Карл Линней – организмдерді алғаш рет топтастырып жүйеге келтірген швед ғалымы, жаратылыстанушы.
Карл Линней- 1735 жылы жарыққа шыққан “Табиғат жүйесі’ еңбегінің авторы. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудің негізгі қағидалары сиппаталды, сондай ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд , туыс және түрлерге бөлуді де бірінші болып ұсынған.
Түр – жүйелеудің ең кіші бірлігі
Түр – сыртқы және ішкі құрылысында ортақ белгілері бар, биохимиялық және мінез-құлық ерекшеліктері ұқсас, бір-бірімен айқасқан және қоршаған орта факторларының әсерінен бірдей өзгеретін ұрпақтар тізбегінде құнарлы ұрпақ беруге қабілетті даралар жиынтығы.
Жүйелеу
Жануарлар
Өсімдіктер
Патшалық
Патшалық
Тип
Тип
Класс
Класс
Отряд
Қатар
Тұқымдас
Тұқымдас
Туыстас
Туыстас
Түр
Түр
Сүтқоректілер – жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді.
Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі. Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді
Жәндіктер немесе бұнақденелер немесе шыбын-шіркейлер – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы.
Қосмекенділер (Amphіbіa) – хордалылар типі, омыртқалылар тип тармағының бір класы. Қосмекенділердің 2 класс тармағы: доғаомыртқалыла (Apsіdospondylі) жұқаомыртқалылар (Lepospondylі), 3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер), 25 – 30 тұқымдасына бірігетін 4 мыңнан астам түрі белгілі. Тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарда таралған. Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады
Бауырымен жорғалаушылар , рептилиялар (Reptіlіa) – омыртқалы жануарлардың бір класы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы –сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған
Жануарлар табиғаттың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Жануарлардың 2 млн – ға жуық түрлері белгілі. Жануарлар дүниесін құрылысының ерекшеліктеріне және тіршілік әрекеттеріне байланысты 2 топқа бөледі. Олар біржасушалылар және көпжасушалылар
Тірі организмдер (қоректену типіне қарай) Автотрофты Гетеротрофты организмдер организмдер
Өсімдіктер Жануарлар Адамдар
Саңырауқұлақтар