Модуль 03: «Физхимиялық талдау»



бет106/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   126
Тапсырма 2
2.1. 0,3 моль метанолды 90°C-тан -100С-қа дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Қайнау температурасы – 650С, булану жылуы – 148 кДж/моль, жылусыйымдылығы – Србул = 176 Дж/моль·К, жылусыйымдылығы – Срс = 43 Дж/моль·К.

2.2. 2 моль көміртек тетрахлоридін (ССl4) -10°С-тан 120°С-қа дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Қайнау температурасы 770С, булану жылуы – 132 кДж/моль, жылусыйымдылығы – Срс= 554 Дж/моль·К, жылусыйымдылығы – Срг = 39 Дж/моль·К.

2.3. 30 г этанолды -130°С-тан +90°С-қа дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Меншікті жылусыйымдылығы – Срқ = 7 Дж/г·К; Срс = 9,6 Дж/г·К; Срг = 7,6 Дж/г·К; -1120С-та меншікті балқу жылуы 790 Дж/г, 780С-та булану жылуы 3840 Дж/г.

2.4. 3 моль этанолды 1200С-тан 280К-ге дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Қайнау температурасы – 780С; молярлық жылусыйымдылығы – Срс = 111 Дж/моль·К; жылусыйымдылығы – Срг = 19 Дж/моль·К; булану жылуы – 40 кДж/моль.

2.5. 2 моль бензол буының 80°С-тан 60°С-қа дейін энтропиясының өзгерісін есептеңдер. Бензолдың қайнау температурасы 353К; молярлық булану жылуы – 40 кДж/моль; сұйық бензолдың жылусыйымдылығы – 140 Дж/моль·К.

2.6. 3 моль натрий хлоридін 1073К-нен 3000С-дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Балқу температурасы 8000С, балқу жылуы – 30 кДж/моль, молярлық жылусыйымдылығы – Срқ = 46 Дж/моль·К.

2.7. 2 моль сұйық метанды 112 К-нен 200С-дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Қайнау температурасы – 112К, булану жылуы – 8234 Дж/моль·К.

2.8. 3 моль ацетонды (С3Н6О) 100°C-тан 200С-қа дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Қайнау температурасы – 560С, булану жылуы – 30 кДж/моль, будың молярлық жылусыйымдылығы – 22 Дж/моль·К, сұйықтың жылусыйымдылығы – 125 Дж/моль·К.

2.9. 2 моль күкіртті 20°С-тан 2100С-қа дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Балқу жылуы – 1440 Дж/моль, балқу температурасы – 1190С, сұйық күкірттің молярлық жылусыйымдылығы – 36 Дж/моль·К, ал қатты күкірттің жылусыйымдылығы – 24 Дж/моль·К.

2.10. 200 г толуолды (С7Н8) 80°C-тан -400С-қа дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Балқу температурасы -350С, меншікті балқу жылуы 132Дж/г·К, сұйық толуолдың меншікті жылусыйымдылығы – 1,7 Дж/г·К, қатты толуолдың меншікті жылусыйымдылығы – 1,1 Дж/г·К.

2.11. 2 моль метанолды -1100С-тан +40оС-қа дейінгі энтропиясының өзгерісін есептеңдер. Балқу температурасы -98оС, жылусйымдылығы – Срқ = 256 Дж/моль·К, Срс = 432 Дж/моль·К, балқу жылуы – 22 кДж/моль.

2.12. 40 г метан қышқылының (СН2О2) 120°С-тан -100С-қа дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Меншікті балқу жылуы – 772 Дж/г∙К, булану жылуы – 1365 Дж/г∙К, меншікті жылусыйымдылығы – Срг = 5,6 Дж/г·К, Срқ = 7,6 Дж/г·К, балқу температурасы – 8,50С, қайнау температурасы – 1200С.

2.13. Қатты күйден буға айналуының қайнау температурасы 61,50С және қайнау температурасы -7,30С-та алынған және 159,8 г қатты түрдегі Br2-ның энтропия өзгерісін есептеңдер. Сұйық бромның меншікті жылусыйымдылығы – Срс = 0,45 Дж/г∙К, балқу жылуы – 67,72 Дж/г, булану жылуы – 182,8 Дж/г.

2.14. 0,1 кг су 00С-тан 1200С-қа буға айналғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Судың 1000С-ғы булану жылуы – 40,6 кДж/моль, сұйық судың жылусыйымдылығы – 75,3 Дж/мольК, будың жылусыйымдылығы – 360 Дж/моль∙К.

2.15. 20 г этанол С2Н5ОН 250С мен 1,013·105 Па сұйық күйден 780С мен 0,050·105 Па буға айналғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Этанолдың молярлық булану жылуы – 40,79 кДж/моль, жылусыйымдылығы – Срж = 104 Дж/моль∙К.

2.16. 5 моль қатты метил спиртін -98-ден +500С-қа дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Жылусыйымдылығы 256 Дж/моль, балқу жылуы – 22,4 кДж/мольК, балқу температурасы -980С.

2.17. 780С-та 100 г этил спиртінің конденсациясы барысында және 200С-қа дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Этил спиртінің бу түзілуінің меншікті жылуы 3840 Дж/г, сұйық спирттің меншікті жылусыйымдылығы 7,6 Дж/г.

2.18. 0,076 кг бензолды С6Н6 0°С-тан 500С-қа дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Қатты бензолдың меншікті жылусыйымдылығы 1,5 кДж/кг∙К, сұйық бензол үшін – 1,8 кДж/кг∙К, балқу жылуы – 126 кДж/кг, балқу температурасы 50С.

2.19. 0,050 кг сынапты 20°С-тан -500С-қа дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Сұйық сынаптың меншікті жылусыйымдылығы – 0,6 кДж/кг∙К, қатты сынаптың жылусыйымдылығы – 0,6 кДж/кг∙К, меншікті балқу жылуы – 50 кДж/кг, балқу температурасы -39оС тең.

2.20. 0,2 кг сынапты 20°С-тан 3800С-дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Сұйық сынаптың меншікті жылусыйымдылығы 0,6 кДж/кг∙К, сынап буының жылусыйымдылығы – 0,7 кДж/кг∙К, меншікті булану жылуы – 1210 кДж/кг, қайнау температурасы 3570С тең.

2.21. 1 моль ацетонды С3Н6О 100°С-тан 250С-қа дейін суытқанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Ацетонның булану жылуы 29,8 кДж/моль, қайнау температурасы – 56оС, Срс = 125 Дж/моль∙К, Срг = 22,5 Дж/моль∙К тең.

2.22. 1 моль кадмийді 25°С-тан 7240С-қа дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Қайнау температурасы 3210С және балқу жылуы 6109 Дж/моль. Срқ (Cd) = 22,2 Дж/моль∙К, Срс (Сd) = 29,8 Дж/моль∙К.

2.23. 1 моль натрий хлоридін 250С-тан 1073К-ге дейін қыздырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Балқу температурасы – 8000С, балқу жылуы – 30,23кДж/моль, молярлық жылусыйымдылық – Ср=45,96 Дж/моль∙К.

2.24. 0,001 м3 сутекті 0,00005 м3 метанмен араластырғанда энтропияның өзгерісін есептеңдер. Бастапқы газдар мен түзілген газдар қоспасы 250С температура мен 0,912·105 Па қысым жағдайында.

2.25. 0,010 кг криптон көлемі 0,05 м3 және қысымы 1,013·105 Па-дан көлемі 0,2 м3 және қысымы 0,2133·105 Па-ға изотермиялық ұлғаю процесінде энтропия қаншалықты өзгереді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет