Модуль – Қоректік заттарды сіңіру (метаболизм) ЖӘне гомеостаз


Тапсырма. Кестені толтырыңыз «АІЖ-ның моторикасы»



бет3/10
Дата14.02.2023
өлшемі144,95 Kb.
#67805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3Тапсырма. Кестені толтырыңыз «АІЖ-ның моторикасы»



АІЖ-ның бөлімдері

Моторлық қызметінің түрлері

Ауыз қуысы (шайнау, жұту)

Ауыз қуысында ас қорыту: Ауыз қуысына түскен ас ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді. Тіл, жұтқыншақ, бет және үшкіл жүйкелердің афферентті талшықтары бойынша серпілістер дәм рецепторларынан сопақша ми және мидың басқа да құрылымдарының сәйкес алаңдарына келіп түседі. Ауыз қуысында ас аз уақыт тұруына қарамастан, орта есеппен 15 секунд, оның рецепторлары барлық ас қорыту жолдарына бастаушы әсер көрсетеді.
Ауыз қуысында астың механикалық өңдеуі жүреді және сілекей бездері секретінің көмегімен астың химиялық өңдеуі жүреді (құлак маңы, тіл асты, жақ асты бездері).

Шайнау: Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсақталады , сілекейге шыланып жұмсарады , осыған орай адам астың дәмін , сапасы туралы түсінік алады. Ас кесегін асықпай шайнау , оны әбден жұмсарту тағамның қарында одан әрі корытылуын жеңілдетеді , мұның арқасында , қарынның шырышты қабығы жарақаттанбайды , мұнымен қатар ас қорыту жүйесінің қызметтері тыныс алу, қан айналу қызметтеріне де әсер етеді . 


Шайнау шартты , шартсыз рефлекстер арқылы шайнау еттерінің қатысуымен іске асырылады . Бұл жақ қимылының нәтижесі . Ауызға түскен тамақты шайнауға , жақ еттерімен қатар , тіл және бет еттері де қатысады . Ас кесегі ауыздағы рецепторларды тітіркендіргенде , олардан шыққан қозу сигналдары афференттік жүйке талшықтарының бойымен сопақша мидары шайнау орталығына жетеді де , торлы құрылым мен көз төмпешіктері арқылы ми сыңары қыртысының қозғалтқыш зонасында орналасқан шайнау еттерін , жиырушы нейрондарды тітіркендіреді . Жақ сүйек жоғары көтеріліп , алға - артқа , солға оңға немесе оңнан солға қарай жылжып , төменгі жоғарғы тістер айқасып , ас кесегін ыскылап, ұсатады . Сілекейге шыланған асты тіл арлы-бері аударып , араластырып жинап жұтуға даярлайды . Ауызда шайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды . Көлемі 5—15 см3- дей ас кесегі шайналып бапталған соң , тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады . Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін таңдайға тақап қысады да таңдай доғасына , содан соң жұтқыншаққа карай ысырады , сөйтіп ауыз iшiн - жұтқыншақтан бөліп тастайды . 
Жұту: Жұту циклы орта есеппен 1с болады. Тіл және жақ еттерінің бірдей жиырылуымен ауыз қуысында қалыптасқан ас кесегі тілдің түбіне карай жылжиды, жұмсақ таңдай, тіл түбі және жұтқыншақтың артық қабырғасының рецепторлары тітіркенеді. Қозу осы рецепторлардан тіл-жұтқыншақ жүйкесі бойымен сопақша мида орналасқан жұту орталығына түседі. Осы жерден үшкіл, тіл асты, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелер құрамында эфферентті
серпілістер ауызқуысының, кеңірдек пен жұтқыншақтың және өңеш қабырғасының еттеріне барады. Жұту актісі кезінде өңеш толқын тәрізді жиырылады, жоғары бөлігінен басталып, асқазанға қарай таралады. Жұту орталығы сопақша мидағы тыныс алу орталығымен қатар орн-қан және онымен реципрокты қатынаста болады.Жұту үш кезеңнен тұрады: ауыздық (ерікті), жұтқыншақтық (тез,қысқа, еркiсiз), өңештік (баяу, ұзақ, еріксіз). Алғашқы екі кезең 1с созылады, үшінші кезеңнің ұзақтығы қатты тамақ жұтқанда 8-9с, сұйық тамақты жұтқанда 1-2 с.

Асқазан (қарынның моторикасы)

Тамақ ішкен соң кезкелген жүйкенің асқазанға тонустық әсері азаяды.
Яғни асқазан қабырғасы босаңсиды. Асқазанда екі түрлі қозғалыс болады: астың жылжуын қамтамасыз ететін перистальтикалық қозғалыстар асқазанның циркулярлық еттерінің жиырылуы есебінен іске асады. Бұл қозғалыстар асқазанның үлкен доғасында, оның өңешке жанасатын, ырғақтың кардиальді бастаушысы бар жерінен басталады. Циркулярлық еттердің жиырылуымен қоса перистальтикалық толқын жылжитын химус порциясының алдында көлденең еттердің жиырылуымен қалыптасады. Перистальтикалық толқындардың көп бөлігі асқазанның пилорикалық бөлімінде өшеді. Олардың кейбіреулері асқазанның пилорикалық бөлімінде орналасқан екінші ырғақ жетекшісінің белсенділігі есебінен пилорикалық бөлім бойымен жоғарылап отыратын амплитудамен таралады, нәтижесінде осы бөлімнің перистальтикалық жиырылуы жақсы, қысымның жоғарылауы, асқазандағы ас қоспасының біраз бөлігі он екі елі ішеккке өтуі байқалады. Асқазанның тонустық жиырылуы еттер тонусының өзгеруі есебінен іске асады, асқазанның көлемі кішірейіп, қысымы артады.Тонустық жиырылулар асқазандағы ас қоспасының жылжуына және асқазан сөлімен араласуына әсер етеді, бұл ас қоспасының ферменттік ыдырауын жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет