2
Желтоқсан 2015
МҰНАЙШЫ
contents
4
Басшылықтың құттықтау сөзі
6
Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық
қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, ұшқыш-сынақшы
Тоқтар Әубәкіров: «Халық үшін және халық атынан ұшу керек».
10
Бизнес және өнер синергиясы
13
Мұнай: жер қойнауынан… сіздің үйіңізге дейін
16
Мемлекеттілік мерейтойы: Қазақ хандығына 550 жыл
18
Жеке қорытындылар
20
Оқиғалар күнтізбесі
22
Поздравление руководства
24
Герой Советского Союза, Народный герой Республики Казахстан,
Первый космонавт Казахстана, летчик-испытатель Тохтар
Аубакиров: «Во имя народа и от имени народа нужно лететь»
28
Синергия бизнеса и искусства
31
Нефть: из недр и до… вашего дома
34
Юбилей государственности: 550 лет казахского ханства
36
Личные итоги
38
Календарь событий
40
Management greetings
42
Hero of the Soviet Union, People’s Hero of the Republic of Kazakhstan,
Kazakhstan’s first cosmonaut, test pilot Tokhtar Aubakirov:
“We need to fly in the name of the people and for the people”
45
The synergy of business and art
48
Oil: from subsurface right to… your home
50
Anniversary of statehood: 550 years of the Kazakh Khanate
52
Personal results
54
Calendar of events
«Мұнайшы» журналы - «ПетроҚазақстан»
компаниясының қызметкерлеріне арналған
корпоративтік басылым.
Бас редактор:
Бақытжан Исенғалиев
Бас редактордың орынбасары:
Екатерина Гребенникова
Редакциялық топ:
Махаббат Джайлғанова,
Диляра Қасымбекова,
Айнаш Тілеубаева,
Гүләйхан Ембердиева,
Ақтолқын Сұлтангереева.
Фотографтар:
Андрей Тайгунов
Аваз Қарабаев
Журнал «Мунайшы» - корпоративное
издание компании «ПетроКазахстан»,
предназначенное для сотрудников.
Главный редактор:
Бахытжан Исенгалиев
Заместитель главного редактора:
Екатерина Гребенникова
Редакционная группа:
Махаббат Джайлганова,
Диляра Касымбекова,
Айнаш Тлеубаева,
Гульайхан Ембердиева,
Актолкын Султангереева.
Фотографы:
Андрей Тайгунов
Аваз Карабаев
Munaishy is a corporate PetroKazakhstan
magazine for the employees.
Chief Editor:
Bakhytzhan Issengaliyev
Deputy Chief Editor:
Ekaterina Grebennikova
Editing staff:
Makhabbat Dzhailganova,
Dilyara Kassymbekova,
Ainash Tleubayeva,
Gulyaikhan Yemberdiyeva,
Aktolkyn Sultangereeva.
photographers:
Andrey Taigunov
Avaz Karabayev
содержАНие
МАзМҰНЫ
Байланыстық ақпарат:
Казақстан Республикасы, Алматы,
050059, Фурманов көшесі, 244-а
тел.: +7 (727) 258 1848
Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com
Контактная информация:
Республика Казахстан, Алматы,
050059, ул. Фурманова, 244-a
тел.: +7 (727) 258 1848
Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com
Contact information:
244-a Furmanov Street, 050059,
Almaty, Republic of Kazakhstan,
tel.: +7 (727) 258 1848
Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com
МҰНАЙШЫ
Желтоқсан 2015
3
Құрметті оқырмандар,
Біздің «Мұнайшы» корпоративтік журналымыз компанияның мыңдаған ұжымына және
әрқайсыңызға жекелей арналады. «Мұнайшыны» Астанадағы бейінді министрліктер мен ведомства-
лар, ассоциациялар мен бірлестіктер оқитынын айта кету керек. Осылайша, тұтқалы мемлекеттік
және қоғамдық құрылымдардың басшылары біздің өндірістік өміріміз, тұрмыс-тіршілігіміз,
мәдениет, бос уақытымыз жөнінде біліп отырады. Бұл олардың тарапынан әрқайсымыз туралы,
жалпы компания туралы объективті көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Көп жылдар бойы
«ПетроҚазақстанның» мемлекет пен қоғамның сенімді қарым-қатынасына бөленуі тегін емес, ал
«Мұнайшы» журналы «Ең үздік салалық корпоративтік басылым» құрметті атағын иеленіп жүр.
Бұл бірінші кезекте сіздердің әрқайсыларыңыздың күрделі де адал еңбектеріңізге негізделген
сіз бен біздің жемісіміз. Журналдың міндеті - компанияның жалпыға ортақ қызмет аясын жасап,
барлығымызды ақпараттық және идеологиялық тұрғыда біртұтас үлкен отбасы, мүдделес топ етіп
біріктіру болып табылады.
Сондай-ақ өздеріңіз байқағандай, журналдың әрбір нөмірінде назарларыңызға біздің танымал
жерлестеріміз, халқымыздың қаһармандарымен өткізілген сұхбат, әңгіме, олар туралы ақпарат ұсынып отырамыз. Мәселен, осы жо-
лы аңыз адам десек артық болмайтын Тоқтар Әубәкіров мырза біздің қонағымыз болып отыр.
Таңдауымыз кездейсоқ емес - осынау тұлғаның ер адамға тән күш-қуаты, табандылығы, адалдығы, мейірімділігі мен даналығы келе
жатқан Жаңа жыл қарсаңында бізге күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізге сенім ұялатар деген ниеттеміз.
Отбасыларыңызға жылулық пен шуақты күндер тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Б.Исенғалиев
Вице-президент
P.S. Сіздерден әрдайым хат, ұсыныс, пікір-тілектер күтеміз.
бАс редАктордЫң сөзі
4
Желтоқсан 2015
МҰНАЙШЫ
Құрметті әріптестер!
Нарықтық экономика өзінің кезең-кезеңге
бөлінуімен ерекшеленеді, яғни, құлдырау кезеңі
өркендеу және гүлдену кезеңдерімен астасып жа-
тады. Әрине, әлем экономикасында белең алған
ағымдағы дағдарыс жағдайы халықтық эконо-
мика мен компания жұмысына тікелей ықпал ет-
пей қоймайды. «ПетроҚазақстан» құрылғалы
бері түрлі кезеңді басымыздан өткердік, де-
генмен, дұрыс таңдалған бағыт, өз ісіңе деген
сүйіспеншілік және команданың әр мүшесінің
барын салуы әрдайым оң нәтижесін беріп,
компанияның жаңадан көтеріле түсуіне жол аш-
ты. 2015 жыл да оңай кезең болған жоқ. Компа-
ния басшылығы қаржыны оңтайландыру және
секвестрлеу бойынша түрлі шаралар қолданды,
осы орайда біз «ПетроҚазақстанның» барлық
қызметкерлеріне әрдайым түсіністік таны-
тып, компания қызметінің тиімділігін қолдауда
белсенділік көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз.
Кетіп бара жатқан жылды компания төмендегідей көрсеткіштермен тәмамдады - ПҚҚР, Көлжан және ПҚВИ барлау және бұрғылау
бағдарламасының аясында 68 жаңа ұңғыма бұрғыланды, оның ішіне 48 өндіруші және 20 барлаушы мен бағалаушы ұғыма енді,
сондай-ақ «Қазгермұнай» - 27 өндіруші ұңғыманы бұрғылады. Тәуелсіз аудитор Ryder Scott-тың берген есебі бойынша, жалпы
«ПетроҚазақстан Инк» компаниясы тобында P1 санатты мұнай қорының өсімі 4,3 млн. баррельді құрады.
«ПетроҚазақстан» табысының жиынтық көрсеткіші, жоспардағыдай, 2015 жылы 4,388 млн. тонна мұнайға жетеді деп күтілуде.
Оның ішінде 2,447 млн.тоннасы ПҚҚР, Көлжан және ПҚВИ-да өндірілсе, қалған 1,499 млн.тоннасын біздің 50% үлес «Қазгермұнай»
БК құрайды және 0,442 млн.тоннаны - 50% үлес «Торғай-Петролеум» береді.
2015 жылы мерейтойын қарсы алған ПҚОП, ҚР ЭМ жоспарына сәйкес, 4,56 млн. тонна шикізат өндіреді деп жоспарланған бола-
тын және 2015 жылдың 10 айында 3,59 млн. тонна мұнай өңделіп үлгерді. Зауыт жоғары октанды бензин шығару үлесін 66,1%-ға дейін
көтерді, өңдеу тереңдігінің көрсеткіші 75,3%-ды, ал мөлдір мұнай өнімдерінің шығуы 57,08%-ды құрады.
2015 жыл ПҚОП үшін «Шымкент МӨЗ жетілдіру және қайта құру» жобасы бойынша жүзеге асырылған нысандарды пайдалануға
беруді бастаған жыл болды. Қайта құрылғаннан кейін алғаш қолданысқа берілген нысан қыркүйек айында ашылған дизельдік от-
ты гидротазалау қондырғысы еді, оны енгізген уақыттан бастап біздің зауытымыз Қазақстандағы үш МӨЗ-дің ішінде бірінші бо-
лып өндірілетін дизельдік отынның сапасын К4 және К5 (ЕУРО-4 және ЕУРО-5) эко-стандарттарына сәйкес қамтамасыз ететін
болды. Келесі кезекте – күкірт өндіретін қондырғы, ол ПҚОП-та басынан бастап тұрғызылатын, технологиясы жағынан күрделі
алғашқы нысан болмақ. Акционерлердің алға қойған мақсатына сай, нысан жыл соңына қарай қолданысқа берілуі тиіс, бүгінгі таңда
қарапайым күкіртті өндіру бойынша іске қосу және жөндеу жұмыстары аяқталып қалды, сондай-ақ ПҚОП-тың АМӨЗ, ПМХЗ сияқты
қазақстандық зауыттармен, мердігер СРЕ-мен, көмекші және төтенше қызметтермен өзара әрекеттестік сызбасы өңделіп жатыр, со-
нымен қатар осы нысандағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша іс-шаралар кешені қолға алынуда.
«Шымкент МӨЗ жетілдіру және қайта құру жобасының» бірінші кезеңі аясында тұрғызылған келесі нысандар - нафтаны изомер-
леу және гидротазалау алдындағы қондырғылар, сондай-ақ 16 жалпы зауыттық шаруашылық нысандары; әрине, күкірт қондырғысын
тұрғызу кезінде жинақталған тәжірибе оларды жүзеге асыруда көмектесетіні сөзсіз.
Алдағы уақытта қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өндірістік қауіп-қатерлердің алдын алу үшін, «ПетроҚазақстанның»
барлық бөлімшелерінде тұлғаның мәдениетін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту жұмыстары тұрақты түрде
жүргізіліп отырады. Осылайша, ПҚҚР 2015 жыл бойы ҚЕҚОҚ басқару жүйесін жетілдіру жобасын жүзеге асыруды, «Қорғау» жоба-
сы аясында ары қарай жетіле түсуді жалғастырды. Каскадты басқару жүйесі ретінде ҚЕҚОҚБЖ элементі, қауіпсіздіктің мінез-құлық
аудиті (ҚМА) енгізілді және 5 бағыт бойынша шағын комитеттер құрылды. Сонымен қатар «Әлеуетті қауіпті жәйттар, қауіпсіз емес
жағдайлар мен іс-әрекеттер туралы хабарлағаны үшін жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасын» жүзеге асыру жалғасын табу-
да, бұл орайда, есеп беру кезеңінде 9 қызметкер марапатталды. 2015 жылдың тамыз айында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз»
АҚ энергетикалық менеджмент жүйесінің ISO 50001:2011 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес ENMS 637414 сертификаты
енгізілді. Бұл стандарт энергиялық тиімділік пен энергия үнемдеудің әлем бойынша ең үздік саналатын әдістерін қарастырады, ол
энергия тұтынуды төмендетіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді және экологиялық талаптарға сай болуды қамтамасыз етеді.
«ПҚОП» ЖШС қауіпсіздік және денсаулық сақтау бойынша халықаралық OHSAS 18001 стандарт талаптарына сәйкестікті қайта
куәләндіру мен ISO 14001 халықаралық экологиялық менеджмент стандартына сәйкестікті бақылау аудитінен сәтті өтті.
Әлеуметтік салада «ПетроҚазақстан» аймақты дамыту бойынша өз мойнына алған міндеттерді орындауды жалғастырып, Оңтүстік
Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімшіліктерімен қол қойылған Меморандумдарды, сондай-ақ сыртқы және ішкі
шәкіртақылық, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.
бАсШЫлЫқтЫң қҰттЫқтАу сөзі
МҰНАЙШЫ
Желтоқсан 2015
5
Күзде, «ПетроҚазақстан» энергетика саласының жетекші компанияларымен бірге, KAZENERGY Х мерейтойлық Форумына және
көрмесіне атсалысты, осы іс-шара аясында Ассоциацияның бастамасымен біз «Өнер синергиясы» атты мәдени іс-шара өткіздік.
