Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


Тақырып 7. Электродтық потенциалдар мен гальваникалық тізбектер



бет122/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Байланысты:
fkh grm,gd -19-1.2020 (1)-7

Тақырып 7. Электродтық потенциалдар мен гальваникалық тізбектер

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар

1. Металл-электролит шекарасында электродтық потенциалдың пайда болуы.

2. Нернст теңдеуі.

3. Стандартты электродтық потенциал.

4. Бірінші және екінші текті электродтар.

5. Осы электродтар үшін Нернст теңдеуі.

6. Сутектік электрод.

7. Гальваникалық тізбектер.

8. Гальваникалық элементтің ЭҚК.

Бақылау сұрақтары

1. Металл-ерітінді шекарасында электродтық потенциал қалай пайда болады және ол неге тәуелді?

2. Қандай электрод түрлерін білесіңдер?

3. «Салыстыру электродтары» деген не?

4. Әрбір электрод түрлері үшін Нернст теңдеуі қалай өрнектеледі?

5. ЭҚК деген не?

6. Тәжірибе жүзінде ЭҚК қалай анықталады?

7. Гальваникалық элемент аккумулятордан қалай ажыратылады?

8. Гальваникалық элементтер мен аккумуляторлар қайда қолданылады?

Өзінің тұз ерітіндісіне батырылған металдың электродтық потенциалы Нернст теңдеуі бойынша өрнектеледі:



егер ерітінді сұйытылған болса, онда



250С үшін келесі түрде өрнектеледі:



мұндағы n – қарапайы реакция үшін электрондар саны (мысалы, Zn0-2ē→Zn2+ n=2);



ϕ0 – стандартты электродтық потенциал және ол келесі жағдайда аныталады:

СМе – концентрация, экв /л.

ЭҚК – тепе-теңдіктегі электродтық потенциалдардың айырмашылығы:

Е = φ1 – φ2 (В).

Анықтама бойынша ЭҚК оң шама болғандықтан, ЭҚК есептегенде жоғары потенциалдан кішісі алынады. Жоғары потенциалды электродта тотықсыздану процесі жүреді:

Ме+n + n · ē → Ме0.

Кіші потенциалды электродта тотығу процесі жүреді:

Ме0 – n · ē → Ме+n.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет