Модуль- 3 Дәріс Мәдениет морфологиясы


Ф. Ницшенің типологиялық моделі



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата14.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#113858
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ф. Ницшенің типологиялық моделі
. Кейбір ескертулер мен типологиялық модель 
сапасында неміс философы Ф.Ницше ұсынған Десонис- Аполлон типологиясын Ницшенің 
мәдениетінің бүкіл мазмұнын өнер саласымен шектейтіндігі немесе мәдениеттер типтерін 
ажыратуда ол бұл салаға көпшілік, сенімділік мақсатында көңіл аударуы ма – бұлар әбден 
түсінікті емес, бірақ өзінің типологиялық мәдени бойынша қарама- қасы болмыс пен 
мәдеиеттің моделін ол көркем шығармашылық негізінде құрастырады. Өз моделінің 
түбегейлі типологиялық критерийін Ф.Ницше қабылдау тәсілінде, әлемді игеруде, дәлірек 
айтқанда, адамның дүниені қабылдау табиғатында көреді.
Ф.Ницше дүниені қабылдау мен шығармашылық негізінде екі бастау

апполондық
және 
дионистік
жатыр деді. 
Ф.Ницше үшін Апполон

Эллады руханилық 
жүзеге асуы
, күдік жан, құдайлық ақиқаттың, аспан стихиялық, тыныштық, реттіліктің, 
шаманың, далалық пен өзін шектеудің, алтын ортаның иегері: 
Дионис- жер стихиясының 
құдайы
, жер өңдеудің өнімділіктің құдайы, өсімдік дүниесінің, шарап дайындаудың, жүзім 
өсірудің қамқоршысы, сезімталдықтың, эмоциялықтың, сезімдер қопарылысының
қуаныштың, көңіл көтерудің, кез келген атқарушылықтың кез келген шамадан асуының 
құдайы. 
3.Мәдениет теориясы
-бұл мәдениеттің шығу тегін, мәнін, құрылымын, қызметін 
оқытады. мәдениет теориясын сондай -ақ мәдениет философиясы деп атайды. 
Мәдениет 
социологиясы
-бұл нақты қоғамдағы мәдени процестерді зерттейді. 
Мәдениет 
филологиясы
-әртүрлі жазба ескерткіштер арқылы мәдениетті таниды. 
Этнологиялық 
мәдениет
-әр халықтың өз ерекшелігін білдіретін дәстүр-салттарды оқытады. 
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса 
бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына 
жатқызамыз. Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім.
Мәдениет типі
- бұл ұқсастық, ортақтық, не мәдени бірлестіктерді мәдениеттердің 
бір тобына біріктіретін және бұл көптікті басқалардан ерекшелейтін ұғым. 
Ал оның көмегімен Жер шарында өмір сүрген мәдениеттердің бүкіл көптүрлілігі 
мәдениеттердің түрлі типтеріне (топтарына) жіктелетін, ретке келтірілетін ғылыми таным 
методы 
типологияландыру 
деп аталады. 
Мәдениеттануда қолданылатын ғылыми метод ретінде типологияландыру 
әлеуметтік –мәдени объектілерді бөліктерге бөлу және оларды қайсібір ортақ негіз
белгілер бойынша топтастыру, әлдебір мәдениеттің идеаландырылған типологиялық 
моделін немесе типін жасау болып табылады. Типологияландырудың нәтижесінде онымен 
мәдениеттердің бөлініп шығарылған типтер жүйесін түсіндіру қажетті, ол мәдениеттер 
типологиясы болып табылады. Нақтылы өмір сүрмейтін «таза түріндегі» мәдениеттің 
типологиялық моделі ретінде мәдениеттің типологиясының құрылымын неміс 
социологы 
Макс Вебер
толық қарастырды. Бұл ұсыныстар да М. Вебердің мәдениеттің 
идеалды типі басқалармен қатар өмір сүретін мәдениет типі емес, мәдениеттің кез-келген 


типінің оның абстрактылы-теориялық идеяландырылған формасындағы гнесеологиялық, 
логикалық-танымдық 
сипаттамасы 
болып 
табылады 
дегенін 
білдіреді. 
Мәдениеттерді типологияландыру немесе типтердің әлдебір жүйесін құрастыру, 
мәдениеттер типологиясы екі маңызды, бастапқы логикалық-танымдық амалдардың 
көмегімен жүзеге асады. 
Біріншіден, кез-келген жіктеме сияқты, мәдениеттер типологиясы топтар 
бойынша 
реттеу

негіздер, жіктеме критерийлерін таңдауға
сүйенеді. 
Түрлі көптіктерді мәдениеттер типтерін көрсету үшін бөлінген жалпы маңызды 
сипаттамалар ретіндегі негіздердің (критерийлердің ) өздері әр түрлі бола алады. Олар 
мыналар: 
-этнографиялық критерийлер (олардың сапасында тұрмыс, шаруашылық уклады, 
тіл, және т.б.көрініс табады.); 
-мәдениеттердің аймақтық типологиясының негізінде жататын, кеңістіктік –
географиялық критерийлер: батыс-еуропалық латынамерикандық, қиыршығыстық, 
африкалық т.с. ) 
-төмендегідей мәдениет типтерін көрсетуге негіз болатын, хронологиялық –
уақыттық: алғашқы адамдар мәдениеті, мәдениеттің антикалық типі, орта ғасырлық 
мәдениет, қайта өрлеу мәдениеті, ағартушылық мәдениет, Жаңа заман мәдениеті, 
модернистік мәдениет, постмодерн және т.б 
Құндылықтар жоғары деңгейде объектілерді, халжағдайды, қажеттілікті, мақсатты 
таңдауды түсіндіреді. Құндылықтар қоғам мен адамдарға жақсылық пен жамандықты
ақиқат пен адасуды, әсемдік пен сиықсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті 
Құндылықтар деп, адамдар мен әлеуметтік топтардың, қоғамның қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын белгілі бір заттар мен құбылыстардың қасиеттерін айтады. 
Құндылықтар үлкенді, кішілі, абсолютті және салыстырмалы, Материалдық және рухани 
т.б. түрлерге бөлінеді. Кез-келген құндылықтарды олардың типіне және деңгейіне қарап 
классификациялау әрқашан да белгілі бір шартқа байланысты, өйткені оларға әлеуметтік 
және мәдени мәндер енеді. Алайда оған қарамастан мазмұны жағынан құндылықтарды 
шартты түрде мына реттілікпен жіктеуге болады. 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет