Модуль- 3 Дәріс Мәдениет морфологиясы



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата14.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#113858
1   2   3   4   5   6   7   8   9
 
Көне заманда
«культура» деген үғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. 
Кейінірек, дәлірек айтқанда,
Рим философы Цицерон
(б.д.д. 106-43 жж.) өмір сүрген 
ғалымның еңбектерінде дәлірек айтқанда (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп
«жанды жетілдіру» деген үғымды білдірді. 
Атақты ақын-ойшыл 
Вергилийдің
(б.д.д.70-19 жж.) пікірінше «cultura» адам 
тіршілігінің негізі, әлемді игерудің көзі. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет 
сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола 
бастады.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен 
шығармашылығының жиынтыгы;
ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен 
өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит- микен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.;
б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу 
мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.);
в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті ж.т.б.). 


Адамзатты қоғамдық-тарихи түрғыдан нақтылы қарастырғандардың бірі — 
Джанбаттиста Вико.
Ол адамзат тарихының үйлесімділік мәселелеріне, оның заңдары мен 
ережелеріне баса назар аудару негізінде «адамзат баласының үздіксіз даму» идеясын алғаш 
рет ұсынған болатын, бұл идея бойынша барлық ұлттар өз дамуында үш дәуірді басынан 
кешіреді — 
«құдайлар ғасыры», «батырлар ғасыры» және «адамдар ғасыры». 
Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше 
білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен 
бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да 
ие. Осылардың ішіндеғі ең бастысы — дінге табынушылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет