Шарт блогы бар қосымша жасау
Математикалық тренажер рөлін атқаратын қосымшаны жаса: 2-ші дәрежені есептеу. Дәреже мәні 10 көлемінде өзгереді. Қосымша дұрыс жауаптар мен қате жауаптардың санын есептейді.
Мынадай айнымалылар қолданылады:
n1 – бірінші сан, n2 – екінші сан, correct – дұрыс жауап саны, incorrect – қате жауап саны (9-сурет).
9-сурет. Қосымшаның
интерфейсі
Программа іске қосылғаннан кейін экранда жауапты енгізуге арналған өріс пен Тексеру және Жаңа мысал деген екі батырма болуы керек. Қолданушы Жаңа мысал батырмасын басқаннан кейін мысал пайда болады. Енгізілген мәнді тексеру үшін, Тексеру батырмасын бас.
10-сурет. Айнымалылар
Егер Жазба компонентінде құрамдас мәнді, мысалы, қандай да бір мәтін немесе айнымалының мәнін шығару керек болса, онда Біріктіру блогы қолданылады. Әдетте, бұл блокта екі тармақ бар, егер сен тегершікпен белгішесін бассаң, көбірек қосуға болады (10-сурет), сол сияқты Шарт блогында Басқаша тармағын қосуға болады.
11-сурет. Блокты баптау
Осы қосымшаға арналған мүмкін болатын программалық код 11, 12, 13-суреттерде көрсетілген.
12-сурет. Жаңа мысал батырмасына арналған код
13-сурет. Тексеру батырмасына арналған код
Программаны іске қосып, оның жұмысының дұрыстығын тексер.
Достарыңызбен бөлісу: |