Келесі жылы біз өзіміздің біртұтас қағидамызды ұстанып, нәтижеге жұмыс істеп, ортақ командалық рух пен өз ісімізге адалдықты
сақтап қалатын боламыз.
Жаңа жыл қуанышты сәттерге, бақыт пен ақ тілектерге толы болсын! Сіздерге және отбасыларыңызға жаңа
2016 жылда зор денсаулық, амандық тілейміз!
Жұмыскерлеріміздің кәсіби еңбегінің республикалық деңгейдегі түрлі мекемелер тарапынан жоғары баға алуы -
компаниямыздағы ерекше мақтануға тұрарлық жағдай. Биылғы жылда «ПетроҚазақстанның» 262 қызметкері түрлі
медальдардың, төс белгілердің, алғыс хаттар мен құрмет грамоталарының иегері атанса, тағы 194 жұмыскер «ПҚОП» ЖШС
Құрмет грамотасын алды.
Осылайша, ПҚҚР-дың төрт қызметкері Құрмет грамотасына лайықты болып, үшеуі «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан
үлесі үшін» медалін тақты, сондай-ақ зейнетке шыққан 13 жұмыскерге ҚР Энергетика министрлігі тарапынан «Еңбек ардагері»
медалі табыс етілді. Екі қызметкер «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісінің иегері атанды және
төрт жұмыскер Энергетика министрлігінен алғыс хат алды. Тағы үшеуі Қызылорда облысының әкімінен және 13 қызметкер
Қызылорда қаласының әкімінен алғыс хат алды.
ПҚОП-та 50 қызметкер CNPC-дан, 32 адам - «ҚМГ» ҰК АҚ-нан, 48 қызметкер - «ҚМГ - ӨМ» АҚ-нан, 30 қызметкер - «Самұрық-
Қазынадан», 29 адам - Энергетика министрлігінен және 30 адам - «KAZENERGY» Ассоциациясынан Құрмет грамоталарын ал-
ды. Сонымен қатар мұнай өндіру бөлімшеміздің бір қызметкері ҚР Энергетика министрлігінің тарапынан мұнай-газ кешенін
дамытуға қосқан үлесі үшін медаліне лайықты болды.
барлық марапатталған қызметкерлерді құттықтаймыз және осы сәтті пайдалана отырып, компанияның
дамуына қосқан үлестеріңіз бен өз істеріңізге шынайы берілгендеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
«Әлемдік мұнай және газ саласында орын алып отырған
қазіргі уақыттағы дағдарысқа қарамастан біздің ком-
пания өндіріс қарқынын қалыпты деңгейде ұстай оты-
рып, қол жеткен межелерді нығайта түсуге күш салуда,
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және өз қызметкерлері
үшін еңбек жағдайларын жақсартуда. Бүкіл ұжымның
еңбегі арқасында - осындай толағай табыстарға же-
ту мүмкін болды. Министрліктің марапаты - бұл күллі
компанияның, барша ұжымның еңбегін мойындау,
қадірлеп бағалау мағынасын білдіреді. Біздің компани-
яда нағыз кәсіпқойлар еңбек етеді, олардың алдында
болашақта да ауқымды істерді атқару міндеті тұр».
Цинь Хунвэй,
«ПҚҚР» АҚ Басқарма
төрағасы,
ҚР Энергетика
министрлігінің Құрмет
грамотасының иегері
«Шынымды айтсам, бұл мен үшін тосын жағдай болды.
Менің атымды атаған кезде, әрі осындай беделді сыйлықты
ұсынғанда, сезімдерім калейдоскоп тәрізді құбылып кетті,
бастапқыда мақтанышым қобалжуға ұласып, артынан
қайта қуанышқа кенелдім. Дегенмен, бүгінгі менің марапа-
тым - еңбектің, барлық командамыз қосқан үлестің жемісі,
себебі, тек қана бірлесіп жұмыс істеп, қиыншылықтармен
күресіп, жаңа белестерді бағындырып, компаниямыз үшін,
мұнай саласы үшін және жалпы еліміз үшін еңбек ету
арқылы осындай жоғары деңгейге көтерілуге болады».
Бауыржан Аманғосұлы
Сыздықов,
№1 цех, 200-ші секция,
технологиялық
қондырғылар операторы,
ҚР Энергетика министрлігі
тарапынан «Мұнай-газ
кешенін дамытуға қосқан
үлесі үшін» медалін иеленуші.
Вэй Юйсян,
«ПетроҚазақстан» Президенті
Асқар Түрісбеков,
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС
Бірінші Вице-президенті
6
Желтоқсан 2015
МҰНАЙШЫ
Бақытжан Исенғалиев
Құрметті Тоқтар Оңғарбайұлы,
біздің көп жылдық достығымыз
мен үшін үлкен құрмет. Мен Cіздей
адаммен, Қазақстанның тұңғыш
ғарышкері, қазақ халқының мақ-
танышымен таныс болғанымды
мақтан тұтамын. Сізді барша жұрт
таниды, біледі және бүкіл әлем
құрметтейді. Бұл Сіздің жалғыз
ғана мәртебеңіз емес, Сіз Кеңес
Одағы кезеңінің өзінде-ақ ұшақты
қондырмай әуеде екі рет жанар-
май құйдыру арқылы Солтүстік
Үйек аумағына ұшып қайтқан
және де дауылды ауа райында авиа
тасығыштың кеме палубасына
МиГ-29 жоғары дыбысты жойғыш
ұшқышын отырғызған алғашқы
адамсыз.
Біздің кезекті кездесуімізді пай-
далана отырып, мен, «Мұнайшы»
корпоративтік журналының редак-
торы ретінде оқырмандарымызға
Сіздің тұлғаңыздың жан-
жақтылығын, Сіздің қызықты әрі
ерекше өміріңізді көрсеткім келеді.
- Сондықтан, құрметті Тоқтар
Оңғарбайұлы, ескі достығымыздың
құрметіне, менің бірнеше сұрағыма
жауап беріп, мұнайшыларымыз
бен олардың отбасыларына біраз
ашылуыңызды сұраймын. Кез кел-
ген адамның өмірінде оның әрі
қарайғы кезеңдерін айқындайтын
негізгі елеулі оқиғалар болады.
Сіздің өміріңізде осындай сәттер
болды ма? Мамандық таңдауыңызға
не әсер етті?
- Бала кезімде ұшақты алғаш көрген
сәтте-ақ мен өзімнің мамандығымды
таңдадым десем болады. Мені сол кез-
де ерлікке қатысты барлық нәрсе
еліктіретін, ұшқыштар да батыр-
лар қатарына кіретін. Ауылымыздың
төңірегіне ұшақ қонған кезде біз бір топ
бала оның жанына жүгіріп барғанымыз
есімде. Сол кезде маған үлкен болып
көрінген ЛИ-2 ұшағының ұшқышы
бізді ұшағына мінгізіп, ұшақ «жүргізіп»
көруді ұсынғанда, қуанышымызға
шек болмады. Аспанмен ең алғашқы
кездесуімдегі сезімдерім әлі есімде
– бұл ұзақ әрі мені қатты толқытқан
сәт еді! Кейіннен махаббатқа айналған
аспанға деген қызығушылығым осылай
оянған болатын. Мен ұшқыш болуды
бала кезімнен армандадым, ол жастық
шақта да жалғасын тапты, ал ұшқыштар
училищесіне түсу үшін жақсы оқу
керектігі анық.
Қарағанды қаласында 15 жастан
қабылдайтын әуе клубы бар еді. Жасым
толған кезден әуе клубына жазылып, көп
кеңес одАғЫНЫң бАтЫрЫ, қАзАқстАН
республикАсЫНЫң ХАлЫқ қАһАрМАНЫ,
қАзАқстАННЫң тҰңғЫШ ғАрЫШкері,
ҰШқЫШ-сЫНАқШЫ тоқтАр ӘубӘкіров:
«ХАлЫқ үШіН жӘНе ХАлЫқ АтЫНАН ҰШу керек».
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Ұшқыш-
сынақшы және ғарышкер-зерттеуші.
КСРО 72-ші (соңғы) ғарышкері, тұңғыш қазақ ғарышкері. 1991 жылы 2-10 қазан
аралығында «Мир» ОК қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышкер-зерттеуші
ретінде қатысқан. Экспедицияда «Донбас-2» (стартта) және «Озон-2» (қону кезінде)
шақыру белгілеріне ие болған. Ұшу ұзақтығы 7 тәулік 22 сағат 12 минут 40 секунд.
Қазақстан ӘӘК генерал-майоры. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XII-XIII
шақырылымдар депутаты, Қызылорда облысының №44 сайлау округінен ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты.
1988 жылғы 31 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен
жаңа авиация техникасын сынау кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровке Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі табы-
сталып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
«Халық Қаһарманы» (1995), Отан ордені (1995), КСРО Ғарышкер ұшқышы
(1991), КСРО еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшысы (1990), Ленин ордені (1988),
«Құрмет белгісі» ордені (1981), сондай-ақ пилотталатын ғарышкерлік саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Ғарышты
игерудегі еңбегі үшін» медалі (2011) марапаттарына ие. ҚР еңбегі сіңген спорт
шебері.
17 жасында-ақ оның суреті зауыттың Құрмет Тақтасында ілінген, еңбекте жеткен
биік жетістіктері үшін Т.Әубәкіровтің есімі Қарағанды облысы өндірісінің белгілі
үздіктерінің Құрмет Кітабына алтын әріптермен жазылған.
МҰНАЙШЫ
Желтоқсан 2015
7
ұзамай алғаш рет ұшақтан өзім секірген
болдым. Ұшқыштар училищесіне
тек 17 жастан бастап түсуге болатын.
Сондықтан мен бір жыл бойы болашақ
ұшқыштар дайындайтын сыныпта
оқыдым. 1964 жылы мен ұшуға дайын
болсам да, ұшуға жібермеді. Бұл мен үшін
қатты уайым еді.
Алайда мерзімнің осылайша кейінге
шегерілуі менің табандылығымды
одан әрі арттырды. Теміртау құю-
механикалық зауытында метал
қырнаушы болып жұмыс істей жүріп
оқуымды жалғастырдым. Көлік-
жол қиындықтарының салдарынан
оқытушыларымыз Қарағандыдан келе
алмай, клубта мен құрдастарыммен өз
біліміммен бөлісіп, аэродинамика және
моторлар жөніндегі оқытушы қызметін
де атқардым. Зауытта болса, жалақым
сақтала отырып, облыс атынан Алма-
ты Политехникалық институтына пар-
тия тарапынан емтихансыз оқуға түсуге
ұсыныс жасалды. Сол кезде бұл өте жақсы
ұсыныс болатын. Бірақ мен бас тарттым
да, 1965 жылы өз арманыма жету жолын-
да алғашқы қадам жасап, Армавирдегі
Әуе қорғаныс ұшқыштарын дайындай-
тын жоғары әскери училищесіне түсуге
кеттім. Жасаған таңдауым үшін ешқашан
өкінген емеспін!
- Сіз - Кеңес Одағының Батыры-
сыз. Осындай биік атақты қалай
иелендіңіз. Бұл ғарышкерлікпен
байланысты емес еді ғой.
- Мұны екі сөзбен айту қиын. Мен
ұшқыш, ал кейіннен әскери жойғыш-
ұшқыш, инженер болғаннан кейін, ұзақ
уақыт бойы ұшқыш-сынақшы болуға
талпындым. Сол кезде бірде-бір азия
нәсілді ұшқыш-сынақшы болмаған еді,
мен алғашқысы болдым және осыған
Д.А.Қонаевтың ықпалы көп*.
1970 жылдары Кеңес Одағында жаңа
бағытты - авиа тасығыш кемелерін жасау
туралы мәселе туындады. Бұл міндетті
шешу үшін бірнеше тәжірибелік-
конструкторлық бюролар жұмысқа тар-
тылды, оның ішінде сол кезде «МиГ»
маркалы ұшақтарын әлемдегі ең үздік
өндіруші Микоян атындағы ТКБ бюросы
болды. 1976 жылы ұшқыш-сынақшылар
мектебін аяқтаған соң, бағыма қарай
осы жерге қызметте жүрген едім. Ұжым
жоғары білікті кәсіби мамандардан
құралған болатын.
Осы жоба бойынша біздің ТКБ
жұмысқа тәжірибелі ұшқыш-сынақшы
В.Е.Меницкий және мені тартты. Біздің
міндетіміз ұшақтарға және олардың
сынақтарына байланысты бүкіл по-
зициялар бойынша ұсыныстар бе-
ру болатын. Жаңа әуе техникасының
сынақтарымен айналыса отырып,
біз ұшақтарды іске қосуға жолдама
беретінбіз десек болады! Жұмысымыз
қайсарлықты талап ететін - әрбір
ұшқанымыз өмірге үлкен қауіп бола-
тын. Сол кездері, 1988 жылы Кеңес
Одағының Батыры атағын алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |