Химиялық тепе-теңдік
Реакция теңдеуі мына түрде өрнектелсе:
аА + bB → сС + dD,
мұндағы а, b, с, d – реакция теңдеуіндегі стехиометриялық коэффициенттер.
Мысалы:
3Н2+N2 = 2NH3
Бұл өрнекте 3 моль сутек пен бір моль азоттан 2 моль аммиак алынатындығы көрсетілген.
Массалар әрекеттесу заңы. Химиялық реакция жылдамдығы υ реакция теңдеуінде әртүрлі стехиометриялық коэффициенттеріне тең, әрекеттесуші заттардың дәреже түріндегі концентрациялары өрнектеріне тура пропорционал.
Тура реакция үшін:
υ1 = κ1∙CaA∙CbB; υ1 = κ1'∙C3H2∙C1N2.
Кері реакция үшін:
υ2 = κ2∙CсС∙CdD; υ2 = κ2' ∙C2NH3.
Тура реакцияның жылдамдығы кері реакцияның жылдамдығына тең болса, химиялық тепе-теңдік күйі орнайды.
Егер υ1 = υ2, онда κ1∙CaA∙CbB = K2∙CсС∙CdD
k 1'∙C3H2∙C1N2 = K2' ∙C2NH3
мұндағы κ1, κ2, κ1', κ2' – химиялық реакцияның жылдамдық константалары.
Физикалық мағынасы. Жылдамдық константасы әрекеттесуші заттардың бірдей концентрациясындағы химиялық реакция жылдамдығына тең. Анықталуы бойынша концентрацияға тәуелсіз.
k1/k2 қатынасын тапсақ:
Жылдамдық константасы концентрацияға тәуелсіз болғандықтан, сәйкесінше оларды Кс және К′с белгілейміз. ′ символы жалпы жағдайларда әртүрлі шамалар екендігін білдіреді. Оларды химиялық тепе-теңдік константалары деп атайды. Төменгі оң жақтағы «С» символы тепе-теңдік константасын өрнектеуде концентрация қолданылатындығын білдіреді.
Тұрақты температурада (Т–const) парциал қысым P концентрацияға С пропорционал, сондықтан тепе-теңдік константасын былайша жазуға болады:
Нақты реакциялар үшін:
;
Кс мен Кр арасындағы байланысты қарастырайық.
Бір моль газ үшін біріктірілген газ заңдары (Менделеев-Клапейрон теңдеуі):
Зат мөлшері сәйкесінше,
КС және КС' теңдеуге қойсақ:
Δn үшін реакция нәтижесіндегі моль санының өзгерісі:
Сондықтан
Термодинамикалық мәліметтер бойынша тепе-теңдік өрнегі:
Жылусыйымдылық тұрақты қысымда Ср температураға тәуелді емес (Улихтің бірінші жуықтауы):
ΔGτ = ΔH0 – TΔS0,
мұндағы ΔG – реакция нәтижесіндегі изобаралық потенциал өзгерісі;
ΔS0 – реакция нәтижесіндегі энтропияның өзгерісі;
T – температура, К;
ΔH0 – реакция нәтижесіндегі энтальпияның өзгерісі.
Тұрақты күйдегі стандартты жағдайдағы жай заттардың энтальпиясы нөлге тең.
Стандартты жағдайдағы энтропияның өзгерісі:
Энтропияның өзгерісін есептеу үшін кестелік мәліметтерді қолданады.
Изобаралық потенциал өзгерісі мен тепе-теңдік константасы арасындағы байланыс келесі теңдеу арқылы өрнектеледі:
lnKp сәйкес есептесек:
Достарыңызбен бөлісу: |