«Қоршан ортаның жағдайын бақылауға арналған құралдар мен өлшемдер »
пәні бойынша оқу практикасы
Нұсқау картасы № 3 Тақырыбы: Флуоресценттік тәсіл. Газоанализатор 667-ФФ-01негізгі блоктары.
Максаты: Флуоресценттік тәсіл. Газоанализатор 667-ФФ-0101негізгі блоктары оқып үйрену.
Білу керек: Флуоресценттік тәсіл. Газоанализатор 667-ФФ-01негізгі блоктары ажырата білу керек. Бірінші және екінші сатыдағы реакцияның мәнін, , Газоанализатор 667-ФФ-01 техникалық мәліметтері және қауіпсіздік ережесін оқып білу
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар: Нұсқа картасы
Ультракүлгін флуоресцентті тәсілде алдына ала ультракүлгін сәулесімен қоздырылған күкірттің қос тотығының молекуласы жарықтың сәуленуіне негізделген. Бірінші сатыда жүретін реакция мынадай:
SO2* + h (U ) SO2 (1)
Реакцияның екінші сатысында қозған SO2*молекуласы бұрынғы қалпына оралады, энергияның нәтижесінен (h )
SO* 2 SO2 + h (2)
Флуоресценттік сәулелену интенсивтілігі анықтайтын ауа көлеміндегі SO2молекула санына және SO2 молярлық концентрациясына пропорционал
Мына формула арқылы көреміз:
I =k [SO2] (3)
Мұндағы I - Флуоресценттік сәулелену интенсивтілігі
k- пропорционал коэффиценті
[SO2] - молярлық концентрация
Газоанализатордың кіру щруцері арқылы ауа сынамасы кіріп, SO2 –ның құрамында болатын, кедергі жасайтын ароматты көмірсутектерді жояды. Ол үшін көмірсутектерді тазалайтын газтазалағыштар пайдаланады.
Кейін сынама ауасы реакция камерасына түседі, оған ультракүлгін сәулесімен толқын ұзындығының диапазоны 200 нм ден 220 нм дейін кедергі жасайды .
Газоанализатор 667-ФФ-01 SO2 концентрациясын өлшеуге арналған құрал. Үш диапазонда жұмыс жасайды 0-0,5 мг/м3, 0-1,5 мг/м3,0-5,0 мг/м3, барлық диапозандардағы қателік ± 20%. 4 мин ішінде көрсеткіші шығады және жұмыс бастамас бұрын 3 сағ қыздырып қоямыз. Газоанализаторды қолмен немесе автоматты режимде басқаруға болады. Газоанализатордың ток көзі айнымалы 220В, жиелігі 50Гц.
Газоанализатор 667-ФФ 01төрт негізгі блоктан тұрады:шығын оятқыш блогы ШОБ (БПР), анализ блогы АБ (БА), электрлік блок ЭБ (БЭ),автоматты басқару блогы АББ ( БАУ).
ШОБ-003 (БПР-003), суретте 3.25 көрсетілген бұл блогтың жұмысы газоанализаторға атмосфера ауасын айдауға, газ жүйесін сирексітіп ұстап тұруға және күкірттің қос тотығын ауадағы басқа заттардан тазалап тұру арналған.
Газды жүйесінің блогы ШОБ-003 (БПР) ол анализатор блогына АБ-300 (БА) кіру шруцері арқылы қосылған. АБ-300 (БА) анализ жасайтын қоспамызды анализге дайындау үшін керек. Ол шаңнан тазалап және кептіреді.
Электрлік блоктың ЭБ-300 (БЭ) өзі төрт блоктан тұрады:
электрлік түрлендіргіш блогы ЭТБ-002(БЭП-002), әр диапозон үшін унифицирленіп күшейтіліп келген сигналды 0-5 мА түрлендіру үшін.
БПВ-400 блогы бұл- фото электронды көбейткіштің қоректкену көзі үшін
Температура блогы БТ-003 бұл- детектор блогындағы температураны үшін
қоректену блогы ҚБ-009 (БП-009), электрлік жүйеде газоанализатордың тұрақты кернеу ±9В, ±18 В, ± 24В болатын қоректенуін және тұрақты емес кернеудің 5 В микродозатор камерасының қызуын және температурасын тұрақты ұстап тұру үшін
АББ-001 газоанализатордың сезімталдығын, нольін автоматты түрде корректілеу, қолмен, дистанциональды автоматпен, автоматты түрде диапозондарын қосып – сөндіру, блоктар мен бөліктердің ақауын басқаратын блог.
Қауіпсіздік ережесі. «Электрлік жабдықты пайдаланғанда қолданылатын қауіпсіздік ережесі және улы ұшқыш газдармен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік ережесіне » сүйеніп газоанализаторлармен жұмыс жасау керек. Газоанализатордың кейбір бөліктері 220 В тан 8 кВ дейін жұмыс жасағандықтан оларда жермен тұйықталуы керек. Газоанализаторда ақау болған жағдайда ток көзінен ажырату керек.
Қайталама сұрақтар: Флоресценттік тәсілдің басқа тәсілдерден ерекшелігі неде?