластырғыштан 

кейін дайындалған бензин АИ-96-К2 

жоғары октанды бензинді сақтау үшін 

резервуарларға түседі. Өз кезегінде, АИ-

92-К2 және АИ-80-К2 бензиндері цех ре-

зервуарларына дайын күйінде түседі. 

Бірақ бензинді араластыру торабында біз 

дәл осы бензиндерді антидетонациялық 

қоспаларды қосу арқылы дайындай ала-

мыз.   

- Цех төрт дербес телімнен тұрады. 

Әрқайсысының қызметі мен 

міндеттері туралы айтып беріңізші. 

Резервуарлық парктен бастасақ.  

- Резервуарлық парк шикі мұнай мен 

тауарлық өнімді қабылдау мен сақтауға 

арналған. Ол бір уақытта 500 мың тон-

на мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға 

болатын 56 болат резервуардан және 



МҰНАЙ: жер қоЙНАуЫНАН… сіздің үЙіңізге деЙіН

Шымкент Мөз-інің тауар-шикізат цехын зауыт тасымалдауының күретамыры 

деп атайды. №1 және №2 цехтарының қондырғыларында ұзақ технологиялық 

тізбектен өтіп, тШЦ резервуарлық паркіне қайта оралып, мұнай өнімдеріне ай-

налатын шикі мұнай дәл осында келіп түседі. тауар-шикізат цехының қызметі 

туралы біздің сұхбатымыздан оқыңыздар. 

14

Желтоқсан 2015      



МҰНАЙШЫ

мұнайды, оның компоненттері мен та-

уар өнімдерін қайта айдауға арналған 

сорғылардан тұрады.  

Зауытымыздағы резервуарлық пар-

ктер мен технологиялық сорғы станция-

лары цехтың басқа объектілерімен бірге 

инженерлі тасымал инфрақұрылымының 

жалпы объектілерімен бірге арнайы 

аумақта орналасқан. 

Бүгінде бізде 6 мұнай резервуа-

ры жұмыс істейді, ондағы екі резерву-

ар көлемі 50000 м

3

, қалған төртеуінікі - 



20000 м

3

 құрайды. Сондай-ақ бензинге 



арналған сыйымдылығы әртүрлі 20 ре-

зервуар, газойлға арналған 5 резервуар, 

жазғы және қысқы дизельдің әрқайсысы 

үшін 4 резервуар, мазуттың 5 резервуа-

ры және көлемі 200 м

3  


сұйытылған газға 

арналған 20 буллит бар. Барлық резер-

вуарлар жылу оқшаулағыш қорғаныспен 

жабдықталған. 



- Резервуарлық парк қызметін 

қанша адам қамтамасыз етеді? 

- ТШЦ тиеу көлемі мұнай және мұнай 

өнімдерін өңдеумен салыстырлықтай. 

Біздің цех жұмысы бүкіл МӨЗ сияқты 

тәулік бойына жүргізіледі. ЛК-6У 

қондырғысына мұнай, сондай-ақ 

зауыттың отын желісіне мазут беретін 

сорғылар үзіліссіз тәртіпте жұмыс 

істейді. Техникалық шарттарға сәйкес 

3-4 резервуар қатарынан кесте бойынша 

жөндеуден өтеді. 

Бір ауысымда негізінен 7 опера-

тор және технологиялық сорғылардың 

жұмысын қадағалайтын 3 машинист 

жұмыс істейді. Ауысым операторла-

ры мұнайды үзіліссіз беруді және мұнай 

өнімдерін резервуарларға қабылдауды 

қамтамасыз етеді, мұнай өнімдерін ти-

еуге дайындайды. Резервуарлық пар-

ктерде еңбек ардагерлері қызмет етеді: 

С.Сейітов, Ф.Кадиров, Р.Каленова, 

О.Ерыгина, М.Баубекова, Ж.Жұмаділдаев 

және А.Өмірбеков. 

