Мобильді қосымша жасау бүгінгі сабақта



бет3/6
Дата07.01.2022
өлшемі1,81 Mb.
#18822
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША ЖАСАУ

екінші элементті қос деген жазба пайда болады.

Жазба сипаттарындағы мәтінді«Сіздің атыңыз



кім?» деп өзгерт және қаже і параметрлерді орнат.
Бұл Дизайн компонентінің программада болуына қарамастан, программаның өзінде ол әлі көрінбейді, өйткені оның реттілігі программаланбаған.
Жобаға мәтін енгізу үшін өрісті қос – Мәтін (қолданушы атын енгізу үшін). Өріс қасиеттерін қалағаныңша өзгерт, Компонент атауын Мәтін Енгізу деп өзгерт.
Қоршаған ортадағы код визуалды, бірақ нысандық-бағдарлық тілдердің параметрлеріне сәйкес келеді.

«нысан. қасиеті = қасиеттің мәні»




  1. Батырманы шерт-кенде жазу көрсетілетіндей етіп программалау қажет. Блоктарды өңдеу режіміне ауысқанда MІT App inventor блоктарын өңдеу аймағы ашылады (6-сурет).




Сол жақтағы панельден Батырма1 элементін таңда. Осы элементке қолданылатын әрекеттер тізімі ашылады, блоктар олардың әрқайсысына сәйкес келеді. Батырма1 басылған кезде … орында деген блокты таңдау жазуы көрінуі керек, сондықтан жа-




6-сурет. Программалық код қосу

зуды таңдап, оған Жазба1-ге_беру_–_көрінетін_–_ақиқат'>Жазба1-ге беру – көрінетін – ақиқат блогын белгіле. Бұл әрекетті Батырма2 және Мәтін компоненті үшін орында.
Қажетті мәтінді «мәтіндер өрісіне» енгізу үшін, Мәтінді беру – Мәтін – Бос мәтін блогын таңда.
Қосымшаны іске қосу кезінде жазба көрінбеуі үшін, экранға Screen1 жүктелген кезде, жазбаға Жазба1-ге беру – көрінетін – жалған блогын таңда. Қолданушының сәлемдесуі пайда болуы үшін, Жазба компонентін программалау керек. Енгізу батырмасы басылған кезде, Мәтін қасиетіндегі Жазба компонентіне «сәлемдесулер» кодын Біріктіру және Мәтін Енгізу компонентін қос.

7-сурет. Қосымшаның программалық коды

Мүмкін болатын кодтар 7-суретте көрсетілген.


  1. Қосымшаны тексеру үшін, смартфонға Companion'>MIT AI2 Companion қосымшасын орнату қажет.

Бұл программа – MIT App Inventor-де жасалған программаны мобильді құрылғыда жылдам іске қосуға мүмкіндік беретін көмекші.


MIT AI2 Companion қосымшасын іске қос. Қосымша кодын немесе оның QR-кодын енгізуді сұрайтын бет ашылады.
Смартфонға осы қосымшаны орнатқаннан кейін, программа терезесінде Қосылу AI көмекшісі қосымшасын таңда.

8-сурет. Қосымшаны

тестілеуге арналған QR-код
Қосымшаның QR-коды мен оның алты таңбалы коды бар Companion байланыс терезесі ашылады (8-сурет). Бұл кодты мобильді құрылғыдағы MIT AI2 Companion қосымшасының тиісті ұяшығына енгіз. Өзің жасаған қосымша ашылады. Бастау батырмасын басып, бәрінің жұмыс істеп тұрғанына көз жеткіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет