Компьютерлік модельдеуді қолдану салалары. Экология және геофизикада: Атмосферада немесе суда ластаушы заттардың таралуын зерттеу. Ауа райын және климатты болжау Жер сілкінулерін алдын ала болжау Тасымалдау құрылғыларын модельдеу: Көлік құрылғыларын жобалау Ұшқыштарды жаттықтыруда ұшуды иммитациялау Көлік құрылғылары жүйесін моделдеу Мұнай, су құбырлары тәрізді гидравликалық жүйелерді зерттеу Электроника және электротехникада: Электронды қондырғылардың жұмысын моделдеу Экономика және қаржы жүйесінде: Қаржы нарығында бағаларды болжау Архитектура және құрылыста: Конструкциялардың беріктігін болжау Өндірістік процестерді жобалау Қалалардың даму үлгісін жоспарлау Басқару және бизнесте: Ұйымдарды стратегиялық басқару Тұтыну және шикізат нарығын моделдеу Роботтарды, автоматтандырылған жүйелерді моделдеу Медицина және биологияда: Пластикалық оталардың нәтижесін болжау Эпидемияның таралуын моделдеу Дәрілік заттардың әсерін байқау Саясат және әскери салада: Мемелекетаралық қатынастарды болжау Әртүрлі қоғамдық-саяси жағдайларда адамдар тобының іс-әрекетін болжау Кейбір салаларда модельдеу (ұшақтардың бөлшектерін немесе ғимарат құрылысын) аса үлкен дәлдікті қажет етеді, ал кей жағдайларда (қалалардың дамуы) тек жуықтаған сапалық нәтиже жеткілікті болуы мүмкін.