- Мұнай және мұнай өнімдерін 

сақтау мен құйып-төгу кезіндегі 

шығындарды азайту МӨЗ үшін өзекті 

мәселе ме? Оны шешу үшін қандай 

шаралар қолданылады? 

- Қазіргі уақытта біз мұнай және мұнай 

өнімдерінің жазғы уақыттағы ауада була-

нуы арқылы  шығындарды азайтып, ре-

зервуар ыдыстарын олардың түбіндегі 

қалдықтарды азайту арқылы (резерву-

арларды мұнай қойыртпағынан тазар-

ту) тиімдірек пайдалану жұмыстарын 

жалғастырудамыз. Резервуарлар пон-

тондар мен қалқымалы қақпақтармен 

жабдықталған, нығыздаушы бекітпелер 

«НМТ» (АҚШ өндірісі) заманауи түрлеріне 

ауыстыру, сондай-ақ резервуарлардың 

демалу қақпақтарын кейінгі нұсқаларға 

ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар ПҚОП Жаңғырту 

жобасының аясында мұнай өнімдерін 

вагон цистерналарына құюдың 

тұмшалау жүйесі енгізілетін болады, ол 

құю шараларын жүргізу кезінде вагон 

цистерналарының құю люктарын пай-

да болатын көмірсутек буларын рекупе-

рация жүйесіне бұру арқылы тұмшалауды 

білдіреді. Бұл жылына 450 тоннаға дейінгі 

ластаушы заттарды ашық құю кезінде 

орын алатын ауаға лақтыруды азай-

тып, ұсталған көмірсутектерді өндіріске 

қайтаруға  мүмкіндік береді. 



- Басқа телімдер - газ факелді 

шаруашылығы және сұйытылған 

газ паркі. Олар туралы толығырақ 

әңгімелесеңіз.

- Газ факелді шаруашылығы зауыттың 

технологиялық қондырғылары мен 

сұйытылған газ паркінен лақтырылатын 

жанғыш газдарды жинау мен 

жағуды жүзеге асырады. Газ факелді 

шаруашылығында 12 қызметкер жұмыс 

атқарады. 

24 адам еңбек ететін сұйытылған 

газ паркінің телімі сұйытылған газды 

қабылдау, сақтау және теміржол вагон ци-

стерналарына тиеуді жүргізеді, сондай-ақ 

сұйытылған газдарды ГҚС (газ құю стан-

циясы) автогаздарына құю үшін қайта 

айдауды жүргізеді. Басқа резервуарлар 

сияқты сұйытылған газ резервуарлары да 

сұйықтық деңгейінің көрсеткіштерімен, 

манометрмен, сақтандырғыш 

қақпақшалармен, қатпайтын сусіңгіш 

қақпақшалармен жабдықталған. 



- Және, енді, тағы бір телім - реа-

гент шаруашылығы. Оның мақсаты 

қандай? 

- Реагент шаруашылығы реагенттерді 

қабылдап, сақтауды, олардан зауыт 

қондырғыларын қамтамасыз ететін 

қажетті ерітінділерді әзірлеуді жүзеге асы-

рады. Реагенттер аса қатты әсер ететін улы 

заттарға жатады, және мұнда қауіпсіздік 

ережелері мен техникасын сақтау өмір 

мен өлім мәселесіне айналады.  

Мысалы, біз ерітінділерді әзірлейтін на-

трий гидроксиді, NaOH (сілті), аммиак суы 

(аммиактың сулы ерітіндісі), кальцилен-

ген содамен (натрий карбонаты, Na

2

CO



3

жұмыс істейміз. Сода-сілті ерітіндісі 



күйдіретін натрий, кальциленген сода 

мен таза суды араластыру арқылы дайын-

далады. Нәтижесінде осы 2%-дық ерітінді 

технологиялық құрылғының күкіртті су-

тек тоттануын басу үшін қолданылады. 

Біз сода-сілтілік ерітіндінің концентра-

циясы мен шығындау нормаларын  тех-

регламент бойынша мұқият бақылаймыз, 

себебі мөлшердің аз болуы немесе көп 


МҰНАЙШЫ      

Желтоқсан 2015

15

шығындануы тоттануды басу тиімділігіне 



кері әсер етеді. 

Аммиак суы атмосфералық бағананың 

үстіңгі шегінің күкіртті-сутекті тоттануын 

басу және сусіңгіш судың рН-н бейтарап 

күйде ұстау үшін қолданылады. 

- Өндірістегі жарылғыш қаупінің 

жоғары болуына байланысты 

өндірістік қауіпсіздік мәселелері 

бірінші кезекте болады. Осы 

бағыттағы жұмыстар туралы 

әңгімелесеңіз.  

- Мұнай және мұнай өнімдерін сақтау 

мен құйып-төгу - жарылғыш қаупі аса 

жоғары өндіріс, және бұл бірқатар ша-

ралар қатарын жүргізуді талап етеді, 

оның ішінде цехтағы автоматты өрт 

сөндіру жүйесін жақсарту, сондай-ақ 

зауыт аумағының жартысынан көбін 

алып жатқан өсінділермен күрес. Цех 

аумағында өрттің алдын алу үшін ма-

мыр айынан бастап күзге дейін шөптерді 

қолмен шабады. 



- Қазіргі уақытта цех алдында тағы 

қандай міндеттер тұр? 

- Кәсіпорын басшылығымен бірге цех 

қызметкерлері бірқатар мәселелер бой-

ынша жұмыс атқаруда, оның ішінде 

өндірісті диспетчерлеу, компьютерлер 

орнатып, жұмыс орындарын автомат-

тандыру, мұнай және мұнай өнімдерін 

құю мен оларды есепке алуды авто-

маттандыру, резервуарларды заманауи 

бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықтау, 

сондай-ақ қол бекітпелерді замана-

уи электр жетектері бар бекітпелерге 

ауыстыру. Цехта көптеген процестер 

автоматтандырылған.  

Мәселен, резервуарлық парктерді авто-

маттандыру жүйесі көбікті резервуардың 

ішіне тікелей жіберу арқылы өртті ав-

томатты өшіруді қарастырады. Өрт 

кезінде дабыл операторлық пен өрттік 

сорғы станциясындағы қалқанға келіп 

түседі, резервуарды көбікпен сөндіру ав-

томатты түрде іске қосылады. Сорғы 

станцияларының көбікпен сөндіруі де 

осындай тәртіпте жұмыс істейді. 

Saab TrankRadar TRL/2 жүйесі де осы-

лай жұмыс істейді, ол әрбір резервуардағы 

технологиялық көрсеткіштерді өлшеу, 

өлшенетін көрсеткіштерді енгізілген 

шекті мәндер бойынша бақылау, 

бақыланатын көрсеткіштердің берілген 

мәндерге жеткен кезінде дабыл беру, 

сондай-ақ мұнай өнімдерінің сандық 

есебі қызметін атқарады. 

Осы жүйенің арқасында біз ТБ 

операторлық бөлмесіндегі компьютер 

экранынан әрбір резервуар бойынша 

нақты ақпаратты, оның ішінде өлшенген 

деңгей, өлшенген орташа температура, 

өнім тығыздығы, жалпы көлемі, тауар асты 

су деңгейі, өнім көлемі, резервуардағы 

бос көлем, өнімнің салмағы мен көлемі, 

сондай-ақ резервуардың толу немесе бо-

сау жылдамдығын көріп отырамыз.

Қосымша ретінде, біз резервуарларды 

жөндеу мен қалпына келтіру кезінде ҚР 

СН 3.05.-24-2004В сәйкес жаңа талаптар-

ды табысты енгізіп келеміз, оның ішінде 

қосымша демалу қақпақшалары мен 

желдетпе келте құбырларын резервуар 

қақпағындағы от тосқауыларымен мон-

таждау және резервуар қабырғаларының 

астына іргелік сақиналарды орнату.  

Жыл сайынғы маусымдық шараларға 

қатысты, дәл қазір пеш отынын қабылдау 

мен тиеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

- Ұжым және өндіріс озаттары тура-

лы айтсаңыз. 

- Біздің барлық қызметкерлеріміз 

- кәсіпқойлар, жұмыстарын беріле 

атқарады. Резервуарлық парк опе-

раторлары Б.Жакашев, Н.Алекешев, 

К.Бердімұратов, П.Абсеметов, А.Бек-

мырзаев сынды өндіріс озаттарын атап 

өткім келеді. Жас мамандар уақыт өте 

ТШЦ ұжымының үйлесімді тетігінің 

бөлігіне айналадыі. Жастардың көбі 

М.Әуезов атынд. ОҚМУ даярлығымен 

келеді. 


- Цех жұмысының тұрмыстық 

жағы қалай? 

- Біз жұмысшыларымызды қолайлы 

жұмыс жағдайларымен қамтамасыз ету-

ге тырысамыз. Қазір цех ғимаратында 

тұрмыстық бөлмелердің күйін жақсарту 

бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Цехта асхана жұмыс істейді және біздің 

аспаздарымыз қызметкерлерге түрлі-

түрлі үй тағамдарын әзірлей отырып, 

жақсы тамақтандыруға тырысады. Цех 

қызметкерлері арнайы киіммен, арнайы 

аяқ киіммен және басқа да жеке қорғану 

құралдарымен уақтылы қамтамасыз 

етіледі. 



Сұхбатыңыз үшін алғысымызды 

білдіреміз! 

ТШЦ ұжымының инженерлік-техникалық қызметкерлері / Коллектив ИТР (инженерно-технические работники) ТСЦ / Storage Workshop engineering and technical staff



16

Желтоқсан 2015      



МҰНАЙШЫ

Этностың ең жоғарғы даму 

формасы - ол мемлекет. Қазақ 

мемлекеттілігінің қалыптасуына 

іргетасы Жетісу өңірінде Шу мен 

Талас өзендерінің аралығында 

1465 жылы құрылған Қазақ 

хандығы себеп болды. Республи-

када биылғы жылы кеңінен той-

ланып жатқан 550 жылдық ме-

рейтойына Қазақстан қомақты 

жетістіктермен келіп отыр: бұл 

әлемдік кеңістіктегі танымалдық 

және құрметтілік, тәуелсіздік 

жылдарындағы ІЖӨ мен 

халықтың әл-ауқатының өсуі. 

Тарихсыз мемлекет жоқ және 

мерекенің мақсаты - ұлтымыздың 

ежелден келе жатқандығын бүкіл 

әлемге паш ету және оны өскелең 

ұрпаққа түсіндіру. Біздің компа-

ния тарихымызға құрмет көрсете 

отырып, осынау аса маңызды 

тарихи оқиғаны тойлауды 

ұйымдастыру үшін 100 миллион 

теңге көлемінде демеушілік көмек 

көрсетіп, өзінің үлесін қосты.  

Әрбір халықтың тарихында сын-

дарлы кезеңдер болады және соның 

бірі - даралану және жаңа одақ құру 

процесі. Тарихи оқулықтардан біз 

Қазақ хандығын Жәнібек пен Керей 

1465 жылы құрғанын білеміз. Алай-

да, оның негізін қалаушылар мен 

аталған оқиғалардың хронологиясына 

қатысты дау-дамай әлі күнге дейін бір 

басылмай келеді. Мәселен, ғалымдар 

Т.Сұлтанов, К.Пищулина, К.Ақышев, 

А.Хасенов, Б.Кәрібаев және басқалары 

Қазақ хандығының құрылуына қатысты 

өздерінің бір-біріне ұқсамайтын 

көзқарастарын айтады. Қазіргі күні 

қоғамның назарына көптеген та-

рихшы ғалымдардың мақалалары 

ұсынылған, оның ішінде Қазақстан 

тарихындағы көрнекті тұлғалардың 

тарихы, батырлығы және өмірі тура-

лы энциклопедия санатындағы «Қазақ 

хандары» тарихи-танымалдық кітабын, 

сондай-ақ Р.Темірғалиевтің балама-

лы тарих жанры ретінде жазылған «Ақ 

орда. Қазақ хандығының тарихы» атты 

кітабын бөле-жара атауға болады.  

Республикада тарих ғылымы Ел 

Президентінің бастамасымен Қазақ 

хандығының 550 жылдығын той-

лау және Қазақстан тарихындағы 

«ақтаңдақтарды» зерттеу және 

толықтыру туралы тапсырмасынан 

кейін жаңаша серпіліс алды. Еліміздің 

ғалымдары мемлекеттік мекемелермен 

қарым-қатынас жасай отырып және 

басқа елдердегі әріптестерінің белсенді 

қатысуы арқылы сан алуан жазба 

дереккөздерімен және археологиялық 

заттармен жұмыс істеп жатыр.  

Мәселен, жақында ғана Ватиканда 

Қазақ хандығының ХVI ғасырдағы кар-

тасы табылды және ғалымдар бұл ар-

тефактыны зерттеуін жалғастыруда. 

Берн мұражайында қазақ шеберлері 

тоқыған кілем табылды, онда 

қазақтың орта ғасырлардағы хандары, 

сұлтандары және билері бейнеленген

сондай-ақ біздің ата-бабаларымыздың 

көп тілді меңгергендігін және 

нақты иерархиялық құрылымдары 

болғанын дәлелдейтін түрлі тілдердегі 

дипломатиялық жазбалар табылды. 

Өз кезегінде, Тараз мемлекеттік 

университетінің бір топ ғалымдары 

бұрын ғылымға белгісіз болып кел-

ген, Қазақ хандығына қатысты - «Ке-

рей ханның қыстауы», «Керейдің 

шатқалы», «Хан тағы» тарихи орын-

дарын ашты. Олар көшпенділердің 

өмірі мен тұрмысына қатысты басқа 

да географиялық нысандар және 

ескерткіштермен бірге ғалымдар 

жасаған «Ұлы көш» картасында көрініс 

тапты. 

 Ақтөбеде ортағасырлық «Хан мо-



ласы» зиратында Әбілқайыр ханның 

сүйегі жерленген жерде оның 

мемориалдық кешені ашылды. Ке-

шен кесенеден және қазақ руларының 

таңбалары қашалып түсірілген үш 

жүздің тулары қосылып бейнеленген 

стела тәрізді салынған. Ұлы ханның 

моласын іздестіру бірнеше жылдарға 

созылған және көптеген зерттеулер-

ден кейін, оның ішінде ДНҚ-талдауды 

пайдалана отырып, ханның жерленген 

жері анықталды. Ғалымдар ханның бет 

пішімін де қалпына келтірді. 

Жылдан жылға жаңадан 

табылған және мұқият зерттелген 

артефактілердің көмегімен, қолдағы 

бар мұрағаттық деректерді талдаудың 

жаңа тәсілдері мен қайта зерделеуден 

өткізу арқылы біз Қазақстан тарихы ту-

ралы көбірек біліп келеміз. 2015 жылдың 

тамыз айында мерекені тойлау аясын-

да ұйымдастырылған «Ұлы хандардың 

жолдарымен» атты ауқымды ғылыми 

экспедицияның жұмысы аяқталды. Ша-

мамен 4 500 шақырымды жүріп өткен 

оның қатысушылары тарихи орын-

дарды, кесенелерді және ежелгі Созақ, 

Сығанақ, Сауран, Қазақ хандығының 

астанасы - Түркістан қалаларының 

жұқанасын, сондай-ақ Тараздың 

ескерткіштерін аралады және тарихи 

талдау жасады. Оның қорытындылары 

мақалаларда және конференциялар-

да баяндамалар түрінде жарияланатын 

болады.  

550 жылдық мерекенің өзін той-

лау жыл бойы өткізілетін болады және 

әр облыс, әр қала осынау маңызды та-

рихи мерейтойды өзінше атап өтеді. 

Тұтастай алғанда, жалпы бюджеті 23 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет